Ауру тарихы Паспорттық бөлім атж: Сагидолла ж туған күні



бет5/6
Дата30.11.2023
өлшемі22,39 Kb.
#194337
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
диф зачет
1-2-70 РАЙ
Ас-қорыту жүйесі:
Шағымдары жоқ. Қарау барысында іші қалыпты, таза. Іші дөңгелек пішінде, симметриялы. Пальпацияда қалыпты, ауырсынбайды. Перкуссия қалыпты. Іш қуысында бос сұйықтық анықталмайды. Іші тыныс алуға қатысады.
Зәр шығару жүйесі: Қарау кезінде паталогоия анықталған жоқ.
Эндокринді жүйе: қалқан безі қалыпты, ұлғаймаған, ауырсынусыз.
Алғашқы диагнозды негіздеу.
Шағымдары: ентігу, дем шығару қиындауы, шаршау, әлсіздік.
Anamnesis morbi:2013жылдан бері ентігу пайда болған. Мекен-жайы бойынша қаралып ем қабылдаған. Уақыт өте келе жағдайы нашарлаған. Қазіргі госпителизация жоспарлы.
Anamnesis vitae: 30 жыл жүргізуші болып жұмыс жасаған. Тұрмыстық жағдайы орташа. 46-жасынан бері шылым шегеді.алкоголь тұтыну сирек. Тұқым қуалаушылық аурулары жоқ. Аллергиялық көрсеткіштер жоқ.
Жалпы қарау: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Есі анық. Төсектегі қалпы активті. Дене тұрқы гиперстеникалық. Бойы-179см, салмағы-84кг. ИМТ-26,2. Температура-36.6. Терісі таза, құрғақ, тургоры қалыпты. Лимфа түйіндері қалыпты, ұлғаймаған.
Тыныс алу жүйесі:
Шағымдары: ентігу, дем шығару қиындауы, шаршау, әлсіздік.
Қарау: тыныс алуы қиындаған, ентігу, ұстамалы. Субъективті: дем шығару қиындаған, даусы таза, тыныш. Оң мен сол өкпе симметриялы. Тыныс алу іштік. ТЖ-28/мин. Пальпацияда: кеуде қуысында ауырсыну жоқ, дауыс дірілі барлық аймақтарда әлсіреген. Перкуссияда: салыстырмалы перкуторлы дыбыс.Топографиялық перкуссияда: төменгі шекаралары күрт төмендеген. Аускультацияда: везикулярлв, крепитация, плевра үйкеліс шуы жоқ. Өкпе төменгі бөлігінде ылғалды, ұсақ көпіршікті сырылдар, екі өкпеде бірдей естіледі.
Жоғардағы мәліметтерге сүйене отырып келесі алғашқы диагноз қойылады: созылмалы өкпе обструкциялы ауруы. Эмфизематозды вариант. Созылмалы обструктивті бронхит.
Зерттеу жоспары:
Лабараториялық зерттеу: ЖҚА,ЖЗА,БХ, Коагулограмма
Инструменталды зерттеу: Кеуде қуысының рентгенограммасы, Экг, спирография


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет