«Қазақ әдебиеті» пәнінен қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы 10-сынып



бет3/9
Дата23.12.2022
өлшемі328,57 Kb.
#164068
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
« аза дебиеті» п нінен алыптастырушы ба алау а арнал ан тапсы
19.12 оқушылар 11 поток - Лист1
Оқу мақсаты

10.1.2.1 әдеби шығарманың жанрлық табиғатын тану

Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Шығарманың жанрлық ерекшелігін анықтайды

Қолдану


Тапсырма
А.Құнанбаевтың отыз екінші қара сөзін оқып, жанрлық ерекшелігін анықтаңыз.


Құрылымы Мақсаты Тілдік ерекшелігі




Дескриптор

Білім алушы




  • мәтіннің құрылымдық ерекшелігін анықтайды;

  • мәтіннің жазылу мақсатын идеясымен байланыстыра отырып талдайды;

  • тілдік ерекшелігіне талдау жүргізеді;

  • мәтіннен мысал келтіреді.

Оқу мақсаты

10.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау
мен даралау

Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

Жоғары деңгей дағдылары



Тапсырма
1. А.Құнанбаевтың «Масғұт» поэмасындағы кейіпкерлерге тән ерекшеліктерді анықтаңыз. 2.
Кейіпкерлер/ Ерекшеліктері Өмірлік мақсаттары
Құндылықтары

3. Поэмадағы өмірлік мақсаттары мен құндылықтары бойынша топтастыруға болатын және осы критерийлер бойынша ерекшеленетін кейіпкерлерді анықтап, түсініктеме беріңіз.





Дескриптор

Білім алушы




  • кейіпкерлердің өздеріне тән ерекшеліктерін поэмадан мысалдар келтіре отырып анықтайды;

  • өмірлік мақсаттары бойынша жинақтауға болатын кейіпкерлерді анықтайды;

  • поэмада ерекшеленген кейіпкерді табады;

  • мысалдар келтіре отырып, өз пікірін дәлелдейді.

Оқу мақсаты

10.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді
шығармашылық жұмыстарда қолдану

Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Шығарма үзінділерін шығармашылық жұмыстарда қолданады

Жоғары деңгей дағдылары



Тапсырма
Берілген үзіндіні қолдана отырып, «Мен Масғұт болсам...» тақырыбында қай жемісті таңдайтыныңыз туралы пайымдау мәтінін жазыңыз.
Ағын жесең, ақылың жаннан асар, Сарыны алсаң, дәулетің судай тасар, Егерде қызыл жеміс алып жесең,
Ұрғашыда жан болмас сенен қашар.



Дескриптор

Білім алушы




  • мәтін құрылымын сақтайды;

  • тақырыпқа сай ұстанымын анықтайды;

  • өз ұстанымына түсініктеме береді;

  • үзіндіні орынды қолданады;

  • ойын қорытып жазады.

Оқу мақсаты

10.1.5.1 ұлттық құндылықтардың маңыздылығын
контекстермен үндестіру

Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Ұлттық құндылықтарды контекстермен байланыстырады

Жоғары деңгей дағдылары



Тапсырма
А.Құнанбаевтың «Сегіз аяқ» өлеңінде сынаған мінездерін анықтап, сол арқылы қандай құндылықты дәріптегенін табыңыз.


Сыналған мінез-құлық Дәріптелген құндылық Қазіргі кездегі маңызы




Дескриптор

Білім алушы




  • шығармада сыналған мінез-құлықтарды анықтайды;

  • шығармадан мысал келтіреді;

  • дәріптелген құндылықты анықтайды;

  • қазіргі кездегі мәселелерді шешуде құндылықтың маңызын анықтайды.

Оқу мақсаты 10.2.1.1 әдеби шығарманың композициялық ерекшеліктерін
талдау

Бағалау критерийі


Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма


Білім алушы

  • Әдеби шығарманы композициялық ерекшеліктерін анықтайды

Қолдану


Өлеңді берілген кесте бойынша талдаңыз.


Қалың елім, қазағым, қайран жұртым


Қалың елім, қазағым, қайран жұртым, Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
Жақсы менен жаманды айырмадың, Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың. Бет бергенде шырайың сондай жақсы, Қайдан ғана бұзылды сартша сыртың? Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді, Аузымен орақ орған өңкей қыртың.
Өзімдікі дей алмай өз малыңды, Күндіз күлкің бұзылды, түнде ұйқың. Көрсе қызар келеді байлауы жоқ,
Бір күн тыртың етеді, бір күн — жыртың. Бас-басына би болған өңкей қиқым, Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын?
Өздеріңді түзелер дей алмаймын,
Өз қолыңнан кетпесе, енді өз ырқың. Ағайын жоқ нәрседен етер бұртың, Оның да алған жоқ па құдай құлқын? Бірлік жоқ, береке жоқ, шын пейіл жоқ, Сапырылды байлығың, баққан жылқың. Баста ми, қолда малға талас қылған,
Күш сынасқан күндестік бұзды-ау шырқың. Оңалмай бойда жүрсе осы қыртың,
Әр жерде-ақ жазылмай ма, жаным, тырқың. Қай жеріңнен көңілге қуат қылдық,
Қыр артылмас болған соң, мінсе қырқың? Тиянақсыз, байлаусыз байғұс қылпың, Не түсер құр күлкіден жыртың-жыртың, Ұғындырар кісіге кез келгенде,
Пыш-пыш демей қала ма ол да астыртын?


Шығарма

Стиль

Жанр

Идея

Тілі








































Дескриптор

Білім алушы




  • стилін анықтайды;

  • жанрын анықтайды.

  • идеясын көрсетеді;

  • тілдік ерекшелігін көрсетеді.

Оқу мақсаты 10.2.2.1 автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы
көрінісін анықтау

Бағалау критерийі


Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма


Білім алушы

  • Шығарма оқиғасындағы автор бейнесін анықтайды Жоғары деңгей дағдылары

А.Құнанбаевтың «Лай суға май бітпес қой өткенге» өлеңіндегі риторикалық сұрақтарға талдау жүргізіңіз.



Риторикалық сұрақтар

Автордың көңіл-күйі

Айтқысы келген ойы

Сол қасқырша алақтап түк таппадым,
Көңілдің жайлауынан ел кеткен бе?







Берген бе тәңірім саған
өзге туыс?







Шарықтап шартараптан көңіл сорлы
Таппаған бір тиянақ неткен қуыс?










Дескриптор

Білім алушы




  • риторикалық сұрақтар арқылы автордың көңіл-күйін анықтайды;

  • автордың ойын түсіндіреді.

Оқу мақсаты

10.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдардың орны мен
қызметін талдау

Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

Қолдану


Тапсырма
А.Құнанбаевтың «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңіндегі айшықтауға талдау жүргізіңіз.

  • Автор өлеңді кімге қарата жырлаған? Бұлай жырлауының мәні неде?

  • Өлеңде қолданылған сұраулы сөйлемдердің ерекшелігі неде? Ол арқылы не айтқысы келді?




Дескриптор

Білім алушы




  • жарлай арнау, риторикалық сұрауды анықтайды;

  • көркемдегіш құралдың қолданылуын көтерілген мәселемен, авторлық мақсатпен, негізгі идеямен байланыстырады.

Оқу мақсаты

10.2.4.1 көркем шығармада көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы шығармашылық жұмыс (әңгіме, өлең, әдеби
және еркін тақырыптарға шығарма) жазу

Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Шығармада көтерілген мәселеге сүйеніп, шығармашылық жұмыс жазады

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма
1. Төмендегі сұрақтарға сүйеніп, шығармада көтерілген мәселелерді анықтаңыз.

  1. Он жетінші қара сөзінде қандай мәселе көтеріледі?

  2. Қайраттың сөзін талдаңыз.

  3. Ақылды жақтап көріңіз.

  4. Жүректің маңыздылығын басқа қандай мысалдармен түсіндірер едіңіз?

  5. Үшеуінің айтысын сіздер қалай шешер едіңіздер?




  1. Тақырыптардың бірін таңдап әңгіме жазыңыз.

    1. «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден бөлек»

    2. Жақсылық ағаш басында, Жамандық аяқ астында.



Дескриптор

Білім алушы




  • көтерілген мәселені анықтайды;

  • қайраттың сөзін талдайды;

  • ақылды жақтап сөйлейді;

  • жүректің маңызын түсіндіреді;

  • ұсынысын айтады.

Оқу мақсаты 10.2.5.1 қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ
құндылықтарды анықтау

Бағалау критерийі


Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма


Білім алушы

  • Қазақ және әлем әдебиеттеріне ортақ құндылықтарды анықтайды

Қолдану


  1. А.Құнанбаевтың «Масғұт» поэмасы мен А.С.Пушкиннің «Дубровский» (Ш.Құдайбердіұлы аудармасындағы «Дубровский әңгімесі» поэмасы негізінде http://bilim- all.kz/olen/1431-Dubrovskii-angimesi) шығармасындағы кейіпкерлерді салыстырыңыздар.




Масғұт

Троекуров







Қорытынды:




  1. Авторлардың кейіпкерлер бойындағы ерекше назар аударған қасиеттерін анықтап, талдау жүргізіңіздер.


Дескриптор

Білім алушы




  • кейіпкерлер бойындағы қарама-қайшы мінез-құлықтарды анықтайды;

  • автордың оқырманға насихаттаған құндылықтарын табады;

  • авторлардың құндылықты жеткізу тәсілдеріне талдау жүргізеді;

  • авторлардың кейіпкерлерді суреттеудегі мақсатын шығармаларда көтерілген жаһандық мәселелермен байланыстыра отырып түсіндіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет