«Автоматтандырылған басқару жүйесі»



бет6/17
Дата04.01.2022
өлшемі1,9 Mb.
#109118
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
e125ac95-36f5-11e3-a987-f6d299da70eeАСУ 3
catalog rice, Ашық сабақььгулжазира, Мониторинг ҚА дұрыс, тест №2, жас сәулетші, мобильді қосымша интерфейсі, Диплом ТОКА, Диплом ТОКА, ЗЕРТХАНА-5, Модульдің сипаттамасы, Мұғ.арн.тренг
Лекция сабағының мазмұны:

БАЖ-ң дәреже және рангсі бойынша бөлінуі.

БАЖ-ң территориялық белгісі бойынша бөлінуі.

Өндірісті басқаруда иерархиялық принципі қолдану. Өндірістік процесінің сипаттамасы бойынша кәсіпорын массалық, сериялық және жекеленген өндіріс типіне бөлінеді. Массалық типті өнім кәсіпорыны үшін жоспарлау және басқару есептері көптеп өңделеген, ал жекеленген өнім кәсіпорыны үшін есептерді шешуде ерекше қиындықтар кездесіп жатады.

Жекеленген, сериялы және массалық типтердегі өнімдерді бір шаруашылық комплексіне біріктіріп, аралас типті өндіріс кәсіпорынын құру , жоспарлау мен басқару проблемаларын қиындата түседі.

Дайындық және жартылайфабрикаттар цехтары өндірістік ұйымдар процесінде енгізілетін (бастапқы) цехтар болып табылады. Өңдеуші цехтар (слесарлы – құраушы, торап құрастырушы және типтік өнімдерді құраушы) материалдық ағындар қозғалысы жүйесінде аралық түрде орналасады. Соңы өнімді өндіру құрау және жөндеу цехында орындалады. Цехтар тобы материалды ағынында ілмектер мен торларды құрайды. Кәсіпорынның сапалы жұмыс істеуі үшін нақты жоспарлау және цехтың жұмысын жылдам басқару және басқарудың күрделі құрылымы қажет. КБАЖ құрудың маңызды принципі кәсіпорынды көпдәрежелі(иерархиялық) құрылым ретінде қарау болып табылады. (7-сурет )


7-сурет. Кәсіпорынды басқарудың иерархиялық құрылымы


8-сурет. Кәсіпорынды басқару «Ағашы»

Сызбадан көретініміз, жоғарыда орналасқан буындардан басқаруға әсер ететін ағындар келеді, ал басқару объектісінің ағымдағы жағдайы туралы ақпарат одан жоғары тұрған буындарға беріледі. Өзіне тән басқару ағашын қарастыра отырып (8-сурет ) байқайтынымыз, басқарудың иерархиялық құрылымының басымдылығы, басқару есебі иерархиялық құрылымның сәйкес дәрежесінде қабылданатын локальді шешім базасында шешілуі мүмкін. Шешімі табылатын есептердің күрделілігі басқару процесінің әр дәрежесінде басқару дәрежесінің іріленуімен өседі, алайда кәсіпорынды интегралданған басқаруға қарағанда, мұнда есептің өлшемі кішірек. Төменгі дәрежедегі басқарулар жоғарғы дәрежедегілер үшін басқарушылық шешім қабылдаудың ақпарат көзі болып табылады . Егер бір дәрежеден екінші дәрежеге берілетін ақпарат ағымын қарастыратын болсақ, онда алфавиттік - сандық символдармен өрнектелген ақпарат саны дәреже жоғарылаған сайын төмендейді, бірақ оның мағыналық (семантикалық) мазмұны көбейеді. Расында да, кәсіпорын басқарушысына әр нақты бөлшектердің сандық берілгендерін, оның қай станоктан шыққанын білудің аса қажеті жоқ, бірақ ол цех бойынша, кәсіпорын бойынша өнімдер мен бөліктердің шығу интегралын білуі керек.

Кәсіпорынды басқаруды ұйымдастырудың рациональді принциптері әр басқару дәрежесінде басқаруды өзбеттерінше толық максималды қамтамассыз ету екенін соңғы жылдардың тәжірибесі көрсеткен. Сонымен бірге басқару функцияларының қатары орталықтандырылған болуы да әбден мүмкін. Әр түрлі басқару дәрежелері үшін оптималдылық критерийлерінің принципиальді орнатылымдары ортақ болғанда ғана иерархиялық құрылым бойынша басқару мүмкін .



БАЖ-нің дәреже және рангі бойынша бөлінуі (құрылым иерархиясы) төмендегідей:

1) Кәсіпорынды басқарудың автоматтандырылған жүйесі (КБАЖ);

2) Біріккен кәсіпорынды басқарудың автоматтандырылған жүйесі ;

3) Кәсіпорынның салаларын басқаруды қамтамасыз ететін, басқарудың салалық автоматтандырылған жүйесі (БСАЖ)



БАЖ-нің территориялық белгісі бойынша бөлінуі төмендегідей:

Қаладағы БАЖ;

Аудандағы БАЖ;

Республикадағы БАЖ және т.б

Ортақ иерархиялық жүйедегі әр басқару объектісінің орналасуы сәйкесінше. Сөйтіп, 7-8 суреттерде кәсіпорын иерархиялық құрылымның ең жоғарғы дәрежесінде орналасса, 9 суретте ең төменгі дәрежесінде орналасқан .


9-сурет. Әр дәрежедегі БАЖ-н құрудың құрылымдық сызбасы.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Жүк пен жолаушы тасымалдауымен байланысты функционалды ішкіжүйелердің болашақта дамуы, мазмұнына қысқаша сипаттама.
Ұсынылатын әдебиеттер :

1.Смехов А.А. Математические модели процесса грузовой работы. — М.: Транспорт, 1982 г. — 168 с.

2.Петров А.П.,Буянов В.А., УгрюмоеГ.А. Автоматизация, вычислительная к микропроцессорная и эксплуатационной работе железных дорог: Учебник для техн. ж.-д.трансп. - М.: Транспорт, 1987 г.-245 с.
Лекция 7.

Кәсіпорынды басқарудағы функцио­налдылық принциптер





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет