Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттері


Жалпы  білім беретін мектептегі әдебиет      курсының мазмұны мен құрылысы



бет4/4
Дата05.06.2020
өлшемі25,58 Kb.
#72416
1   2   3   4
Байланысты:
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттері

Жалпы  білім беретін мектептегі әдебиет      курсының мазмұны мен құрылысы.


  • Әдебиеттің адамзат қауымы ғасырлар бойы жасаған өнердің бір түрі. «Өнер алды- қызыл тіл» деп, халық даналығы айтқандай, әдебиет сөз, тіл өнері.«Әр оқу пәні бойынша меңгерілуге тиісті білім мазмұны мен мөлшерін, білік пен дағдыларды және оқу жылдары бойынша бөлінген бөлімдер мен тақырыптардың мазмұнын анықтайтын құжат бағдарлама деп аталады».

  • Жалпы білім беретін орта мектептерге арналған бағдарламалар оқу пәнінің белгілеу формасы болып табылады және білім мазмұнын нақты оқу үрдісіне енгізу үшін жоспарланған мазмұнның іске асырылуы үшін қызмет етеді. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің қалыптасу үрдісінде негізгі басымдылық бағдарламаға берілген. Қазақ әдебиетін  дербес пән ретінде  оқыту 30 жылдардан басталып, 1932 жылы шыққан бағдарлама  әдістеме тарихындағы әдістемелік туынды болды. Қазақ әдебиетінен бірінші оқу бағдарламасы ретінде тарихи маңіызды болып табылатын бұл құжат бағдарламалық мазмұннан алыс, негізінен тізім түрінде көбіне қоғамдық, саяси тақырыптағы туындылардан құрылған еді. Тек 1934 жылы ғана тарихи- әдебиетік жүйемен тізілген таза әдебиет бағдарламасы жасалды. Алайда мұнда да көркем мәтіндерді оқытудың әдіс-тәсілдері тиісті дәрежеде көрсетілмеді.

  •      1937 жылдың желтоқсанында өткізілген тіл және әдебиет мұғалімдерінің республикалық кеңесінде «Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқыту сапасының жайы, тұрақты оқулықтар мен программалар жасаудың мәселелері» талқыға салынып, соның қортындылары бойынша 1937-1938 оқу жылында ана тілі мен қазақ әдебиетінің программасы жасалынып, оның негізінде оқулықтар жазылды. Ү-Х сыныптарға арналған бағдарламада әдебиетті мектепте оқыту , Ү-ҮІІ сыныптар үшін «Әдебиеттік оқу», ҮІІ-Х сыныптар үшін «Тарихи әдебиеттік курс» деген атпен беріліп, екі сатыға салынып көрсетілді. Мұнда әдебиетті оқыту әдістеріне біршама көңіл бөлініп, шығарманың көркемдік-идеялық мазмұнын ұғындыруға бағыт алынды. Ал бағдарламаның әдістемелік нұсқауларының кеңейтілуі 1941 жылы жетілдіріп шығарылған бағдарламада көрініс тапты. Бұл бағдарлама бұрынғы бағдарламаларға  қарағканда әдістемелік, білімдік жағынан әлдеқайда сапалы екенін танытты. Сөйтіп, бұл бағдарлама 1947 жылға дейін қолданылып келді.

  •    Кезіндегі идеялогиялық мәселелерді қайта құру  жөніндегі  науқандық шараларға  байланысты 1947 жылы қазақ әдебиетінің жаңа бағдарламасы шыққанымен , оның саяси идеялық деңгейін қайта қарастырып, 1951 жылы жаңа бағдарлама жарық көрді. 1952 жылғы шыққан бағдарламада оқытылатын көркем шығармаларды  маркстік-лениндік ғылым тұрғысынан қайта қарап,  іріктеп енгізумен бірге, ол шығармаларды оқып үйренудегі жұмыс түрлері , әдіс-амалдары көрсетілді.1950-1960 жылдардың арасында бұл идеялогиялық нұсқаулардың біржола орнықтырылуымен байланысты 1954 жылы әдебиет бағдарламасы жаңартылып басылып, оның басты бағыттары содан кейінгі бағдарламалар негізінде сақталынып отырды.

  •     Содан кейінгі қазақ әдебиетінің жаңартылған бағдарламасы 1967 жылы басталып, 1972 жылы мектептердің жаңа бағдарламаларға көшуі қарсаңында, яғни 1972-1973 оқу жылдарында біршама өзгертіліп шығарылды. Сонымен қазақ әдебиетін мектепте оқыту үшін жасалынып келген оқу бағдарламаларының даму, қалыптасу жолын шолатын болсақ, 1940-1990 жылдар аралығында уақыт талабына және үстем идеологиялық саясат ықпалынан кейбір түзетулер болып отырғанымен, негізі сақталып келгенін, оқу бағдарламалары мен оқулықтардың тұрақтану қалпында болғанын айтуға негіз бар. Бұл бағдарламалардың негізі ұстанымдарында  тарихилық, партиялық, концентристік (өрлемелі қайталаулар) ұстанымдар алынды. Осындағы концентристік ұстанымның бүгінгі бағдарламаларға әлі де өзек болып отырғанын айта кету жөн. Бүгінгі оқу бағдарламаларының негізінен партиялық ұстанымды алып тастағанымен бағдарлама жасаудың қалған дәстүрлері мен қалған тәжірибесі сақталып келе жатқаны мәлім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет