Ауыл, су шаруашылықтары, жер қатынастары геодезия және картография салаларының басшылары және мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары



бет62/64
Дата09.09.2022
өлшемі234,17 Kb.
#149105
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64
Байланысты:
@8;. 07
2-курс Өндірістік практика жоспары, stud.kz-2805
36-параграф. Энтомолог

199. Лауазымдық міндеттері.


карантинге жатқызылған өнімдерге зертханалық зерттеулер, ауыл шаруашылығы дақылдарының өсімдіктер зиянкестеріне тұрақтылығына мемлекеттік сынау, ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын және гибридтерін шаруашылық пайдалылығына сараптамалық бағалау, ауыл шаруашылығы өсімдіктері зиянкестерінің дамуына және таралуына фитосанитариялық мониторинг жүргізеді;
ауыл шаруашылығы дақылдары егістеріне энтомологиялық зерттеулер жүргізеді;
зерттеуге келіп түскен материалды қабылдайды, зерттеу аяқталғанға дейін оның сақталуын қамтамасыз етеді;
карантинге жатқызылған өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігіне сынаулар, карантиндік талдау және карантиндік сараптама жүргізеді;
жұмыс процесінде халықаралық және отандық стандарттарды қолданады;
ағымдағы жұмыс нәтижелері бойынша қажетті құжаттаманы ресімдейді; жүргізілген сараптама, зерттеу, тексеру және сынау нәтижелеріне талдау жүргізеді;
биологиялық материалды зарарсыздандыруды және жоюды қамтамасыз етеді;
коллекциялық материалдың есебін жүргізеді, оның сақталуын қамтамасыз етеді;
жаңа зерттеулер мен әзірлемелердің бағыттарын негіздейді, ғылыми-өндірістік жұмыстардың жоспарларына қосуға ұсыныс енгізеді;
Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы өсімдіктердің қорғалатын сорттарының мемлекеттік тізілімін қалыптастыруға қатысады;
зиянды, аса қауіпті зиянды организмдердің, карантиндік объектілердің таралуының қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болжамдарын әзірлейді; өсімдіктер зиянкестерін бірдейлендірудің бар әдістерін, селекциялық жетістіктердің өсімдіктер зиянкестеріне тұрақтылығын, ерекшелігін, біртектілігін және тұрақтылығын сынау әдістемесін, өсімдіктер зиянкестерінің дамуына және таралуына мониторинг жүргізу әдістерін әзірлеуге, жаңаларын игеруге және қолданыстағыларын жетілдіруге қатысады.
200. Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын,
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», 
«Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы», 
«Тұқым шаруашылығы туралы», 
«Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы»,
«Өсімдіктерді қорғау туралы»,
«Өсімдіктер карантині туралы» заңдарын,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерін, энтомологияны, мемлекеттік сорт сынау әдістемесін, жаңа селекциялық жетістіктерге құжаттамаларды ресімдеу және куәліктерді, патенттерді беру тәртібін, селекциялық жетістіктерді қорғау қабілеттілігіне және шаруашылық пайдалылығына бағалау әдістемелерін, карантинге жатқызылған объектілерге карантиндік-фитосанитариялық сараптамалар жүргізу әдістемелерін, ауыл шаруашылығы өсімдіктері зиянкестерінің дамуына және таралуына фитосанитариялық мониторинг жүргізу әдістемелерін, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнама негіздерін, еңбек заңнамасы негіздерін, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидаларды білуі тиіс.
201. Біліктілікке қойылатын талаптар.
І санатты энтомолог: (Агрономия, жеміс-көкөніс шаруашылығы, өсімдіктерді қорғау және карантин, биология, топырақтану және агрохимия, агроэкология, өсімдіктер биотехнологиясы және селекциясы, орман шаруашылығы, орман ресурсы және орман шаруашылығы) мамандығы бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) және ІІ санатты энтомолог лауазымындағы еңбек өтілі 2 жылдан кем емес.
ІІ санатты энтомолог: (Агрономия, жеміс-көкөніс шаруашылығы, өсімдіктерді қорғау және карантин, биология, топырақтану және агрохимия, агроэкология, өсімдіктер биотехнологиясы және селекциясы, орман шаруашылығы, орман ресурсы және орман шаруашылығы) мамандығы бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) және санаты жоқ энтомолог лауазымындағы еңбек өтілі 2 жылдан кем емес.
Санаты жоқ энтомолог: Еңбек өтіліне талап қоймастан (агрономия, жеміс-көкөніс шаруашылығы, өсімдіктерді қорғау және карантин, биология, топырақтану және агрохимия, агроэкология, өсімдіктер биотехнологиясы және селекциясы, орман шаруашылығы, орман ресурсы және орман шаруашылығы) мамандығы бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) немесе (агрономия, жеміс-көкөніс шаруашылығы, өсімдіктерді қорғау және карантин, биология, топырақтану және агрохимия, агроэкология, өсімдіктер биотехнологиясы және селекциясы, орман шаруашылығы, орман ресурсы және орман шаруашылығы, өсімдіктерді қорғау агрономы, эколог, агроинженер, биотехнолог, фермер шаруашылығы, фермер-менеджер, агротехник) мамандықтары бойынша (орта арнаулы, орта кәсіби) еңбек өтілі талап етілмейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет