«Автоматтандырылған басқару жүйесі»



бет4/17
Дата04.01.2022
өлшемі1,9 Mb.
#109118
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
e125ac95-36f5-11e3-a987-f6d299da70eeАСУ 3

Жиынды функционалді белгілері бойынша бөлу жүйенің орналастырылған және бар сәйкестіктері арқылы жүргізіледі.

Жиынды элемент құрамы бойынша бөлу анықталған функцияларды орындау барысында элементтердің өзінің құрылымын есепке алу арқылы жүргізіледі. Жүйе элементі ретінде ерекшеленген берілгендендер, ақпараттар, құжаттар, техникалық құралдар және т.б бола алады. Мысал ретінде өндірістік кәсіпорынды қарастырайық. Егер кәсіпорындағы жұмыс орынын М жиыны деп алсақ, онда ішкіжиын анықтамасына сәйкес қарапайым административті жолды алуға болады: өндіріс—цех—бөлімше—жұмыс орны. Егер М жиынын кәсіпорындағы функциональді қызметтер жиыны (өнім шығарылымы, шикізатты қолдану,жұмыс күшін пайдалану, құралдар паркінің жағдайы) деп алсақ, онда басқарудың мынадай ішкіжиындары бар болады: кадрларды және өтімдерді, бас энергетикті, бас технологты қамтамасыз ету бөлімі және т.б.

Демек, практикада кәсіпорынды басқару жүйесін құру М жиынын берудің әртүрлі әдісінен шығатын екі немесе одан да көп иерархиялық құрылым синтезімен жүзеге асырылады. Алайда М таңдау нұсқасы альтернативті болуы да мүмкін.

Ары қарай барлық жүйелерді емес, тек жүйелердің белгілі бір класын ғана қарастырамыз. Өндірісті ұйымдастыру жүйесін басқару жүйесі.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:



1.БАЖ құрылымы

2. БАЖ-дың мәні және оның тасымалдаудың логикалық тізбегіндегі орны.
Ұсынылатын әдебиеттер :

1.Николаев А.Б., Алексахин С.В., Кузнецов И.А., Строганов В.Ю. Автоматизированные системы обработки информации и управления на автомобильном транспорте. Учебник. М.: Академия, 2003, -224 с.

2.Информационная система для управления перевозочным процессом./ Под ред. Г.С. Ратина. - М.: Транспорт, 1989 г. - 239 с.
Лекция 3.

Ұйымдастырылған басқарудың мәселелері мен мақсаттары.


Лекция сабағының мазмұны:

Басқару жүйесі

Басқару процесі.

Басқару жүйесі. Басқару жүйесі мен басқарушы жүйелердің құрылымын қарастырайық.

Б а с қ а р у — бұл қандай да бір физикалық процестің жүруін қамтамасыз ететін, мақсатқа бағытталған әсер ету және сол берілген мақсатқа жету. Мысалға, өндіріс процесі.

Өндірістік жүйенің негізгі мақсаты — бұл әртүрлі ресурстардың (артериалдар, энергия, жұмыс күшінің және т.б) тиімді түрде өнімге айналуы. (2-сурет ). Физикалық (өндірістік) процестің жүруін қамтамасыз ету үшін оның моделін құру керек.

2-сурет. Өндірістік процестің жалпы сызбасы.
Басқару объектісі басқару жүйесіне басқарушы орган (зауыты басқару, министрлік), жинақтау жүйесі және жүйенің барлық элементтері туралы ақпаратты өңдеу құрылымдық компоненті ретінде кіреді (мысалы,бөлімшедегі, цехтағы, кәсіпорындағы өндірістік процесс).

Өндірістік кәсіпорын басқарудың күрделі жүйесі болып табылады.Мұнда өндірістік процесс өндірістік -техникалық, ұйымдастырылған және экономикалық бірлік ретінде сипатталады. Кәсіпорын келесі функциялардың орындалуын қамтамасыз етуі керек: өнім өндіру жоспар мен келісім шартқа сәйкес болуы, өнімнің сапасының жақсаруы, өнімге деген сұранысты зерттеу, кәсіпорын процесін зерттеу және проектілеу, нормативтерді өңдеу, өнімнің өзіндік құнын есептеу және т.б. Бұл жұмыстарды орындауға арналған әрекеттер жиыны және барлық техникалық-экономикалық көрсеткіштер бойынша мемлекеттік жоспарды орындау кәсіпорынды басқарудың маңыздылығын анықтайды.

3- сурет 3. Кәсіпорынды басқару моделінің сызбасы


Өндірістік кәсіпорынды басқару жүйесін қарастырайық. (3-сурет). 1 контур сырттан жоспарлау және басқару тапсырмалары негізінде кәсіпорынның ішкі басқаруын бейнелейді, 2 контурда (министрлік және басқа жоғарыдағы ұйымдар) «а» байланысымен берілген ақпараттар: кәсіпорынның қазіргі жағдайы туралы, материалдардың түсуі, өнімді шығару туралы, аяқталмаған өнімдер туралы.

Қызметі бойынша кез келген басқару жүйесі келесі негізгі тапсырмаларды шешеді:

Басқарылатын объект туралы ақпаратты жинау және жіберу;

Ақпаратты қайта өңдеу;

Басқару объектісіне басқару әрекеттерін жіберу.


БАЖ бұл есептердің шешімін комплексте автоматтандыруды қамтамасыз етеді.

Басқару процесі. БАЖ-н ұйымдастыру, яғни оның құрылымын, жүзеге асырудың қызметін және әдістерін, басқару процесінің сипатымен және мазмұнымен анықталады.

Бірінші басқару мәселесінің өзін қисынға келтіреміз. Бір немесе бірнеше басқару обьектісінен тұратын жүйе бар болсын. Жүйе жүйенің қызметінің сапасын жақсартатын қарсы әрекет ететін әсерлердің ықпалында болады (мысалы, техникалық құралдардың аяқ астынан істен шығуы немесе оның жұмыс режимінің өзгеруі, өндірісте жұмысшылардың жоқ болуы, материалдарды бұрынғы жүйемен тасымалдау және т.б), жүйені және басқару әсерін қалыпты жұмыс режимінен шығару (мысалы, техникалық режимнің өзгеруі,өндірістің жұмысшыларын қолданудағы админстративтік шаралар, материалдарды жеткізуді жеделдету үшін қолданылатын шаралар, және т.б).

Қарсы әрекет ететін әсерлерді f1(t), f2(t),... fn(t) арқылы, ал басқарушы әсерлерді y1 (t),y2 (t),...,ym (t) арқылы анықтайық. Қарсы әрекет ететін әсерлердің жиынын және басқарушы әсерлердің жиынын f (t) векторы түрінде және сәйкесінше y (t) түрінде көрсетейік. Кез келген уақытта басқару жүйесінің жағдайын анықтау х(t), векторы жағдай шартында, сондықтан х(t)=Х{ х(t0), f (t0,t), y(t0, t)}, (1.1), мұндағы, t0 — бақылау интервалының бастапқы моменті. (1.1) теңдеуі — бұл б а й л а н ы с т е ң д е у і .

Практикалық есептерде Xi(t), сияқты yj(t) оқиғаларының көбі шектелген, яғни х(t ) және у(t) A(t) жағдайы кеңістігі облысы мен B(t) басқару кеңістігі облысымен шектелген;



(1.2)
Егер процесте бастапқы берілген мақсат (мысалы, өнімділік максимумға , кәсіпорын шығыны минимумға ал, түсім максимумға жетсе және т.б )шегіне жетсе, онда б а с қ а р у сапалы болады. Мұны математикалық түрде (1.1) байланыс теңдеуі мен (1.2) шектеуінің бар болуынан қандай да бір функцияның экстремумы түрінде формулалауға болады: E=E{x(t),t} (1.3)
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Басқарудың автоматталған жүйесі: мақсаты, функционалдану критерилері мен принциптері 2.Техникалық- ұйымдастырушылық және функционалды құрылым
Ұсынылатын әдебиеттер :

1.Кобдиков М.А., Мустапаева А.Д. Работа в автоматизированной системе оперативного управления перевозочным процессом. - Алматы.: КазАТК, 1998 г. - 140 с.Мустапаева А.Д.

2.Основы расчетов автоматизированных систем управления на железнодорожном транспорте: Уч. пос. -Алматы: КазАТК, 1999. - 38 с.
Лекция 4.

Басқару процесінің математикалық моделі





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет