не мақсатпен?
|
жорта, қасақана, көре тұра, біле тұра
|
себеп-салдар
|
не себепті? қалай? неге?
|
босқа, текке, құр босқа, жоққа, әншейін
|
топтау
|
қалай? қаншадан?
|
екеулеп, аз-аздан, топ-тобымен, рет-ретімен, тең-теңімен
|
Ү С Т Е У Д І Ң Ж А С А Л У Ж О Л Д А Р Ы
Үстеу жасайтын қосымшалар
|
1
|
-ша, -ше
|
адамша, көзінше
|
2
|
-лай, -лей, -дай, -дей,
-тай, -тей
|
шикілей, жастай, жібектей, күздей
|
3
|
-дайын, -дейін, -тайын, -тейін
|
тотыдайын, бөрідейін, түлкідейін
|
4
|
-ша(-лық), -ше(-лік), -ша(-ма)
|
соншалық, мұнша, сонша, соншалық
|
5
|
-лап, -леп, -дап, -деп, -тап,
-теп
|
темірлеп, жаяулап, оңдап
|
6
|
-шы(-лап), -ші(-леп)
|
өлімшілеп, Асаншылап, бәленшелеп
|
7
|
-сын, -сін, -ын, -ін
|
кешкісін, жасырын, үстіртін
|
8
|
-майынша, -мейінше
|
бармайынша, келмейінше, қоймайынша
|
9
|
-қары, -кері
|
сыртқары, тысқары, ішкері
|
Жалғаулармен түбірмен бірігіп жасалған туынды үстеулер
|
1
|
Барыс септік жалғауымен
|
бірге, кешке, алға, артқа
|
2
|
Жатыс септік жалғауымен
|
артта, алда, қапелімде, лезде
|
3
|
Шығыс септік жалғауымен
|
шалқасынан, жүрісінен, төтеден
|
4
|
Көмектес септік жалғауымен
|
ретімен, шынымен, жөнімен
|
Күрделі туынды үстеулер
|
1
|
Сөздің бірігуінен, кірігуінен
|
жаздыгүні, бірталай, бүгін
|
2
|
Сөздің қосарлануынан
|
енді-енді, күнде, күнде, әрең-әрең
|
3
|
Сөздің тіркесуінен
|
күнара, күні кеше, ала жаздай
|
С Ө Й Л Е М
Біршама тиянақты ойды білдіретін сөздер тобы сөйлем деп аталады.
Сөйлемнің белгілі бір интонациясы (хабарлау интонациясы, сұрау интонациясы, т.б.) болады.
Бір ғана ойды білдіріп, бір ғана интонациямен айтылатын сөйлем жай сөйлем деп аталады.
Ж А Й С Ө Й Л Е М
Хабарлы
|
Сұраулы
|
Бұйрықты
|
Лепті
|
Туған жерім гүлденіп келеді.
|
Геральдика дегеніміз не?
|
Табиғат тазалығын сақтаңдар!
|
Кең далам!
|
Құрамына қарай
|
Жақты
|
Жақсыз
|
Жалаң
|
Жайылма
|
Өзгерістер көп.
|
Бұл жерде суға түсуге болмайды.
|
Жұмыс жүріп жатыр.
|
Уақыт факторы әрбір істе маңызды.
|
Толымды
|
Толымсыз
|
Атаулы
|
Адам үшін ең қымбат нәрсе – уақыт.
|
Ол алтыннан да қымбат.
|
Аппақ қар.
|
С Ө Й Л Е М М Ү Ш Е Л Е Р І
Сөйлем құрауға қатысқан толық мағыналы, белгілі бір сұраққа жауап беретін және сөйлемдегі басқа сөздермен байланысып тұратын сөздер сөйлем мүшелері деп аталады.
Сөйлем құрауға негіз болатын бастауыш пен баяндауыш тұрлаулы мүшелер деп аталады.
Сөйлемдегі тұрлаулы мүшелерді анықтап тұратын сөзлер сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері деп аталады.
Т Ұ Р Л А У Л Ы М Ү Ш Е Л Е Р
Б А С Т А У Ы Ш.
Сұрақтары: кім? не? кімдер? нелер? кімі? несі? кімім? нем? Қазақ халқы егемендік алды.
Б А Я Н Д А У Ы Ш.
Қай сөз табынан болса да, сол сөз табына жауап береді.
Гүлназ мектепте оқиды.
Т Ұ Р Л А У С Ы З М Ү Ш Е Л Е Р
А Н Ы ҚТАУ Ы Ш.
Сұрақтары: қандай? қай? кімнің? ненің? неше? нешінші? қанша? қайдағы? қашанғы?
Таңғажайып табиғаты бар ел.
Т О Л Ы Қ Т А У Ы Ш.
Сұрақтары: кімді? нені? кімге? неге? кімнен? неден? кіммен? неден? кіммен? немен?
Табиғатты қорғауды үйренейік.
П Ы С Ы Қ Т А У Ы Ш.
Сұрақтары: қайда? қайдан? қалай қарай? қашан? қашанна бері? қалай? қалайша? қайтіп? неліктен? не үшін? неге? не мақсатпен?
Еліміз үшін бұл аймақтың маңызы жоқ.
П У Н К Т У А Ц И Я
НҮКТЕ
|
Хабарлы сөйлемнен қойылады.
|
Маңайда тірі жан көрінбейді.
|
Жай, екпінсіз айтылған бұйрық, тілек мәнді сөйлемнен кейін қойылады.
|
Кітабыңды маған бере тұршы.
|
ЛЕП БЕЛГІСІ
|
Көтеріңкі дауыспен айтылған сөйлем мен бұйрықты сөйлемнен кейін қойылады.
|
Шіркін, қандай керемет!
|
СҰРАУ БЕЛГІСІ
|
Сұраулы сөйлемнен кейін қойылады.
|
Ақшам қайда? Менің бұл ісім сауап емес пе?
|
ҚОС НҮКТЕ
|
Бірыңғай мүшелердің алдындағы жалпылауыш сөзден кейін
|
Жиналыста сөз сөйлегендер: Асанов пен Қалиева.
|
Жалғаулықсыз себеп-салдар салаласта салдар мәнді сөйлемнен кейін
|
Оларды жазықсыздан-жазықсыз сөгуге болмайды: қыз ұзату оңай емес.
|
Жалғаулықсыз түсіндірмелі салаласта жай сөйлемдердің арасына қойылады
|
Оның мұңаюына екі түрлі себеп бар: біріншіден, ағайынымен араздасып қалды, екіншісі-оны түсінетін адамның жоқтығы.
|
Төл сөздің алдында келген автор сөзінен кейін қойылады
|
Сағит ең алдымен Ботагөзге: Сүйінші!-деді.
|
КӨП НҮКТЕ
|
Айтылуға тиісті ой аяқталмай қалғанда қойылады
|
«Иә, көз – қорқақ, қол – батыр Бісміллә, береке ...» Сонымен бастап та жіберді.
|
Сөйлеуші қысылып сөйлей алмай қалғанда, асығыс айтқанда, ойдың бөлінуіне байланысты дауыс ырғағындағы кідірісті білдіру үшін
|
- Е, не қыл дейсің маған. Бала ...ыһ... тартып жіберші мына шетін, көтерсейші басыңды... мықтап ұста ... ешқайда кетпес.
|
Біреуден алынған цитататның не алдынан, не соңынан немесе сөйлем, сөз қалдырылған жерге қойлады.
|
... Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл бөлсеңіз.
|
Айтуға қолайсыз тұрпайы сөздің орнына
|
Қарашы мына .... бүлдіргенін!
|
Ескі қолжазбаларда көрінбей өшіріліп қалған жерлерге
|
Қиын тиді оларға
Аз кісі – ақ қайтып санарға.
(А)
|
ҮТІР
|
Бірыңғай мүшелер жалғаулық шылаусыз келгенде
|
Қайрат, ақыл, жүрек – үшеуі ғылымға жүгініпті.
|
Бірыңғай мүшелердің арасындағы жалғаулық шылау қайталанып тұрса
|
Не дүниеде, не ахиретте не пайдалы болса, не залалда болса, білетұғын – мен.
|
Оңашаланған айқындауыштың екі шетіне
|
Мен, Әсетов Орман, осы істі мойындаймын.
|
Құрмалас сөйлемдегі жай сөйлемдер арасына
|
Қазанға қарамай асықса да, әңгімемен біраз отырып қалды.
|
Төл сөз хабарлы сөйлем болса, автор сөзі алдынан (артынан) үтір, сызықша қлйылады.
|
- Жеңеше, - деді кетерінде, - кірпіш тауып қойыңыз.
|
Оқшау сөз (қаратпа сөз, қыстырма сөз, одағай) сөйлем басында келсе, одан кейін; сөйлем ортасында келсе, екі шетіне; сөйлем соңында келсе, алдына қойылады.
|
Балам, ертерек кел.
Әрине, ертең сабақ болады.
Жүрегім, ойбай, соқпа енді.
|
НҮКТЕЛІ ҮТІР
|
Санамалап айтылған, мағынасы ыңғайлас сөйлемдердің арасына қойылады
|
Қасым ханның ережелерінде мынадай түйінді әдет – ғұрыптық қағидалар қамтылған:
Мүлік заңы;
Қылмыс заңы, т.б.
|
Өлең шумақтарында, құрмалас сөйлемде мағынасы, құрылысы жағынан ұқсас келетін сөйлемдер арасына
|
Ұл менқыздың қызығы –
Тілі анық шыққанша;
Мергендіктің қызығы –
Көздеген аңын жыққанша.
|
Сөздікте сөздердің түсініктемесінен кейін
|
Майе.араб. 1. ағатын сұйық;
2. сұйықтық
|
СЫЗЫҚША
|
Бірыңғай мүшелерден кейін келген жалпылауыш сөздің алдынан
|
Мен, Әсет, Самат – үшеуіміз доспыз.
|
Жалпылауыш сөзбен келген бірыңғай мүшеден кейін басқа сөздер келсе
|
Мыналар: Сырдария мен Амадария – Аралға құяды.
|
Оңашаланған айқындауыштың екі жағынан
|
Заман жаршыларының – баспасөз, эфир, экран – үндері құлақтан кіріп бойда алар.
|
Түсіндірмелі салаласта баяндауыш сондай, сонша, соншалық сөздерінен болса
|
Кешегі жарыстан шаршағаны соншалық – бүгін кешке дейін орнынан тұра алмады.
|
Жалғаулықсыз қарсылықты салалас
|
Бас болмақ оңай – бастамақ қиын.
|
Жалғаулықсыз ыңғайлас салалас іс, оқиғаның тез арада өткенін білдірсе
|
Есікті ашып қалды – маңдайына тас келіп тиді.
|
Төл сөз, автор сөзі диалогта қойылады.
|
- Қойдым, Тәуке, қойдым, - деді де Сыздық күлкіге булығып шығып кетті.
|
ТЫРНАҚША
|
Дәйнексөз тырнақшаға алынады
|
«Абай – қазақтың бас ақыны» деген Ахметтер де дүниеден өтті.
|
Төл сөз тырнақшаға алынады.
|
шешесі қызынан сұрады: «Ақшаны қайда қойдың?»
|
Біреудің айтқанына алынған алынған жеке – жеке сөздер тырнақшаға алынады.
|
Әжемнің маған айтқан «алтыным», «қошақаным» деген сөздері әлі күнге дейін есімнен кетпейді.
|
Қалжыңмен айтылған астарлы мәндегі сөздер тырнақшаға алынады
|
«Жаны тәттілердің» жағдайын жасап жүре беремәіз бе?
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |