29-параграф. Карталардың редакторы
184. Лауазымдық міндеттері:
жасалып жатқан карталар мен жоспарлардың мазмұныны бойынша жұмыс істеу барысында қателер мен кемшіліктерді уақтылы анықтайды, оларды жою шараларын қабылдайды; камералдық өңдеу кезінде түпнұсқаларға далалық дешифрлеу мәліметтерін түзеуді және пайдалануды тасымалдаудың толықтығы мен дұрыстығын, карталар (жоспарлар) түпнұсқаларын редакциялау, материалдарды кезекші карталарымен, далалық тексеруден кейін елді-мекендер атауларының индекстерімен келіседі, кезекші редакцияланған схемалармен, анықтамалық материалдармен жұмыс істейді;
карталарды (жоспарларды) жобалау, жасау және басып шығару үшін далалық және камералдық топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды орындайтын жұмыскерлерге арналған редакциялық нұсқаулықтар жасайды, далалық және камералдық топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды орындау кезінде күрделілік санатын анықтау үшін эталондар әзірлеуге қатысады;
топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізу жоспарларын орындау туралы есептерді құруға қажетті мәліметтерді жүйеге келтіреді және дайындайды;
отандық және шет елдік ұқсас өнімге салыстырмалы талдауды, олардың техникалық және эстетикалық деңгейін бағалауды жүргізеді;
топографиялық және басқа да карталардың (жоспарлардың) тұтынушылық қасиетін жақсарту жөніндегі міндеттерді шешуге байланысты ғылыми-зерттеу және эксперименталды жұмыстардың кезеңдері мен бағыттарын орындауға қатысады, картографиялауға жататын объектіге техникалық жобалар құрау үшін қажетті құжаттарды әзірлейді;
өндіріс және еңбек тәртіптерін, еңбек және қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын сақтайды.
185. Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының заңнамасы мен геодезия және картография саласындағы нормативтік құқықтық актілерін, топографиялық карталар мен жоспарларды жасау (жаңарту) технологиясын, оларды басып шығару дайындығын; картаны редакциялау әдістемесін, оның мазмұнына және ресімдеуіне қойылатын талаптарын; карталардың мазмұнын және дәлдігін, технологиясын анықтайтын қолданыстағы нұсқаулықтарын; шартты белгілер және олардың үйлесімділігін қолдану ерекшеліктерін; географиялық жұмыстарды транскрибтеу ережесін; техникалық есептерін және өлшеуді орындау әдістерін; техникалық құжаттарды ресімдеу ережесін және құрастыру тәртібін; еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын білуге тиіс.
186. Біліктілікке қойылатын талаптар:
Біліктілігі жоғары дәрежелі маман (сарапшы):
Жетекші сарапшы: (геодезиялық, картографиялық, аэрофотогеодезиялық) мамандығы бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) және сарапшы лауазымындағы еңбек өтілі 3 жылдан кем емес және кәсіби қызмет бағыты бойынша еңбек өтілі 14 жылдан кем емес;
сарапшы: (геодезиялық, картографиялық, аэрофотогеодезиялық) мамандығы бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) және картограф лауазымындағы еңбек өтілі 3 жылдан кем емес және кәсіби қызмет бағыты бойынша еңбек өтілі 11 жылдан кем емес;
Біліктілігі жоғары дәрежелі маман (инженер):
жоғары санатты: жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) (картографиялық, геодезиялық, аэрофотогеодезиялық) білім және бірінші санаттағы геодезист лауазымында жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
бірінші санатты: жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) (картографиялық, геодезиялық, аэрофотогеодезиялық) білім және екінші санаттағы геодезист лауазымында жұмыс өтілі кемінде 2 жыл немесе тиісті мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 4 жыл;
екінші санатты: жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) (картографиялық, геодезиялық, аэрофотогеодезиялық) білім және геодезист лауазымында жұмыс өтілі кемінде 1 жыл немесе тиісті мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
санаты жоқ: жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) (картографиялық, геодезиялық, аэрофотогеодезиялық) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Біліктілігі орташа дәрежелі маман (техник):
жоғары санатты: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (картографиялық, геодезиялық, аэрофотогеодезиялық) білім және бірінші санаттағы геодезист лауазымында жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
бірінші санатты: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (картографиялық, геодезиялық, аэрофотогеодезиялық) білім және екінші санаттағы геодезист лауазымында жұмыс өтілі кемінде 2 жыл немесе тиісті мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 4 жыл;
екінші санатты: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (картографиялық, геодезиялық, аэрофотогеодезиялық) білім және геодезист лауазымында жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
санаты жоқ: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (картографиялық, геодезиялық, аэрофотогеодезиялық) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |