«Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті


-дәріс. Дәстүрлі сабақ және дәстүрден тыс сабақ түрлері



бет6/9
Дата05.11.2016
өлшемі1,8 Mb.
#454
1   2   3   4   5   6   7   8   9

15-дәріс.

Дәстүрлі сабақ және дәстүрден тыс сабақ түрлері.

Сабақ жоспары:

1. Дәстүрлі сабақ түрлері

2. Дәстүрлі емес сабақ түрлері
Мемлекетіміз тәуелсіздік алғаннан бері, елдің сана-сезімінде түбегейлі өзгерістер болады. Бұл өзгерістер Қазақстан мемлекетін дүние жүзілік экономикалық қауымдастыққа толық мүше етуімен қатар, еліміздің ішкі рыногын да әлемдік деңгейге көтереді. Мұнымен қоса, білім мен ғылым саласындың алдында да жаңа талаптар пайда болады. Оның дәлелі – «Қазақстан республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасы». Бұл тұжырымдама еліміздің білім жүйесінде реформалық өзгерістер жасау қажеттілігінен туындайтын басты бағыт - бағдарды айқындайды. Жалпы білім беру жүйесінде үйреншікті дағдыдан үйлесімді, күрделі сабақтастықтарды қамтуға ұмтылатын көп деңгейлі оқу жүйесін орнықтыру, жаңа оқу бағдарламаларымен қатар, оқу стандарттарын дайындау, жаңа ақпараттық, компьютерлік жабдықтарынмен жұмыс істеуге көшу – қазіргі заман талаптарынан туындап отыр.

Білім беруді дамытудағы негізгі мақсат – білім беру жүйесінің барлық деңгейінде қоғамның жаңа талаптарына сәйкес келетін білімді, кәсіби біліктілігі жоғары жастарды тәрбиелеуге қол жеткізетін сапалы, бәсекеге қабілетті білім ордаларын қалыптастыру.

Осы тұрғыдан келгенде, үздіксіз білім беру жүйесінің базалық буыны саналатын орта білім беру мекемелерінің жастарға саналы тәрбие, сапалы білім беріп, ұлтжанды азамат етіп қалыптастыруда атқарар рөлі зор екені даусыз.

Мемлекетіміздің тәуелсіздігін нығайтып, асқақ руханият пен азаматтықты өркендету, шынайы мәдени - этникалық мұраны жандандыру мен болашаққа аманаттау, ұлттық тектілікті сақтау, ең алдымен мектеппен байланысты. Шәкірт мектеп табалдырығынан аттап, сауат ашуға ден қоя бастаған кезден бастап, тіл, сөз өнерінің құпиясына бойлайды. «Әдебиет - сөз өнері» болғандықтан, онда сөз байлығының сан - салалы қырлары, эстетикасы ашылады.



Әдебиет - өнер, халықтың сана – сезімін, көркемдік ойлау қабілетін дамытатын рухани дүние. Әдебиетте адамның ілгеріге ұмтылған, жақсы өмірді аңсаған асыл арманы, ұшқыр қяалы, осы жолдағы күрес- тартысы, әр қилы оқиғалар, халқымыздың ерлігі мен елдігі, өмірі суреттеледі. Мектепте өтілетін әдебиет пәнінің міндеті – оқушылардың санасына көркем сөз құдіретін, эстетикалық, танымдық тәрбиені сіңіру. Соңғы жылдарда әдебиет сабағын оқытуды жақсарту жолында көптеген игі шаралар жүзеге асырылды. Семинар кеңестерде озық тәжірбиелерімен бөлісіп, насихатталса, жаңа оқулықтар заман талабына сай толықтырылып, өңделді. Қазіргі кезде пәнді оқытуға көп міндеттер жүктеледі. Себебі, ғылым мен техниканың ілгерілеуі, түрлі ақпараттар көздерінің молаюы, білім беру жүйесінің түрленуі, мектеп, ұстаз алдына көптеген жауапкершілік жүктейді. Әдебиет пәнін оқыту мұғалімнен жан-жақты жауапкершілікті, дайындықты қажет етеді. Сабақты түрлендіріп, әдіс-тәсілді үнемі жетілдіру – оқушылардың үлгерімін, танымын жақсартып, қызғушылығын арттырады. Осыған байланысты мынадай негізгі міндеттерді нысана еттік:
Өнердің бір түрі ретінде көркем әдебиет оқушының сана – сезіміне әсер етуі тұрғысынан зор мүмкіндікке ие. Сол себепті әдеби шығарманы түсініп оқуға және бейнеленген көркемдік шындықты тұтас қабылдауға дағдыландыру - әдеби білім берудің негізі. Әдебиетті оқыту жылдар бойы педагогикалық тұрғыдан игерілген және әдебиеттану ғылымында жүйеленген дерек – мәліметтерге, эстетикалық-этикалық, философиялық ұғымдарға бағытталды. Ал, 12 жылдық білім беру кезеңінде бұл талаптардың тереңдей түсетіні сөзсіз.Интеграциялық сабақ пән аралық байланысты жетілдіру мақсатына байланысты пайда болған. Мұндай сабақтарда бір тақырыпты түрлі пәндерден беретін мұғалімдер оқытады. Кіріктірілген сабақтың негізгі мақсаты - оқу материалдарын байланыстырып, сабақта оқушыларға терең білім беру, ойлау қабілетін дамыту. Оқу материалдарын бағдарламаларға сай пәндер бойынша біріктіріп беру оқушылардың жан-жақты тұтас, терең және берік білім алуына мүмкіндік жасайды. Сондықтан жыл сайын әрбір мұғалім пәндердегі ұқсас оқу материалдарын біріктіріп, яғни пән аралық байланыс принципін қолданып, интегралдық жоспар жасайды. Ондағы материалдарды дер кезінде сабаққа пайдаланып, тиімді етіп іске асырады.
Панорамалық сабақ. Панорамалық сабақты өткізудегі негізгі мақсат - озат мұғалімдердің өзінің ұстаздық зертханасын ашып, сабақ беруі, яғни әдістемесін көпке тарату. Панорамалық сабақты өткізу үшін мұғалімге қойылатын ең бірінші талап оның сабақ берудегі өзгеге ұқсамайтын өзіндік әдісінің болуы. Мұғалімнің оқыту процесінде ең көп сүйенетін әдісі қандай, оның тиімділігі неде? Тыңдаушылар соны біліп, сезуі керек. Панорамалық сабақтарға қойылатын талаптардың бірі - мұғалімнің өткізген сабағын өзі талдап беретіндігі. Панорамалық сабақ бір тақырыпты өтуге, яғни тек бір сабақ арқылы оның көп жылғы игі тәжірибелерін көпке танытады.

16- Дәріс

Сабақтың тақырыбы: Жаңа технология үлгілері.

Сабақтың жоспары:

  1. Жаңа технология түрлері мен құрылымы

  2. Сабақ үрдісінде жаңа технология түрлерін қолдану.

Жас ұрпақтың жаңаша ойлануына, дүниетанымының қалыптасуына білім мен білік негіздерін меңгертуіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру – білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі.

Бүгінгі таңда республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуде. Бұл педагогика теориясы мен оқу – тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, басқаша қарым- қатынас ғылым саласында пайда болуда.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан- жақты маман болуы мүмкін емес. Осы орайда халқымыздың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлының «Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек, оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек» деген сөзі әр маманның жадында болуы керек. Жаңа технологияны меңгерту мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами қабілетің қалыптасуына игі әсерін тигізеді., өзін – өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Бұл технологияның өзін мұғалім түрліше іске асыруы мүмкін. Бұұл жерде технологияны жүзеге асырушының – тұлғаның компоненті, белгілі бір ерекшеліктері елеулі түрде әсер етеді, сонымен бірге оқушы әрекеті- оның қабылдауы, ынтасы, құштарлығы негізгі рөл атқарады.

Оқыту технологиясын таңдап, іріктеу- оқушының оқу- танымдық іс- әрекетін басқаруда негізгі бір буыны.

Қазіргі заманғы оқыту технологияларын меңгерту- өте күрделі құбылыс. Кейде ол мұғалілнен үйреншікті әдіс- тәсілдерінен арылуды талап етеді.

Бүгінгі оқыту жүйесінде әр түрлі жаңа технологияларды пайдалану тәхірибеге еніп нәтижелер беруде. Технология инновациялық іс- ірекет арқылы оқытудың жаңа формалары, амалдарынан іздене отырып, белгілі бір уақытта нақты, тұжырымды ғана мақсат қоя отырып, жоғарғы нәтижеге жетуді талап етеді. Жаңа педагогикалық технология ұғымы тың, белгісіз, жаңа оқыту амалдары, іс- ірекеттерінен ізденуді, яғни білім мен тәрбие берудегі ғылыми нәтижеге қол жеткізуді, жаңа әзденістерін дұрыс пайдалану, сол арқылы жоғары көрсеткіштерге жету деген сөз.

Мемлекетіміздің 2030 – шы жылға дейінгі стратегиясы халұымыздың рухани, ғылыми және шығармашылық қабілеті болған жағдайда ғана Қазақстанның дамуындағы ұзақ мерзімге жежеленген мақсаттарға жетуге болатындығын анықтап берді.

Білімнің айрықша басымдылық алуы қазіргі қоғамдық прогрестік заңдылықтарынан туындайды.



Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс – әрекеттің ғылыми – педагогикалық негіздерін меңгертуі- маңызды мәселелердің бірі. Ал ғылым мен техниканың жедел дамыған, мәліметтер ағыны күшейген XXI ғасырда жан- жақты дамыған басты шығармашылық жеке тұлғаны қалыптастыру- оқытушының басты міндеті болып табылады.

Қазіргі кезде мектептерде жаңа технологияны пайдаланудың тиімді жолдары сөз болып жүр. Мәселен академик В.И. Монаховтың технологиясы, В.К.Дьяшенконың ұжымдық оөыту әдісі принциптері, Ж.Қараевтың білім беру жүйесін ақпараттандыру технологиясы, М.Жанпейісованың «Модулдік оқыту технологиясы» т.б.оқ

Бұл технологиялар теориялық тұрғыда дәлелденіп, тәжіпбиеде жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Оқуышы санасына сәуле беріп түсінік пен ұлағатты ұғымды қалыптастырып білімді жүйелі түрде меңгертуіне жіне оқушының қабілет деңгейлерін дамытуда «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы» мен М.Жанпейісованың «Модулдік технологиясының» маңызы ерекше.

Молулдік оқыту технологиясы әдебиет пәніне лайық технология. Себебі – модуль дегеніміз үлкен бір жүйе. Бұл технологияның ерекшелігі – оқушы бір үлкен тарау немесе тақырып бойынша жүйелі білім алады.

Өзін- өзі дамытады, бірін- бірі оқытады, білімді сапалы меңгереді, біреуден үйрену, біреуге үйрету арқылы логикалық ойлау, байланыстыру, сөйлеу, салыстыру, т.б. дағдыларды қалыптастырады.

Әсіресе кітаппен жұмыс, негізгі ойды ажырата білу, барлық оқушының бірдей жұмыс істеуі көзделеді.

Бұл технологияның тағы бір ерекшелігі, дарынды балалармен тұрақты жұмыс істеу мүмкіндігі.

Мектептерде «Сын тұрғысынан ойлау» стратегиясы кең ауқымда дамуда.

Сын тұрғысынан ойлау деген не?


Сын тұрғысынан ойлау – ашықт қоғам негізі. Ол өз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздену, әр міселеге байланысты өз пікірін айтып, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді.

Бұл қорыту «қара пайымнан күрделіге» деп аталады.

«Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауды дамыту» (СТО) бағдарламасының қазіргі таңда білімді білгенін өмірге пайдалан алатын шәкірт тәрбиелеуде алатын орны ерекше.

Сын тұрғымынан ойлау стратегиясы бойынша жүргізілетін жұмыста оқушылардың 1) өз бетінше тұжырым жасау, қорытындыға келу;

2) ұқсас құбылыстар арасынан тиімдісін таңдай білу; 3) проблеманы шеше білу; 4) Пікірталасты жүргізе білу қабілеті қалыптасады.

СТО- оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. «Оқу және жазу арқылы» сыни ойлауды дамыту» бағдарламасына негізделген сабақтар оқушылардың білімін жан –жақты тереңірек ашуға, оларға бағыт бағдар беріп, әсер етуге.оқуы көзқарасын өзгертуге септігін тигізеді. Тегінде баланы өздігінен жұмыс істеуге, өздігінен ізденіп білім алуға үйрету – ең тиімді жол.

Шығармашылық тұлға қалыптаст ырус – қазіргі оқу процесінің ең басты талаптарының бірі болып табылады.

СТО – ның әдіс – тәсілдері оқушыларды тынымсыз ізденімпаздыққа баулиды. Оқушының еркін де терең ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады.



Дамыта оқыту технологиясының басты принципі – оқу іс – әрекетін ұйымдастыру арқылы ойлау, іздену, дербес жұмыс жасау дағдыларын дамыта отырып, жеке тұлғаның өз бетімен мақсатқа жетуінде.

Оқушылардың оқудағы танымдық іс – әрекетін, олардың іздену, дербес жұмыс жасау, ойлау дағдыларын жеілдіре отырып, дамыту теънологиясының жүйесін былай көрсетуге болады: «Ғылым тілінде үйрену өзгені қайталау емес, басқаның теориясын оқып үйренуге болады.

Дамыта оқыту технологиясының танымдық қызметі: шығармашылық, тапқырлық, алгоритмдік, деңгейлік.

Оқыту- үйрету кезінде оқушылардың оқу ынтасына, іс – әрететіне әсер етумен қатар, әр ұстаздың интеллектуалдық, шығармашылық қызметі де айқын аңғарылады.

Бүгінгі оқыту жүйесінде әр түрлі жаңа технологияларды пайдалану тәхірибеге еніп нәтижелер беруде. Технология инновациялық іс- ірекет арқылы оқытудың жаңа формалары, амалдарынан іздене отырып, белгілі бір уақытта нақты, тұжырымды ғана мақсат қоя отырып, жоғарғы нәтижеге жетуді талап етеді.

Модульдік оқыту технологиясы

Қай технология болмасын жеке тұлғаның өзін- өзі дамытуына, шығармашылық қабілетін арттыруына, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруына көмектеседі. Педагогикалық технологиялардың қай- қайсысы болмасын бірін- бірі толықтырып, сабақтасып келеді. Жоспарланған нәтижеге жетуге, қойылған мақсаттың орындалу мүмкіндігіне кепілдік береді. Демек, педагогикалық технология мен әдістемелері ретіне қарай мұғалім өз қалауымен таңдап қолдана алады. Бүгінде оқу үрдісін ұйымдастыруға инновациялық оқытуға көбірек назар аударылуда. Инновация- педагогикалық категория ретінде жаңғырту, жаңарту түсінігін береді. Инновация- жаңаша ойлаудың жолы болғандықтан, оқытудың жаңа мазмұндағы түрі.

Инновациялық әдістеме- инновациялық әдіс- тәсілдер мен дидактикалық құралдарды қолдану арқылы білім негіздерін меңгертудің сипатын жаңа технологиялармен толтыруға, өзгертуге бағытталған.

Модульдік оқыту технологиясы оқу үрдісін жаңаша құруға және оптимазациялауға байланысты қазақстандық және әлемдік оқыту жүйесінің барлық саласында екңінен қолданыла бастады. XX ғ. 60- шы жылдары АҚШ, Германия, Англия сияқты елдердің оқу үрдісіне еніп, алғаш реғт осы елдерде оқытудың мазмұнына қарай оқу материлдарын бөліп оқыту тиімді деген идеяны енгізген.

Модуль (лат.) – «өлшем», «шама», «мөлшер» деген ұғымды білдіреді. Модуль арқылы оқытудың тәжірибелік тұрғыдан тиімділігін, оқу материалдарын модульге құру, соның нәтижесінде модуль арқылы ұтымды екенін Ю.У. Байсалов, Г. С. Күдебаева, Н. Оралбаева, К. Жақсылықова, Р, Жанпейісова, З.Бейсембаев, Н. Г. Нуртаева тю бю өз зерттеулерінде атап көрсетті.

Модульдік оқыту технологиясы бойынша білім алушы өз мүмкіншілігіне қарай жұмыс істейді. Модульдік оқу- білім мазмұнын әр қырынан жетілдірудің, ұйымдастырудың құралы әдісі. Сондай- ақ теориялық және практикалық білімді қамтамасыз етулің құрылымдық жүйесі.

Модульдік – оқу үрдісінің өзгеруіне байланысты үнемі толықтырылып, өзгертіліп, түрлендіріліп отырады. Модульдік оқу ұдайы дамып отыратын жүйе болғандықтан, ол белгілі бір принциптер мен заңдылықтарға сүйенеді.

Демек, әр модульдің мазмұны толықтыруға, өзгертуге ыңғайлы болып, келуі, оқу мәтіндерінің жеке модульмен берілуі,иәр блок мазмұны жағынан аяқталған болуы, оқу материалы мазмұнына қарай әр түрлі әдісө тәсілдермен түсіндіруге бағыттайтынын көрсетеді. Модульдік принциптің барлығы модульдің құрылы сының ерекшелігін ашады, оның дидактикалық принциптермен ұштасып жататынын айқындайды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда білім беру дің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптастасуда. Бұл сының процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді . Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Я.А.Каменскийдің, И.Гербарттың дәстүрлі объект –субъектілері педагогикасының орнын басқасы басты, ол бала оқу қызметінің субъектісі ретінде , өзін өзі өзектілендірудге, өзін танығуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын жазушы тұлға ретінде бағытталған . Мұндай жағдайда педагогикалық процестің манызды құрамы оқу ісіндегі субъектілер-оқытушы мен оқушының тұлғалық –бағытталған өзара әрекеті болып табылады.
Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін , білігі мен дағдысын емес , оның тұлғасын, білім алу арқылы, дамуын қойып отыр.
Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшілігі- баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.
«Педагогикалық технологиялар – бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің : оқу –тәрбие процессін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің , мазмұнынң, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері ,мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп , ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды»
Бүгінгі таңда П.М.Эрдниевтің дидактикалық бірліктері шоғырландыру технологиясы , Д.Б.Эльконин мен В.В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы , В.Ф.Шаталовтың оқу материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқында оқыту технологиясы, М.Чошановтың проблемалық модульді оқыту технологиясы, П.И.Третьяковтың , К.Вазинаның модульды оқыту технологиясы, В.М.Монаховтың , В.П.Беспальконың және басқа көптеген ғалымдарың технологиялары кеңінен танымал.

Қазақстанда Ж.А.Караевтің, Ә.Жүнісбектің және т.б.ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда.



Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заныңда оқыту формасын, әдістерін , технологиялар таңдауда көп нұсқулық қағидасы бекітілген , бұл білім мекемелерінің мұғалідеріне , педагогтарының өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға , педагогикалық процесті кез келген үлгімен , тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді.
Модуль дегеніміз –қандайда бір жүйенің ,ұйымның нықталатын, біршама дербес бөлігі.
Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш құрылымды бөліктен тұрады. Кіріспеден , сөлесу бөлмнен тұрады: кіріспеден , сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімнен тұрады. Әр оқушы оқу модулінде сағат саны әр түрлі болад. Бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты.
Оқу модулінің ерекшілігі –жлпы сағат санына қарамастан ,кіріспе және қорытынды бөлімдерге 1-2 сағат беріледі. Барлық қалған уақыт сөйлесу бөлімінің меншігінде болады.
Кіріспе бөлімінде мұғалім оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен , оның мақсат-міндеттерімен таныстырады. Сонан солң мұғалім осы модулінің барлық уақытында есептелген оқу материалын қысқаша (10-20 минут ішінде ), сызба, кесте және т:б: белгілік үлгілерде сүйне отырып түсіндіреді. Тақырып мазмұна на (тұтас тақырып немесе тарау бойынша) «өсу» бағытымен –қарапайымнан күрделіге, репродуктивтік тапсырмалардан шығармашылық сипаттағы тапсырмаларға , зерттеушілік қызмет элементтеріне қарай бірнеше мәрте қайта оралып отыру әр оқушыға оқу материалымен жұмыс істей отырып , өз қабілеттерін , жадын, ынтасын , ойлауын , ауызша және жазбаша тілін дамытады.Психологтардың пайымдауынша, әрбір дербес тарауды оқып-үйрену үш негізгі кезеңне тұрады: кіріспе –қызықтырушылық, опериационалдық-танымдық және рефлексиялық-бағалау кезеңдерінен тұрады.
Психологтар дәлелгендей, білімді неғұрлым тиянақты меңгеру үшін оқушылардың мақсаты түсінуі аса маңызды. Ол үшін психологтардың пікірінше , мақсат оның мағынасы нақты айқын белгіленіп, мақсатқа жету тәслдері көрсетілуікерек.
Объектілердің нақты қасиеттері жайлы білімді қалыптастыруға түсіндіруді сызба және белгілік үлгілер түрінде көрініс тапқан әрекетін бастаған тиідірік екені эксперимент көрсетіп отыр.
Қандай да бір құбылыстытну барысында адамда оны түсінгендік, меңгергендік сезімі пайда болуы тиіс.
Жадыны және келешекте алынған білімге сүйену мүмкіндігін қорғау үшін, психолог Л.В.Шешневтің пікірінше ,біріншіден , алғашқы түсінбеушілік сезімі жадыда сақталмауы тиіс; екіншіден жады меңгерілген ұғымдар мен түсініктерді қорғау қапшығына , берік жабылған «орамаға» салып сақтауы және ұсынуы тиіс. Мұндай орамы «қызметін» белгі белгілік жүйе атқарады.
Сөйлесу бөлімінде танымдық процесс сыныпты 2-6 дамнан шағын топтарға бөлу арқылы негізінен оқышылардың өзара әрекет етуіне құрылған. Оқушылардың танымдық қызметі әрбір оқушының әр сабақта үш күрделік деңгейде берілген оқу материалын тыңдау ,жазу,көру және айту мүмкіндігі болатындай етіп құрылған.
Оқытудың ойын түрінде ұйыдастыру жіне әр түрлі белсенді формаларды қолдану-оқытудың міндетті шарты болып табылады. Сөйлесу бөлімінде алғашында оқу материалын қайта жаңғырту және қарапайым білік пен дағды алыптастыру мақсатында кейінен –алынған білімді талдау, жинақтау және бағалау мақсатында оқытудың белсенді формалары қолданады. Оқу модулінің сөйлесу бөлімі тарауды тұтас оқып үйренудің екінші-операционалдық- танымдық кезңнен іске асыру болып табылады.

Модуль дегеніміз – қандай да бір жүйенің, ұйымның анық-талатын, біршама дербес бөлігі.

С.И.Ожегов: Интерактивті процесс дегеніміз — педагогикалық процеске қатысушы-лардың өзара ықпалдастығы мен бір-біріне өзара әсерінің мақсатқа бағытталған түрдегі үрдісі. Бұл ықпалдастықтың негізінде оған қатысушылардың әрқайсысының жеке тәжірибесі жатыр.

«Интерактивтік» деген сөз энциклопе-дияда көрсетілген, интеракция деген ұғымнан келіп шығады. Ал интеракция жеке индивидтің, жұптың, топтың өзара біріккен әрекетте бір-біріне алма-кезек әсер етуі. Интеракция әрекет барысында, әсіресе диалог сөзге үйретуде субъектілердің белсенділігін, олардың шығармашылық ниетін және бірігіп әрекет етуге ұмтылуын қамта-масыз етеді.

Мақсаты:


  • оқу процесінде оқушылардың шығармашылығын дамытуға қолайлы жағдай туғызу.

Оқушының шығармашылығын дамытуға бағытталған мектеп іс-әрекетінің құрылымдық жүйесi

Шығармашылыққа, жаңа, тың нәрсе жасау тән десек, ертеден белгілі нәрсені қайталауды немесе көшіруді шығармашылық деп айтуға болмайды, бірақ бұрыннан белгілі, таныс нәрселердің өзінен қандай да бір ерекшелік табу, оны жаңаша түрде жасау, ерекше қасиеттерін табу шығармашылыққа тән құбылыс деп тұжырымдауға болады. Шығармашылық әрекетке – оқушының проблеманы көре білуі, өз іс–әрекетінің бағдарламасын жасай білуі және ойды іске асыру үшін жаңа идеялар тудыра алуы жатады.

Оқушылардың шығармашылығын дамыту процесінің даму кезеңдері:

I. Даярлық кезеңi.



  • а) пәнге деген тiкелей қызығушылық;

  • ә) оқушының қандай да бiр оқу пәнiнiң әлеуметтiк және практикалық мәнiн бағалауы;

  • б) оқушының оқу пәнiнiң өз жоспарындағы және болашақтағы рөлiн бағалауы.

II. Практикалық кезең.

  • а) жайлы көңiл-күй;

  • ә) танымдық қызметтегi өз тәжiрибесiн қолдану және жағымды өзгерту қажеттiлiгi.

III. Шығармашылық кезең.

  • Берiлген оқу пәнi материалдары бойынша бiлiмiн топтау және бағалау қажеттiлiгi.

IV. Қорытынды

V. Релаксация (босаңсу, еркiн сезiну).

Міндеті:


  • жеке тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыру;

  • таным процестерін дамыту;

  • танымдық қабілеттерін дамыту;

  • сөздік қорын дамыту;

  • оқу себептілігінің өзгеруі.


17 дәріс .

Дамыта оқыту технологиясы                                

Сабақ жоспары:

1.Дамыта оқыту технологиясын қолдануда оқушыға тиянақты білім берудің ерекшелігі .

2.дамыта оқыту технологиясы сабақта қолдану арқылы оқушының шығармашылыққа баулу.

Оқу – адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады.


«Даму»  ұғымы сөздікте «... мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы,»-деп түсіндіріледі. (11.141)
«Даму» ұғымының психологиялық анықтамасы-жаңарту процесі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны береді. Барлық табиғат құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып, өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады.
Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылыми жеткілікті дәрежеде дәләлдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған көрнекті психолог Л.С. Выготский. (12. 128)

Ол дамуды оқытумен тең, керісінше оқу мен даму екі бөлек процесс деген көзқарастарды қатты сынға алды. Ең алғаш рет бала дамуының төмендегідей екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды.

1.Бала дамуының жақын аймағы – баланың тек үлкендердің көмегі арқылы атқара алатын істері.

2.Бала дамуының қол жеткен аймағы – баланың үлкендердің көмегінсіз істей алатын істері.


Баланың дамуы бірінші аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады. Дамудың қол жеткен аймағы жақын аймақпен өзара қызметтесе отырып, оны игерген кезде дамуға өріс ашылады.

И.Я.Лернер «даму» деген ұғымды педагогикалық заңдылықтарға негіздей отырып, адамның әртүрлі қиындықтардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы деп түсіндіреді. Мұндай анықтама интеллектуалдық іс-әрекетті жоғары орынға шығарады. Мәселе қаншалықты күрделі болса, оны шешуге жұмсалатын ақыл-ой қызметі де соншалықты кең, аумақты, демек даму деңгейі де жоғары болады. (13.56.)


Л.В.Занков ақыл-ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды іске асырады деп есептейді. Олар байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білу, практикалық іс-әрекеттер атқара білу. (14.67.)

В.В.Давыдов ақыл-ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысын есептейді. (15.46)

Тұтас алғанда барлық авторлардың даму туралы ойлары оқыту барысында баланың психикасының жаңа сапалық деңгейге көтерілуі дегенге келіп саяды және оның басты шарты ретінде әрекет алынады.

Мектеп оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының  дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл-ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен


практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз. Дамыта  оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.
«Дамыта оқыту» деген термин психология ғылымының қойнауында туып, баланың дамуын қарастырған (Ж.Пиаже), ойлаудың әртүрлі деңгейін, типтерін (Л.В.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн) және басқа да психиканың функциясын зерттеген (Б.Г.Ананьев, Г.С.Костюк, А.А.Люблинская, Н.А.Менчинская) және т.б.іс-әрекет теориясының психологиясын жасаған (А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин) еңбектерінде жан-жақты талданды. Нәтижеде дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент жасалып, оның бірін Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, ал екіншісін Л.В.Занков басқарады.
Кейінгі жылдары дамыта оқыту психология мен педагогика ғылымдарының келелі мәселесіне айналды. Жүйенің авторлары « дамыта оқыту деп – оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды» атайды.(16.85). Оқыту арқылы баланың психикасында жаңа құрылымдар пайда болуы, яғни жаңа сапалық өзгерістер болуы тиіс деп есептейді. Жүйенің басты мақсаттарының бірі – баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау.
Дамыта оқыту – дәстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін балама жүйе деп қарастырылды. Оның нәтижесінде әр оқушы өзін-өзі өзгертуші субъект
дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған оқыту барысында лайықты жағдайлар жасау үлкен нәтиже берді. Дәстүрлі және дамыта оқыту жүйелерінің негізгі белгілерінің салыстырмалы сипаттамасы.

18 дәріс. Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту.

Сабақ жоспары:

1.Оқушыны өзіндік ойлауға баулу, технологияның оқушы білімін шыңдаудағы ролі.

2.Деңгейлік тапсырмалар арқылы өз білімін толықтыру.

Соңғы он жылда білім беру сапасын демократияландыру, ізгілендіру, технологиялау ісі мен инновациялық қозғалыстар қарқынды дамуда.Қазіргі таңда үздіксіз білім беруді дамыту, дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында елімізді білім берудің жаңа жүйесі құрылып жатыр. Осыған орай ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында: «Бізге экономикалық қоғамдық жаңару қажетттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» делінген. Сол білім беруді дамыту ісі жеке тұлғаға мәдени-тарихи құндылықтарды, нормалар мен дәстүрлерді, білім берудің арнайы таңдап алынған мазмұны мен нысандарын беру болып табылады.Сондықтан өмірге жан-жақты дайындалған, еңбексүйгіш, ынталы, шығармашылықпенойлайтын, интеллектуальдық және адамгершілік тұрғысынан бай, жоғары білімді жеке тұлғаны оқытып- тәрбмелеу қажеттілігін дамыту мәселесі тұр..

 

Педагогикалық технология дегеніміз- тәжірибеде жүзеге асырылып, нәтиже беретін белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы (В.П.Беспалько)


Кеңінен қолданылып жүрген технологиялардың бірі- Ж.А.Қараевтың «Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі». Бұл технология оқушылардың ізденушілік,өзіндік жұмыс істеу, білімді сапалы қабылдау, шығармашылықтарын арттыра түсуге бағыттайды, мәселені тиімді шешудің жаңа мүмкіндіктерін анықтайды.Сабақта осы жобаны енгізбей тұрып-ақ келесі дайындықтар жүргізілді.
І. Дайындық кезеңі:

  1. А. Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясының мазмұнымен және  өзіндік ерекшеліктерімен теория жүзінде таныстым

  2. «Кейін бұл деңгейлік тапсырмаларды шығармашылық негізде құрса қалай    

    болады ?-деп ойлап, оны басқаша құру жолын іздестірдім.

  1. Шығармашылық  негізде құрылған деңгейлік тапсырмалар өз  

     нәтижесін бере ала  ма және  оқушы үшін тиімді ме деп оны өз   
тәжірибеме енгізе  бастадым.
5. Оқушының шығармашылығын арттыру үшін ұстаз ең алдымен өзі де    
шығармашылық туралы толық мағұлматы болуы керек. Сол себепті  
психологиялық және педагогикалық деректер де негізгі алынды.
Шығармашылықтың алғы шарты әр адамда болады, бірақ ол байқала бермейді. Сол себепті оны қабілет, әлеует ретінде сипатталады. Оның іске қосылуы ішкі қажеттілікті қанағттандырудан туындайды. Өмір сүру барысында қабілет әр түрлі деңгейде, әртүрлі деңгейлік пен жылдамдықта көрініс береді. Сол себепті ол «жасырын» жағдайдан актуальді жағдайға ауысып отырады.Психология ғылымында шығармашылық жалпы тұлғалық категория, оның мазмұны әртүрлі түсінік деңгейінде көрініс береді.,сапасы биологиялық және әлеуметтік факторлармен байланысты, байқалып өріс алу дәрежесі әлеуметтік жағдайлар мен тұлғаның өзіндік белсенділігіне тәуелді. Ғылымда шығармашылық туралы  ұғым ХІХ-ХХ ғасырларда пайда болып, зерттеле бастаған.Отандық белгілі психолог Қ.Жарықбаев шығармашыл тұлға туралы былай дейді: «Басқалардан көмек күтпей, мәселені шешуде басқа біреудің әдісін қайталамай, қалайда өзі шешуге тырысатын адам-шығармашыл ойдың иесі».Шығармашылық туралы көптеген пікірлер бар.Психолог А.Лернер «Шығармашылық әрекет –білім, білік,дағдыны жаңа жағдайға тасымалдай білуі, нысанның жаңа жаңғдайды көре білуі, жаңа шешімді таба білуі»-деп баға береді.
ІІ.Сыныпты  бақылау кезеңі:

Алға қойылған мақсат пен міндетті жүзеге асыруда 5 және 6- сынып оқушылардың шығармашылық бейімділіктері психологиялық тестер арқылы анықталды. Ол тест қорытындысы диаграммада көрсетілген.


       5- сынып оқушыларының шығармашылық деңгейі



Шығармашылық сабақ

Күнделікті дәстүрлі сабақ

 1

Оқушы өзі ізденеді,өзі оқып, өзі үйренеді.

Мұғалім оқушыға дұрыс, дайын ақпаратты береді.

2

Оқушы  ақпаратты іздеуші, жазып алушы

Оқушы ақпаратты қабылдаушы, тыңдаушы

3

Проблемалық оқыту іске асырылады

Репродуктивті әдістер қолданады.

4

Оқушы белсенді  қызмет атқарады

Мұғалім басыңқы  қызмет атқарады

5

Жаңа нысанды зерттейді

Жаңа материалды тыңдайды, есте сақтайды

6

Шығармашылық «өнім» ойлап табады

Жаңа білімді меңгереді.


ІІІ.Қалыптастыру кезеңі:
Ж.Қараевтың  оқушыны дамытудағы деңгейі негізінде біз оқушыны қалай шығармашылық деңгейге жеткіземіз?
Ол үшін өлең жазатын балалар саны  және жекелей оқушылардың қызығушылықтары  анықталады.
Шығарма жазалатындар саны және суретке қарап әңгіме құратындар саны жоғары. Себебі оқушылар мұндай жұмыспен бастауыш сыныптан бастап айналысып келе жатыр. Сол себепті оларға бұл жұмыс түрі оңай болды. Бірақ кейбір оқушыларда шығарма жазу барысында көптеген сөздік қорлардың жетіспеушілігі байқалды.Ал өлең жазуда  3 оқушы өздерінің өлең шығарушылық  қабілетін байқатты.  Шығарма жазатын оқушылардың арасында өлең шығаруға бейімділіктері бар оқушылар да анықталды. Бірақ олармен жұмыс істеу ғана жетіспейтіндігі көрінді.Сондықтан ол
оқушылармен  шығармашылық жұмыс істеу белгіленді. Оның ішінде шығармашылық деңгейлік тапсырмалар беру жоспарланды.

Шығармашылық қабілеттері       

                     Бойынша



 Өлең жазатын оқушылар саны

Суретке қарап әңгіме жазатындар саны

Шығарма жаза алатындар саны

      3  оқушы

   15 оқушы

15 оқушы

Осындай психологиялық сауалнамалар мен тестер алынғаннан кейін оқушыларды шығармашыллыққа бейімдеудің деңгейлері анықталды.
Шығармашылықтың І деңгейі -ұстаз бен оқушылардың қарапайым, жайлы, ынтымақтаса қарым-қатынас жасау арқылы шығармашылыққа бейімдеу.Оқушы бұл деңгейде күрделі емес, сөз тіркесін, сөйлем құру сияқты тапсырмаларды орындайды.
ІІ деңгейі- сабақ барысында жоспарлаудан бастап іс- әрекетті тиімді ұйымдастыру. Бұл деңгейде оқу- тәрбие жұмыстарының мазмұны мен әдістері, түрлері таңдалып, іріктеледі.Оқушыға  қиынырақ, ойланып, өз пікірін айта алатын тапсырмалар беріле бастады.
ІІІдеңгей- айқындалу- ұстаз бен оқушы  шығармашылық жұмыстың жетекші түрін анықтап, күрделі жұмыстармен айналысады.: шығармашылық кеш ұйымдастыру, өлең шығару, көрме ұйымдастыру, шағын ғылыми жоба жазу...
Менің тәжірибемде шығармашылықтың І және ІІ деңгейлері іске асырылды.
Бұл деңгейлер тәжірибеде қалай іске асырылды?Ол үшін не жасалды?
1. Әр пәннің тақырыбына лайықтап деңгейлік тапсырмалар дайындалды.
19-дәріс.

Тақырыбы.Модулдік оқыту технологиясы.

Жоспары.

1.Жаңа педагогикалық технологияларды қолданудың маңыздылығы.

2.Модульдік технологияның сипаты,құрылымы.

3.Модульдік технологияның мақсаты мен әдістері.

4.Модульдік технология арқылы оқытудағы оқушының еркін түрде білім алуы.

Сабақтың мақсаты:Модульдік оқыту технологиясының қалыптасу жолдары.Бұл технологияның жетістіктері.
Қай технология болмасын жеке тұлғаның өзін- өзі дамытуына, шығармашылық қабілетін арттыруына, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруына көмектеседі. Педагогикалық технологиялардың қай- қайсысы болмасын бірін- бірі толықтырып, сабақтасып келеді. Жоспарланған нәтижеге жетуге, қойылған мақсаттың орындалу мүмкіндігіне кепілдік береді. Демек, педагогикалық технология мен әдістемелері ретіне қарай мұғалім өз қалауымен таңдап қолдана алады. Бүгінде оқу үрдісін ұйымдастыруға инновациялық оқытуға көбірек назар аударылуда. Инновация- педагогикалық категория ретінде жаңғырту, жаңарту түсінігін береді. Инновация- жаңаша ойлаудың жолы болғандықтан, оқытудың жаңа мазмұндағы түрі.

Инновациялық әдістеме- инновациялық әдіс- тәсілдер мен дидактикалық құралдарды қолдану арқылы білім негіздерін меңгертудің сипатын жаңа технологиялармен толтыруға, өзгертуге бағытталған.

Модульдік оқыту технологиясы оқу үрдісін жаңаша құруға және оптимазациялауға байланысты қазақстандық және әлемдік оқыту жүйесінің барлық саласында екңінен қолданыла бастады. XX ғ. 60- шы жылдары АҚШ, Германия, Англия сияқты елдердің оқу үрдісіне еніп, алғаш реғт осы елдерде оқытудың мазмұнына қарай оқу материлдарын бөліп оқыту тиімді деген идеяны енгізген.

Модуль (лат.) – «өлшем», «шама», «мөлшер» деген ұғымды білдіреді. Модуль арқылы оқытудың тәжірибелік тұрғыдан тиімділігін, оқу материалдарын модульге құру, соның нәтижесінде модуль арқылы ұтымды екенін Ю.У. Байсалов, Г. С. Күдебаева, Н. Оралбаева, К. Жақсылықова, Р, Жанпейісова, З.Бейсембаев, Н. Г. Нуртаева тю бю өз зерттеулерінде атап көрсетті.

Модульдік оқыту технологиясы бойынша білім алушы өз мүмкіншілігіне қарай жұмыс істейді. Модульдік оқу- білім мазмұнын әр қырынан жетілдірудің, ұйымдастырудың құралы әдісі. Сондай- ақ теориялық және практикалық білімді қамтамасыз етулің құрылымдық жүйесі.

Модульдік – оқу үрдісінің өзгеруіне байланысты үнемі толықтырылып, өзгертіліп, түрлендіріліп отырады. Модульдік оқу ұдайы дамып отыратын жүйе болғандықтан, ол белгілі бір принциптер мен заңдылықтарға сүйенеді.

Демек, әр модульдің мазмұны толықтыруға, өзгертуге ыңғайлы болып, келуі, оқу мәтіндерінің жеке модульмен берілуі,иәр блок мазмұны жағынан аяқталған болуы, оқу материалы мазмұнына қарай әр түрлі әдісө тәсілдермен түсіндіруге бағыттайтынын көрсетеді. Модульдік принциптің барлығы модульдің құрылы сының ерекшелігін ашады, оның дидактикалық принциптермен ұштасып жататынын айқындайды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда білім беру дің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптастасуда. Бұл сының процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді . Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Я.А.Каменскийдің, И.Гербарттың дәстүрлі объект –субъектілері педагогикасының орнын басқасы басты, ол бала оқу қызметінің субъектісі ретінде , өзін өзі өзектілендірудге, өзін танығуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын жазушы тұлға ретінде бағытталған . Мұндай жағдайда педагогикалық процестің манызды құрамы оқу ісіндегі субъектілер-оқытушы мен оқушының тұлғалық –бағытталған өзара әрекеті болып табылады.


Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін , білігі мен дағдысын емес , оның тұлғасын, білім алу арқылы, дамуын қойып отыр.
Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшілігі- баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.
«Педагогикалық технологиялар – бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің : оқу –тәрбие процессін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің , мазмұнынң, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері ,мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп , ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды»
Бүгінгі таңда П.М.Эрдниевтің дидактикалық бірліктері шоғырландыру технологиясы , Д.Б.Эльконин мен В.В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы , В.Ф.Шаталовтың оқу материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқында оқыту технологиясы, М.Чошановтың проблемалық модульді оқыту технологиясы, П.И.Третьяковтың , К.Вазинаның модульды оқыту технологиясы, В.М.Монаховтың , В.П.Беспальконың және басқа көптеген ғалымдарың технологиялары кеңінен танымал.
Қазақстанда Ж.А.Караевтің, Ә.Жүнісбектің және т.б.ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заныңда оқыту формасын, әдістерін , технологиялар таңдауда көп нұсқулық қағидасы бекітілген , бұл білім мекемелерінің мұғалідеріне , педагогтарының өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға , педагогикалық процесті кез келген үлгімен , тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді.
Модуль дегеніміз –қандайда бір жүйенің ,ұйымның нықталатын, біршама дербес бөлігі.
Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш құрылымды бөліктен тұрады. Кіріспеден , сөлесу бөлмнен тұрады: кіріспеден , сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімнен тұрады. Әр оқушы оқу модулінде сағат саны әр түрлі болад. Бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты.
Оқу модулінің ерекшілігі –жлпы сағат санына қарамастан ,кіріспе және қорытынды бөлімдерге 1-2 сағат беріледі. Барлық қалған уақыт сөйлесу бөлімінің меншігінде болады.
Кіріспе бөлімінде мұғалім оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен , оның мақсат-міндеттерімен таныстырады. Сонан солң мұғалім осы модулінің барлық уақытында есептелген оқу материалын қысқаша (10-20 минут ішінде ), сызба, кесте және т:б: белгілік үлгілерде сүйне отырып түсіндіреді. Тақырып мазмұна на (тұтас тақырып немесе тарау бойынша) «өсу» бағытымен –қарапайымнан күрделіге, репродуктивтік тапсырмалардан шығармашылық сипаттағы тапсырмаларға , зерттеушілік қызмет элементтеріне қарай бірнеше мәрте қайта оралып отыру әр оқушыға оқу материалымен жұмыс істей отырып , өз қабілеттерін , жадын, ынтасын , ойлауын , ауызша және жазбаша тілін дамытады.Психологтардың пайымдауынша, әрбір дербес тарауды оқып-үйрену үш негізгі кезеңне тұрады: кіріспе –қызықтырушылық, опериационалдық-танымдық және рефлексиялық-бағалау кезеңдерінен тұрады.
Психологтар дәлелгендей, білімді неғұрлым тиянақты меңгеру үшін оқушылардың мақсаты түсінуі аса маңызды. Ол үшін психологтардың пікірінше , мақсат оның мағынасы нақты айқын белгіленіп, мақсатқа жету тәслдері көрсетілуікерек.
Объектілердің нақты қасиеттері жайлы білімді қалыптастыруға түсіндіруді сызба және белгілік үлгілер түрінде көрініс тапқан әрекетін бастаған тиідірік екені эксперимент көрсетіп отыр.
Қандай да бір құбылыстытну барысында адамда оны түсінгендік, меңгергендік сезімі пайда болуы тиіс.
Жадыны және келешекте алынған білімге сүйену мүмкіндігін қорғау үшін, психолог Л.В.Шешневтің пікірінше ,біріншіден , алғашқы түсінбеушілік сезімі жадыда сақталмауы тиіс; екіншіден жады меңгерілген ұғымдар мен түсініктерді қорғау қапшығына , берік жабылған «орамаға» салып сақтауы және ұсынуы тиіс. Мұндай орамы «қызметін» белгі белгілік жүйе атқарады.
Сөйлесу бөлімінде танымдық процесс сыныпты 2-6 дамнан шағын топтарға бөлу арқылы негізінен оқышылардың өзара әрекет етуіне құрылған. Оқушылардың танымдық қызметі әрбір оқушының әр сабақта үш күрделік деңгейде берілген оқу материалын тыңдау ,жазу,көру және айту мүмкіндігі болатындай етіп құрылған.
Оқытудың ойын түрінде ұйыдастыру жіне әр түрлі белсенді формаларды қолдану-оқытудың міндетті шарты болып табылады. Сөйлесу бөлімінде алғашында оқу материалын қайта жаңғырту және қарапайым білік пен дағды алыптастыру мақсатында кейінен –алынған білімді талдау, жинақтау және бағалау мақсатында оқытудың белсенді формалары қолданады. Оқу модулінің сөйлесу бөлімі тарауды тұтас оқып үйренудің екінші-операционалдық- танымдық кезңнен іске асыру болып табылады.


20-дәріс.

СТО бағдарламасы және сабақта қолданылуы.

Сабақтың жоспары.

1.Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының сипаты,құрылымы.

2.СТО бағдарламасын сабақ үрдісінде қолдану.

Сабақтың мақсаты. СТО бағдарламасын пайдалана отырып,әртүрлі стратегияларды қолдану.Заман талабына сай оқушыларға сапалы білім беру жүйесін арттыру.

Әдістемелік нұсқау.

Тақырыпты толығымен таныту мақсатында Қ.Бітібаеваның әдістемелік нұсқау еңбектерімен танысып,оқуды нұсқадым.

Сын тұрғысынан ойлау – ашық қоғам негізі. Ол өз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздену, әр мәселеге байланысты өз пікірін айтып, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді.

Бұл қорыту «қара пайымнан күрделіге» деп аталады.

«Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауды дамыту» (СТО) бағдарламасының қазіргі таңда білімді білгенін өмірге пайдалан алатын шәкірт тәрбиелеуде алатын орны ерекше.

Сын тұрғымынан ойлау стратегиясы бойынша жүргізілетін жұмыста оқушылардың 1) өз бетінше тұжырым жасау, қорытындыға келу;

2) ұқсас құбылыстар арасынан тиімдісін таңдай білу; 3) проблеманы шеше білу; 4) Пікірталасты жүргізе білу қабілеті қалыптасады.

СТО- оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. «Оқу және жазу арқылы» сыни ойлауды дамыту» бағдарламасына негізделген сабақтар оқушылардың білімін жан –жақты тереңірек ашуға, оларға бағыт бағдар беріп, әсер етуге.оқуы көзқарасын өзгертуге септігін тигізеді. Тегінде баланы өздігінен жұмыс істеуге, өздігінен ізденіп білім алуға үйрету – ең тиімді жол.

Шығармашылық тұлға қалыптаст ырус – қазіргі оқу процесінің ең басты талаптарының бірі болып табылады.

СТО – ның әдіс – тәсілдері оқушыларды тынымсыз ізденімпаздыққа баулиды. Оқушының еркін де терең ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады.


Әдебиетті оқытудың тиімділігін, сапасын арттыруда «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау» бағдарламасының стратегиясын ұтымды пайдалану – оқытудың шығармашылық сипатын күшейтуде маңызы ерекше. Бұл үрдіс оқуышының оқу еңбегіндегі ой дербестігін, оқу әрекетін жандагдыра отырып, сөз өнерінің ерекшеліктерін түсініп тануға, ой көзімен зерделеуде негіз болатын білім, икем дағдыларын қалыптастырады. Ең бастысы – жекелей, топта, сыныпта оқушылардың білім деңгейлерін көтеруге ретімен қолданылған тәсілдердің қай – қайсысы болмасын сабақтың сапасын арттыруға үлесі бар.

«Сын тұрғысынан ойлау сабақтарының алғышарттары

Сабақ негізгі 3 кезеңнен тұрады.Негізгі үш кезеңнін маңыздылығы.

1.Қызығушылығын ояту.

Тапсырма берместен бұрын оқушының ынтасын сабақты тыңдауға,оқуға деген ниеттілігін-оятып алу керек.Сол себепті «Сын тұрғысынан ойлау»сабақтарының алғашқы кезеңі міндетті түрде қызығушылықты оятуға арналады.



2.Мағынаны ажырату.

Сын тұрғысынан ойлау сабақтарының екінші кезеңінде оқушы негізгі тақырыппен терең танысып,жан-жақты талдау жұмыстарын жүргізіп,жаңа сабақтың мәнін тануға тырысады.



3.Ой-толғаныс

Сын тұрғысынан ойлау сабақтарының үшінші кезеңінде оқушы алған білімін жүйелеп,саралайды.Шығармашылық сезіммен жұмыс жүргізіп,ой-толғаныстарын еркін білдіре алады.



«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысын ойлауды дамыту»бағдарламасы қазіргі таңда білімді,білгенін өмірге пайдалана алатын шәкірт тірбиелеуде алатын орны ерекше.

Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша жүргізілетін жұмыста оқушылардың

Сын тұрғысынан ойлау стратегиясының дамытпала оқумен үндес екендігі көрінеді.Сын тұрғысынан ойлау мен дамытпала оқудың



Сын тұрғысынан ойлаудың маңыздылығының нәтежесі:




21- Дәріс

Озық-тәжірибе үлгілерін сабақта қолдану

Сабақтың жоспары

1 Пән бірлестік отырысында озық тәжірибе үлгілерін таңдау, мектепшілік тәжірибе алмасу.

2.Озық тәжірибе үлгілерін тиімді қолдану жолдары.

Сабақтың мақсаты: Дәстүрлі оқыту үрдісін меңгеруге ғана емес,одан да кеңірек,ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы салауаттық өмір салтын қалыптастыру.

Әдістемелік нұсқау.

Тақырыпты толығымен таныту мақсатында Қ.Бітібаеваның әдістемелік нұсқау еңбектерімен танысып,оқуды ұсындым.

Жалпы білім беретін орта мектептегі әдеби білім беруде көркем шығарманы талдау мәселесі әдеби білім берудің мазмұны мен оның құрылымына көркем қарай күрделеніп отырады.

Айталық, қазақ әдебиеті жеке пән ретінде 5- сыныптан басталады. V-IX сыныптар да базалық негізгі білім берілетін кезең. Бұл – әдеби білімнің екінші буыны. Осы буында берілетін базалық әдеби білім екі сатыда жүзеге асады. Атап айтқанда, V-VII сыныптардағы әдебиет пәні жеке көркем шығарманы оқып – үйренуге негізделген әдеби оқу сипатында болады. Мұнда оқушылардың жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне орай базалық оқу материалдары игеріледі, сосын олардың өз бетінше оқитын тйындаларның тізімі жасалып, ұсынылатын көркем мәтіннің ауқымы айқындалады. Бастауыш сыныптармен салыстырғанда бұл кезеңде оқушылардың өмірлік мағлұматтары әрі оқырмандық қабылдау дәрежесі, тәжірибе өсе түседі. Оқитын шығармалар қатары енді ауыз әдебиеті мен отандық және әлемдік әдебиеттің үздік қорынан неғұрлым күрделірек, тақырыбы мен жанрлық сипаты жағынан алуан түрлі, өткір сюжетті, көркемдік мәні жоғары туындылармен толығады. Олармен танысу, талдау талқылау барысында оқушылар әдеби туындыны тұтастай қаылдау мәдениеті, оқиғалардың өмірлік мәнін,. Көркемдік бейнелеу құралдарын ерекшеліктері мен рөлін, атқарып тұрған қызметін ұғыну дағдылары қалыптасады.

Ал VIII- IX сыныптарда көркем әдебиетті оқыту- тарихи негіздегі бастауыш курс ретінде өтеді. Мұнда тарихылық ұстанымы нысанаға алынғанымен, ол міндетті түрде ұатаң таза тарихилықты және қасаң сызықты хранологиялық құрылымды қажет етеді. VIII сынып, мәселен, жанрлық және тарихи – хронологиялық ұстанымдағы құрылымда болады. Бұл сыныпта оқушылар назарына көне түркі әдебиеттің жеке үлгілерімен қатар тарихи жағдаяттармен және ақын – жыраулар, жазушылар өміріндегі фактілермен байланыста қарастырылатын түрлі дәуірдегі жазылған туындылар ұсынылады. Мұндай шығармалар – оқушылардың адамгершілік- эстетикалық талғамдарын қалыптастыруға ықпал ететін, танымдық әрі тәрбиелік мәні жоғары шығармалар. Оған қоса бұл кезеңде лирикаға, романтикалық, фантастикалық мазмұндағы туындыларға да назар аударылады.



22-дәріс.

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.

Сабақтың жоспары.

А) Жазба жұмыстарына қойылатын негізгі талаптар.

Ә) Көркем туындыны оқыту және талдау

Сабақтың мақсаты.

Оқушыларға жазушынының жеке дара стилі туралы түсінік беріп,әдеби шығармаларды,өлеңдерді талдай білуге үйрету.



Әдістемелік нұсқау.

Көркем шығармаларды талдау жайлы мағлұматты кеңінен Қ.Бітібаеваның еңбектерінен алуға нұсқаймын.

Оқушылардың оқу материалын меңгергенін тексеру және бағалау – оқыту нәтижелерін бақылау, оқу процесінің әр түрлі кезеңіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқару.
Білімді тексеру және бағалау оқушының білім алуына көмектесіп, оның және мұғалімнің білім сапасы жөнінде сандық мәлімет береді. Мұғалім оқушының білім деңгейінен хабар алып, оның танымдық жұмысын ұйымдастыруға негіз жасайды. Мұғалім өз жұмысындағы жетістіктер мен кемшіліктерге баға беріп, жұмыс әдістерін толықтырып, түзетіп, жеке оқушылармен жұмыстың жолдарын және құралдарын тауып, бағдарламалық білімдердің меңгерілуі деңгейін анықтайды.
Оқушы тақырыпты қаншалықты деңгейде меңгергенін ұғады. Егер білімді тексермесе, онда оқушы өз білімін терең, жан-жақты және дұрыс бағалай алмайды. Оқушы баға алған соң өзінің мектептегі, үйдегі жұмыстарын жетілдіруге, жақсы сапаларын дамытуға, білім, іскерлік, дағдыларындағы кемшіліктерді жоюға мүмкіндік алады.
Білім, іскерлік және дағдыларды тексеру және бағалау тәрбиеге де ықпал етеді. Оқушылардың өз оқулары, табысы, сәтсіздіктері туралы ой-пікірлері қалыптасып, қиындықты жеңуге ұмтылады. Баға оқушының өзі туралы ойына қозғау салады.
Білімді тексеру және бағалаудың мемлекеттік маңызы бар. Мектептің, мұғалімдер ұжымының жұмысын білімді басқару органдары оқушылардың үлгеріміне қарап бағалайды. Мектеп әкімшілігі, қалалық, аудандық, облыстық білім беру ісін басқару органдары, Білім және ғылым министрлігі оқушылардың білімдерінің сапасын, мектеп және мұғалімдердің жұмысының жетістіктерін және кемшіліктерін білу үшін бақылау және тексеру жұмыстарын береді.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі


  1. Бітібаева Қ. Әдебиет пәнін оқытудың тиімді жолдары. Алматы, 1990.

  2. Дайырова Ә., Тілешова С. Әдебиет оқулығына әдістемелік нұсқау. Алматы, 1996.

  3. Әдебиет оқу кітабына қосымша материал. Алматы, 1997.


23-дәріс.

Әдебиет сабағында жазба жұмыс түрлері,оларды өткізудің әдіс-тәсілдері,бағалау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет