Ауыл, су шаруашылықтары, жер қатынастары геодезия және картография салаларының басшылары және мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары



бет63/64
Дата09.09.2022
өлшемі234,17 Kb.
#149105
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64
Байланысты:
@8;. 07
2-курс Өндірістік практика жоспары, stud.kz-2805
35-параграф. Эколог

203. Лауазымдық міндеттері.


далалық геоэкологиялық жұмыстарды жүргізуді ұйымдастырады, агромелиоративтік тексеру жоспарларын жасауға қатысады;
суармалы жерлердің табиғи-климаттық және ирригациялық-шаруашылық ерекшеліктерін, тыңайтқыштар мен қорғаныс құралдарын пайдаланудың тиімділігін зерттейді;
топырақ, жерүсті және жерасты суларына зерттеулерді жүргізеді, ауыл шаруашылығы өндірісінің өнімдерімен ластануды зерттейді; гидромелиоративтік жүйелердегі негативті инженерлік-геологиялық процесстердің дамуына бағалау жүргізеді;
геоэкологиялық зерттеулердің, жедел- анализдердің жүргізілуін, жаңа әдістердің апробациясын, аспаптар мен жабдықты жұмысқа дайындауды ұйымдастырады;
қоршаған ортаны қорғау бойынша заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді.
бақылау нәтижелерінің камералдық өңделуін, картографиялық материалдар мен тематикалық есептердің жасалуын жүргізеді;
суармалы жерлерде мониторингті жүргізу бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттарды жасауға қатысады.
204. Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы,
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»,
«Қазақстан Республикасының тілдер туралы» Заңдары,
Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілері, қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды оңтайлы пайдалану бойынша әдістемелік және өзге де материалдарды, экологиялық стандарттар мен нормативтер жүйелері, экологиялық мониторинг әдістері, бақылау құралдары. Еңбек заңнамасының негіздері, еңбекті қорғау мен өртке қарсы қауіпсіздің ережелері.
205. Біліктілікке қойылатын талаптар.
Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғарғы санатты эколог маман: сәйкес мамандық бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) және бірінші санатты эколог лауазымындағы еңбек өтілі 3 жылдан кем емес.
Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты эколог маман: сәйкес мамандық бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) және екінші санаты эколог лауазымындағы еңбек өтілі 2 жылдан кем емес.
Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты эколог маман: сәйкес мамандық бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) және санаты жоқ эколог лауазымындағы еңбек өтілі 1 жылдан кем емес.
Біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ эколог маман: еңбек өтіліне талап қоймастан сәйкес мамандық бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) немесе сәйкес мамандық бойынша техникалық (орта арнайы) білім.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет