8— шешімдерді құжаттау яғни, берілген кәсіпорында формасы енгізілген құжат түрінде рәсімдеу;
9 — шешімді орындаушыға жеткізу және шешімді орындау, яғни, басқару объектісіне әсер ету. Мұндай әсер ету салдарынан объектінің жағдайы өзгереді, сонымен қатар объект туралы ағымдағы ақпарат та өзгереді, сол себептен объектіге қайта жаңадан әсер ету қажет болады.
Сөйтіп, объектіге тек басқарушы әсер етулер ғана емес, сонымен қатар ішкі кері әсер ететін факторлар әсер ететін болғандықтан, сондай - ақ объектінің өзі семантикалық элемент болып табылмайтындықтан қарастырылған сызбадағы басқару процесі динамикада болады және ол уақыт өтуіне қатысты өзгереді, сондықтан мұндай сызбалар басқару процесінің кибернетикалық моделі деп аталады.
Сызбаны автоматтау мүмкіндігі көзқарасымен қарастырудан, 1, 2, 3, 4, 8 этаптар (операторлар) адамның шығармашылық қатысуын талап етпейді және салыстырмалы түрде жеңіл автоматтандырылған механикалық операцияларды көптеп қажет етеді, яғни, БАЖ-нің техникалық және программалық құралдары көмегімен орындалады. Мысалы, шешімді құжаттау ЭЕМ құрамындағы алфавиттік - сандық баспа құралы(АСБҚ) көмегімен орындалады, бірақ баспа кәсіпорында бекітілген қарапайым құжат формасында болуы мүмкін. Ағымдағы ақпаратты жинау адамның көмегінсіз, кәсіпорынның арнайы датчиктері, тіркеуіштерінің көмегімен жүзеге асуы мүмкін.
5, 6, 7 этаптардың орындалуы басқару процесінде бұл этаптарды орындаушы адамның мамандану дәрежесіне байланысты. Қазіргі кезде бұл этаптарды қиындықпен түрлендіреді. Ал, 7 этап шешімді бекіту этабы болғандықтан адамның көмегінсіз мүлде орындала алмайды. Сондықтан адамдарды басқару сферасынан ығыстыру қажет емес, тек басқару функцияларын БАЖ-нің басқарушы қызметкерлері мен техникалық құралдарына бөліп беру қажет. Бұл адам - операторды барлық механикалық операциялардан құтқарады да, басқару процесіндегі шығармашылық функцияларды ойластыруға мүмкіндік береді.
Қарастырылған басқарудың кибернетикалық моделінен БАЖ-нің құрылымы мен классификациясы бойынша бірнеше қосымша шығарулар шығады:
1. БАЖ басқару сызбасының жекеленген этабының механизациялау және автоматтандырылу дәрежесіне қарап, төмендегідей классификациялауға болады
Тіркеуші жүйелер- мұнда тек 1 және 2 этаптар ғана автоматтандырылған. Жекеленген ішкікласқа басқару жүйесінде автоматтандырылған карточка, каталог, берілгендер банкі функциясын орындайтын, басқарушы қызметкерге анықтама беруге арналған БАЖ-нің ақпаратты - іздеуші типін жатқызуға болады. Мұндай жүйелерге теміржол билеттерін сату, авиа билеттерді сатуды басқарушы жүйелер жатады.
Ақпараттық - кеңес беруші жүйе – 1-4 этаптары автоматтандырылған және 5-6 этаптары біраз автоматтандырылған. Мұндай жүйелер оперативті құрамға қарастырылып отырған жағдайдағы шешімдер терілімін беруді қамтамасыз етеді, сонымен оперативті құрылым жүзеге асыру үшін шешімдер терілімі ішінен біреуін таңдай алады немесе ағымдағы берілгендері өзгертілген жаңа шешімдер терілімін талап ете алады;
Реттеуші жүйелер , бұл толық түрдегі басқарудың кибернетикалық моделін жүзеге асыратын, адам - машиналық басқару жүйесі;
БАЖ басқарудың тұйықталған динамикалық жүйесі болып табылады. Оның жұмысының сапасы тек ағымдағы ақпараттың сапасымен нақтылығына ғана байланысты емес, сонымен қатар басқарушы элементке келіп түсетін ақпараттың уақыт бойынша кідірісі мен шешімді орындаушыға жіберудегі кідіріске де байланысты.
Берілгендердің уақытында түспеуінен кешіктірілген дұрыс емес шешімнің шығуы және жүйе жұмысын сәйкесінше төмендетуі мүмкін.
Ұсынылған сызбадан басқару жүйесін жүзеге асыру үшін БАЖ келесі құрылымдардан тұруы керек:
Шеттетілген құралдар ( объектінің жағдайын тіркеушілер);
Ақпаратты сақтау құрылғысы (жад );
Есептеуші бөлігі (2-6 операторларды автоматтауға арналған);
Құжаттау құралдары және басқару операторымен ақпаратты оперативті бейнелеу;
Басқару жүйесінің оперативті қызметкерлері.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.Транспортта қолданылатын берілгендер классификациясы.
2. БАЖ берілгендеріне қойылатын талаптар.
Ұсынылатын әдебиеттер :
1.Смехов А.А. Математические модели процесса грузовой работы. — М.: Транспорт, 1982 г. — 168 с.
2.Петров А.П.,Буянов В.А., УгрюмоеГ.А. Автоматизация, вычислительная к микропроцессорная и эксплуатационной работе железных дорог: Учебник для техн. ж.-д.трансп. - М.: Транспорт, 1987 г.-245 с.
Лекция 8.
БАЖ құру принциптері
Достарыңызбен бөлісу: |