«Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті



бет1/9
Дата05.11.2016
өлшемі1,8 Mb.
#454
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3-деңгейлі СМЖ

құжаты

ПОӘК


ПОӘК 042-18-28.1.23/03-2013





ПОӘК

«Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі»

пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар



______ 2013 жылғы

№ 3 басылым




5 В 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті

5 В 020500 «Филология»

В 012100 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына арналған

«Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі»

ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

СЕМЕЙ


2014

Мазмұны

1 Глоссарий

2 Дәріс сабақтарының мазмұны

3 Тәжірибелік сабақтардың мазмұны



4 Студенттердің өздік жұмысы

ПӘН БОЙЫНША ГЛОССАРИЙ

Методология – зерттеу, әдіс, ілім деген сөздерден алынған термин

Аударма - әдеби шығарманың бір тілден екінші тілге көшіріліп қайта жасалуыбасқа тілде түпнұсқа негізінде жазылған көркем туынды.

Аңдату – (грек тілінен – алғы сөз) - әдеби шығарманың беташары секілді, негізгі уақиғаға тікелей қатынасы жоқ кіріспе бөлігі

Әдебиет теориясы - әдеби шығармашылығының табиғаты мен қоғамдық қызметін зерттейтін және оны талдаудың методологиясы мен методикасын айқындайтын әдебиет жөніндегі ғылымның негізгі салаларының бірі.

Бейнелеу құралдары - әдебиетте көбінесе бұл ұғым сөз қолдану тәсілдері, бейнелі сөздер, мысалы, жалпы түрде құбылту деп аталатын метафора, метонимия, әсірелеу, тұспалдау, астарлау, теңеу, эпитет және стильдік айшықтар, дыбыстық қайталамалар деген мағынада қолданылады.

Дидактикалық әдебиет (грек тілінен үлгілі, өнегелі, ғибратты) ғылыми-танымдық сипатта түзілген көркем шығармалар

Драма (грек тілінен қимыл-әрекет) - сахнаға арналған уақиғаны, оған қатысушы кейіпкерлердің іс-әрекетін, көңіл-күйін көрсету арқылы баяндайтын әдеби шығармалар.

Ерікті өлең – қалыптасқан өлең өлшемін берік сақтамай, тармақтардың ырғағын еркін өрнектейтін өлең түрі

Жыр – қазақ халық поэзиясының жанрлық түрі, түпкі, негізгі мағынасында өлеңмен баяндалатын, жырлап айтатын уақиғалы, көлемді поэзиялық шығарма (батырлық жырлар, эпостық ғашықтық жырлар)

Идея - әдебиет шығармасында өмірдегі жай-жағдайлар, адам тағдыры баяндалғанда, суреттелгенде жазушының сөз болып отырған мәселелерге қатынасы, көзқарасы

Кейіптеу (олицетворение) - әр түрлі табиғат құбылыстарына, жансыз нәрселерді адам кейпіне келтіріп немесе қалайда жан бітіргендей етіп суреттейтін көркемдік тәсіл

Лирика – көркем әдебиеттің негізгі саласының, жанрының бірі, басты ерекшелігі – адамның көңіл-күйін, сезім дүниесін тікелей бейнелеп көрсетеді.

Меңзеу (синекдоха) – аз бен көпті, үлкен мен кішіні ауыстырып, немесе, бүтіннің орнына бөлшекті айту, жекше ұғымның орнына көпше ұғымды алу, алмастыру.

Монография – белгілі бір тақырыпта жазылған, мәселені тереңдеп ашатын ғылыми-зерттеу еңбек

Мысал – айтылатын өнегелі ойды тұспалдап жеткізетін, көбіне өлең түрінде келетін, сюжетті, шағын көлемді көркем шығарма

Новелла – көлемі жағынан әңгімеге теңдес прозалық шығарма, кейде өлеңмен жазылады.

Өмірбаяндық әдіс – жазушының шығармашылығын жеке өмірлік тәжірибесінің көрінісі ретінде қарастырып, оны шығармашылығындағы өзекті мәселе етіп қоятын зерттеу тәсілі

Пейзаж (франц. – ел, жер) - әдеби шығармадағы жаратылыстың, яки табиғаттың әсем көрінісі, көркем бейнесі

Повесть (орыс тілінен баяндау) – оқиғаны баяндап айтуға негізделетін қарасөзбен жазылған, көлемді шығарма, эпикалық жанрдың орташа түрі

Портрет (француз тілінен бейнеленген ) - әдеби кейіпкердің сырт көрінісін, кескін-кейпін, бой-тұлғасын суреттеу

Рецензия (латын тілінен - қарастыру, тексеру)көркем өнер немесе әдебиет сынының жанры, көркем шығарманы талдап, баға беру, пікір қорыту

Роман (орта ғасырларда латын тілінде емес, роман тілдерінде жазылған шығарма осылай аталған) – сюжеттік құрылымы күрделі, көп желілі, кең тынысты, кейіпкер бейнесін ол өмір сүрген уақыт, ол тірлік кешкен орта ауқымында, жан-жақты мүсіндейтін, басқа прозалық жанрларға қарағанда ұзақ уақытты, байтақ кеңістікті қамтитын көлемді эпикалық шығарма

Технология - білімдік ақпараттарды толықтырып, өңдеп, өзгертіп ұсынудың элістері мен құралдарының жиынтығын, қажетті құралдарды оқу үрдісінде тиімді пайдалана отырып, оқушыларға жеткізе білудің тэсілдері туралы ғылым.

Инновация - педагогикалық категория ретінде жаңғырту, жаңарту түсінігін береді. Инновация - жаңаша ойлаудың жолы болғандықтан, оқытудың жаңа мазмүндағы түрі.

Инновациялық әдістеме - инновациялық эдіс-тэсілдер мен дидактикалық қүралдарды қолдану арқылы білім негіздерін меңгертудің сипатын жаңа технологиялармен толтыруға, өзгертуге бағытталған.

Модуль - дидактикалық жетісітіктерге жету үшін алдында мақсаты, өзіндік іс-әрекетінің бағдарламасы, жетекшілік әдістемелік жүйесі бар аяқталған ақпарат блогі.

Модуль - оқу үрдісінің өзгеруіне байланысты үнемі толықтырылып, өзгертіліп, түрлендіріліп отыратын іріленген мазмүнды дидактикалық бірлік. Модульдік оқу - білім мазмүнын әр қырынан жетілдірудің, үйымдастырудың қүралы мен әдісі.

Мәнерлеп оқу дегеніміз - дауыс интонациясы арқылы автордың ойын білдіру,мазмұндық ой екпінін дүрыс қоя білу, ақырында оқығанды түсініп,кейіпкердің көңіл-күйін сезіне оқи білу.

Интонация дегеніміз - сөйлеу сазы. Ол сөйлеудің ритмі мен үнін,дауыстың бірде жоғарылап,бірде төмендеуін білдіреді.Интонация мына элементтерден түрады: өз бен ой екпіні,сөйлеу қарқыны, ритмі(ырғағы), пауза(кідіріс),сазы. Тіркес екпін( фразалық екпін) - сөйлем ішіндегі сөздердің бір-бірімен байланысу тэсілдеріне байланысты қойылатын синтаксистік объектісі. Логикалық екпін - айтылған сөйлемдегі ойдың мазмүн-мағынасына қарай сөйлемдегі бір сөзге мағыналық ,яғни логикалық екпін түседі.Ол басқа сөздерге қарағанда сәл ерекшелеу оқылады.Дауыс сазы арқылы аңғартады.

Эмфазалық екпін-сөз ішінде дауысты дыбысты созып ,созыңқырап оқу арқылы сан алуан көңіл күйін қүбылысын беретін жағдайды айтамыз

1-дәріс.

5-10 сыныптарда әдебиетті оқыту методикасы

Сабақтың жоспары:

1.Сабақ және оның жүйесі.

2.Сабақ жоспарының түрі,әзірлеу үлгісі.

Сабақтың мақсаты:Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің пән ретінде қалыптасуы,даму жолдары. Арнайы бағдарламалардың жасалуы. Жаңару кезеңдері.

Мектеп, колледж, университет – білім беру мекемелерінің ішіндегі үздіксіз оқу процесін жүргізетін мекемелер. Ондағы басты мақсат –оқу процесі. Ол жалпы айтқанда оқушы мен мұғалімнің белгілі бір уақыт ішінде бірлесіп жүргізетін жұмысы. Оқу процесі мектепте бір оқу жылын қамтиды, ол оқу жартыжылдықтары мен оқу тоқсандарына бөлінеді.Оқу процесін ұйымдастыруда оқу материалдарын жоспарлау, оны сабақта қабылдатуға, игертуге жағдай туғызу –басты мәселе болады. Оқу процесін жоспарлауда екі мақсат көзделеді. Бірінщісі – бір қалыпты жұмысты ұйымдастыру; бақылап, саралау, бағыт бағдарын айқындау. Мектептегі оқу процесінде үш жоспар жүзеге асырылады.



  • Күнтізбелік;

  • Тақырыптық;

  • Сабақ жоспары.

Күнтізбелік жоспар – бұл бағдарламадағы тақырыптардың оқу тоқсандарына және апталарға жіктелуі. Оқытушы осы жоспар арқылы пәнді жүргізуге бағдар жасап, әрбір сыныпқа байланысты оқу мақсатын бірқалыпты, жүйелі жүзеге асырады. Күнтізбелік жоспар жасауда әр сыныптағы апталық сағат саны, сол жылдағы күнтізбенің ерекшелігі (мереке күндері, демалвстар) ескерілу керек.

Тақырптық жоспар бұл бағдарламадағы әрбір тақырыпқа белгілі мөлшерде берілген сағатты тақырыптың күрделі немесе жеңілдігіне қарай бөлу. Бұл жоспар тақырыпты ретімен, мақсатты түрде өтуге көмектеседі.

Сабақ жоспары бұл әрбір сабаққа күнделікті жасалатын жоспар түрі. Ол мұғалімнің сабақты жоспарлы, ұйымдасқан түрде өтуіне бағдар береді. Ал, колледж және университеттерде жұмыстық оқу жоспары жасалады. Ондағы тақырыптар дәріс, машықтандыру, зертханалық, арнайы курстар мен семинарларда өтіледі.

Сабақ – белгілі бір сынып оқушыларын, топ студенттерін белгіленген бағдарлама бойынша оқытудың негізгі формасы. Онда оқу материалын оқып үйрену, меңгеру жүзеге асырылады. Ол үшін сабақтың нақты мақсаты болу керек. Сабақ – оқу процесінің ең кіші бөлшегі бола отырып, оның мақсатын, мазмұнын жүзеге асырады. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, әдіс –тәсілі анықталғаннан кейін, оның дидактикалық материалы жасалады.

Мектепте өткізілетін сабақтың қалыптасқан құрылымы бар. Олар:



  • ұйымдастыру кезеңі;

  • үй тапсырмасын сұрау;

  • жаңа материалды түсіндіру;

  • сабақты бекіту, үйге тапсырма беру;

  • оқушы білімін бағалау;

сабақтың бөліктеріне уақыт белгіленеді. Сабақ үстінде оқушылардың білім дағдылары қалыптасады. Сабақтың ойдағыдай өтуінің алуан түрлі шарттары бар. Ең бастысы‑мұғалімнің білімі мен әдіс тәсілдерінің жан жақтылығы. Сабақты жоспарлау, ұйымдастыру, өткізу үлкен нақтылықты қажет етеді. Сабақ –күрделі процесс. Сабаққа көптеген талаптар қойылады. Солардың бастылары мыналар:

  • оқушылардың сабақты бар зейінімен, ықыласымен тыңдауын ұйымдастыру;

  • мұғалімнің материалды жеткізу шеберлігі, тиімді әдіс – тәсілдері;

  • оқушының теориялық жағынан меңгерген іс тәжіребиеде, күнделікті сабақта қолдана алуы;

  • оқушы алдына проблема қойып, оны ізденіске бастау;

  • оқушының шығармашылығын арттыратындай өз бетінше жұмыс беру;

  • көрнекі құралдардың нақтылығы, әсерлігі, мазмұндылығы;

  • мысалдардың өмірмен байланыстылығы, оқушыны ойлантуға, сөйлеуге тәрбиелеуге ықпалы;

  • сабақты басқа пәндермен өнер салаларымен үйлесіміне, ұқсастығына қарай түрлендіру.

Бұл мәселеге қоса, әр сабақта педагоикалық, психологиялық, физиологиялық талаптар ескеріледі. Бір сыныптағы оқушылар бірдей талап, әдіспен оқытылған сабақты бірдей қабылдай бермейді. Осыдан келіп жеке оқушыларды зерттеу олармен жұмыстар жүргізу талабы туындайды. Яғни сабақта оқыту, үйрету, тәрбиелеу, дамыту шарттары жүзеге асырылады. Осы бағыттағы жұмыстар жүргізіледі.

Өзінің мақсаты мен құрылымына қарай мектептегі сабақ екі топқа бөлінеді:



Оқыту – үйрету мақстаныдағы сабақты мынадай төрт түрге бөлуге болады:

Жаңа материалды үйрету, түсіндіру сабағы оқушыларды жаңа білімен қамтамсыз етеді. Ол әрі қарай көрнекілік, байандау, түсіндіру түрлерімен толықтырылады.

Білім дағдыны қалыптастыру сабағы алған білімді бекітіп, дамытады. Мұнда әр түрлі тапсырмалар орындалып, оқушының жаңа материалды қалай игергені тексеріледі.

Өткенді қайталау сабағы бұрын өтілген тақырыптарды жүйелеп, қалай игергенін білу мақстаында жүргізіледі. Бұл сабақты тоқсан соңында, белгілі бір ірі тақырыптарды, таруларды өткеннен кейін жүргізуге болады.

Бақылау мақсатындағы сабақта оқушының игеріп меңгерген білімдері тексеріледі. Бұл сабақта мынадай үш түрге бөлуге болады:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет