Ауыл, су шаруашылықтары, жер қатынастары геодезия және картография салаларының басшылары және мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары


-параграф. Асылдандыру ісі жөніндегі техник



бет60/64
Дата09.09.2022
өлшемі234,17 Kb.
#149105
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64
Байланысты:
@8;. 07

32-параграф. Асылдандыру ісі жөніндегі техник

193. Лауазымдық міндеттері.


мал шаруашылығында асыл тұқымды малдардың есебін жүргізеді; шаруашылықта асылдандыру жұмыстарының жоспарларын әзірлеуге қатысады;
малдардың өнімділігін айқындау үшін өлшеулерді және саууды жүргізуге қатысады, талдаулар үшін сүттің сынамаларын іріктеуді жүргізеді, малдардың өнімділік деректерін асыл тұқымдық карточкаларына енгізеді;
жануарларды бағалауға қатысады;
асыл тұқымды жұмыс бойынша құжаттаманы қатаң түрде бекітілген нысандарға сәйкес жүргізеді;
жануарлардың ауруға шалдығуын зерттеуге қатысады;
асыл тұқымдық кітабына жазу үшін жануарлардың карточкаларын дайындайды;
сату, көрмеде көрсету үшін асыл тұқымды жануарларды іріктеуге және дайындауға қатысады;
бригадирлердің өндірістік-зоотехникалық есептің бастапқы құжаттарын уақытылы ұсынуын қамтамасыз етеді;
еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидалар мен нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді.
194. Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, 
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», 
«Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы», 
«Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» заңдарын,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерін, мал шаруашылығында асыл тұқымдық есепті жүргізу жөніндегі әдістемелік және нұсқаулық нұсқамаларды; асыл тұқымды мал шаруашылығы технологиясының негіздерін, зоотехникалық және асыл тұқымдық есептің қолданыстағы нысандарын, малдарды бағалау жөніндегі нұсқаулықтарды, еңбек заңнамасының негіздерін, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидалар мен нормаларды білуі тиіс.
195. Біліктілікке қойылатын талаптар.
І санатты асылдандыру ісі жөніндегі техник: (Зоотехния) мамандығы бойынша техникалық және кәсіби (арнайы орта, орта кәсіптік) білім және ІІ санатты асылдандыру ісі жөніндегі техник лауазымындағы еңбек өтілі 2 жылдан кем емес.
ІІ санатты асылдандыру ісі жөніндегі техник: (Зоотехния) мамандығы бойынша техникалық және кәсіби (арнайы орта, орта кәсіптік) білім және асылдандыру ісі жөніндегі санаты жоқ техник лауазымындағы еңбек өтілі 2 жылдан кем емес.
Асылдандыру ісі жөніндегі санаты жоқ техник: Еңбек өтіліне талап қоймастан (зоотехния) мамандығы бойынша техникалық және кәсіби (арнайы орта, орта кәсіптік) білім.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет