«Қазақ әдебиеті» пәнінен қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы 10-сынып



бет8/9
Дата23.12.2022
өлшемі328,57 Kb.
#164068
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
« аза дебиеті» п нінен алыптастырушы ба алау а арнал ан тапсы
19.12 оқушылар 11 поток - Лист1
Оқу мақсаты

10.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдардың орны мен
қызметін талдау

Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Көркемдегіш құралдардың қолданылу мақсатын анықтайды

Қолдану


Тапсырма
Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты» драмасынан алынған үзіндіде қолданылған көркемдегіш құралдарды іріктеп жазыңыз.


Балым (қолын созып). Маған бер. Сүт жоқ. Суға талқан шылап берейін, қайтер екен? Жаңа шешесі: «Жеп қояды,» - деді-ау. Сірә, бала дейтін біреулер бар болды ғой.
Мүсірепов. Бейкүнә періштедей нәрестенің не жазығы бар? Нәрестені жегені – ар-ұятты жегені. Нәрестенің бір аты – ар-ұят, оның ар-ұяты таза. Оның бір аты – әділет. Нәрестені жегені – әділетті жегені.
Балым (баланың ерніне талқан жалаттырып). Е-е, бәсе, талмап жатыр. Осыны жесең, өлмейсің, байғұс. (Мүсіреповке бұрылып) Ар-ұят, әділет-пәділет деген бірдеңе айттың-ау, қайным. Бала жегіштер аштар ғана емес. Анау... (Әлдеқайда иегін көтереді) Солар. Бала ғана емес, бүкіл елді тұқым-тұқиянымен жұтып жатқан. Бала жегенді ұстасаң – соттарсың. Ал бүкіл халықты жеп жатқанға не істейсің?! Оларды ұстап соттағанның өзінде – өлген қайтып тірілмейді. Зауалы қалай қайтады сонда?!
Мүсірепов (жауабын таппай қиналып). Сұрапыл сұрақ, жеңеше. Оларға тарих мәңгілік лағнат таңбасын басар.




Дескриптор

Білім алушы




  • үзіндідегі көркемдегіш құралдарды жазады;

  • түрлеріне қарай жіктейді;

  • қолданысына пікір білдіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет