«Қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының жүргізушілерін арнайы даярлау курстарын ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан



Дата04.07.2018
өлшемі35,9 Kb.
#47141
«Қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының жүргізушілерін арнайы даярлау курстарын ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 24 ақпандағы №88 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығына салыстырмалы кесте




Құрылымдық элемент

Қолданыстағы редакция

Ұсынылатын редакция

Түзетулерді енгізу қажеттігінің негіздемесі

  1. 1

3 тармақ. Жалпы жағдай

Халықаралық талаптарға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қауіпті жүктерді тасымалдайтын автокөлік құралдарының жүргізушілері құзыретті органмен бекітілген курстар түрінде арнайы даярлықтан өтеді және белгіленген үлгідегі Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қауіпті жүктерді тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлікті (бұдан әрі – қазақстандық куәлік) немесе белгіленген үлгідегі халықаралық қатынаста қауіпті жүк тасымалын жүзеге асыратын көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау туралы куәлікті (бұдан әрі – ДОПОГ – куәлік) алады.

3. Халықаралық талаптарға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қауіпті жүктерді тасымалдайтын автокөлік құралдарының жүргізушілері халықаралық және республикаішілік қатынастарда қауiптi жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын арнайы даярлықтан өтеді және белгіленген үлгідегі Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қауіпті жүктерді тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлікті (бұдан әрі – қазақстандық куәлік) немесе белгіленген үлгідегі халықаралық қатынаста қауіпті жүк тасымалын жүзеге асыратын көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау туралы куәлікті (бұдан әрі – ҚЖХКТ – куәлік) алады.

"Рұқсаттар және хабарламалар туралы"
2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңының 18 тармағының
3-қосымшасына сәйкестендіру мақсатында.



  1. 2

9 тармақ

9. Осы Қағиданың 4 - 6-тармақтарында көрсетілген қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының жүргізушілерін арнайы даярлау курстары (бұдан әрі – оқыту курстары) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне (бұдан әрі - Министрлік) ұсынылған ұйымның немесе оқыту орталығының жазбаша өтініші негізінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің бұйрығымен бекітуге жатады.
      Өтініште қандай курстарды бекіту қажеттігі көрсетіледі.

9. Халықаралық және республикаiшiлік қатынастарда қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiн арнайы даярлау жөніндегі қызметті тоқтатуды немесе жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізіліміне облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен енгізілген халықаралық және республикаiшiлік қатынастарда қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiн арнайы даярлауды жеке және заңды тұлғалар өткізеді.

«Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14 бабы 2 тармақ 10-2) тармақшасына сәйкес халықаралық және республикаiшiлік қатынастарда қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiн арнайы даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді.

  1. 3

10 тармақ

10. Өтінішке мынадай құжаттар тіркеледі:
      1) жеке немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариалдық куәландырылған көшірмесі, немесе олардың көшірмесін түпнұсқасымен ұсынуы міндетті түрде;
      2) Базалық курстардың және (немесе) мамандандырылған курстардың (өтініштің мазмұнына қарай) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі оқытылатын тақырыптары, сабақтар көлемі мен оқыту әдістері көрсетілген оқу-тақырыптық жоспары және бағдарламалары;
      3) білімі, мамандығы және оқыту бейіні бойынша еңбек өтілі, сондай-ақ оларда ҚЖХКТ мүше-елдерінің оқыту ұйымдарында қауіпті жүктерді тасымалдау бойынша арнайы даярлықтан өткені, қажетті емтихандар тапсырғаны туралы куәліктер немесе сертификаттар болуы туралы ақпараттар бар оқытушылар құрамы туралы мәліметтер;
      4) оқу орталығының басшысы немесе әдістемелік кеңес бекіткен оқыту үдерісінде қолданылатын ҚЖХКТ сәйкес нормативтік-техникалық құжаттардың тізімі;
      5) өрт қауіпсіздігі немесе өртке қарсы қызмет саласындағы мамандармен өрт қауіпсіздігі бойынша тақырыптық дәрістер мен практикалық сабақтар өткізу туралы шарт (егер осы тақырыпта сабақ беретін штаттық оқытушылар болмаған жағдайда);
      6) денсаулық сақтау саласындағы мамандармен дәрігер келгенге дейінгі көмек көрсету бойынша тақырыптық дәрістер мен практикалық сабақтар өткізу туралы шарт (егер осы тақырыпта сабақ беретін штаттық оқытушылар болмаған жағдайда);
      7) оқу сыныптары туралы мәліметтер (сыныптар саны, әр сыныптағы отыратын орын саны, оқытудың техникалық құралдарымен, оқу және көрнекі құралдармен жабдықталуы);
      8) курс бағдарламасына сәйкес оқытылатын тақырыптар көрсетілген оқыту даярлық жоспарлары қауіпті жүктерге қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасының соңғы өзгерістерін қамту қажет.
      9) сабақ кестелері және жоспарланған оқыту әдістемесі;
      10) оқытылатындардың жобаланған саны.

10. Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына, халықаралық және республикаiшiлік қатынастарда қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiн арнайы даярлау жөніндегі қызметті тоқтатуды және жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарламасы жеке немесе заңды тұлғалармен бағытталады (әрі қарай - арыз беруші).

«Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» ҚРЗ 46 бабына 5 тармағына сәйкес келтіру мақсатында.



11 тармақ

Ұсынған құжаттарды Министрлік өтінішті алған күннен бастап отыз күнтізбелік мерзімде қарастырады. Қажет болған жағдайда аумақтық органдарға оқыту класы үй-жайының және практикалық сабақтарды өткізу үшін полигонның сәйкестігі бойынша тексеру өткізу үшін нұсқау жібереді (нұсқауды алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде аумақтық органның өкілі орнына бару арқылы).

11. Өтініш беруші тиісті хабарлама жергілікті атқарушы органдарына жіберілгеннен кейін халықаралық және республикаiшiлік қатынастарда қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiн арнайы даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға бірден кіріседі немесе оларды тоқтады.


«Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» ҚРЗ 46 бабына 4 тармағына сәйкес келтіру мақсатында.



12 тармақ

12. Жергілікті органының өкілі оқу класстарының және полигонның даярлығы туралы тексеріс нәтижесі бойынша анықтама-қорытындысын Министрлікке тапсырады:
      1) әрбір оқу сыныптары нақты сан отырғызылатын орынды және тиісті техникалық оқыту құралдарымен, оқулық және көрнекі құралдарымен, плакаттармен және оқу бағдарламалары бойынша стендтермен, нормативтік құжаттармен жабдықталу тиіс;
      2) оқу сыныптарындағы отыратын орын саны топта оқытылатындар санынан артық болуы және оқытушы орны бөлмені шолуды қамтамасыз етуі тиіс;
      3) оқу базасы (полигон) практикалық сабақтар өткізу үшін жабдықталуы және топта оқытылатындардың еркін орналасуын қамтамасыз етуі тиіс.

12. Жеке тұлғаның заңды мекенжайы, заңды тұлғаның орналасқан жері, хабарламада көрсетілген халықаралық және республикаiшiлік қатынастарда қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiн арнайы даярлау жөніндегі қызметті немесе әрекеттерді жүзеге асыру мекенжайы, сондай-ақ, олар туралы ақпарат хабарламада толтыру үшін міндетті болып табылатын тіркеу деректері өзгерген жағдайда, өтініш беруші өзгеріс болған күннен бастап он жұмыс күні ішінде өзгерістер туралы хабарламаны облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына жіберуге міндетті.


«Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» ҚРЗ 46 бабына 7 тармағына сәйкес келтіру мақсатында.



13 тармақ

13. Өтініш берушінің қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының жүргізушілерін арнайы даярлау қызметінің жүзеге асыруға даярлығы оң бағаланған жағдайда оқу курстары Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрінің бұйрығымен бекітіледі.

13. Өтініш берушілердің өтініштері бойынша хабарламаны қабылдауды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдары өтініш жасалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш берушілерге рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен өтініш берушілердің жіберген хабарламалары туралы үзінді көшірмелер береді.


«Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» ҚРЗ 47 бабына сәйкес келтіру мақсатында.



14 тармақ.

14. Министрлік осы Қағиданың 10-тармағында көрсетілген талапты орындалмаған жағдайда өтініш берушіге оқыту курстарын бекітуден бас тартады және шешімді қабылдағаннан кейін он жұмыс күні ішінде оны бас тарту себебін көрсете отырып, жазбаша хабарлайды.

14. Алып тастау.

«Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» ҚРЗ 47 бабына сәйкес келтіру мақсатында.



16 тармақ.

16. Министрлік оқу курстарының күшін тоқтату туралы (Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің бұйрығымен) шешімді мынандай жағдайларда қабылдайды:
      1) оқу курстарының жұмысы тоқталған себебі көрсетілген жазбаша өтініші негізінде;
      2) оқу курстарының жұмыстарын реттейтін, осы Қағиданың талаптары және ҚЖХКТ 8.2 – талаптары бұзылса;
      3) Министрлікке ұсынылған материалдар мен құжаттарда жалған деректер болуы анықталса;
      4) егер оқу курстары соңғы оқып шығарылған күнінен бастап жыл бойы жүргізілмесе;
      5) жүргізушілерді даярлау сапасы қанағаттанарлық емес болса (емтихандарды ойдағыдай тапсырған курс тыңдаушыларының саны 20%-дан кем болған жағдайда).

16. Хабарлама тізілімінен шығару үшін өтініш берушіні өтініші, соттың жеке немесе заңды тұлғаның қызметіне немесе жекелеген қызмет түрлеріне немесе әрекеттеріне тыйым салу туралы шешімі бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда жүзеге асырылады.

«Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» ҚРЗ 49 бабына сәйкес келтіру мақсатында.



17 тармақ.

17. Оқыту курстарында даярлық Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің бұйрығымен бекітілген базалық және арнайы курстарға сәйкес жүргізіледі.

17. Осы Қағиданың талаптары және ҚЖХКТ 8.2 – талаптарын ескере отырып негізгі және мамандырылған бағдарламаларымен сәйкес Оқыту курстарында даярлық өткізіледі.

8.2 тарау 8 бөлім 8.2.2.8.5 тармақ. 1957 жылғы 30 қыркүйектен Қауіпті жүктерді халықаралық жолдарда тасымалдау туралы Еуропалық келісіміне (ҚЖХЖТ) сәйкес келтіру мақсатында.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет