Қазақ әдебиеті Оқу-әдістемелік құралы


ІІІ. ХІХғ. әдебиетіне арналған тапсырмалар



бет2/8
Дата13.09.2023
өлшемі1,02 Mb.
#180938
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
treatise88624

ІІІ. ХІХғ. әдебиетіне арналған тапсырмалар:
І.Әдебиет өкілдерінің туған жылдарын анықтаңыз:

1.Дулат Бабатайұлы

А.1807-1867

2. Махамбет Өтемісұлы

Ә.1815-1898

3.Шернияз Жарылғасұлы

Б.1818-1881

4.Сүйінбай Аронұлы

В.1802-1871

5.Шортанбай Қанайұлы

С.1834--1897

6. Мұрат Мөңкеұлы

Д.1804-1846

7.Біржан сал Қожағұлұлы

Е.1835-1929

8.Жаяу Мұса Байжанұлы

Ж.1843-1913

9. Ақан сері Қорамсаұлы

З.1843-1906

1-В,2-Д,3-А,4-Ә,5-Б,6-З,7-С,8-Е,9-Ж.
ІІ. Әдебиет өкілдерінің туған жылдарын анықтаңыз:

1. Абай Құнанбаев

А. 1858-1931

2. Ыбырай Алтынсарин

Ә.1867-1922

3. Шоқан Уәлиханұлы

Б.1845-1904

4.Шәкәрім Құдайбердіұлы

В.1884-1976

5. Мәшһүр Жүсіп Көпеев

С.1853-1907

6. Әсет Найманбаев

Д.1841-1889

7. Кенен Әзірбаев

Е.1859-1919

8.Сара Тастанбекқызы

Ж.1859-1918

9. Нұржан Наушабаев

З.1835-1865

10. Нарманбет Орманбетұлы

К.1858-1931

1-Б,2-Д,3-З,4-К,5-А,6-Ә,7-В,8-С,9-Е,10-Ж
3. Үзінділер қай автордың шығармасынан алынған?

1.Дулат Бабатайұлы

А. «Па, шіркін, Исатайдай сабаз тумас», «Ай, жігіттер», «Сөз сөйлеймін бөлмелеп»,т.б.

2. Махамбет Өтемісұлы

Ә. «Акжайлау мен Сандықтас», «Т егімді менен сұрасаң», «Кеңесбайға», т.б.

3.Шернияз Жарылғасұлы

Б. «Атамыз Адам пайғамбар», «Зар заман», «Опасыз жалған», т.б.

4.Сүйінбай Аронұлы

В. «Арғымақ сыйлап не керек!, «Әттең,қапы дүние-ай», «Қазтуған»,т.б.

5.Шортанбай Қанайұлы

С. «Мұнар күн», «Атадан туған ардақты ер», «Арғымақтың баласы».

6. Мұрат Мөңкеұлы

Д. «Бөрлі менің байрағым», «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері»

1-Ә, 2- С, 3-А, 4-Д, 5-Б, 6-В.

Бақылау сұрақтары:
1. «Әдебиет» сөзі қай халықтың сөзі?
2. Халық ауыз әдебиеті түрлерін атаңыз
3. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының кейіпкерлерін атаңыз
4. Батырлар жырының басқа жырлардан ерекшелігі неде?
5. Айтыстың түрлерін атаңыз
6. «Қол бастау қиын емес–.Шаршы топта сөз бастау қиын»,– деген кімнің сөзі?
7. «Әмірің қатты Есім хан» толғауының авторы
8.Ежелгі дәуір әдебиеті кезеңі қай дәуірлерді қамтиды?
9.Орхон-Енесей жырлары қай ғасырға тән?
10. Х-ХІІғ. өкілдерін атаңыз
11.ХҮ-ХҮІІІғ. әдебиеті қалай аталады?
12. Дулат Бабатайұлының өмір сүрген кезеңін және өлеңдерін атап беріңіз
13. «Зар заман» ақындары кімдер?
14.Ресей патшалығына халқымыз қай жылдан бастап бағынды?
15. ХІХ ғ. әдебиеттің бағыттарын атаңыз, олардың өкілдері кімдер болды?
16.Сал-серілер әдебиеті өкілдерін атаңыз
17. «Қара қазан, сары бала қамы үшін...» деп атой салған кімдер?
18.Ы.Алтынсариннің өмір сүрген уақытын және оның әңгімелерін атаңыз.
19.Абай мұраларын зерттеушілер кімдер?
20. «Күн–күйеу, жер–қалыңдық сағынысты» деген өлең жолдардағы көркемдік тәсілді атаңыз .


Қазақ әдебиетінен өткен тақырыптарға арналған тест нұсқалары:
1. «Ер Төстік» ертегісіндегі басты кейіпкердің, яғни әкесінің атын табыңыз.
A) Қарабай.
B) Ерназар.
C) Құлтай.
D) Байсары.
E) Байбөрі.
2. Қыздар тобы, жігіттер тобы болып екіге бөлініп айтылатын өлең тұрмыс-салт жырының қай түрі екенін табыңыз.
A) Естірту.
B) Жар-жар.
C) Беташар.
D) Сыңсу.
E) Тойбастар.
3. Әйел теңдігі мәселесін көтерген айтысты табыңыз.
A) Шөже-Балта.
B) Омарқұл-Тәбия.
C) Біржан-Сара.
D) Әсет-Рысжан.
E) Нұржан-Сапарғали.
4. Махамбеттің ағасын атаңыз.
A) Өтеміс.
B) Қарауылқожа.
C) Баймағамбет.
D) Бимағанбет.
E) Бекмағамбет.
5. Ақжігіт деген есімнің кімге қойылғанын табыңыз.
A) Ақан сері.
B) Жаяу Мұса.
C) Үкілі Ыбырай.
D) Балуан Шолақ.
E) С.Сейфуллин.
6. ’’Күлтегін’’, ’’Тоныкөк’’ дастандары қай ғасырдың туындысы екенін анықтаңыз.
A) XІ-XІІІ ғ.ғ.
B) ІІІ-ІV ғ.ғ.
C) ІV-V ғ.ғ.
D) VІ-VІІІ ғ.ғ.
E) ІX-XІІ ғ.ғ.
7. Қазақ халқының ауыз әдебиетін зерттеген қай батыр жазушы екенін белгілеңіз.
A) Талғат Бигелдинов.
B) Бауыржан Момышұлы.
C) Мәлік Ғабдуллин.
D) Қасым Қайсенов.
E) Рахымжан Қошқарбаев.
8. ’’Шағырмақ бұлт жай тастар’’ қай жыраудың шығармасы екенін анықтаңыз.
A) Жиембет.
B) Қазтуған.
C) Шалкиіз.
D) Доспамбет.
E) Асан қайғы.
9. Дулат Бабатайұлының шығармасын табыңыз.
A) “Тілек”
B) “Мінкен ер”
C) “Нарын”
D) “Аягөз”
E) “Бұл заманда не ғаріп”
10. Шоқанның әдебиетші ғалым екендігін танытатын туындысын табыңыз.
A) ’’Манас’’.
B) ’’Достоевскийге хат’’.
C) ’’Майковқа хат’’.
D) ’’Сібір қарамағындағы қазақтардың сот реформасы’’.
E) ’’Жоңғария очерктері’’
11. Төмендегі мысалдан метафораны табыңыз.
A) Көкорай шалғын, ағын су.
B) Алыстағы сорлы анамды сағындым.
C) Жел – тым тентек бір бала.
D) Жоғарғы ерні көк тіреп.
E) Қызғалдақтай қызық өмір.

12. ’’Диуани лұғат ат-түрік’’ еңбегі қай халықтың мұрасына жататынын анықтаңыз.


A) Өзбек халқының мұрасы.
B) Қарақалпақ халықтың мұрасы.
C) Қазақ халықтың мұрасы.
D) Түркі халықтарына ортақ мұра.
E) Қырғыз халқының мұрасы.
13. Қазтуғанның жырын табыңыз.
A) “Мұнар түн”.
B) “Айналайын, Ақ Жайық”.
C) “Еділ”.
D) “Бұл заманда не ғаріп?”
E) “Бөгембай өліміне”.
14. Ел бастау қиын емес,
Қонатын жерден көл табылады,
Қол бастау қиын емес,
Шабатын жерден ел табылады.
Шаршы топта сөз бастау қиын … - деген шумақ кімдікі екендігін табыңыз.
A) Асан қайғы.
B) Төле би.
C) Бұқар жырау.
D) Қазыбек би.
E) Сырым.
15. Шернияз:
Ар жақта Арынғазы дүмбірлеген,
Байеке, елің бар ма бүлдірмеген? – деп кімге айтқандығын анықтаңыз.
A) Баймағамбетке.
B) Жәңгірге.
C) Жәнібекке.
D) Қарауылқожаға.
E) Арынғазыға.
16. Самаурын мен шайдың өзін қазақтың дәстүрлі салтын бұзатын жағымсыз құбылыс көрген ақындарды табыңыз.
A) Демократтық бағыттағы ақындар.
B) Романтик ақындар.
C) Ондайлар болған емес.
D) Абай дәстүрін жалғастырушылар.
E) Зар заман ақындары.
17. Қиял-ғажайып ертегісін табыңыз.
A) «Aйлалы тазша»
B) «Хан мен уәзір»
C) «Aю, түлкі және қойшы»
D) «Aяз би»
E) «Күн астындағы Күнікей қыз»
18. Үзінді авторын белгілеңіз.
Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең.
A) Aқан сері.
B) Ы.Aлтынсарин.
C) A.Байтұрсынов.
D) М.Дулатов
E) A.Құнанбаев.
19. Сөз өнері жөнінде айтылған төмендегі үзіндінің авторын белгілеңіз.
Білімдіден шыққан сөз
Талаптыға болсын кез.
Нұрын, сырын көруге
Көкірегінде болсын көз.
A) А.Байтұрсынов.
B) С.Торайғыров.
C) М. Жұмабаев.
D) С. Сейфуллин.
E) А. Құнанбаев.
20. Ғылымға берілудің, ғалым болудың жолдары айтылған Абайдың өлеңін табыңыз.
A) «Өнер-білім бар жұрттар».
B) «Қазақ қалпы».
C) «Шәкірт ойы».
D) «Кел, балалар, оқылық».
E) «Ғылым таппай мақтанба».
21. Махамбет:
Атадан туған аруақты ер
Жауды көрсе жапырар,
Үдей соққан дауылдай, – деген өлең шумағында қандай мәселені айтатынын табыңыз.
A) Ерлік.
B) Кек алу.
C) Ақыл-өнеге.
D) Өлім мен өмір.
E) Адамгершілік.
22. Ақын Шернияздың әкесінің атын табыңыз.
A) Жарылғас.
B) Баймағанбет.
C) Орынбай.
D) Қанай.
E) Жайнақ.
23. Ы.Алтынсариннің халық аңызына жаңаша мазмұн берген әңгімесін белгілеңіз.
A) «Бай баласы мен жарлы баласы».
B) «Атымтай Жомарт».
C) «Қыпшақ Сейітқұл».
D) «Талаптың пайдасы».
E) «Бақша ағаштары».
24. ... Атса мылтық өтпеді,
Шапса қылыш кеспеді,
Суға салса батпады... Қай батырды айтып отырғанын табыңыз.
A) Қамбар.
B) Қобыланды.
C) Ер Тарғын.
D) Орақ,
E) Алпамыс.
25. "Сен алтынсың, мен пұлмын, Сен жібексің, мен жүнмін" деген өлең жолдарын Шалкиіз жырау кімге арнап айтқанын белгілеңіз.
A) Ханға.
B) Батырға.
C) Би Темірге.
D) Жолдасына.
E) Мұса биге.
26. Дулат ақынның шығармасын табыңыз.
A) “Ағынды сулар, аймақ көл”
B) “Ақжайлау мен Сандықтас”
C) “Балаларыма өсиет”
D) “Аспандағы боз торғай”
E) “Арқаның құба жанында”
27. ...Орта Азияның ел билеушілері қазір бұрынғы ата-бабалары сияқты өлең-жырлар, мемуарлар жазбайды, астрономия кестесін жасамайды, оның орнына... сүзіске үйретілген екі қошқардың сүзіскенін тамашалайды...
Бұл жолдар алынған Шоқан шығармасын белгілеңіз.
A) ²Сот реформасы туралы².
B) ²Ф.М. Достоевскийге жазған хаты².
C) ²Жоңғария очерктері².
D) ²А.Н.Майковқа жазған хаты².
E) ²Өлі мен тірінің достығы туралы ертегі².
28. Ақан серінің өзін-өзі жұбату ретінде айтқан Құлагердің артын басар тұлпардың атын белгілеңіз.
A) Кер төбел.
B) Ақ жорға.
C) Кербесті.
D) Керкөжек.
E) Көктұйғын.
29.Ирония дегеніміз:
A) Кейіпкердің мінезін, дүниеге көзқарасын суреттеу.
B) Шығарма кейіпкерлерінің өзара кезектесе сөйлесуі.
C) Көркем шығармада өмірдің жағымсыз жақтары мен құбылысын күлкі ете, мысқылдай суреттеу.
D) Сөздерді қарама-қарсы мағынада, кекесін мағынасында қолдану.
E) Әдеби шығарманың оқиғасын желілі түрде көркемдеп әңгімелеу.
30. А.Яссауидің «Диуани хикмат» кітабының қазақша атауын табыңыз.
A) Құтты білік.
B) Сөздік кітабы.
C) Даналық кітабы.
D) Ақырзаман кітабы.
E) Ақиқат сыйы.
31. Сайф Сараидың «Гүлстан бит-туркі» неше тараудан тұратынын белгілеңіз.
A) Алты.
B) Жиырма.
C) Сегіз.
D) Он.
E) Он екі.
32. Қазтуған жыраудың шыққан тегін анықтаңыз.
A) Қара.
B) Шонжар.
C) Хан.
D) Дана.
E) Кедей.
33. Бұқар жыраудың «Мен-өгіз терісі талыспын» деген өлең жолындағы «талыс» сөзінің мәнін ашыңыз.
A) Қамшының бір түрі.
B) Қымыз құятын тері ыдыс.
C) Аяқ киім тігетін мықты жіп.
D) Шеберлік аспаптарын салатын сірі-көн ыдыс.
E) Қоржын.
34.Абайдың өнер-білім тақырыбындағы өлеңін белгілеңіз.
A) «Қыс».
B) «Ал, сенейін, сенейін».
C) «Көзімнің қарасы».
D) «Бойы бұлғаң».
E) «Интернатта оқып ж‰р».
35. ’’Шөк!’’ деп қандай малға айтылатынын анықтаңыз.
A) Қойға.
B) Жылқыға.
C) Сиырға.
D) Түйеге.
E) Ешкіге.
36. «Кемітер қай жеріңді дұшпан шіркін,
Адамзат озар емес өз басыңнан», - деген сөздерді қай айтыс ақыны кімге арнап айтқанын табыңыз.
A) Әсет Рысжанға.
B) Әжек Шәріпжамалға.
C) Омарқұл Тәбияға.
D) Мұрат Жантөліге.
E) Біржан Сараға.
37. ’’Ор, ор қоян, ор қоян...’’ қай жыраудың шығармасы екенін анықтаңыз.
A) Қазтуған.
B) Шалкиіз.
C) Үмбетей.
D) Доспамбет.
E) Ақтамберді.
38. Махамбет өлеңін көрсетіңіз.
A) ’’Жазғытұрым’’.
B) ’’Өзен’’.
C) ’’Соғыс’’.
D) ’’Кел, балалар, оқылық’’.
E) ’’Дүтбайға’’.
39. Атасы Балқожа бидің немересі Ыбырайға арнап жазған өлеңінің аты қалай аталатынын көрсетіңіз.
A) Жазған жоқ.
B) ’’Бес нәрседен қашық бол’’.
C) ’’Арман’’.
D) ’’Үміт еткен көзімнің нұры, балам’’.
E) ’’Сегіз аяқ’’.
40. Мыстан кемпір қатысатын эпостық жырды белгілеңіз.
A) «Ер Тарғын».
B) «Қамбар батыр».
C) «Қыз Жібек».
D) «Алпамыс батыр».
E) «Қобыланды батыр».
41. "Мен кескекті ердің сойымын,
Кескілеспей басылман", - деген жолдар Махамбеттің қай өлеңінен алынғанын анықтаңыз.
A) "Баймағамбет сұлтанға айтқаны".
B) "Мұнар күн".
C) "Ұлы арман".
D) "Тарланым".
E) "Махамбеттің Жәңгір ханға айтқаны".
42. Сағынам, ауызға алсам Исатайды,
Ер тумас ел жағынан ондай жайлы, - деп жырлаған ақынды атаңыз.
A) Шалкиіз.
B) Жанұзақ.
C) Байтоқ.
D) Махамбет.
E) Шернияз.
43. "Шоқан жалпы жолдастарына, соның ішінде маған, ол еріксіз, "Европаға ашқан терезе" сықылды болды", - деген сөздің авторын табыңыз.
A) И. Березин.
B) С. Дуров.
C) Ф. Достоевский.
D) Н. Костылецкий.
E) Г. Потанин.
44. Ш.Құдайбердиевтің қай поэмасында Нысан абыз бейнесі кездеседі?
A) ’’Қалқаман - Мамыр’’.
B) ’’Нартайлақ - Айсұлу’’.
C) ’’Ләйлі - Мәжнүн’’.
D) ’’Медғат - Қасым’’.
E) ’’Еңлік - Кебек’’.
45. Төмендегі шумақтың өлең құрылысындағы дауыссыз дыбыстардың қайталануы қандай құбылысқа жататынын анықтаңыз.
Күдеріден бау тағып,
Кіреуке киер күн қайда,
Күмбір, күмбір кісінетіп,
Күреңді мінер күн қайда?...
A) Аллитерация.
B) Гипербола.
C) Антитеза.
D) Литота.
E) Ассонанс.
46. Бұдырайған екі шекелі
Мұздай үлкен көбелі - үзінді қай өлеңнен алынғанын анықтаңыз.
A) Еділ.
B) Алаң да алаң...
C) Әрайна, билер...
D) Белгілі биік көк сеңгір.
E) Мадақ.
47. ’’Арғымаққа оқ тиді,
Қыл майқанның..,
Аймадетке оқ тиді,
Отыз екі омыртқаның буынынан’’,- өлеңінің тармақтағы жалғасын табыңыз.
A) Жанынан.
B) Түбінен.
C) Алдынан.
D) Артынан.
E) Тұсынан.
48. "Зар заман" өкілдері кімдер екенін анықтаңыз.
A) Шортанбай, Дулат, Мұрат.
B) Ыбырай, Абай, Шоқан.
C) Сұлтанмахмұт, Міржақып, Мағжан.
D) Сәкен, Ілияс, Бейімбет.
E) Қалижан, Ғафу, Мұқағали.
49. Ызалы жүрек, долы қол,
Улы сия, ащы тіл.
Абай өлеңінің осы жолдарында қандай көркемдегіш құрал жасағанын табыңыз.
A) Метафора.
B) Эпитет.
C) Метонимия.
D) Теңеу.
E) Аллегория.
50. Ы. Алтынсариннің өлеңін табыңыз.
A) «Кім жазықты?».
B) «Кел, балалар, оқылық».
C) «Шәкірт ойы».
D) «Интернатта оқып жүр».
E) «Жасымда ғылым бар деп ескермедім».
51. Абай Қ±нанбай±лыныњ Крыловтан аударѓан мысалын белгілеңіз.
A) «Жартас».
B) «К‰з».
C) «Қыс».
D) «Жаз».
E) «Шегіртке мен қ±мырсқа».
52. Беташардың қандай жыр екендігін көрсетіңіз.
A) Қызды ұзату кезінде айтылатын өлең
B) Қыздың басына сәукеле кигізу жыры.
C) Жас келіншекті елмен таныстырып, тәрбие беру жыры.
D) Той бастар жыры.
E) Тойдағы көңіл көтеру жыры.
53. ’’Қарлығаш әулие’’, ’’Қарлығаш би’’ атанған кім екенін анықтаңыз.
A) Бөлтірік.
B) Қазыбек.
C) Бәйдібек.
D) Төле.
E) Әйтеке.
54. Таза мінсіз асыл тас,
’’Су түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл сөз,
Ой түбінде жатады’’
Үзінді кімдікі екенін белгілеңіз.
A) Шалкиіз.
B) Асан қайғы.
C) Қазтуған.
D) Доспамбет.
E) Ақтамберді.
55. «Еділдің бойы ен тоғай-
Ел қондырсам деп едім.
Жағалай жатқан сол елге
Мал толтырсам деп едім», - деген жолдарды жазған ақынды табыңыз.
A) Асан қайғы.
B) Махамбет.
C) Абай.
D) Доспамбет.
E) Шәкәрім.
56. Шоқанның шын атын табыңыз.
A) Сәдуақас.
B) Мұхаммедқанафия.
C) Жақып.
D) Ибраһим.
E) Ақжігіт.
57. Сопылық әдебиеттің өкілін белгілеңіз.
A) Қорқыт.
B) А.Яссауи.
C) Әл-Фараби.
D) М.Қашқари.
E) Ж.Баласағұн.
58. ’’Алпамыс батыр’’ жырындағы Гүлбаршынның әкесін табыңыз.
A) Кейқуат.
B) Құлтай.
C) Байбөрі.
D) Байсары.
E) Тортай.
59. ’’Қозы Көрпеш - Баян сұлу’’ жырындағы Қозының әкесінің атын белгілеңіз.
A) Тайлақ.
B) Жарқын.
C) Айбек.
D) Қарабай.
E) Сарыбай.
60. Жиһанкез атанған жырауды табыңыз.
A) Жиембет.
B) Ақтамберді.
C) Махамбет.
D) Шалкиіз.
E) Қазтуған.
61. Баймағамбет сұлтанмен қақтығысқан ақынды табыңыз.
A) Шәңгерей.
B) Алмажан.
C) Шернияз.
D) Бекболат.
E) Мұрат.
62. Шортанбай Қанайұлының шығармаларында кімдердің қатты сынға түскендігін анықтаңыз.
A) аналар .
B) әділетті жандар.
C) хандық дәуірді аңсаған қариялар.
D) жас балалар.
E) орыс патшасы, жандарал, майырлар.
63. ’’Жыланды’’ атты жер аты Ақан серінің қай туындысында кездесетінін белгілеңіз.
A) ’’Достарыма аужар’’.
B) ’’Ұрқияға айтқаны’’.
C) ’’Кәрілік’’.
D) ’’Құлагер’’.
E) ’’Жігіттерге’’.
64. Қамшыны сипаттаған жырауды табыңыз.
Қарағайлы көдік бойында,
Қамшым қалды ойында:
Бүлдіргесі бұлан терісі,
Өрімі құнан білдің қайысы,
Шырмауығы - алтын, сабы - жез...
A) Жиембет.
B) Қазтуған.
C) Үмбетей.
D) Шалкиіз.
E) Доспамбет.
65. XІX ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет өкілі, ұлттық тәуелсіздікті жырлаған ақынды атаңыз.
A) Жиембет.
B) Үмбетей.
C) Бұқар.
D) Шәкәрім.
E) Дулат.
66.Бұлбұлмын, даусы көкте дамылдаған...
Тұлпармын, топтан озған, тосырқаман... (І.Жансүгіров «Әнші»)
Үзіндідегі көркемдегіш құралды табыңыз.
A) Метафора.
B) Теңеу.
C) Метонимия.
D) Аллитерация.
E) Кейіптеу.
67. Ы. Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясына» енген материалдардыњ біразы қайдан алынѓанын табыњыз.
A) Ақан серініњ µлењдерінен.
B) Абайдыњ поэмаларынан.
C) Шоқанныњ ењбектерінен.
D) Лев Толстойдыњ балаларѓа арналѓан кітаптарынан.
E) Абайдыњ қара сµздерінен.
68. Абай Қ±нанбай±лыныњ Лермонтовтан аударѓан аудармасын белгілеңіз.
A) «Альбомнан».
B) «Бойы бұлғаң».
C) «Жазѓытұры».
D) «Көлеңке басын ұзартып».
E) «Өлсем орным қара жер».
69. Ер Төстіктің қалыңдығының атын табыңыз.
A) Гүлбаршын.
B) Назым.
C) Кенжекей.
D) Құртқа.
E) Қаракөзайым.
70. Жоқтау  қандай жыр екенін табыңыз.
A) Лирикалық.
B) Фантастикалық.
C) Романтикалық.
D) Юморлы.
E) Реалистік шығарма.
71. Махамбеттің "Мұнар күн" өлеңі кімге арналғанын табыңыз.
A) Исатайға.
B) Жәңгір ханға.
C) Бекмахамбетке.
D) Зұлхарнайынға.
E) Баймағамбет сұлтанға.
72. Мұхаммедқанафия кімнің шын аты екенін табыңыз.
A) Шәкәрімнің.
B) Сәкеннің.
C) Шоқанның.
D) Бейімбеттің.
E) Абайдың.
73. Ақанның махаббат тақырыбына жазған өлеңін табыңыз.
A) “Жақсы мен жаман”
B) “Асыл мен жасық”
C) “Құлагер”
D) “Ақ көйлек”
E) “Заман адамы”
74. Абайдың «Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ» өлеңінің жазылу түрін анықтаңыз.
A) Диалог түрінде.
B) Монолог түрінде.
C) Суреттеу түрінде.
D) Салыстыру түрінде.
E) Баяндау түрінде.
75. "Құдатғу біліг" дастанының авторын табыңыз.
A) Ахмет Иүгінеки.
B) Құтба.
C) Хорезми.
D) Жүсіп Баласағұн.
E) Махмұт Қашқари.
76. “Алпамыс батыр” жырындағы өнерлі баланы табыңыз.
A) Ұлтан.
B) Қаракөзайым.
C) Кейқуат.
D) Жәдігер.
E) Қарлығаш.
77. ’’Қозы Көрпеш - Баян сұлу’’ жырында Қозы мен Баянға тілеулес боп, көмектесетін жандар кімдер екенін белгілеңіз.
A) Айман, Таңсық , Қарабай, Көсемсары.
B) Ай мен Таңсық , Айбас, Көсемсары.
C) Айбас, Қодар.
D) Көсемсары, Қодар, Қарабай.
E) Ай мен Таңсық, Қарабай.
78. Асан қайғы Базары жақын  байымас, мазары жақын  көбеймес деген сөздерді қазақ жерінің қай аймағына арнағанын белгілеңіз.
A) Атырау, Үстірт.
B) Шымкент, Сайрам.
C) Сарыарқа.
D) Тараз, Мойынқұм.
E) Алматы, Есік.
79. Доспамбет жырау мен Шалкиіз жыраудың аттас шығармасын табыңыз.
A) ’’Шағырмақ бұлт жай тастар’’.
B) ’’Ор, ор қоян, ор қоян’’
C) ’’Жел, жел есер, жел есер’’.
D) ’’Қоғалы көлдер, қом сулар’’.
E) ’’Жауынды күні көп жүрме’’.
80. Шернияз Жарылғасұлы өмір сүрген жылдарды көрсетіңіз.
A) 1706-1778 жж.
B) 1675-1769 жж.
C) 1670-1730 жж.
D) 1817-1881 жж.
E) 1465-1560 жж.
81. Аққан бұлақ сай-салаң,
Шытырман тоғай айналаң,
Жоның жайлау, кең алаң,
Атам қонған кең далам! - деген үзінді Дулаттың қай шығармасынан алынғандығын табыңыз.
A) “Өсиетнама”
B) “Аягөз”
C) “Еспенбет”
D) “Арнау өлеңдер”
E) “Ақжайлау мен Сандықтас”
82. ’’Жатқан жері даладай,
Екі өркеші баладай’’. Көркемдегіш құралдың қайсысы қолданылғанын табыңыз (Үмбетей жырау).
A) Ауыстыру.
B) Ассонанс.
C) Теңеу.
D) Қолданылмаған, жай сөз.
E) Эпитет.
83. «Руна жазуы» деген ұғым қай халықтың сөзі екенін табыңыз.
A) Үнді елінің сөзі.
B) Түрік сөзі.
C) Ағылшын сөзі.
D) Орыс сөзі.
E) Скандинавия халықтарының сөзі.
84. Қазтуған жыраудың өлеңін табыңыз.
A) ’’Арғымаққа оқ тиді’’.
B) ’’Салп-салпыншақ анау үш өзен’’.
C) ’’Бөгембай өліміне’’.
D) ’’Қол-аяғы бұғауда’’.
E) ’’Би Темірге бірінші толғау’’.
85. Асан қайғы, Қазтуған,
Орақ, Мамай, Телағыс-
Шораның шұбап кеткен жер,- деген тармақтар қай шығармадан алынғандығын анықтаңыз.
A) «Алдаушы жалған».
B) «Үш қиян».
C) «Насихат».
D) «Замана».
E) «Бала зар».
86. Шортанбай Қанайұлының өмір сүрген уақыты
А) 1819-1891
В)1818-1881
С)1817-1871
Д)1816-1861
Е)1818-1871
87.Орхон ескерткіштері қай ғасырларға тән
А) ІІІ-Ү ғ.ғ.
В)Ү-ҮІғ.ғ.
С) Ү-ҮІІІ
Д) ҮІІІ-ІХІ
Е) Х-ХІІ
88. Орхон ескерткіштері мен қазақ эпостарының арасындағы үндестік
А) Ел тәуелсіздігі мен батырларды жырлау
В)Дыбыстық үйлесім мен ырғағында
С) Өлең өлшемінде
Д)Жырдың құрылысында
Е)Ұйқастардың тіркесінде
89. «Қаған» сөзінің мағынасы
А) Түрік
В) Хан
С) Ақылды
Д) Ру аты
Е) Мекен
90.Оғыздың анасының аты
А) Ханзада бегім
В) Ай бегім
С) Рабиға сұлтан бегім
Д) Айқаған
Е)Үрім
91. Әл-Фараби еңбегін көрсетіңіз:
А) «Өлең сөздің қағидалары»
В) «Желмая»
С) «Түрік сөздігі»
Д) «Алып ер Тоңға»
Е) «Даналық кітабы»
92. Ахмет Йасауидің ұстазы кім болған?
А) Шайхы Ибрахим
В) Мұхаммед пайғамбар
С) Арыстан баб
Д) Лұқпан хакім
Е) Рағбузи
93.Махамбеттің «Мұнар күн» өлеңі қандай оқиғаға байланысты туған?
А) жау шапқанда
В) тұтқынға түскенде
С) Исатай өлгенде
Д) халық қиналғанда
Е) соғыстан жеңілгенде
94. Абай «Талаптың мініп тұлпарын» өлеңін кімге арнаған?
А) Оспанға
В)Мағауияға
С)Әбдірахманға
Д) Тәкежанға
Е) Дәрменге
95. «Ердің құны болса да, қол қусырып барған соң, аса кеш те қоя бер, бұрынғыны қуыспа!»,– кімнің толғауынан алынған.
А) Қазтуған
В)Доспанбет
С) Шалкиіз
Д)Асан қайғы
Е) Жиембет
96. «Жапанға біткен терекпін. Еңсемнен жел соқса да теңселмен»,– үзінді кімнің толғауынан алынған?
А) Үмбетей
В)Ақтамберді
С)Бұқар
Д)Шалкиіз
Е)Доспанбет
97 «Салп-салпыншақ анау үш өзен,
Салуалы менің тордам қонған жер...»,– толғауы кімнің толғауынан алынған:
А) Қазтуған
В) Асан қайғы
С) Доспанбет
Д) Шалкиіз
Е)Үмбетей
98. Шоқанның орыс достары кім?
А) А.С.Пушкин
В)Е.Н.Михаэлс
С)Л.Н.Толстой
Д) Достаевский
Е)Н.И.Ильминский
99. Ы.Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» оқулығы қай жылы шықты?
А) 1878
В)1877
С)1879
Д) 1876
Е)1873
100. Абайдың поэмасы:
А) «Ләйлі-Мәжнүн»
В) «Еңлік-Кебек»
С) «Ескендір»
Д) «Шаһнама»
Е) «Өсиет»
Жауаптары:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет