Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!
Мағжанның қандай өлеңінен алынған үзінді екенін анықтаңыз.
A) «Туған тілім».
B) «Қазақ тілі».
C) «Нұрлы тілім».
D) «Бабам тілі».
E) «Анам тілі».
19. Жамбыл Жабаевтың сатиралық өлеңін табыңыз.
A) «Сараң бай мен жомарт кедей».
B) «Менің пірім – Сүйінбай».
C) «Мәңке туралы».
D) «Әкеме».
E) «Кәдірбайдың төбеті».
|
20. І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының тарихи романдарын көрсетіңіз.
A) «Айқас», «Алмас қылыш», «Жанталас».
B) «Қаһар», «Алмас қылыш», «Жанталас».
C) «Қаһар», «Алмас қылыш», «Алтын құс».
D) «Айқас», «Алтын құс», «Жанталас».
E) «Қаһар», «Аманат», «Жанталас».
|
21. Баубек Бұлқышевтың туған жылын табыңыз.
A) 1918 ж.
B) 1930 ж.
C) 1894 ж.
D) 1923 ж.
E) 1916 ж.
|
22. «Халық театрының анық, дәл ұрығы бар», - деген бағаны айтыстың қай түріне және кімнің бергенін табыңыз.
A) М.Әуезов, жұмбақ айтысқа.
B) С.Мұқанов, бәдік айтысына.
C) М.Әуезов, ақындар айтысына.
D) З.Қабдолов, ақындар айтысына.
E) С.Мұқанов, ақындар айтысына.
|
23. «Абайдан кейін Мағжанды сүйемін... Мағжан – культурасы зор ақын», - деген пікірдің авторын көрсетіңіз.
A) М. Әуезов.
B) М.Дулатов.
C) С.Сейфуллин.
D) А.Байтұрсынов.
E) Ж.Аймауытов.
|
24. Осыны іштей түйіп келгенде, алпысты алқымдап қалған Есеней ежелгі досы Артықбай батырдың үйіне келіп түседі. Үзіндінің қай шығармадан алынғанын анықтаңыз.
A) «Ақлима».
B) «Ашынған ана».
C) «Ер ана».
D) «Ананың арашасы».
E) «Ұлпан».
|
25. Сөздерді тура мағынасында емес, ойды перделеп танытуды көрсетіңіз.
A) Композиция.
B) Фигура.
C) Образ.
D) Троп.
E) Синонимия.
|
Нұсқау: «Сізге бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тапсырмалар беріледі. Таңдаған жауапты жауап парағындағы берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет».
26. Орхон ескерткіштеріндегі жазулардың негізгі ойы мен мұратын анықтаңыз.
A) ел билеушілерге наразылық
B) көсемдерге қарсы көтеріліске шақыру
C) ел тәуелсіздігін аңсау
D) оқу-білімге үндеу
E) жақсылық пен жамандықты салыстыру
F) махаббатты жырлау
G) елге қорған болған батырлар мен көсемдерді дәріптеу
H) әділетсіздікке қарсы шығу
|
27. Үйлену салтына байланысты туған өлең-жырларды анықтаңыз
A) Тұсаукесер жыры
B) Тойбастар
C) Қоштасу
D) Жар-жар
E) Бесік жыры
F) Беташар
G) Наурыз жыры
H) Жоқтау
|
28. Қиял-ғажайып ертегілерді белгілеңіз
A) "Керқұла атты Кендебай"
B) "Айлалы тазша"
C) "Аяз би"
D) "Аю, түлкі және қойшы"
E) "Күн астындағы Күнікей қыз"
F) "Ұр тоқпақ"
G) "Боз інген"
H) "Ер Төстік"
|
29. Талай жорықтарға қатысқан жауынгер жырауларды белгілеңіз.
A) Доспамбет
B) Шернияз
C) Шоқан
D) Біржан
E) Шалкиіз
F) Ақтамберді
G) Ақан
H) Ыбырай
|
30. Махамбет ақынның өлеңін табыңыз.
A) "Қызғыш құс"
B) "Бірінші тілек тілеңіз"
C) "Ереуіл атқа ер салмай"
D) "Жанбота"
E) "Жазғытұры"
F) "Керей қайда барасың"
G) "Ғылым таппай, мақтанба"
H) "Исатай деген ағам бар"
|
31. Ш.Құдайбердіұлының поэмаларын табыңыз:
A) «Батыр Баян».
B) «Керей».
C) «Бұл ән».
D) «Қалқаман – Мамыр».
E) «Еңлік – Кебек».
F) «Ақбілек».
G) «Ескендір».
H) «Ләйлі – Мәжнүн».
|
32. Ж.Аймауытовтың романдарын анықтаңыз:
A) «Қартқожа».
B) «Қанапия – Шарбану».
C) «Күнекейдің жазығы».
D) «Комплекспен оқыту жолдары».
E) «Ақбілек».
F) «Психология».
G) «Нұр күйі».
H) «Тау еліндегі оқиға».
|
33. О.Сүлейменовтің өлеңдерін табыңыз:
A) «Отырардан жеткен сый».
B) «Арғымақ».
C) «Көгілдір таулар».
D) «Қыз қуу».
E) «Аз и Я».
F) «Күнге бет алған керуен».
G) «Оюлар».
H) «Махамбетке».
|
34. Орта ғасырлық ойшылдарды белгілеңіз.
A) Әбунасыр әл-Фараби
B) Ыбырай Алтынсарин
C) Абай Құнанбаев
D) Ахмет Иасауи
E) Шоқан Уәлиханов
F) Шәкәрім Құдайбердіұлы
G) Ахмет Иүгінеки
H) Махамбет Өтемісұлы
|
35. Доспамбет жыраудың өлеңін табыңыз.
A) "Азаулының Ыстамбұлдан несі кем?"
B) “Көлде жүрген қоңыр қаз”.
C) “Шағырмақ бұлт жай тастар”
D) “Мұнар күн”.
E) “Күн қайда”.
F) “Бұл заманда не ғаріп?”
G) "Алаң да алаң, алаң жұрт"
H) "Ер Доспамбет"
|
36. Ақан сері туралы еңбек жазған қаламгерді көрсетіңіз.
A) І.Есенберлин
B) М.Мағауин
C) Мағжан Жұмабаев
D) Абай Құнанбаев
E) Олжас Сүлейменов
F) Ілияс Жансүгіров
G) Мұхтар Әуезов
H) С.Жүнісов
|
37. «Қартқожа» романының кейіпкерлерін анықтаңыз
A) Тұңғышбай.
B) Дәрмен.
C) Жұман.
D) Төлеген.
E) Жылтыр.
F) Балташ.
G) Ұрқия.
H) Мамырбай.
|
38. Үзіндідегі кездесетін сөз айшықтарын табыңыз:
|