Ауыл, су шаруашылықтары, жер қатынастары геодезия және картография салаларының басшылары және мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары


-параграф. Өсімдіктерді қорғау және карантин жөніндегі агроном



бет33/64
Дата09.09.2022
өлшемі234,17 Kb.
#149105
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   64
Байланысты:
@8;. 07
2-курс Өндірістік практика жоспары, stud.kz-2805
3-параграф. Өсімдіктерді қорғау және карантин жөніндегі агроном

107. Лауазымдық міндеттері:


ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестерімен, ауруларымен, арамшөптермен, карантиндік объектілермен, бөтен текті түрлермен және айрықша-қауіпті зиянды организмдермен күрес бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
шаруашылықтың аумағындағы ауыл шаруашылығы алқаптарына жүйелі тексерулер жүргізеді, олардың зиянкестермен және аураларымен қоныстану (залалдану) алаңын, дәрежесін және олармен күрестің нақты әдістерін айқындайды;
танаптардың ластану картасын жасайды;
ауыл шаруашылығы өсімдіктерін зиянкестерден, аурулардан, арамшөптерден, карантиндік объектілерден, бөтен текті түрлерден және айрықша-қауіпті зиянды организмдерден агротехникалық, химиялық, биологиялық және басқа да заттармен қорғау және карантин бойынша профилактикалық тұтынушылық іс-шаралар кешенін жүргізуді қамтамасыз етеді;
ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестерімен, ауруларымен, арамшөптермен, карантиндік объектілермен, бөтен текті түрлермен және айрықша-қауіпті зиянды организмдермен күрес бойынша іс-шаралар жоспарларын және кестелерін әзірлейді және олардың орындалуын қамтамасыз етеді;
ауыспалы егіс схемаларын жасауға, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің қарқынды технологиясын, өсімдіктерді қорғау және карантин бойынша алдыңғы қатарлы технологияларды енгізуге қатысады;
пестицидтермен жұмыс істеу үшін химиялық және материалдық-техникалық құралдарға, арнайы киімге, жеке қорғаныс құралдарына деген қажеттілікті айқындайды;
пестицидтердің әкелінуін, дұрыс сақталуын және есепке алынуын ұйымдастырады, олардың ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
қырмандарды, қоймаларды және сақтау орындарын химиялық өңдеуді, тұқымдық материалды егу алдында химикатпен өңдеуді ұйымдастырады және бақылайды;
химиялық препараттар мен ерітінділерді қолдану дозасын қатаң бақылауды жүргізеді;
пестицидтермен жұмыс істеу кезінде жұмысшыларды санитариялық қағидаларға оқыту бойынша жұмыстар жүргізеді;
жұмысшылардың қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнаманы, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі нормалары мен қағидаларын сақтауын бақылауды қамтамасыз етеді.
108. Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, 
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», 
«Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы», 
«Өсімдіктерді қорғау туралы», 
«Өсімдіктер карантині туралы» заңдарын,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерін, ауыл шаруашылығы өсімдіктерін қорғау және карантин жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға қатысты басшылық, нормативтік, нұсқаулық және әдістемелік материалдарды, агротехниканы, энтомологияны, фитопатологияны, ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестерімен, ауруларымен және арамшөптермен күрестің әдістері мен құралдарын, карантиндік объектілер, бөтен текті түрлер және айрықша-қауіпті зиянды организмдерді, ауыл шаруашылығы дақылдары мен тұқымдарын пестицидтермен өңдеу технологиясын, өсімдіктерді қорғау және карантин саласындағы ғылым жетістіктері мен озық ғылымды, экономика, еңбек және басқару негіздерін, еңбек және жер заңнамаларын, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнаманы, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын білуі тиіс.
109.Біліктілікке қойылатын талаптар:
Өсімдіктерді қорғау және карантин жөніндегі І санатты агроном: жоғарғы (немесе жоғарыдан кейінгі) агрономиялық білім (агрономия, жеміс-көкөніс шаруашылығы, өсімдіктерді қорғау және карантин) мен өсімдіктерді қорғау және карантин жөніндегі ІІ санатты агроном лауазымында жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес.
Өсімдіктерді қорғау және карантин жөніндегі ІІ санатты агроном: жоғарғы (немесе жоғарыдан кейінгі) агрономиялық білім (агрономия, жеміс-көкөніс шаруашылығы, өсімдіктерді қорғау және карантин) мен өсімдіктерді қорғау және карантин жөніндегі агроном лауазымында жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес немесе орта арнайы (агрономиялық) білім және өсімдіктерді қорғау және карантин жөніндегі агроном лауазымындағы жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес.
Өсімдіктерді қорғау және карантин жөніндегі агроном: жұмыс өтіліне талап етілусіз жоғарғы немес орта арнайы (агрономиялық) білім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет