Ауыл, су шаруашылықтары, жер қатынастары геодезия және картография салаларының басшылары және мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары



бет46/64
Дата09.09.2022
өлшемі234,17 Kb.
#149105
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   64
Байланысты:
@8;. 07

16-параграф. Гидротехник


146. Лауазымдық міндеттері.
далалық агромелиоративтік жұмыстар жоспарын дайындауға қатысады; суармалы жерлердің мелиоративтік ахуалына, гидромелиоративтік жүйелер мен гидротехникалық ғимараттардың, ашық және жабық көлденең кәріз жүйелерінің техникалық ахуалына, суландыру және коллекторлы кәріздеу каналдарындағы негативті процесстердің дамуына тексеру жүргізеді, кәріз жұмысының тиімділігін бағалайды;
суландыру жүйелеріндегі коллекторлы-кәріздеу ағысының шығынын өлшеуді жүргізеді;
суландыру каналдары мен коллекторлы-кәріздеу желісінің жерүсті суларының сынамаларын алады;
далалық жұмыстар нәтижелерінің камералдық өңделуін жүзеге асырады;
өлшеу құралдары мен су өлшеу орындарына метрологиялық өлшеулерді жүргізуді ұйымдастырады;
суландыру жүйелеріне түгендеу жүргізуге қатысады;
суды пайдалану, суландыру және суару жоспарын түзетуге қатысады;
суландыру жүйелеріндегі суды сақтау технологияларын енгізу мен су есебі құралдарының жетілуіне әсер етеді;
тематикалық есептерді дайындауға қатысады.
147. Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы,
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»,
«Қазақстан Республикасының тілдер туралы» Заңдары,
2001 жылғы 16 шілдедегі N 242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы»
2017 жылғы 27 желтоқсан № 125-VI ЗРК «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» (бұдан әрі – «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодексі;
Қазақстан Республикасы Су кодексі;
сонымен қатар Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық құқықтық актілері, гидромелиоративтік жүйелер мен гидротехникалық ғимараттарды техникалық пайдалану саласындағы нормативтік құжаттарды, су есебі бойынша өлшеу құралдары мен аспаптарын стандарттау мен техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесінің ережелері, жалпы нормалар, ережелер мен сипаттамалар, өлшеу құралдарын тексеру, еңбек заңнамасының негіздері, еңбекті қорғау мен өртке қарсы қауіпсіздік ережелері.
148. Біліктілікке қойылатын талаптар.
Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғарғы санатты гидротехник маман: (гидромелиорация, мелиорация және топырақ құнарлылығын қалпына келтіру, гидрология, суды пайдалану және су ресурсы) мамандығы бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) және бірінші санатты гидротехник лауазымындағы жалпы еңбек өтілі 3 жылдан кем емес.
Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты гидротехник маман: (гидромелиорация, мелиорация және топырақ құнарлылығын қалпына келтіру, гидрология, суды пайдалану және су ресурсы) мамандығы бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) және екінші санаты гидротехник лауазымындағы жалпы еңбек өтілі 2 жылдан кем емес.
Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты гидротехник маман: (гидромелиорация, мелиорация және топырақ құнарлылығын қалпына келтіру, гидрология, суды пайдалану және су ресурсы) мамандығы бойынша (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) және санаты жоқ гидротехник лауазымындағы еңбек өтілі 1 жылдан кем емес.
Біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ гидротехник маман: еңбек өтіліне талап қоймастан (гидромелиорация, мелиорация және топырақ құнарлылығын қалпына келтіру, гидрология, суды пайдалану және су ресурсы) жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) немесе (гидромелиорация, мелиорация және топырақ құнарлылығын қалпына келтіру, гидрология) мамандығы бойынша техникалық (орта арнайы) білім жұмыс өтілі талап етілмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет