Ауылшаруашылық қаржысы ПӘнінің ОҚУ Әдістемелік кешені (контент) ДӘрістік кешен


Қазақстан Республикасының кедейлік бейіні



бет126/140
Дата29.03.2022
өлшемі1,68 Mb.
#137219
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   140
Байланысты:
Ауылшаруашылы аржысы П ніні О У дістемелік кешені (контент)
100-вопросов-с-ответами, 0 ДІК бақылау сараптамасы
15.2 Қазақстан Республикасының кедейлік бейіні
Кедейлiк бейiнi - кедейлiктiң барынша айқын көрiнiстерiнiң сандық және сапалық сипаттамасы. 2009 жылы Қазақстанда ол мынадай деректермен 
сипатталады:халықтың 28,4%-ының табысы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен төмен болды; ел халқының 11,7%-ының табысы азық-түлiк қоржынының құнынан төмен болды, соның iшiнде Маңғыстау облысында - 26,7%, Атырау облысында - 21,6%; халықтың неғұрлым ауқатты 10% және неғұрлым ауқатсыз 10% топтары табыстарының арасалмағы республика бойынша орта есеппен 11,3 есенi құрады (шектi көрсеткiш - 8 есенi құрайды); 
кедейлiк аумақтар бойынша шалғайдағы ауылдық аудандар мен шағын 
қалаларда орын алып отыр: ауылда халықтың кедей тобының үлесi орта 
есеппен - 38,0%-ды, ал Маңғыстау облысында - 95,5%-ды құрады; қаладағы 
кедейлiк негiзiнен тоқырауға ұшыраған шағын қалаларда байқалады; 
республика бойынша тұтастай алғанда жұмыссыздық деңгейi 10,4 %-ды 
құрады; 2008 жылы туберкулезбен ауру 1996 жылмен салыстырғанда 78,3 %-ға өскен;жүктi әйелдердiң 55%-ға жуығы қаны аздықтан зардап шегуде; 
табысы аз азаматтардың жалпы санының iшiнде табысы ең төменгi 
күнкөрiс деңгейiнен төмен тұрғындардың 48,1%-ы 5 және одан да көп адамнан тұратын үй шаруашылықтарында тұрған; 30 мыңнан астам мектеп оқушысы мектепке бару үшiн 3 километрден 40 
километрге дейiн жол жүруге мәжбүр болуда, 6 мыңға жуығы жалға алынған 
пәтерлерде немесе туған-туыстарының үйiнде тұрады; 
Ішкi iстер министрлiгi тiркеген балалардың мектепке бармау 
оқиғаларының 75%-ы отбасының жайсыз жай-күйiмен немесе нашар материалдық жағдайымен байланысты болған; қала халқының 14%-ы және ауыл халқының 27%-ы сапалы ауыз суымен 
қамтамасыз етiлмеген; халықтың 4%-ы тасып әкелiнетiн суды пайдаланады, республиканың оңтүстiк аймақтарындағы кедейлiк, негiзiнен, суландыру үшiн қажет судың болмауымен байланысты; 
халықтың белгiлi бiр бөлiгi қоршаған ортаның азуы мен ластануынан 
зардап шегуде.
Кедейлiк - бұл халықтың белгiлi бiр топтары өмiр сүру құқықтарын 
iске асыруға байланысты бiрiншi кезектегi физиологиялық қажеттiлiктердi 
қанағаттандыруда қиындық көретiн, конституциямен бекiтiлген құқықтар менбостандықтар шеңберiнде қоғам өмiрiне толыққанды қатысу мүмкiндiгiнен айырылатын әлеуметтiк экономикалық құбылыс.Кедейлiк проблемасы экономикалық және әлеуметтiк аспектiлердi,сондай-ақ басқару аспектiсiн қамтиды.Кедейлiк проблемаларының ауқымын 
осындай аспектiлер тұрғысынан бағалауға мүмкiндiк беретiн көрсеткiштер 
индикаторлар бола алады.Табыстар бойынша және мемлекет кепiлдiк берген әлеуметтiк қызметтеркөрсетуге халықтың қол жетiмдiлiгi бойынша кедейлiк өлшемiн бiлуге арналған өлшемдер мен индикаторлар бар.Табыстар бойынша негiзгi өлшемдер - бұл ең төменгi күнкөрiс деңгейi 
мен кедейлiк шегi. Кедейлiк деңгейiн анықтауға негiз болып табылатын және 
ең аз тұтыну қоржыны негiзiнде есептелетiн ең төменгi күнкөрiс деңгейi 
азық-түлiк тауарларының 70%-ын және азық-түлiк емес тауарлардың 30 
пайызын қамтиды. Ең төменгi күнкөрiс деңгейiнде азық-түлiк және азық-түлiк емес тауарларға тұтыну шығындарының нақты арақатынасы 2007 жылы 56,3/43,7 болды.
Тұтыну қоржыны табысы аз адамдар бюджетiнiң едәуiр бөлiгiн құрап отырған коммуналдық қызметтер көрсету мен көлiк шығындарын толық көрсетпейдi.2008 жылы белгiленген кедейлiк шегi ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 38%-ын, 2009 жылы - 40%-ын құрады. Бұл көрсеткiш, ең алдымен, атаулыәлеуметтiк көмек көрсетудегi мемлекеттiң экономикалық мүмкiндiктерiн сипаттайды.Кедейлiктiң табыстар бойынша индикаторлары - бұл табысы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен төмен халықтың үлесi, кедейлiктiң алшақтығы менөткiрлiгі.Кедейлiктi табыстар бойынша ғана бағалап қоймаудың негiзгi өлшемдерi- негiзгi әлеуметтiк игiлiктер мен қызметтер көрсетуге қол жетiмдiлiгiнiңең төменгi деңгейi. Денсаулық сақтау саласында - бұл халықтың жан басынашаққанда медицина қызметкерлерi мен медициналық ұйымдардың саны,медициналық ұйымдары жоқ елдi мекендерсаны; бiлiм беруде - бұл балалардыоқумен қамту, мектептерi жоқ елдi мекендер саны, оқыту жүйесiнен тыс қалған балалар, сондай-ақ бiлiм беру мекемелерiнде материалдық көмеккөрсетілген балалар саны; әлеуметтiк көмек жүйесiнде – халықтың әлеуметтiк осал топтарын қамту және оларға көрсетiлетiн көмек мөлшерi. 
Денсаулық, бiлiм, алдағы өмiрдiң орташа ұзақтығы, әлеуметтiк азу 
(маскүнемдiк, нашақорлық, жезөкшелiк, қылмыс жасаушылық) жөнiндегi 
көрсеткiштер, сондай-ақ халықтың көшi-қоны жөнiндегi көрсеткiштер 
кедейлер үшiн әлеуметтiк инфрақұрылымға қол жетiмдiлiгiнiң жанама 
индикаторлары болып табылады.Алайда орын алып отырған индикаторлар кедейлiктiң барлық аспектiсiн толық көрсетпейдi. Коммуникациялардан шалғайлық,табиғи немесе энергетикалық ресурстардың шектеулiлiгi сияқты кедейлiк факторларын ашуға көмектесетiн нақты инфрақұрылымға қол жетiмдiлiки ндикаторлары баршылық,бiрақ қажеттi шаралар әзiрлеу барысында олар жеткiлiктi дәрежеде пайдаланылмайды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   140




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет