Қазақ Әдебиеті нұсқау



Дата09.01.2022
өлшемі30,89 Kb.
#110367
Байланысты:
әдебиет


ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ


Нұсқау: «Сізге берілген бес жауап нұсқасындағы бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тапсырмалар беріледі».

1. 63 жасқа келгенде Мұхаммед пайғамбардың жасынан артық өмір сүруді

қажетсінбей, қылуетке түскен орта ғасырлық ойшылды белгілеңіз.

A) Жүсіп Баласағұни.

B) Әл-Фараби.

C) Ахмет Йасауи.

D) Рабғузи.

E) Махмұт Қашқари.



2. Кенжекей қай ертегінің кейіпкері екенін атаңыз.

A) «Ұшқыш кілем».

B) «Аяз би».

C) «Керқұла атты Кендебай».

D) «Ер Төстік».

E) «Алтын сақа».



3. «Әмірің қатты Есім хан» деп жыр арнаған XVII ғасыр жырауын табыңыз.

A) Бұқар.

B) Шалкиіз.

C) Жиембет.

D) Үмбетей.

E) Ақтамберді.



4. Ы.Алтынсариннің ел билеуші әкімдердің мінез-құлқын, іс-әрекетін сынаған өлеңін табыңыз.

A) «Өзен»

B) «Кел, балалар, оқылық»

C) «Залым төреге»

D) «Жаз»

E) «Өнер – білім бар жұрттар»



5. «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңінің авторын белгілеңіз.

A) Шоқан Уәлиханов.

B) Мағауия Абайұлы.

C) Ыбырай Алтынсарин.

D) Сәбит Дөнентаев.

E) Абай Құнанбайұлы.



6. С. Торайғыровтың «Қараңғы қазақ көгіне...» өлең жолының екінші тармағын табыңыз.

A) Біреуді жоқ, біреуді бар қылғаның...

B) Шақырып тұр, мінеки, кеттім сонда...

C) Алаш туы астында...

D) Өрмелеп шығып күн болам...

E) Қыздырып күннің қарауы...



7. Ж.Жабаевтың поэмасын көрсетіңіз.

A) «Көкшетау».

B) «Күй».

C) «Күйші».

D) «Дала».

E) «Сұраншы батыр».



8. Ғ. Мүсіреповтің өмір сүрган жылдарын табыңыз.

A) 1902 – 1985 ж.ж.

B) 1845 – 1904 ж.ж.

C) 1858 – 1931 ж.ж.

D) 1894 – 1938 ж.ж.

E) 1900 – 1973 ж.ж.



9. Әдеби тілдегі құбылтудың бір түрін табыңыз.

A) Метафора.

B) Идея.

C) Композиция.

D) Образ.

E) Сюжет.



10. Ж.Нәжімеденовтің «Жаманыңды көрмесем» өлеңіне кімнің тілегі арқау болғандығын табыңыз.

A) Ағайын тілегі.

B) Әке тілегі.

C) Бала тілегі.

D) Көрші тілегі.

E) Достың тілегі.



11. «Түркіше Гүлстан» дастанының авторын анықтаңыз.

A) Әл‑Фараби.

B) С.Сараи.

C) М.Қашқари.

D) Ж.Баласағұн.

E) А.Йасауи.



12. «Қобыланды батыр» жырында Бурылдың тұяғын жерге тигізбей, алтын тонға орап баптаған адамды көрсетіңіз.

A) Орақ.

B) Қарлыға.

C) Құртқа.

D) Қазан.

E) Қараман.



13. М. Әуезов «зар заман ақындары» деп атаған ақындардың бірін табыңыз.

A) Махамбет.

B) Абай.

C) Ақан сері.

D) Дулат.

E) Шәкәрім.



14. Б.Майлиннің кедейлер мұқтажын білдіру, әділетсіздікті сынау сарыны аңғарылатын өлеңін табыңыз:

A) «Ұлболсын».

B) «Қара шелек».

C) «Раушан – коммунист».

D) «Байлыққа».

E) «Шұғаның белгісі».



15. Ғабит Мүсірепов М.Горькийдің қандай новелласын аударғанын табыңыз.

A) «Ананың арашасы».

B) «Ашынған ана».

C) «Талпақ танау».

D) «Ананың анасы».

E) «Адамның анасы».



16. Балығы таудай тулаған,

Бақасы қойдай шулаған тармақтарында құбылтудың қандай түрі қатысқандығын анықтаңыз.

A) Ауыстыру.

B) Кішірейту.

C) Шендестіру.

D) Әсірелеу.

E) Мысқыл.



17. «Батыр жігіт қол бастар» деп, ерлікті, батырлықты жырына ту еткен жырауды белгілеңіз.

A) Жиембет.

B) Қазтуған.

C) Ақтамберді.

D) Шалкиіз.

E) Доспамбет.



18. Абайдың адамға естіген, көрген нәрселерін есінде сақтап, өзіне өмір серігі ете білудің жолдарын айтқан қарасөзін белгілеңіз.

A) 18.


B) 19.

C) 11.


D) 33.

E) 31.


19. «Ойым – у, өмірім – су, үмітім – бу» тіркестерінде Шәкәрім қандай көркем тәсілді қолданғанын белгілеңіз.

A) Метафора.

B) Гипербола.

C) Теңеу.

D) Эпитетті метонимия.

E) Антитеза.



20. Айтарын ашып айтқан, абайламай,

Дариға-ай,

Махамбеттер, Абайлар-ай!- деп тебіренген ақынды табыңыз.

A) Ә.Тәжібаев.

B) Т.Молдағалиев.

C) Т.Айбергенов.

D) Ә.Сәрсенбаев.

E) М.Мақатаев.











Нұсқау: «Сізге бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмасы беріледі».

21. Орта ғасырлық ойшылдарды белгілеңіз.

A) Шәкәрім Құдайбердіұлы

B) Әбунасыр әл-Фараби

C) Ыбырай Алтынсарин

D) Ахмет Йүгінеки

E) Шоқан Уәлиханов

F) Абай Құнанбаев

G) Ахмет Йасауи

H) Махамбет Өтемісұлы



22. Қыз Жібекке ғашық болған батырларды көрсетіңіз

A) Сырлыбай

B) Бекежан

C) Қобыланды

D) Шеге

E) Кебек


F) Қамбар

G) Төлеген

H) Қаршыға


23. Қазтуған жырауға қатысты қатарды көрсетіңіз

A) әнші


B) уәзір

C) әскербасы

D) тайпалар көсемі

E) күйші


F) орақ тілді шешен

G) хан


H) сазгер

24. Әнші-сазгер ақын(-дар)ды анықтаңыз.

A) Дулат


B) Ақан сері

C) Абай


D) Біржан сал

E) Шортанбай

F) Махамбет

G) Шоқан


H) Шәкәрім

25. Әнші-сазгер ақындарды анықтаңыз.

A) Үкілі Ыбырай

B) Дулат

C) Шортанбай

D) Ыбырай

E) Абай


F) Балуан Шолақ

G) Әсет


H) Шоқан

26. Б.Майлиннің драмалық шығармаларын анықтаңыз:

A) «Неке қияр».

B) «Ауыл мектебі».

C) «Ұлбосын».

D) «Он бес үй».

E) «Арыстанбайдың Мұқышы».

F) «Қара шелек».

G) «Шаншар молда».

H) «Колхоз қорасында».


27. М.Әуезовтің мақалаларын табыңыз:

A) «Еңлік-Кебек».

B) «Қарагөз».

C) «Барымта».

D) «Оқу әдісі».

E) «Ғылым тілі».

F) «Адамшылық негізі – әйел».

G) «Жетім».

H) «Көксерек».


28. М.Әуезовтің пьесаларын табыңыз:

A) «Шернияз».

B) «Абай».

C) «Жетім».

D) «Тартыс».

E) «Түнгі сарын».

F) «Қорғансыздың күні».

G) «Абай жолы».

H) «Көксерек».


29. О.Сүлейменовтің өлең(-дер)ін табыңыз

A) «Көгілдір таулар»

B) «Арғымақ»

C) «Аз и Я»

D) «Күнге бет алған керуен»

E) «Қыз қуу»

F) «Махамбетке»

G) «Отырардан жеткен сый»

H) «Оюлар»


30. О.Бөкейдің туындыларын анықтаңыз:

A) «Сайтан көпір».

B) «Күй дастан».

C) «Құрманғазы».

D) «Әке сыры».

E) «Біздің ауылдың қызы».

F) «Тортай мінер ақ боз ат».

G) «Қар қызы».

H) «Үлкен жолдың үстінде».


31. Алдар көсе туралы аңызда: - Естіген жалған болар, көрген шындық,- деп айтатын кейіпкерді табыңыз.

A) Көршісі

B) Бізбикеш

C) Саудагер

D) Шығайбай

E) Шайтан

F) Бәйбіше

G) Алдар


H) Кемпір

32. Бұқар жыраудың шығармасын табыңыз.

A) "Мұнар күн"

B) "Жиырма деген жасыңыз"

C) "Күмбір, күмбір кісінетіп"

D) "Асқар таудың өлгені"

E) "Алаң да алаң, алаң жұрт"

F) "Керей, қайда барасың?"

G) "Есті көрсең, кем деме"

H) "Шағырмақ бұлт жай тастар"


33. Абайдың өлең(-дер)ін көрсетіңіз.

A) "Жазғытұры"

B) "Адамның кейбір кездері"

C) "Жауқашарға"

D) "Әкеме"

E) "Өзен"

F) "Сегіз аяқ"

G) "Өнер-білім бар жұрттар"

H) "Арғымаққа оқ тиді"


34. «Қартқожа» романының кейіпкерлерін анықтаңыз

A) Жұман.

B) Дәрмен.

C) Ұрқия.

D) Төлеген.

E) Жылтыр.

F) Мамырбай.

G) Тұңғышбай.

H) Балташ.


35. Ж.Жабаев өлеңдерін анықтаңыз:

A) «Елім-ай».

B) «Алашқа».

C) «Зілді бұйрық».

D) «Шағым».

E) «Жастарға».

F) «Шәкірт».

G) «Терме».

H) «Патша әмірі тарылды».


36. Қ.Мырза Әли шетел жазушыларынан кімдердің шығармаларын аударғанын көрсетіңіз:

A) В.Гюго.

B) Байрон.

C) Ч.Буковски.

D) Ф.Ницше.

E) А.Чехов.

F) У.Шекспир.

G) Ж.Руми.

H) У.Уитмен.


37. Ш.Уәлиханов 1857 жылы кімнің ұсынысымен орыс географиялық қоғамының толық мүшесі болғанын белгілеңіз.

A) И.И.Захаров.

B) А.Н.Бекетов.

C) Г.Н.Потанин.

D) С.Ф.Дуров.

E) Н.Курочкин.

F) И.Н.Березин.

G) Ф.М.Достоевский.

H) Семенов-Тян-Шанский.


38. Әуезов аудармаларын анықтаңыз

A) «Еңлік – Кебек».

B) «Қаракөз».

C) «Көксерек».

D) «Жетім».

E) «Ақсүйектер».

F) «Айман – Шолпан».

G) «Отелло».

H) «Асауға тұсау».


39. Үзіндіні ұйқас, шумақ, тармақ түрлеріне ажыратыңыз:

... Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ,

Наданның көзін жойып, көңілін ашпақ.

Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер,

Думан-сауық ойда жоқ, әуел баста-ақ.

A) Үш шумақ.

B) Қара өлең ұйқасы.

C) Егіз ұйқас.

D) Екі шумақ.

E) Бір шумақ.

F) Бір тармақ.

G) Төрт тармақ.

H) Шұбыртпалы ұйқас.


40. «Сұлушаш» поэмасындағы Сұлушаш бейнесі лиро-эпостық жырлардағы қай кейіпкерлердің жалғасы іспеттес екенін анықтаңыз:

A) Хадишаның.

B) Күнекейдің.

C) Гүлбаршынның.

D) Құртқаның.

E) Баянның.

F) Назымның.

G) Ақбаланың.



H) Ақжүністің.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет