«Автоматтандырылған басқару жүйесі»



бет3/17
Дата04.01.2022
өлшемі1,9 Mb.
#109118
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
e125ac95-36f5-11e3-a987-f6d299da70eeАСУ 3

Лекция сабғының мазмұны:

Жүйе ұғымы.

Жүйе құрылымы

Жүйе ұғымы. Соңғы кездері «жүйе» ұғымы өте жиі және кең мағынада қолданылып жүр. (білім жүйесі, материалды-техникалық қамтамасыз ету жүйесі, күн жүйесі, есептеу жүйесі және т.б.). «Жүйе» сөзінің әртүрлі қолданылуына қарамастан, олардың көбі келесі мағынаға жақын:

Жүйе — бұл бір мақсатқа біріктірілген және ортақ арақатынас ережелеріне бағытталған әрекеттесетін элементтер жиыны. Э л е м е н т т е р ж и ы н ы деп бұл жерде ортақ қасиеттері бар элементтер терілімі ғана емес, сондай - ақ жиындағы әр элементке қатысты ортақ сипаты бар жиынды айтуға болады.

Элементтердің ө з а р а б а й л а н ы с ы деген жүйенің басқа элементтеріне байланысы жоқ жүйе элементі жүйе құрамына кірмейді. Жүйе ортақ сипатталымымен ғана анықталмайды, сонымен қатар нақты берілген күйге жетуге деген талпынысы бар элементтер арасындағы мақсатқа бағыталған ережелердің арақатынасымен анықталады.



Элементтер арасындағы өзара қатынастың болуы ұйымдастырылған күрделілікті анықтайды. Элементтер арасындағы өзара байланыстың немесе параметрлердің біреуінің өзгеруі басқа параметрлердің өзгеруіне әкеп соғады. Жиынға бір немесе бірнеше элементті қоссақ, қосымша байланыстар қосылады және ескі байланыстар өзгереді. Күрделілік ұғымының өзі жүйе қасиеті болып табылады.

Ұйымдастырылған жүйе ұғымын енгізуден жүйеге кіретін элемент саны шектеледі. Берілген жүйе үшін ішкі сфераны құрайтын, оны қоршаған элементтермен байланысатын, ішкі жүйеге кірмейтін элементтер жиыны да бар болады.

Ж ү й е н і ж е р г і л і к т е н д і р у процесі — бұл жүйенің шекарасын анықтау, оның элементтерінің жиынын, маңызды және маңызды емес байланыстарын ерекшелеу. Практикада біршама қиындау болып табылады. Мұнда екі түрлі қателер жіберілуі мүмкін:

1) маңызды байланыстарды алып тастау ;

2) жүйе жұмысына әсер етпейтін байланыстарды есепке алу.

Егер мақсатты функция және жүйенің жұмыс істеу алгоритмі белгілі болса, жүйені жергіліктендірудің шешімі оңайлатылады. Шекараны анықтауда кеткен қателік өңдеудің бірінші этабында болады бірақ, жүйені зерттеу әдістері оған кепілдік бермейді. Сондықтан жүйе туралы білімнің нақтылануы мен кеңеюінен , оның нақты моделінен зерттеуші жүйенің шекарасына қайта оралып, оның ішкі ортамен байланысын анықтап, бастапқы кеткен қателікті түзетуі керек.

Жүйенің құрылымы. Жүйені зерттеудің итеративті жолы берілгеніне ұқсас, жүйенің өзін анықтауда жоғарыда берілген маңызды және конструктивті сипаттамалардың бірі қолданылды. Ол— құрылым, яғни оның жеке элементтерінің арасындағы ішкі кеңістікті—уақыттық байланыстарға қатысты үнемі реттелім мен жүйенің функционалді мәнін анықтайтын олардың ішкі ортамен байланысы.

Басқару жиынының құрылымының сипаттамасын меңгере келе оларды кез келгенін жүйе құратын өзара байланысқан элементтер жиыны(процестер, объектілер) ретінде қарастыру практикада ыңғайлы болып табылады.

Мұндай Sj жүйесінің әрқайсысы ерекше болып табылады және S: Sj S жоғарғы дәрежелі жүйенің қандай да бір бөлігі (ішкіжүйесі) ретінде қарастырылады.

Sj және S жүйелері арасындағы өзара байланыстар құрылымдық орналасуына және басқару функцияларын орналастыруына қатысты жоғағы дәрежелі S жүйесіне бағынатын Sj ішкіжүйесі қарастыратын иерархиалық принцип бойынша құрылады.



Егер бөліну процесі анықталған белгілер бойынша элементарлы құрамдарды алу мақсатында орындалған болса, онда кез келген жүйені әртүрлі рангті, дәрежелі ішкіжүйе ретінде қарастыруға болады. Жүйені бөлу процесі түрлі әдістер бойынша орындалады, сонымен қатар әр ішкіжүйенің элементтерінің саны әртүрлі болды. Жүйені бөлу нәтижесінде пайда болған барлық ішкіжүйенің жиыны S жүйесінің М жиынын құрайды.

Сөйтіп, бөлу әдісі қанша болса, жүйеде сонша М жиын болады.


1-сурет. Метажүйе «Ағашы»



Бөлу операциясының әрқайсысынан жеке ішкіжиын шығады. Олардың әрқайсысы әрдеңгейге жататын S метажүйе «Ағашын» құрайды .

Ішкіжүйелер мен оларды байланыстырып тұрған өзара байланыстар жүйенің құрылымын құрайды. Нақты әрекет ететін ерекшелеуді басқару жүйелерінде және ішкіжиын ұйымдарында функционалды немесе басқа қасиеттерімен жиынға кіретін элементтер құрамы бойынша басқарылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет