Лекция сабағының мазмұны:
БАЖ-нің функционалды ішкіжиыны
Басқару функцияларының БАЖ-нің техникалық құралдары мен басқарушы қызметкерлері арасында рационалды бөлінуі
БАЖ-нің басқару сызбасы.
Кәсіпорынды басқару үшін басқарудың функционалдық принципін қолдану.Кәсіпорынды басқару есебінің күрделілігі оның өлшемін азайту мен түрлі иерархиялық дәрежеге бөлінуіне қарамастан, барлық басқару жүйесін дәрежесіне, типіне , ішкіжүйелеріне қарамастан функционалды белгілері бойынша бөлуді қажет етеді. Төмендегі басқарудың негізгі функцияларын орындау үшін, БАЖ- нің құрамында арнайы ішкіжүйе қарастырылады:
а) кәсіпорынның оптималды өндірістік программасын құру және өндірістік программаны жоспарлау этаптары бойынша бөлу;
б) өнім шығарудың, жұмысты жоспарлаудың, құрылғыларды жүктеудің, өндірістік тапсырмаларды рәсімдеудің күнтізбелік жоспарын құру;
в) шикізатты жеткізудің және дайын өнімді әкетудің оптималды графигін таңдау, үнемдеуге негізделген қор дәрежесін анықтау ;
г) құрылғыларды жөндеудің оптималды нұсқасын таңдау;
д) өндірілген өнімге деген сұранысты болжау және т.б.
Осы өндірістік функцияларды жүзеге асыратын ішкіжүйелердің жиыны кез келген дәрежедегі БАЖ-нің ф у н к ц и о н а л д ы бөлігін құрайды. Өндірістік - шаруашылық қызметтегі кәсіпорынның күрделілігі, оған әсер ететін, басқару операторларымен шешім қабылдауда түрленбеген процедуралардың бар болу факторларының көптүрлілігінде, кері әсер ететін немесе кейінге қалдыру кездейсоқ сипаттамалары – мұның бәрі кәсіпорынды басқару жүйесінің бірыңғай моделін құруда біршама қиындықтарға әкеп соғады. Мұндай қиындықтарды БАЖ функционалды ішкіжүйелерінің өзара байланысқан моделдер комплексін құру арқылы жеңуге болады. Кез келген ішкіжүйе тек нақты бір объектіні ғана басқарады. Басқару объектісі мен моделінің жағдайы туралы жиналған ақпараттан ішкіжүйенің басқарушы бөлігі басқаруға әсер етулерді өндіреді.
БАЖ-нің функционалды типтік ішкіжүйелері болып:
а) кәсіпорынның техникалық дайындығын басқару ;
б) техникалық-экономикалық жоспарлау ;
в) негізгі және көмекші кәсіпорындарды жылдам басқару;
г) басқаруды материалды-техникалық қамсыздандыру;
д) кәсіпорынды қаржылық - өтімдік қызметтері бойынша басқару және т.б .
БАЖ-н құрудың көпдәрежелі және көпфункционалды принципінің өз жетістіктері мен өз кемшіліктері бар: дәрежесі және функционалды белгілері бойынша басқарудың жетістігі, басқару есебі өлшемінің жылдам азаюы; бір дәреженің, бір функционалды тағайындаудың жүйесі басқару қызметкері (басқарушы) үшін «көз жетерлік» болып табылады, кемшілігі шешім қабылдау үшін келіп түскен ақпарат ағыны көп болғанда басқару құрылымы қарама-қайшылықтар тудырады (ішкіжүйелердің локальді мақсаттары кәсіпорынды басқару мақсаттарының барлығына қарсы келеді немесе бір ішкіжүйенің және дәреженің мақсаттары басқа дәрежелер мен ішкіжүйелердің мақсаттарына қарсы келеді).
Басқару функцияларының БАЖ техникалық құралдары мен басқарушы қызметкерлер арасында рационалды бөлінуі. Кез келген ішкіжүйедегі оперативті басқару этаптарын басқару процесінің кибернетикалық моделінде қарастыруға болады(10-сурет )
10-сурет. Басқару процесінің кибернетикалық моделі
Нақты орындаушыға қатыссыз, басқару процесінде орындалатын келесі қажетті жұмыс этаптары (операторлар) сызбада сандармен көрсетілген
1— басқару объектісінің жағдайы және оның шешім қабылдайтын органға берілуі туралы ағымдағы ақпараттар (берілгендер ) жиыны;
2— берілгендерді алғашқы өңдеу, сорттау, топтау және талдау ( берілгендер модификациясы);
3 — бұл этаптың орындалуы екі түрде болуы мүмкін: За — өндірістік процестің оперативті сипаттамасының есеп - қисаптары; 36 — өндірістік процестің соңғы (фактілі) көрсеткіштерінің. За жағдайындағыдай 36 жағдайында да есептеу жүргізу үшін сызбада 10 блокпен берілген нормативті білу қажет.
4— жүйенің материалды ағымындағы енгізу (шикізат) және шығару (өндірілетін өнім немесе қызмет көрсету) элементтерінің шығындарының фактілі, нормативті және жоспарлы дәрежелерін бар кідірістердің пайда болуымен салыстыру.
Бұл этаптан соң шешім шығаруға дайындық этабы бітеді. Бұл этапта реттеудің «тіреу» дәрежесі ретінде жоспарлы есептер туралы білу қажет (блок 11);
— Кідірістің маңыздылығын бағалау. Кідірісті бағалау әрдайым бірдей бола бермейді. Ол көп жағдайда шешім қабылдаушы басқару қызметкерлерінің мамандануына, тәжірибесіне байланысты болады. Бұрынғы тәжірибелерді есепке алу қажеттілігі сызбада 12 блокпен көрсетілген;
— объектіні функционалдаудың құрылған моделі негізінде шешімді немесе шешімдер нұсқасын есептеу;
— шешім қабылдау (бірнеше ұсынылған нұсқалардың арасынан оптималдысын таңдау);
Достарыңызбен бөлісу: |