Ситуациялық есептер: 1 Дәрігер науқасқа эзофагогастродуоденоскопияны тағайындады. Науқасты тексеруге қалай дайындайсыз айтып түсіндіріңіз
2 Эзофагогастродуаденоскопиядан кейін науқас жұтыну кезінде тамағының ауыруына шағымданды. Осы науқасқа қандай көмек көрсетесіз, тактикаңыз қандай
13. Сабақты қорытындылау. 2 мин (2%)
Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады
14. Үйге тапсырма беру. 2 мин (2%)
Н-1, 6 – бөлім , 332 – 349 бет
12 – сабақ 1 Сабақтың тақырыбы: Терминальды жағдай.
2. Сағат саны: 90 мин (100%)
3.Сабақ түрі:практикалық
4.Сабақтың мақсаты: оқыту: оқушыларды халі нашар және жанталас үстіндегі науқастарға күтім жасаумен, клиникалық өлім кезіндегі реанимациялық шаралармен таныстыру.
тәрбиелік: оқушыларды халі нашар және жанталас үстіндегі науқастарға күтім жасау кезінде этика және деонтологиялық заңдылықтарды ұстануға тәрбиелеу.
дамыту: оқушыларда халі нашар және жанталас үстіндегі науқастарға күтім жасау, клиникалық өлім кезіндегі реанимациялық көмек көрсету қабілеттілігін дамыту.
5. Оқыту әдісі:рольдік ойындар, жағдайды моделдеу