САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ Жақсы ауданында туып, өскендіктен мен ауылдастарымның өзара түсіністік қарым қатынаста болып, бір – біріне қолдау көрсетіп, туыстардай болып араласып кеткендігін аса қадірлеймін. Сондықтан, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев-тың еліміздің одан әрі дамуы үшін міндетті түрде мемлекетімізде тұрақтылықты, бір-лікті сақтау туралы идеясын бірауыздан қолдаймын. Мен, «Нұр Отан» Халықтық – Демократиялық партиясының атынан аудандық мә-слихаттың депутаттығына кандидат болып дауысқа салына отырып, шаруашылық басшысы ретінде мемлекеттік органдарда сайлаушыларымның мүддесін қорғауға келі-сімімді бергенімді асқан жауапкершілікпен түсінемін. Егер менің сайлаушыларым маған дауыстарын беріп, мен депутат мандатына ие болатын болсам, онда мен депутаттық өкілдігімді келесі мәселелерді шешу үшін пай-далануға дайынмын: 1. Партиямыздың жаңа бағдарламасына сәйкес, Қазақстанды мықты әрі гүлденген елге айналдыру үшін Ұлт Көшбасшысының стратегиялық бағытын қолдау және өмірге енгізу. 2. Өмірдің сапасы тек қана сандық көрсеткіштермен өлшенбейді, сондай-ақ, күнде-лікті өмірдің жайлылығымен де бағаланады. Сондықтан, Новокиенка, Парчевка және Киев ауылдарының көріктенуі, көгалдандыруы, жарықтандыруы мен санитарлық та-зартылуы мәселелерін шешемін. 3. Жақын арадағы бес жыл ішінде және одан әрі қарай да адам, оның білімі мен денсаулығы біздің партиямыздың басты назарында болмақшы. Аудандық мәсли-хаттың депутаты ретінде, Новокиенка және Киев ОМ күрделі жөнделуі, мектептердің материалдық – техникалық жабдықталуы, ауылдарда медициналық қызмет көрсетуді жақсарту мәселелерін шешуге тырысамын. 4. Ауыл дамуының кепілі – су екенін жақсы түсінгендіктен, Киев, Новокиенка ауыл-дарының тұрғындарын «Ақ бұлақ» бағдарламасына сәйкес сапалы ауыз сумен қам-тамасыз етуге, әр үйге су тарту үшін, оның мерзімінде орындалуы үшін белсене ат са-лысамын. 5. Көптен күткен Алматы – Екатеринбург жолының Жақсыдан Чистопольеге дейінгі жолдың жөндеу жұмыстары басталды. Партияның бақылау постын күшейту арқылы жөндеу жұмыстарының сапалы жасалуын бақылауға алуды жүзеге асыруды өзімнің міндетім деп санаймын. 6. Ауыл тұрғындарының кірісін арттыру үшін партиямыз ауылдық кәсіпкерлікті да-мытуға көмектеседі. Шаруашылық басшысы ретінде ауылдастарыма жеке іс ашу үшін микронесилер арқылы жұмыспен қамту мәселелерін шешуге көмектесемін. 7. Біздің ауылдарымыз жас мамандарға зәру. Ауылдық жерлерге жастарды тарту үшін мемлекеттің жастар саясатын қолдаймын, яғни, жастарды тұрғын үймен қамтама-сыз етуге, материалдық қолдау көрсетуге, жұмысқа орналастыруға көмектесемін. Сайлау округімнің тұрғындарының арасында ұлтаралық келісім және тұрақтылық-тың болуын қамтамасыз етуді өзімнің партиялық және азаматтық парызым деп санай-мын. Егер сіздер, сайлаушылар, менің сайлауалды бағдарламама дауыс берсеңіздер, онда 5 жыл ішінде сіздермен және «Нұр Отан» ХД партиясымен бірге ол жүзеге асы-рылмақшы. Дұрыс таңдау жасаңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |