Ауылшаруашылық қаржысы ПӘнінің ОҚУ Әдістемелік кешені (контент) ДӘрістік кешен


Халықтың өмір сүру деңгейін мемлекетпен реттеу



бет127/140
Дата29.03.2022
өлшемі1,68 Mb.
#137219
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   140
Байланысты:
Ауылшаруашылы аржысы П ніні О У дістемелік кешені (контент)
100-вопросов-с-ответами, 0 ДІК бақылау сараптамасы
15.3 Халықтың өмір сүру деңгейін мемлекетпен реттеу
Мемлекеттік реттеу қажеттілігін айқындауға мүмкіндік беретін келесі маңызды түсінік – тауарларды өндірушілер мен оларды тұтынушыларды нарықтық өзара қатынастарының күшеюі мен тығыздылығының «сыртқы әсерлері» болып табылады. Мәселен, бұл қарым-қатынастар аумағында тауарлар (қызметтер) өндіруге кететін шығындар құрамында табиғатты қорғау шаралары мен соған арналған қорларды тиімді пайдалануға кететін шығындарды ескеруді ынталандыру механизмі жоқ. Осыдан келіп, өз қызметін тек қана сұранысты қанағаттандыруға және пайда табуға бағыттайтын кәсіпкердің ой-өрісінен қоршаған табиғи ортаның ластануын болдырмау және табиғи шикізатты (әсіресе оның қайта өндірілмейтін түрлерін) тиімді пайдалану мәселелері толықтай шет қалатындығы әбден түсінікті. Адамдардың өндірістік тұтыну қызметінің сыртқы әсері ретінде пайда болатын бұл мәселенің шешімі ең алдымен мемлекеттің араласуын талап етеді.Нарық субъектілерінің өзара іс-әрекеттерінің шарттарын анықтауға және олардың сақталуын бақылауға арналған трансакциялық шығындарды төмендетуде де мемлекеттің ролі зор. Мұндай шығындардың салыстырмалы түрдегі төменгі мөлшерін көбінесе мемлекет тарапынан мәжбүр ету тетіктерін қолдану арқылы қамтамасыз етеді, ал оған нарықтық бәсекеге қатысушылардың бәрі де мүдделі.
Белгілі шарттылықпен алғанда өзара байланысты экономикалық көрсеткіштер жүйесін ескере отырып, бұл жүйенің негізін – микроэкономикалық, ал жоғарғы деңгейін мақроэкономикалық көрсеткіштер құрайтын пирамида түрінде елестетуге болар еді. Макро және микроэкономикалық көрсеткіштердің бірқалыпты түйісуі пирамиданың орталық бөлігінде жүзеге асады, бұл тұста халық шаруашылығын басқарудың аймақтық-салалық органдарының шаруашылық қызметінің көрсеткіштері басым болып келеді.
Егер де көрсеткіштердің тұтастай жүйесін тауарлар (қызметтер) «қозғалысының» қорытынды сипаттамасы ретінде қарастыратын болсақ, онда пирамида негізінің беріктілігі макроэкономикалық сипаттағы және нарықтық қатынастар өрісінің кеңеюі үшін барынша қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік беретін, көбінесе қоғамдық тауарлардың нарықтан тыс қозғалысына тәуелді нарықтық механим әрекетінің тиімділік дәрежесімен анықталады. Бүкіл әлемдік тәжірибе нарықтық механизмдерді қолданудың тиімділік коэффициенті қоғамдық тауарлар қозғалысын мемлекеттік реттеуді ескермеудің дәрежесіне қарай төмендейтіндігін сөзсіз дәлелдеген. Немесе, керісінше, егер мұндай реттеудің объективтілігі ескерілген болса, әлгі тиімділік коэффициентінің мөлшері жоғарылайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   140




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет