«Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті


Оқу материалдарын игеруін бақылауда



бет2/9
Дата05.11.2016
өлшемі1,8 Mb.
#454
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Оқу материалдарын игеруін бақылауда оқушыладың сұраққа жауап беруі, өз ой пікірлерін айта алуы, оны мысалдармен, мәтіндермен дәлелдей алуы талап етіледі.

Ауызша сөйлеу кезінде оқушылардың ауызша жауаптарының жүйелі, нақты, толық болуы, ойларын көркем, бейнелі жеткізе алуы бақыланады.

Жазбаша жұмыс түрлерін орындау барысында оқушыладың әдебиет сабақтарында мазмұндама, шығарма, мінездеме, пікір, тезис, конспект түрлерін жаза білуі тексеріледі. Мұнда сынып оқушыларының жас ерекшелігі ескерілуі керек.

Оқушылардың белсенділігі әр сабақат түрліше болады. Мектеп практикасында қазір сабақ түрлері көп. Оларды шартты түрде дәстүрлі немесе дәстүрден тыс деп бөлеміз. Қалыпты сабақтан дәстүрлі емес сабақтың өзгешелігі жалпы сабақтың дәстүрлі құрылымы сақталғанмен оны жүргізу, өткізу түрлері өзгереді. Олардың қатарында бірнеше сабақ түрлерін атауға болады: дәріс сабақ, семинар сабақ, диспут сабақ, сайыс сабақ, көрнекілік сабақ, әңгіме сабақ, әдеби әуендік сабақ, сабақ викторина т.б.



Дәріс сабағы. Мұғалімнің материалды баяндауынан, түсіндіруінен тұрады. Сыныпқа жетекші, қорытындылаушы сауалдар қоя отырып, мұғалім оқу материалының негізгі тұстарын жаздыртады.

Машықтандыру (семинар) сабағы. Бұл сабақтың бірнеше ерекшелігі бар:

  1. оқушыларды бірнеше тақырып бойынша өз бетінше дайындау;

  2. оқушылар сол тақырып бойынша хабарлама жасайды;

  3. тыңдалған материалды талдайды;

  4. талқыланған мәселені мұғалім қорытады. Сабақтың мұндай түрі оқушылардың өз ара ұқсас сабқатың түрін қалай қабылдағанын тексеруге мүмкіндік береді. Мұғалім алдын ала оқушыларға тапсырма беріп, тиісті әдебиеттерді көрсетеді.

Диспут сабағы. Мұғалімнің сабақты пікірталсақ құруы оқушы белсенділігін арттырып, пәнге деген қызығушылығын өсіреді. Мұндай сабққа мұғалім балама жауаптары бар сұрақтар ойластыру қажет. Сонда оқушылар әр түрлі пікірлер айтып, керекті дәлелдерін табады.

Сайыс сабғы. Бұл ортаңғы сыныптарда өткізуге қолайлы сабақ. Оқушылардың белгілі бір тақырып бойынша білімдерін сабаққа сала отырып, шапшаң, мүдірмей жауап таба білуі, өзінің пәнге деген ықыласын жан жақты білдіре алуы, сыныптас оқушылардан ерекшелігін таныта алуы көзделеді.
Қолданылған әдебиеттер

Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. -А., 1991.

Алмаханова Х. Жас өспірімдерге эстетикалық тәрбие беру.   /Методикалық нұсқау. А., 1990.

Ақназарова Б. Класс жетекшісі. -А., Мектеп, 1973.

Әбенбаев С. Оқушы жастарға эстетикалық тәрбие беруді жетілдіру. -А., 1992.

 Әбенбаев С. Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі. -А., 1999.

Әбиев Ж. Еңбек тәрбиесінің педагогикалық негіздері. -Алматы, 1997.

2-дәріс. Әдебиет пәнінің басқа ғылымдармен байланысы.

Сабақ жоспары:

1) Пәнаралық байланыс оқыту үдерісіндегі өзекті мәселе

2) Әдебиет пәнінің басқа ғылымдармен байланысы

3)Психология, педагогика ғылымдарымен байланысы

4) Әдістеменің эстетика, тіл білімі, тарих, әдебиеттану ғылымдары-

мен байланысы

Еліміздің егемендік алуымен байланысты әлеуметтік–экономикалық салаларымыздың барлық жақтарында жаппай өзгерістер , жаңа бастамалар, серпінді қадамдар жасалып жатыр. Білімнің мазмұны ғылымдардың өзара байланысы, өндіріс пен қоғамдық дамудың жаңару барысына тікелей ықпал жасайды. Осы орайда мектептің оқу-тәрбие үдерісінің пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастырылуы, ғылымдар жүйесінің бір арнаға тоғысуы , адамның интеллектуалдық өрісін байытумен бірге , бүкіл адамзаттық құндылықтар көзінің де бірлігін, жалпы ақиқат дүниенің біртұтас жүйе екендігі туралы ғылыми көзқарастың қалыптасуына мүмкіндік береді.

Мектептерде әр сыныпта сабақты түрлі пәндермен байланысты оқытудың жаңа технологиялар арқылы ұйымдастыру баланың ойлау белсенділігін арттырады, оқушыларды құбылыс мәніне терең үңілуге, мүмкіндіктерін нақты жағдайда қолдануға үйретеді. Пәнаралық байланыстарды ұйымдастыру оқушылардың шығармашыық қабілеттерінің оянуына да септігін тигізеді.

Жалпы өскелең ұрпақты жетілдіруде мектептің білім мазмұнын одан әрі жаңарту, жоғары деңгейге көтеру үнемі ғылымдар жүйесінің бір –бірімен тығыз байланыста болуы пәнаралық байланыстың негізінде қарастырылуы керек.

Пәнаралық байланысты жан–жақты педагогикалық–психологиялық, әдістемелік жағынан зерттеуге бұрынғыдан да зор маңыз беріліп отыр.

Бұл мәселемен көптеген ғалымдар: М.А.Данилов, В.В.Давыдов, Р.Г.Лемберг, В.Н. Малахов, Я.А. Коменский, Н.Г. Чернышевский шұғылданып келді. Олар пәнаралық мәнін, құрылымын әдіснамалық деңгейде қалыптастырған. Пәнаралық байланысты жан-жақты қарастырғандар: Н.В.Малахов, И.А.Лошкарева, И.Д.Зверев, М.Р. Львов, Н.Я.Велинкиндер болды.

Республикамызда пәнарлық байланысты зерттеп, өзіндік пікір айтып жүрген ғалымдарымыз баршылық, мәселен: Қ.Мұханов, С.Мұсабаев, А.А.Бейсенбаева, Р.Абасова тағы басқалар болды.

Көптеген педагогтар мен психологтардың пікірлеріне қарағанда , оқушылардың түрлі пәндердегі білімдер мен біліктерді, бейімділіктердің жеке элементтері арасындағы байланыстарды байқап және қабылдауы олардың білімдерін бір жүйеге келтіреді, ақыл-ойына серпіліс тудырады, таным қызметіне шығармашылық сипат береді.

Пәнаралық байланыстың философиялық негізінде дүниедегі барлық заттардың , құбылыстардың бірімен –бірінің өзара байланыстылығы туралы тұжырымдалған дүние туралы білімдер де бірімен –бірі байланыста болады.

Негізінен оқу пәндері әр ғылымның логикасына сүйенетіндіктен, олар бір –бірінен өз алдына оңашаланып бөлектенбейді. Сондықтан ғылымның міндеті өзара байланыстылықты танып білу.

Пәнаралық байланыс кезінде материалдардың өзара байланысын, бір- біріне тигізетін ықпалын, ортақ, негізгі тенденцияларын, әлеуметтік, экономикалық, рухани ортақ белгілерін бір –бірімен сабақтастыру, ортақ белгілерін бір –бірімен салыстыру, ортақ заңдарын ашуды көздеуі тиіс. Оқушылардың білімдері сайып келгенде, әрбір жеке тұлғаның көзқарасына, сеніміне, өмірлік құндылық бағдарына, мінез –құлқының қағидасына айналуы керек.

Пәнаралық байланыстарды тәрбиелеу функциясы оқушыларды диалектикалық–материалистік дүниетанымды, дұрыс дүниеге көзқарасты қалыптастыруды көздейді. Осыған сәйкес мектеп оқушыларына білім және тәрбие берудің, дүниетанымын қалыптастырудың аса маңызды құрылымының бірі- пәнаралық байланыс болғандықтан, пәнаралық байланыстың негізгі міндеттеріне тоқталсақ.

1) Оқушылардың оқыту үдерісіндегі пәнаралық байланысты түсінуін, саналы қабылдауын, танымдық белсенділігін қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастыру.

2) Оқу пәндерінің оқушыларға білім мен тәрбие беру , пәнаралық байланысты орнату мүмкігндіктерін айқындау мақсатында білім беретін орта мектептің оқу жоспары мен бағдарламаларына талдау жасау. Барлық мұғалімдердің пәнаралық байланысты практикалық қызметінде пайдалану.

3) Мектептен тыс және сыныптан тыс жұмыстардың пәнаралық байланыста жүргізілуі.

4) Пәнаралық байланыс оқу пәндерінің арасындағы өзара байланыстың дамуына және танымдық іс-әрекеттің белсенді, ауқымды болуына жол ашады.

5) Пәнаралық байланыс мектеп мұғалімінің жүргізетін педагогикалық әрекетін ғылыми негізде ұтымды ұйымдастыруына себепкер болады.

Қазіргі мектептердің жалпы білім беру мазмұны, оның ішіндегі оқу жоспарлары пәнаралық байланыс негізінде жетілдіріп келеді. Осыған орай , ғалым зерттеушілердің, шығармашылық еңбек етушімұғалімдердің ізденістері жүйеленген, қорытындыланған жаңа пәндердің оқу –тәрбие үрдісінде қажет екендігін дәлелдеп отыр.

Пәнаралық іскерлік оқушының бір пәннен меңгерген білім іскерлік дағдыларын , екінші жақын пәндерді меңгеруді пайдалана білу қабілетінен көрінеді .

Пәнаралық байланыстың ең негізгі дидактикалық міндеті- ол оқыту үдерісінің білім беру, тәрбие беру, дамытушылық сипатының арасындағы байланысты құру болып есептеледі.

Білім оқушының табиғи және әлеуметтік жаңа ортаға икемделуін , әр алуан әрекет түрлерін меңгеруін , айналадағы дүниемен жекебас тұлғалық қарым –қатынасын , этикалық , адамгершілік нормаларды бойына дарытуын және белгілі бір қажетті деңгейде болуын қамтамасыз ететін құрылымдық жағынан өзара тығыз байланысты мынандай компоненттерден тұрады.

1) Дүниенің біртұтас ғылыми бейнесі туралы білім.

2) Дүниені логикалық –танымдық және ғылыми тұрғыда зерделеп білудің әдіс –тәсілдері туралы білім.

3) Оқушыда қалыптасуы тиіс әрекет түрлері туралы білім.

Пәнаралық байланыстың қай түрін , қалай жүзеге асырудың жолдары алуан түрлі және оны талдау, көп жағдайда, мұғалімнің шығармашылық шеберлігіне ізденісіне де байланысты.

Пәнаралық байланыс білім, білік және дағдының тұтас жүйесінің дұрыс қалыптасуына жағдай жасайды, әрі оқушылардың әр түрлі пәндерден алған білімін орынды қолдана білуіне көмектеседі. Сауат ашу мен тіл дамыту , айналамен таныстыру пәндері о бастан –ақ бір–бірімен пәнаралық байланыста жүргізіледі.

Оқу бағдарламаларында жеке пәндердің оқу материалы басқа кейбір пәндердің тақырыптарымен өте тығыз байланыста болып келеді. Бұл жағдайда сабақтың өң бойында пәнаралық байланысты жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Әрбір сабақ оқушыларды қоршап тұрған дүниені тану жолының бір көрінісі.

Міне осы жолмен қазіргі кездегі ғылым, техника және мәдениет негіздерімен қаруландырып мұғалім өз оқушыларын өмірге дайындайды. Бір жерде тоқырап тұрып қалу немесе аршындап алға басу сабақ кезінде оқушыларға білімнің тиянақты жинақталуына байланысты екені даусыз нәрсе.

Әр сабақта оқушылар өздерінің жұмысы барысында жаңа дағды мен скерлікке ие болады. Сондықтан мұғалімдер мектепте оқу – тәрбие үдерісін ұйымдастыруда пәнаралық байланысты жүзеге асыру мүмкіндіктерін көрсетуі қажет.

Оқу пәндерінде қарастырылған табиғат , қоғам, адамдардың өзара әрекеті жөніндегі негіздер оларды білім беру мазмұнының біртұтас жүйесінде біріктіреді.Осы арада пәнаралық байланыстың дүниеге көзқарыс қызметі өте маңызды.

Адам баласының ерте заманнан бастап күні бүгінге дейін қолы жеткен ғылыми табыстарының қорытынды нәтижелерімен танысады.

Сөйтіп, оқушылардың білімі молаяды, дүние танушылық қабілеті артады, ақыл-ойы парасаты дамиды, тәрбиеленеді.

Осының негізінде оқушылардың өз дәрежесіне сай адам қоғамы мен табиғат дүниесінің әр алуан сырларын біліп шығуын қамтамасыз етеді.

Пайдаланылған әдебиетттер


  1. .А.Көшімбаев «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі»

«Мектеп» баспасы Алматы – 1969 ж

  1. Бейсенбаева А.А. «Пәнаралық байланыс негізінде оқу процесін ұйымдастыру». Алматы, 1995

  2. Мұсабеков О. « Пәнаралық байланысты жүзеге асыру».// Қазақстан мектебі , 1989. №13, 49-50 бет

  3. Ж.Жиембаев « Оқу үрдісін жекелендіру үшін педагогикалық


3-дәріс.

Сабақ және оған қойылатын талаптар.

Сабақтың жоспары:

1.Сабақтың білімділік,дамытушылық,тәрбиелік мақсаттарына көңіл бөлуі.

2.Сабақ талдау үлгілері.

Сабақтың мақсаты:Сабақтың негізгі талдау үлгілері,бөлімдері.Мұғалімнің басты мақсатын айқындау.Жаңа заман талабына сай –ұзтаз дайындау.

Сабаққа қойылатын талаптар:
1.Сабақтың тақырыбы бойынша оның білімдік,дамытушылық,тәрбиелік мақсаттарын дұрыс анықтау;
2.Сабақтың түрін анықтау,жаңа материалды өткен материалмен байланыстыру;
3.Оқушының білімін бекіту,қайталау,бақылау жүйесін ойластыру;
4.Үй тапсырмасының көлемін,түсініктілігін,баланың мүмкіндіктерін қадағалау;

Сабаққа дайындалу және ұйымдастыруға қойылатын талаптар:
1.Сабақ материалы оқушының денсаулығына зиян келтірмейтіндей көлемде белгіленуі
қажет;
2.Әр сабаққа дайындықты берілген тақырып бойынша жоспарлаудан бастау қажет;
3.Әр сабаққа демонстрациялық,дидактикалық материалдарды,техникалық құралдарды дайындау;

Сабақ мазмұнына және оқу процесіне қойылатын талаптар:
1.Сабақтың тәрбиелік мәні болуы керек.Оқыту барысында оқушылар өздерін қоғамның жеке тұлғасы ретінде сезінуі қажет;
2.Сабақ мазмұны оқушы өмірімен тікелей байланыста болған жөн;
3.Әр сабақта оқушы шығармашылық ізденісте болуы қажет;

Сабақты өткізу әдісіне қойылатын талаптар:
1.Сабақ коңілді,тартымды өтуі керек;
2.Оқушыны сабақта білімнің керек екенін сезінуге тәрбиелеу қажет;
3.Сабақтың ырғағы мен қарқыны тиісті дәрежеде болуы керек;ол тездік пен сылбырлықты көтермейді.Сабақтың барысы дұрыс ұйымдастырылғанда оқушылар мен мұғалімнің іс-әрекеті нәтижелі болады;
4.Мұғалім мен оқушылар арасындағы өзара түсінушілік,педагогикалық такт сақталғаны жөн /оқушылардың намысына тура немесе жанамалы түрде тиіп,жәбірлеу дұрыс емес/;
5.Оқушылар арасына өзара түсінушілік жағдай туғызу және шығармашылық еңбек белсенділігін арттыру,өте қажет;
6.Сабақты әр түрлі оқу әдістерін қолданып,түрлендіріп өткізу керек.

Бағалау нормалары.


«5» деген баға:ешбір қатесі болмаса немесе емле,тыныс белгілерінен бір-бірден қате жіберсе;
«4» деген баға:емле және тыныс белгілерінен екі-екіден қате жіберсе;
«3» деген баға:емле мен тыныс белгілерінен 4-5-тен қатесі болса немесе 3 емле,5 тыныс белгі қатесі болса;
«2» деген баға:емле мен тыныс белгілерінің әрқайсысына 6-дан 10-ға дейін;
Диктант мәтініне қойылатын талап:
а) көлем сынып ерекшелегіне сай болуы тиіс;
ә) тәрбиелік мазмұны болуы керек;
б) мәтіндегі орфограммалар мен пунктограммаларды оқушылар игерген, таныс бағдарламаға сәйкес болуы керек ;
в) мәтіннің көркем шығармалардан алынған үзінді түрінде жеңіл болуын ескерген жөн;

Диктантты бағалауда мына параметрлерді есте сақтау керек:


- фонетикалық талдауды білуі;
- сөз құрамына талдауды білуі;
- сөз табына талдауды білуі;
- сөйлемді талдауы;
- сөйлем мүшесіне талдауды білуі;
- морфологиялық талдауды білуі;
- синтаксистік талдауды білуі;
- лексикалық талдауды білуі;

Шығарма жазуға қойылатын негізгі талаптар:
• Тақырыпты оқушының өз ойы және өз сөзі арқылы толық аша білуі;
• Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну.Шығарманы 5 сыныптан бастап жазады, бірақ 5,6 –сыныптарда үйрету шығарма болып саналады.
5,6 – сыныптарда жоспар беріледі.
Шығарманың екі бағасы болады: екеуі де бір пәнге қойылады.
Мазмұндама мен шығармаға екі баға қойылады:
1-шісі: жұмысының мазмұны мен көркемдік сапасы, тіл байлығы үшін;
2-шісі: грамматикалық сауаттылығы үшін;

Пайдаланылған әдебиеттер:

А.Көшімбаев «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі»

«Мектеп» баспасы Алматы – 1969 ж

  1. Бейсенбаева А.А. «Пәнаралық байланыс негізінде оқу процесін ұйымдастыру». Алматы, 1995

  2. Мұсабеков О. « Пәнаралық байланысты жүзеге асыру».// Қазақстан мектебі , 1989. №13, 49-50 бет

  3. Ж.Жиембаев « Оқу үрдісін жекелендіру үшін педагогикалық



4- Дәріс.

Әдебиетті оқыту әдістері

Сабақтың жоспары:

1. Оқытудың ауызекі және көрнекілік әдістері.

Сабақтың мақсаты:Мектептегі әдебиетті оқытудағы жетекші принциппен қолданылатын негізгі әдіс-амалдар.Оқу-тәрбие жұмысының негізгі түрі сабақ тиімділігін арттыруды,оның сапасын жақсартуды мақсат етіп қою.

Әдістемелік нұсқау

Сабақты толығымен меңгерсін деген мақсатта Қ.Бітібаева,А.Көшімбаев сынды ғалымдардың әдістемелік нұсқауларын оқуды нұсқадым.

Педагогика ғылымы- мектепте оқылатын оқу пәндерін, оқу теориясын, онда сақталатын басты принцптерді, қолданылатын негізгі және көмекші әдіс-тәсілдерді жалпы түрде баяндайды. Әдебиетті оқытудың өзіндік амал-тәсілдері бар:

Көрнекілік әдісі- берілген білімнің мазмұны көрнекілікті тілеп тұрғанда уақыт үнемдеуге, әсіресе оқушы психологиясына әсер ету мақсатында өте тиімді болады.Сондай-ақ оқушы сабаққа қызықтыру, ынталандыру мәселесінде де маңызы зор.

Зерттеу әдісі- берілетін білімнің ғылымилығын арттыру қосымша материалдармен байыту, оқушыларды іздендіру,өз бетімен проблема шештіру мәселелерінде тиімді.Оқушылардың өздігінен ойлануы мен іскерлігін өз беттерінше уақытында жасау дағдыларын жетілдіруде өте пайдалы. Бұл әдіс негізінен, семинар, конференциция, сабақтарда баяндама, реферат жаздыруға ыңғайлы.Бұл әдістегі негізгі мақсат- оқу материалының бұрынғы сабақтарда қамтылмаган жаңа қырларын, тың астарын ашу. Бұл әдіс ұстаздың шәкәрттерге зерттеу тұрғысындағы проблемалық тапсырмалар беруі арқылы орындалады.

Шығармашылық әдісі-шәкірттердің оқырмандық қабілетін тәрбиелеу мақсатында көркем шығарманы оқып-үйренудің алғашқы кезеңінде де, қолданыуы мүмкін. Мұнда төмендегідей әдістемелік тәсілдер қолданылады:

-Мұғалімнің мәнерлеп оқуы.

-Көркемсөзөнерлерінің мәнелеп оқуы.

- Артистердің орындауындағы жеке сахналық көріністер.

-Оқушыны мәнерлеп оқуға үйрету.

-Көркем мәтінді ұстаздың коментарий түсінік бере оқуы.

-Әңгіме жүргізу.

-Шығармашылық тапсырма беру.

-Жаттау.

-Жоспар құру.

-Эпизодтарға тақырып қою.

-Мәтінге жақын баяндау.

-Көркем баяндау.

-Сценрий құру.

-Иллюстрация жасау.

-Пікір жазу(кітап,кино, спектакль, радио, телеқойылым, хабарларға)

- Шығарма жазу.

Эвристикалық әдіс- мұнда да негізгі оқу материалы-көркем шығарма. Оны талдау арқылы көркем-эстетикалық, рухани, адамгершілік, қоғамдық- философиялық мәселелердің мәнін ашу көзделді. Бұл әдіс кәбіне эвристикалық әңгіме түрінде жүргізіледі. Мұны кейде эвристикалық әңгімеден соң ұстаздың сұрау тапсырмалары бойынша шәкірттердің өздері орындауы да мүмкін. Бұл әдіс мынадай әдістемелік тәсілдер арқылы іске асырылады:

-Логикалық сұрақтар жүйесі(коркем шығарманы талдау,теориялық т.б мәселелер бойынша)

-Тапсырмалар жүйесі.Шығарма мәтіні бойынша ауызшпа, жазбаша жоспарлау, баяндау, теориялық т.б мәселелер бойынша.

-Мұғалімнің өзінің немесе мұғалім ұсынысымен шәкірттердің проблема қоюы, пікірталас ұйымдастыру.



Репродуктивті әдіс- бұл әдісте оқытушы белгілі бір оқу материалын проблема қоя отырып баяндайды, әрі оған өзі жауап береді, тақырыптың мәнін түсіндіреді. Содан соң шәкірттерден дәл осы ізбен қайталап, басқа оқу материялын түсіндіруді талап етеді. Бұл репродукция яғни қайталау, көшірме жасау әдісі болып есептеледі.

Репродуктивті әдісте қолданылатын тәсілдер:

-Әңгіме(жазушыылардың өмірі мен шығармашылығы жөнінде оқытушы әңгімесі)

-Шолу лекция(оқу құралдары, техникалық көрнекі құралдарды пайдалана отырып)

-Тапсырма беру(оқулық, оқу құралдары бойынша)

-Сұрақтарға жауап беру(оқу материялын арқау ете отырып)

Мектепте әдебиет пәнін оқытуда жоғарыда айтылған әдіс-амалдардың қай-қайсысы да көбінесе дара күйінде қолданылмайды. Олар сабақтың тақырыбы мен мақсатына, өтілетін оқу материялының өзгешелігіне байланысты араласып, тоғысып келіп отырады.Бұлардың қай-қайсысын қашан, қайда және қалай қолдану әдебиет мұғалімінің билігіне беріледі.

Мектептегі басқа оқу пәндері сияқты әдебиетті оқытудағы жетекші принцп пен қолданылатын негізгі әдіс-амалдар кластағы және одон тыс уақыттағы оқу-тәрбиелік процесте мұғалім мен оқушылардың барлық жұмыс түрлерін жандандырып отыуына негізделеді. Бұл принцпті жүзеге асыру үшін, мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатына, құрылысы мен мазмұнына сәйкес тиімді, қолайлы деп тапқан негізгі және көмекші әдіс-амалдардың түрлерін қолданады. Мұғалім әдебиет сабағындағы басты тұлға болғандықтан, оқытудың әдіс-амалдарын түрлендіре отырып, оқу-тәрбиелік процесті творчестволық өнерпаздықпен, белсенділікпен өткізуі тиіс. Сабақтың сапалы, нәтижелі болып өтуіне мұғаліммен бірге оқушылар да елеулі рөль атқарады. Мұғалім үнемі айтушы, көрсетуші, түсіндіруші де, ал оқушылар тек көруші, тыңдаушы, орындаушы ғана емес. Кластағы оқушылар коллективі-үлкен күш.Осы коллективті сабақтың барысында дұрыс ұйымдастырып басқару, дұрыс арнаға салып, айқын бағыт беріп отыру, оның сарқылмас күш-жігерін, тілек-мүддесін орнымне пайдалана білу, сөйтіп, олардың сабаққа белсенділік шабытпен қатысып, араласып отыруын қамтамасыз ету әдебиет ұстазынан үлкен еңбекті, асқан шеберлікті талап етеді.

Мектептегі өзге оқу пәндері сияқты әдебиет пәнін оқытуда қолданылатын көптеген негізгі және көмекші әдістер бар, Бұлардың кейбіреулері барлық оқу пәндерінде, әсіресе гуманитарлық пәндеріне, әсіресе гуманитарлық пәндерге ортақ әдістер болып табылады. Осымен қатар тек әдебиетті оқытуда ғана қолданылатын әдіс-тәсілдер де бар. Мысылы, көркем сөз тексін мәнерлеп оқу, түсініктеме бере, талдау жасай отыып оқу, сюжетті шығарманы әр түрлі вариантта ауызша мазмұндау.т,б

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.А.Көшімбаев. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. А. Мектеп 1969

2. Қ. Бітібаева. Әдебиетті оқыту әдістемесі. А. Рауан. 1997

3. Е. Жұматаева. Әдебиетті оқытудың кейбір мәселелері. 1999


5- дәріс

Көркем шығарманы оқыту.

Сабақтың жоспары:

 I.Кіріспе.


II.Негізгі бөлім.
1.Көркем шығарманы оқыту
2.Көркем шығарманы оқытуда баланың жас ерекшілігі.
3.Көркем шығармада жаңа технологияны қолдану.

 
«Көркем шығарманы талдамас бұрын оны

дауыстап оқып, дауыстап жеткізу керек.

Сонда ғана шығарма балаға барынша әсер етеді .

М..А. Рыбникова.

  Еліміздің өз тәуелділігіне қол жеткізіп, саяси - әлеуметтік және экономикалық дамудың жаңа кезеңіне қадам басқан уақытта терең білім, сауатты ұрпақ тәрбиелеу - негізгі міндеттердің бірі.Әлемдік саяси аренада Қазақстан Республикасының өзіндік салмағын пайымдау оның ұлттық білім жүйесінің жоғары дәрежеде дамуымен байланысты.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ел халқынаЖолдауында «Қазақтың ел болуы, ұлт тағдыры – оның келешек мектебінің қалай болып құрылуына тіреледі.» - деп атап көрсетті.Егемендіктің тұғыры тұрақталып, мемлекеттің іргесін нығайту және қазіргі уақыттағы жаһандану жағдайында ұлттық бірегейлікті, тұтастықты сақтау, ұлттық сананың сарқылмауы, тіл мен ділдің баянды болуы үшін мектеп қабырғасында елжандылық тәрбие идеяларының санасына дарытуда әдебиеттің алатын орны ерекше.

Әдебиетті оқыту – ғылым саласымен тығыз байланысқан. Себебі, ғылымның қай саласын алсаңыз да теориялық және қолданбалы практикалық мәндес болады деп білсек, әдебиетті оқыту арқылы оқушыға көркем шығарманы оқытуды қалыптастыру әрі теориялық, әрі қолданбалы жүйесін бірлікте қарастырумен қатар оның өнер екендігін де ескерген жөн. Өйткені игерілуге тиісті ұғым, сөздің мәні, айтылмақ ой – түсінік оқушыға әсер етерліктей болса, ол тиісті деңгейде көңіл толқытып, тереңірек ойланады. Сондай – ақ әсер санаға ерекше ықпал етеді. Әсердің нәтижесі бір жағынан тұлғаны әрекетке итермелесе, екінші жағынан пәнге деген қызығушылықты арттырып, көркем шығарманы оқуға талпындырады.

Әдебиет – сөз өнері. Барлық сөзді тізе берсең әңгіме, жыр шықпайды. Адам жүрегі тербетіп, ақыл таразылап, тіл кестелеп айтқан сөз орнында тұрса ғана әдебиет деген өнер пайда болады.Ғылыми тұжырымда әдебиет «адамтану құралы», ал әдебиет пәні «адам тәрбиелеу құралы», - делінген. Өйткені,Ғылыми педагогикалық ұстаным бойынша әдебиет әдебиет пәні философиялық, педагогикалық, негізінен ұлттық ізгілікті,психологиялық, тұғырламалық мәднеи – рухани көзқарастарға құрылса құндылықтарға құрылған.ұлттық таным, ұлттық рухани гуманистік сананы (адамгершілікке сананы қалыптастырса негіздеу) қалыптастырады.бірлесе отырып:қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, қазақ тілінің қатысымдық, эстетикалық және этикалық қызметін меңгеруін қамтамасыз ету, оқыту үрдісі арқылы ауызша және жазбаша сөйлеу тілін дамыту, қазақ әдебиеті шығармаларын аудармасыз қазақ тілінде оқу, түсіну, баяндап айту деңгейіне жету,Қазақстандық патриотизм идеяларын болашақ қоғам иелерінің санасына дарыту.Орыс мектептеріндегі «Қазақ әдебиеті» пәнін оқыту – айрықша көңіл бөлуді қажет ететіндігі еліміздің ертеңгі болашағына деген үлкен міндеттен туындап отырғаны бәрімізге мәлім.Оқушыларға әдебиеттің құдіретін, оның адам баласы жаратылғаннан бері бірге жасасып келе жатқандығын, мәңгілік жаңарып, жасарып отыратын үрдіс екенін айтып, түсіндіре отырып, сол әдебиетті жасаушылар, ақын – жазушылар туралы, олардың көркем шығармалары жайында айтуымыз керек.«Көркем шығарма - әдебиеттің құндылығы.



Көркем шығарманы оқыту – оқушының сөз қадірін түсінерлік ойлау әрекетін дамыту, рухани дүниесін байыту, эстетикалық талғамын жетілдіру, адамгершілік қасиетін қалыптастыру.» - деген болатын әдебиет зерттеуші – ғалым, белгілі жазушы, ұлағатты ұстаз Қажым Жұмалиев.Оқушы әдебиет сабағында көркем шығарманы қабылдау керек.Бұл – оңай үрдіс емес. Қабылдау деген сіз бере салғанды ол ала қоятын зат емес. Ол – оқушының өзінің жан қалауымен, жүрек сезімімен, рухани әрекетімен жүзеге асатын дүние.Қандай жақсы көркем шығарма болмасын оқушы қабылдау үшін әрекет жасамаса, автордың жай күйзелісін, шалқар шабытын бойынан өткізіп, көркем суретті көз алдына елестетіп, келтіре алмаса бәрі бос сөз.Оқушыдағы осы сезімді ояту – мұғалімнің қолында, яғни, оқушыға әдеби білім беру, әдеби, эстетикалық, адамгершілік қасиеттерін дамыту үшін мұғалім әдебиетті оқыту барысында әдіс – тәсілдерді орнымен қолдану қажет.

Әдебиет сабағындағы ең басты жұмыстардың біріне оқушылардың көркем шығарманы қабылдауы, одан әсер алуы, көркем туындыны бүкіл бітім – болмысымен түсіне білулері жатады. Яғни мұғалім осы мақсатпен ізденуі керек, осы мақсатта оны жүзеге асырудың ең тиімді деген әдіс – тәсілдерін сұрыптай отырып пайдалануы керек. Оқушының көркем шығарманы қабылдау белсенділігін, әсерлі сезімін дамытудың жолдарын қарастыруы керек.

Оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып эстетикалық, интеллектуалдық, көркемдік, сезімдік, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру; оқырмандық тұрақты ынта – ықыласты, биік талғамды қалыптастыру; әдеби мұраны және онда бейнеленген құбылысты эстетикалық қабылдауына қажетті білім және біліктілікпен қаруландыру; логикалық ойын, ауызекі және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру. Бір сөзбен айтқанда, жеке тұлғаны дамыту, қалыптастыру болып табылады.

- көркем шығарманы оқуға деген қызығушылығын, ынтазарлығын ояту, жоғары эстетикалық талғам мен қажеттілікті қалыптастыру;

- сөз өнерінің ерекшеліктерін түсініп, тануға, ой көзімен зерделеуге негіз болатын білім, білік, икем – дағдылар қалыптастыру;

- ойын сауатты ауызша (жазбаша) айта да, жаза да білу, байланыстырып сөйлеудегі тіл мәдениетін қалыптастыру және дамыту, өзіндік ой – пікірін дәйекті, жүйелі айта білуге баулу.

Әдебиет - өнер, әдебиет - ұлттық қазына, асыл мұра.Әдебиет – ұлттық танымның қайнар көзі, сондықтан көркем шығармадан алынған үзінділерді оқулыққа ендірудетөмендегідей қағидалар басшылыққа алынған:

. Оқушы тілін дамыту негізінде оқырмандық біліктілікті қалыптастыру Оқушылардың тілдік қатынасын коммуникативтік түрде дамыту.Ой, ойлану, ойлату барлық пәндерге де керек. Ойсыз өмір сүру мүмкін емес. Бірақ бұл жердегі ерекше бір еске алатын мәселе - өзіндік пікірде жатыр.Көркем туындыны оқытудың ең бастысы, сол көркем туынды туралы оқушы пікірі, ойына ерекше көңіл бөлген жөн. Бұл пәннің басқа пәндерді оқытудан өзгешілігі де, күрделігі де осында. Басқа пәндерге қарағанда әр түрлі.

Мектепте әдебиетті оқытудың мән-маңызы көркем туындыны оқыту, талдау, оқырмандық пікір қалыптастырумен ашылмақ. Көркем туындыны оқу бар да, талдау бар. Талдау оқусыз жүзеге аспайды. Оқу баланың өз еңбегімен жүзеге асс, талдау мұғалім, оның ұйымдастыруы, жобалауы, тиімді жағын ойластыруы арқылы жүзеге асады. Көркем мәтінді оқушы қалай оқып, қабылдайды, қандай ой туады, өз көзқарасын қалай жеткізеді – бұл оқушы мен мұғалімнің бірлескен еңбегінің жемісі болмақ.
Қазіргі әдістемеде талдау жасаудың 4 түрі:

Образ бойынша;

Тақырыптық;

Тұтас;


Автор ізімен .
ұсынылып жүр. Қандай талдау түрі болса да, не мақсат көзделеді? Бұл сұраққа әдіскер Қ.Бітібаеваның сөзін негізгі ала жауап берсек
1. Оқушының туындыны қабылдауы, әсері, эмоциясын тану,
2. Эстетикалық талғамын қалыптастыруға сеп болу,
3. Таным қабілеті, ойлау белсенділігі мен дербестігін ұштау,
4. Ең бастысы – көркем туынды бойынша талдау жасау, пікір айту жолдарын меңгерту /тақырыбы, авторлық идея, образдар жүйесі, сюжеттік-композициялық ерекшелігі, көркемдік-эстетикалық жағын т.б. кешенді түрде қарастыру/.
Көркем туындыны оқытып, сауатты талдауға қол жеткізу үшін автордың мақсат-мұратын, ойын білдіретін әрбір деталь, көркемдік тәсілді дәл танып, жазушы шеберлігін оқушыға дұрыс таныта білу керек. 
Оқушының танымдық-шығармашылық қабілетін, ойлау белсенділігін дамытатын, өз жоба-жорамалын ұсыну, салыстыру негізінде дұрыс шешім табуға жетелейтін әдістің бірі – проблемалық талдау.
Ол көркем туынды негізіндегі проблеманы дәл танып, ізденіске, әдеби айтыс-тартысқа жетелейтін сұрақтар әзірлеуді қажет етеді. Сұрақ авторлық идея, проблема, кейіпкер іс-әрекеті т.б. негізінде туындайды.
Осы негізде талдаудың мынадай жобасын, үлгілерін ұсынамын:
ІІ. Көркем туынды негізіндегі автор ойы, идеясына талдау жасау.
10-сыныпта М.Дулатовтың азаматтық лирикасын оқытуда мәселеге дәстүр және жаңашылдық тұрғысынан қарау, отаршылдық езгіге қарсы күрескерлік үні, әсіресе жер мәселесін ХҮІІІ ғасырдағы жыраулар поэзиясы, ХІХ ғасырдағы «зар заман ақындары», Махамбеттің күрескер поэзиясынан бастап талдау тиімдірек. Дәстүрлі тақырып, оған Міржақыптың жаңаша көзқарасы, жаңаша жырлауы туралы сөз қозғау оқушының өткен материалға қайта үңілуіне, негізгіні саналы игеруіне мүмкіндік туғызады.
ІІ. Кейіпкерлердің іс-әрекетін салыстыру арқылы автордың образ жасау шеберлігін ашу.
11-сыныпта М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» дастанын оқытуда мына сұрақтар негізінде ізденіп, әрі кейіпкерге мінездеме беруге, автор шеберлігіне мән беруге болады.
Шығарманың көркемдік өрнегіне, автор стиліне талдау.
Бұл үндес, үқсас мәтіндерді салыстыру арқылы жүзеге асады. 11-сыныпта С.Сейфуллиннің «Көкшетауы» мен М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» дастандарының тілін талдау үшін екі ақын шығармасындағы сұлу Көкше келбетін салыстырып, стильдік ерекшелігін ашуға болады.

 ІҮ. Тақырыптас шығармаларды қатар, салыстыра талдау.


Бұл жұмысты 10-сыныпта ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетіндегі әйелдер теңсіздігі мәселесі бойынша М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романы, М.Сералиннің «Гүлһашима» дастаны, С.Көбеевтің «Қалың мал», С.Торайғыровтың «Қамар сұлу»романдарын өткенде жүргізуге болады, яғни «Бір мәселе, бір тақырып: бірнеше шешім, үйлесім мен қайшылық» сұрағы төңірегінде мәселе қозғау. Сонда оқушы көркем шығарма табиғатын, оның өзегіндегі автор идеясын, онымен байланыста кейіпкер тағдырының әртүрлі шешілуін, суреткер түсінеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет