«Қазақ әдебиеті» пәнінен қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы 10-сынып



бет4/9
Дата23.12.2022
өлшемі328,57 Kb.
#164068
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
« аза дебиеті» п нінен алыптастырушы ба алау а арнал ан тапсы
19.12 оқушылар 11 поток - Лист1
Оқу мақсаты

10.3.1.1 шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын
анықтап, бағалау

Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Шығарманың көркемдік, тархи құндылығына пікір білдіреді

Жоғары деңгей дағдылары



Тапсырма
А.Құнанбаевтың он жетінші қара сөзі бойынша ашық сұрақтарға жауап беріңіз.

  • Автор өз мақсатына жету үшін қандай тәсілді қолданған?

  • Он жетінші қара сөздің отыз екінші қара сөзден ерекшелігі неде?

  • Бұл ерекшеліктің мәтін идеясын жеткізудегі маңызы қандай?



Дескриптор

Білім алушы




  • автордың қолданған тәсілін сипаттайды;

  • қара сөздің ерекшелігін түсіндіреді;

  • идеяны жеткізудегі маңыздылығын көрсетеді.

Оқу мақсаты

10.3.2.1 көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің
жаңашылдығына баға беру

Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Шығармада көтерілген мәселенің жаңашылдығына баға береді

Жоғары деңгей дағдылары



Тапсырма
«А.Құнанбаевтың «Қалың елім, қазағым» өлеңі – өз заманындағы өзекті тақырыптарды көтере алған туынды» тақырыбында пайымдау мәтінін жазыңыз.




Дескриптор

Білім алушы




  • тұжырымды түсіндіреді;

  • өлеңде көтерілген мәселелерді шығарма жазылған заманмен байланыстыра отырып талдайды, өзектілігіне баға береді;

  • пікірін дәлелдеу мақсатында өлең шумақтарына сай келетін тарихи оқиғаларды мысалға келтіреді;

  • қорытындысында осы мәселелердің бүгінгі заманмен үндестігіне баға береді.

Оқу мақсаты

10.3.3.1 шығарманың идеясын адамгершілік құндылық
тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу

Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Адамгершілік құндылық тұрғысынан шығарманың идеясын анықтап, эссе жазады

Жоғары деңгей дағдылары



Тапсырма
А.Құнанбаевтың «Масғұт» поэмасы арқылы айтқысы келген идеяларын анықтап, олардың адамгершілік құндылықтар тұрғысынан маңызын түсіндіріп эссе жазыңыз.




Дескриптор

Білім алушы




  • автордың айтқысы келген идеяларын анықтайды;

  • шығармадан дәлел келтіреді;

  • негізгі идеяның адамгершілік құндылық тұрғысынан маңызын айқындайды.

Оқу мақсаты

10.3.4.1 ғылыми еңбектерге сүйене отырып әдеби сын жазу .

Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Ғылыми еңбектер негізінде әдеби сын жазады

Жоғары деңгей дағдылары



Тапсырма
Ж.Дәдебаевтың «Абайдың «Сегіз аяғы»: мән мен мағына поэтикасы» (http://abai- inst.kz/?p=1637) және Ә.Нарымбетовтың «Сегіз аяқ» – Абай поэзиясы көркемдігінің шырқау шыңы» (http://abai-inst.kz/?p=1738) сыни мақалаларын мұқият оқып, А.Құнанбаевтың «Сегіз аяқ» өлеңінің ерекшелігі туралы сын жазыңыз.




Дескриптор

Білім алушы




  • дереккөздерді қолданады;

  • автордың мәселені оқырманға жеткізу тәсілдеріне түсіндіреді;

  • шығарманың тілдік ерекшелігін көрсетеді.
    1. ТОҚСАНҒА АРНАЛҒАН ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ

«Қазақтың Қанышы» бөлімі бойынша қалыптастырушы бағалау





Оқу мақсаты

10.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау
жасау арқылы идеялық мазмұнын түсіну

Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

Қолдану


Тапсырма
Роман-эссенің эпиграфы мен «Кенжетай» бөліміндегі лирикалық шегініске талдау жүргізіңіз. Автордың идеясын жеткізудегі маңыздылығына талдаңыз.




Дескриптор

Білім алушы




  • шығарманың композициялық ерекшелігін (эпиграф, лирикалық шегініс) анықтайды;

  • шығарма сюжетін идеямен байланыстырады.




Оқу мақсаты

10.1.2.1 әдеби шығарманың жанрлық табиғатын тану

Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Шығарманың жанрлық ерекшелігін анықтайды Қолдану

Тапсырма
«Қаныш Сәтбаев» шығармасының роман-эссе жанрында жазылғандығын дәлелдейтін 3 аргументтен келтіріңіз.




Дескриптор

Білім алушы




  • романға тән белгілерді анықтайды;

  • эссеге тән белгілерді анықтайды;

  • мысалдармен дәлелдейді.

Оқу мақсаты

10.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау
мен даралау

Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Кейіпкерлердің ерекшеліктері мен типтік образдарды анықтайды

Жоғары деңгей дағдылары



Тапсырма
Роман-эссенің «Кенжетай», «Қашаған құлын қасқырға алғызбайды» бөлімдерінде сипатталған Қаныш образына талдау жүргізіңіз.
Қаныш бойында кездесетін барлық ер Қанышқа ғана тән қасиеттер балаларға тән қасиеттер




Дескриптор

Білім алушы




  • кейіпкер бойындағы жинынтық қасиеттерді анықтайды;

  • кейіпкерге тән қасиеттерді табады;

  • мысал келтіреді.

Оқу мақсаты

10.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді
шығармашылық жұмыстарда қолдану

Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Шығарма үзінділерін шығармашылық жұмыстарда қолданады

Қолдану


Тапсырма
Роман-эссенің «Биге шықты дөңгелеп» бөліміндегі Ертіс өзені мен Павлодар қаласына қатысты берілген ақпараттарды қолдана отырып, сипаттау мәтінін жазыңыз.




Дескриптор

Білім алушы




  • тақырыпқа қатысты үзінділерді бөлімнің экспозициясы ретінде қайта өңдеп жазады;

  • оқиға өтетін жерді сипаттайды;

  • оқиға өтетін жерді кейіпкердің сезімі мен көңіл-күйі тұрғысынан сипаттайды.

Оқу мақсаты 10.1.5.1 шығармадағы ұлттық құндылықтардың
маңыздылығын контекстермен үндестіру

Бағалау критерийі


Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма


Білім алушы

Роман-эссенің «Биге шықты дөңгелеп» бөліміндегі Қаныш бейнесіне тән ұлттық құндылықтарды анықтаңыз. Ұлттық құндылықтардың кейіпкерді тұлға ретінде қалыптастырудағы маңызына талдау жасаңыз.



Қаныш бейнесіне тән ұлттық
құндылықтар

Шығармадан
дәлел

Маңызы

1










2










3











Дескриптор

Білім алушы




  • кейіпкер бойындағы ұлттық құндылықтарды анықтайды;

  • шығармадан мысал келтіреді;

  • құндылықтардың кейіпкерді тұлға ретінде қалыптастыруындағы маңызына пікір білдіреді.

Оқу мақсаты

10.2.1.1 әдеби шығарманың композициялық ерекшеліктерін
талдау

Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Әдеби шығарманы композициялық ерекшеліктерін анықтайды

Қолдану


Тапсырма
М.Сәрсекенің «Қаныш Сәтбаев» романын-эссесінің бөлім атауларына назар аударыңыз, автордың шығарманы осы бөлімдерге бөлу мақсатын анықтаңыз.

Бөлім атаулары Басты оқиғалар Автор мақсаты






Дескриптор

Білім алушы




  • бөлім атауларын көрсетеді;

  • бөлімдердегі басты оқиғаларды көрсетеді;

  • автордың мақсатын өз пікірімен жазады.

Оқу мақсаты

10.2.2.1 автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы
көрінісін анықтау

Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Шығарма оқиғасындағы автор бейнесін анықтайды

Жоғары деңгей дағдылары



Тапсырма
Роман-эссенің «Сәтбаев планетасы» бөліміндегі авторлық баяндауға тоқталып, шығарманы жазудағы мақсатын анықтаңыз.




Дескриптор

Білім алушы




Оқу мақсаты

10.2.4.1 көркем шығармада көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең,
әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет