Қазақ афавитінде



бет1/8
Дата08.11.2022
өлшемі66,48 Kb.
#157001
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
қазақ тілі ережелері


Ф О Н Е Т И К А


Фонетика – тіл білімінің дыбыстық жағын зерттейтін сала. Фонетика дыбыстардың жасалу, айтылу, естілу және буын, екпін, интонация мәселелерін қарастырады.

Қазақ афавитінде:

42 әріп бар.

Дауысты дыбыстар:

а, ә, о, ө, ұ, ү, і, ы, и, э.

Ерекше дауысты дыбыстар:

ә, ө, ұ, ү, і.

Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай:

Жуан:

а, о, ұ, ы.

Жіңішке:

ә, е, ө, ү, і.

Қысаң:

ы, і, и, ү, ұ, у.

Еріндік:

о, е, ү, у, ұ.

Езулік:

а, е, ы, і, и.



ДЫБЫСТАРДЫҢ БӨЛІНУІ



Түрлері

Дыбыстар

Төл дыбыстар

Дауысты дыбыстар

Жалаң: а, ә, о, ө, е
(Мофтонг) ұ, ү, ы, і.
Дифтонг: и, у.

ә, ө, і, ұ, ү.

Дауыссыз дыбыстар

б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, ф, х, ц, ч, ш, щ, һ, (у).

қ, ғ, ң, һ.



Д А У Ы С Т Ы Д Ы Б Ы С Т А Р

Тілдің қатысына қарай

Еріннің қатысына қарай

Жақтың қатысына қарай

Жуан
а, о, ы, ұ, у.

Жіңішке
ә, ө, ү, і, е, и.

Еріндік
о, ө, ұ, ү, у.

Езулік
а, ә, е, ы, і, и.

Ашық
а, ә, о, ө, е.

Қысаң
ұ, ү, у, ы, і, и.

У дыбысы айтылуына қарай әрі жуан, әрі жіңішке дауыстылар тобына жатады.

ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАР





Дауыстың (үн мен салдырдың) қатысна қарай

1. Қатаң

қ, к, х, ц, п, ф, т, с, ш, щ, ч, һ.




2. Ұяң

б, в, г, ғ, д, ж, з.




3. Үнді

Мұрын жолды

м, н, ң.




Ауыз жолды

л, р, й, у.



Б У Ы Н
Сөздегі бір дауыстының я дауысты мен дауыссыздардың дауыс толқынымен бөлшектеніп айтылатын тобы буын деп аталады.



Түрлері

Мысалдар



І. Ашық буын

Бір дыбысты

Екі дыбысты

А–та, ә-ке, а–па, і–ні.
Е, солай ма?

Ба–ла, қа–ла–ға,
те–ре – зе, да–ла.



ІІ. Тұйық буын

Екі дыбысты

Үш дыбысты

От, ет, ат, ер, ол, үн, ұн.

Ант, өрт, ұлт.





ІІІ. Бітеу буын

Үш дыбысты

Төрт дыбысты

Тас, тіс, қыс, гүл, күл, күш, жаз.

Қант, тарс, жұрт, құрт, бұлт, қарт.



Т А С Ы М А Л
Сөздің жолға сыймаған бір немесе бірнеше буынның келесі жолға бөлініп жазылуы тасымал деп аталады.
Тасымалдауға болмайтын жағдайлар:



Тек бір дауысты дыбыстан тұрған ашық буынды тасымалдауға немесе жолда қалдырып кетуге болмайды



А – та, арми – я, а – сау.

Бір буыннан тұратын сөзді тасымалдауға болмайды



Төрт, салт, жұрт.

Қысқарған сөздерді тасымалдауға болмайды



ҚазМУ, ҚР, ТМД.

Аты және әкесінің аты қысқартылып, басқы дыбысы ғана жазылғанда, фамилиясынан бөліп, тасымалдауға болмайды



М. Жұмабаев,
Қ.С. Мусин
М.О. Әуезов

Қысқарған өлшем бірлігінің саннан айырып тасымалдауға болмайды

15 см, 25 кг, 1т.

Ү Н Д Е С Т І К З А Ң Ы

Түбір мен қосымшаның және сөз аралығындағы дыбыстардың бір – біріне ықпал жасап, өзара үйлесіп айтылуы үндестік заңы деп аталады.





Буын үндестігі

Дауысты дыбыс буын құрайтын болғандықтан, сөздегі, сөз бен қосымшадағы дауыстылардың не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып үндесуі буын үндестігі деп аталады.



Жуан буын

Жіңішке буын

Сөздің алғашқы буыны жуан болса, келесі буын да жуан болады.
Оқу – шы, қа – ла, ор – ман.

Сөздің алғашқы буыны жіңішке болса, келесі буыны да жіңішке болады.
Ән – ші, үй – де, өн – ер.



Сөздің соңғы буыны жуан болса, қосымша да жуан болады. Оқу – шы – лар, қалада – ғы – лар, орман – да.

Сөздің соңғы буыны жіңішке болса, қосымша да жіңішке болады. Әнші – лер, үйде – гі – лер, өнер – де – гі – лер.



Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар

1. Көмектес септік жалғауы

Баламен, қонақпен, сәнімен, т.б.

2. –нікі, (-дікі, -тікі), - тай, -тал, -дар, -еке, -тар.

Даланікі, әкетай, діндар, ағаеке, өсімтал.

3. –бей, -би, -кер, -гер, -қор, -паз, -қой, -кеш, хана, -кес.

Бейшара, балгер, жемқор, әсемпаз, сәнқой, емхана, жұмыскер, зиянкес.

4. -ов, -ова, -ев, -ева, -ин, -ина.

Әуезов, Жұмабаев, Сейфуллин, Жұмғазина, т.б.

Д Ы Б Ы С Ү Н Д Е С Т І Г І



Сөз бен қосымшаның жігінде немесе сөз бен сөздің аралығында дауыссыз дыбыстардың бірін – бірі өзіне ұқсата әсер етуі дыбыс үндестігі деп аталады.



Ілгерінді ықпал

Кейінді ықпал

Тоғыспалы ықпал



Түбір мен қосымшаның немесе сөздердің аралығындағы көршілес дыбыстардың алдыңғысының кейінгі дыбысқа әсер етіп, өзіне ұқсатуы



Түбір мен қосымшаның немесе сөздердің аралығындағы көршілес дыбыстардың соңғысының алдыңғы дыбысқа әсер етіп, өзіне ұқсатуы

Сөз бен сөз аралығында қатар келген дыбыстардың бір – біріне ілгерінді – кейінді ықпал етуінің нәтижесінде екеуінің де өзгеріске ұшырауы

кітап – тар, балық – шы, дос – пен, парта – ға.

қасық + ы = қасығы
жүрек + і = жүрегі

жаз + са = жас + са,
көз салу = көс салу,
тоқы – тоқу.



О Р Ф О Г Р А Ф И Я
ж ә н е
О Р Ф О Э П И Я

Қазақ тілінде сөздердің жазылу заңдылығы мен айтылу заңдылығы болады. Орфография сөздердің дұрыс жазылу заңдылығы, ал орфоэпия сөздердің дұрыс оқылу заңдылығы.





Жазылуы

Айтылуы

Көзілдірік

Көзүлдүрүк

Қара ала

Қарала

Өзен

Өзөн

Үлгілі

Үлгөлі

М О Р Ф О Л О Г И Я
Морфология – сөз және оның формалары туралы ілім. Морфология сөз құрамы мен сөз таптарын зерттейді.


С Ө З Қ Ұ Р А М Ы
Қазақ тіліндегі сөздер түбір және қосымшаға бөлінеді.
Сөздің мағына беретін, бөлшектенбейтін ең түпкі бөлшегі түбір деп аталады. Апа, әже, кітап, сөз, т.б.
Сөздің түбіріне қосылып, оған қосымша мағына үстейтін бөлшек қосымша деп аталады. Бас + шы, мектеп + ке, үй + лер, т.б.

Сөздер морфологиялық тұлғасына қарай



ДАРА СӨЗДЕР – бір сөзден құралады

Негізгі сөз

Бір түбірден құралған сөздер. Сен, бала, апа, тас.

Туынды сөз

Жұрнақтар арқылы жасалған сөздер. Бал + шы, бал + гер, көзқарас, ақ + шыл.

КҮРДЕЛІ СӨЗДЕР – кемінде екі түберден жасалып, мағынаны білдіретін сөздер.

Біріккен сөз

Екі немесе одан да көп сөз бірігіп, бір ұғымды білдіретін және бір сұраққа жауап беретін сөздер. Тас + бақа, түйе + құс, Талды + қорған.

Қос сөз

Сөздердің қосарланып немесе қайталанып айтылуынан жасалған сөз. Бір – біріне, көзбе – көз.

Қысқарған сөз

Күрделі атаулардың қысқартылып жазылған түрі. ҚазМУ , ҚарМУ, ТМД.

Тіркескен сөз

Екі немесе одан да көп сөздер тіркесіп келіп, бір ұғымды білдіретін күрделі сөздің түрі.
Астана қаласы, ұзын бойлы, түні бойы.

Ж Ұ Р Н А Қ Т А Р
Түбірден кейін тұрып, жаңа сөз тудыратын қосымша жұрнақ деп аталады.

Сөз тудырушы

Сөз түрлендіруші

Өзі жалғанған сөзге лексикалық мағына тудыратын жұрнақ
сөз тудырушы жұрнақ деп аталады.
Ән – ші, заман – дас, жер – лес, бел – дік, ерін – шек.

Өзі жалғанған сөзге сәл де болса жаңа мағына үстейтін, бірақ негізгі лексикалық мағынасын өзгертпейтін жұрнақ сөз түрлендіруші жұрнақ деп аталады.
Үй – шік, кітап – ша, қала – шық, аға – тай.



Ж А Л Ғ А У Л А Р
Сөздерді бір – бірімен байланыстырып, оларға грамматикалық мағына үстейтін қосымша жалғау деп аталады. Қазақ тілінде төрт түрлі жалғау бар:



Көптік жалғау

Тәуелдік жалғау

Жіктік жалғау

Септік жалғау

-лар, -лер,
-дар, -дер,
-тар, -тер, аналар, дәптерлер, адамдар, мұғалімдер, ағаштар, есіктер

Жекеше түрі

1. Атау

-

І жақ

- мын, - бын,
- пын, - мін,
- бін, - пін.

-мын, -бын,
-пын, -мін,
-бін, -пін.

2. Ілік

-ның, -нің,
-дың, -дің,
-тың, -тің.

ІІ жақ

- ң, - ің, -ың.

- сың, - сің.

3. Барыс

-ға, -ге,
-қа, -ке, -на, -не, -а, -е.

Сыпайы түрі

- ңыз, - ыңыз,
-ңіз, - іңіз.

- сыз, - сіз.




ІІІ жақ

- сы, -сі, -ы, -і.

-

4. Табыс

-ды, -ді,
-ты, -ті,
-ны, -ні, -н.

Көпше түрі







І жақ

-мыз, -міз, -ымыз, -іміз.

-мыз, -быз, -пыз, -міз, -біз, -піз.

5. Жатыс

-да, -де, -та,
-те, -нда, -нде.

ІІ жақ

-ын, -ін

-сыңдар, -сіңдер

6. Шығыс

-дан, -ден,
-тан, -тен,
-нан, -нен

Сыпайы түрі

-ыңыз, -іңіз

-сыздар, -сіздер




ІІІ жақ

-сы, -сі, -ы, -і.

-

7. Көмектес

-мен, -менен, -бен, -бенен, -пен, -пенен.

ЗАТ ЕСІМ
Заттың атын білдіріп, кім? не? кімдер? нелер? деген сұрақтарға жауап беретін сөздер зат есім деп аталады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет