Қазақ – шығыс және орыс (еуропа) Әдебиеті байланысы


Оқу әдістеме құралының құрылымы



бет10/22
Дата06.02.2022
өлшемі1,49 Mb.
#31872
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22
Оқу әдістеме құралының құрылымы. Оқу әдістеме құралы кіріспе бөлімнен, 4 тараудан және қортындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Қазақстандағы орыс (еуропа) мәдениетінің ықпалы

Қазақстанның жері мен табиғи байлықтарын орыс ғалымдарының келіп зерттеулері, Қазақстан тарихын зерттеудегі олардың алғашқы жасаған адымдары қазақ халқының экономикалық және мәдени тұрмысындағы бір маңызды оқиға болды.


Қазақстан жерін зерттеу жұмысы Каспий және Арал теңіздерінің карталарын жасаудан басталады. Бұл теңіздер жайлы мәліметтер ертедегі грек және араб жазушылары мен географтарының еңбектерінде бар еді. Алайда бұл мәліметтер, XVII ғасырдағы орыс географтарының материалдарымен, соның ішінде «Сибирь чертеж кітабында» басылып шыққан Семен Ремезевтің картасымен толықтырылғанның өзінде де, өлке жайында толық түсінік бере алмады.
XVIII ғасырдың бас кезінде патша үкіметінің тапсыруы бойынша капитан Е. Мейер Каспий теңізінің суретін түсіріп алып, жалпы суреттемесін жасады. Каспий теңізі, сондай-ақ Орта Азияны географиялық жағынан зерттеу ісіне А. Бекович-Черкасскийдің экспедициясы да бағалы материал берді; бұл экспедиция Амудария Каспий теңізіне құяды деген жалған түсінікті теріске шығарды.
А. Кожин мен В. Урусовтың түсірген суреттері Каспий теңізі жайында қосымша мәліметтер берді.
Табиғат зерттеуші ғалым және саяхатшы академик П. С. Паллас (1741-1811) Россия ғылым академиясының көп жерлерді, соның ішінде Батыс Қазақтанның бір бөлегін зерттеген үлкен бір экспедициясын бастады. Бұл экспедицияның жұмысынан кейін академик болған жас ғалымдар В. Зуев пен Н. Соколов та қатынасты.
XVIII ғасырдың 70-ші жылдарында атақты саяхатшы академик И. Георги (1729-1802) оңтүстік-шығыс Россияны, Алтайды, Байқал бойын, Орал тауларын және Поволжье бойын зерттеді. Георгидің еңбектерінде Қазақстанның жеке аудандарының географиялық суреттемесі ғана бар емес, сонымен қатар қазақ халқының тұрмысы мен тарихы жайында да мәліметтер келтіріледі. Осы кезде Қазақстан жайлы бағалы мәліметтерді академик И. Фальком да жинаған болатын.
Қазақстанды зерттеу үшін XIX ғасырдың алғашқы жартысында бірнеше ғылыми экспедициялар ұйымдастырылды. 1848-1849 жылдары Арал теңізін капитан-лейтенант А. Бутаков бастаған экспедиция зерттеді. Бұл экспедиция Арал теңізінің жағаларын суретке түсіріп, ғылыми зерттеу жұмысын жүргізді. Экспедицияның жинаған материалдары негізінде Арал теңізінің картасы жасалып, бастырылып шығарылды. Бутаков Арал теңізінде кеме жүрудің (1852) негізін салушы болды. 60-шы жылдарда ол Сырдария мен Амударияның төменгі салаларын зерттеді. Оның экспедициясына, бұл кезде Қазақстанда айдауда жүрген, ұлы украин ақыны Т. Г. Шевченко қатынасты.
Қазақстанның зерттеу ісіне П. И. Рычков (1719-1777) пен А. И. Левшин (1799-1879) едәуір үлес қосты. Қазақстан жайындғы бағалы тарихи-географиялық мәліметтерімен қатар П. Рычков Кіші жүз бен Орта жүздің Россияға қосылу тарихын толық баяндады. Бұл өлкенің тарихын, XVIII ғасырды – XIX ғысырдың алғашқы жартысын қоса алып, өз еңбектерінде А. Левшин де жазды.
Қазақстанның жерін, тарихын және этнографиясын зерттеу ісінде орыс саяхатшыларына қазақ тілмаштары мен жол көрсетушілері де қолынан келген көмегін көрсетіп, халықтың тарихы мен тұрмысы жайында ғалымдарға әңгіме айтып, бағалы географиялық мәліметтер беріп отырды. Олардың көмегімен жиналған орасан зор нақтылы материал өлке зерттеу ісін жеңілдетіп қана қойған жоқ, сонымен қатар орыстың шығыс-зерттеу ғылымын жаңа мәліметтермен байытты [1, б. 383-384].


  1. Каталог: fulltext -> buuk
    buuk -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі жүсіпов нартай қуандықҰЛЫ
    buuk -> Мамандыққа кіріспе «Музыкалық білім»
    buuk -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
    buuk -> Кітаптану және кітап тарихы 050418 «Кітапханатану және библиография»
    buuk -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
    buuk -> Психотерапия технологиялары
    buuk -> ДӘСТҮР – ДӘріс қазақ тілі пәнінен студенттерге арналған оқу құралы Павлодар Кереку 2010 Т. Х. Сматаев ДӘСТҮР – ДӘріс
    buuk -> Ашимбетова Р. Д. Журналистің тіл мәдениеті Оқу құралы 050504 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар


    Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет