Жүрек аускультациясының техникасы: жүрек ұшында - митральды қақпақша аускультациясының I нүктесі. Фонендоскопты ортаңғы қолтық асты сызығымен және 5-ші қабырға аралықта қою керек.(ер адамдарда емізікке қарап тыңдаймыз)
Көкіректің оң жағынан 2 қабырға аралықта –аорта қақпақшасының аускультациясының 2-ші нүктесі. Фонендоскопты кеуде клеткасының оң жақ қырына 2-ші қабырға аралыққа қою керек.
Көкіректің сол жағынан 2 қабырға аралықта-өкпе қақпақшасының аускультациясының 3-ші нүктесі. Фоненедоскопты кеуде клеткасының сол жақ қырына 2-ші қабырға аралыққа қою керек.
Семсер тәрізді өсіндінің негізінде- үш жармалы қақпақшаның аускультациясының 4-ші нүктесі. Фонендоскопты төстің төменгі үштен бір бөлігіне қою керек.
3 қабырға аралықта –Боткин-Эрба 5-ші қосымша нүктесі. Фонендоскопты 3-ші қабырға аралықта сол жақтан қою керк.