Ауылшаруашылық қаржысы ПӘнінің ОҚУ Әдістемелік кешені (контент) ДӘрістік кешен



бет136/140
Дата29.03.2022
өлшемі1,68 Mb.
#137219
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   140
Байланысты:
Ауылшаруашылы аржысы П ніні О У дістемелік кешені (контент)
100-вопросов-с-ответами, 0 ДІК бақылау сараптамасы
Зейнетақы төлемдері – орталықтан – 1998 жылғы 1 қаңтардағы жай күйі бойынша кемінде алты ай еңбек өтілі бар жеке адамдарға заңдарда белгіленген тәртіппен еңбек өтіліне бара-бар түрде жүзеге асырылатын ақша қаражатын төлеу.
Инвестор – Қазақстан Республикасында инвестицияларды жүзеге асырушы жеке және заңды тұлғалар.
Кассалық алшақтық – қаржы жылы ішінде шығыстар көлемінің бюджетке түсетін түсімдер мен бюджет қаражатыныңбос қалдықтары көлемінен асып түсуі.
Қаржыақша қаражатын, қаржы ресурстарын олардың жасалуы мен қозғалысы, бөлінісі мен қайта бөлінісі тұрғысынан алып қарайтын, сондай ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы өзара есеп айрысуларға, ақша айналысына байланысты туындайтын экономикалық қатынастарды білдіретін қортындылаушы экономикалық термин.
Қаржы жүйесі – белгілі бір қоғамдық экономикалық формация шеңберінде өмір сүретін қаржы қатынастары мен қаржы мекемелерінің жиынтығы.
Қаржы жылы – бюджеттің атқарылуы жүзеге асырылатын, күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан басталып, 31 желтоқсанында аяқталатын уақыт мерзімі.
Қаржы құқығы – мемлекеттің қаржылық қызметімен байланысты қатынастарын реттейтін құқық саласы.
Қаржы механизмі – шаруашылық механизмінің құрамды бөлі; бөлу және қайта бөлу қатынастарыныңкең жүйесі жүзеге асрылатын табыстар мен қорлану құралатын және орталықтандырылған ақша қорлары құрылып, пайдаланылатын нысандар мен әдістерінің жиынтығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   140




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет