Науқасқа дәрет ыдысын әперу.
Төсектен тұруға қатаң тыйым салынған жағдайда, дәретке отыру үшін арнаулы ыдыс беріледі.
Іс – әрекет алгоритмі
1. Ең алдымен ыдысты жылы сумен шайып, ішінде аздап су қалдыру керек.
2. Сол қолын жанына апарып, жамбасын көтеруге көмектесіңіз. Осы кезде науқастың аяқтары тізеден бүгіліп тұру керек.
3. Ыдыстың астына клеенка төсеңіз.
4. Оң қолыңызбен науқастың жамбасын көтеріп, сол қолыңызбен ыдысты алып шығыңыз.
5. Науқасты көрпемен жауып, жеке қалдырыңыз.
6. Сол қолыңызбен науқастың жамбасын көтеріп, оң қолыңызбен ыдысты алып шығыңыз.
7. Ыдысты босатып, ішін ыстық сумен шайыңыз.Егер науқастың нәжісінде қан, т.б. патологиялық белгілер болса, дәрігердің тексеруіне қалдырасыз.
8. Науқасты жуындырыңыз.
9. Ыдысты дезинфекциялау керек. Бұл үшін ыдысты 0,1% деохлор ерітіндісіне салып кұю керек. Сосын ыдысты шайып, клеенкамен жауцып арнаулы оранға қоясыз. Ал, резеңке ыдыстар ауыр науқас адамдарға , дәретін ұстай алмайтындарға қолданылады.
Кіші дәрет ыдыстарын қолдану
Қуықты босату үшін арнаулы ыдыстар қолданылады. Ер адамдар мен әйелдерге қолданылатын ыдыстар әр түрлі болып келеді. Науқастың ыдысы ішіндегі дәреті босатылып, жылы сумен шайылады. Дәреттің иісін кетіру үшін арнаулы ерітінділермен, хлормен, т.б шаяды. Дәретін ұстай алмайтын адамдаға денесіне резеңке ыдыстар байлап қояды.
Достарыңызбен бөлісу: |