Бирмуканова А. М.
-қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі «№3 орта мектебі» ММ
«Қазақ әдебиетін оқытуда жаңа технологияларды қолдану әдістемесі»
“Білімді ұрпақ-болашақтың кепілі”,- демекші, қазіргі таңда елдің болашақ азаматтарын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі-мемлекетіміздің басты саясатының бірі. Білім мен ғылымның ел дамуына оңтайлы әсер етуі үшін демократияландыру, оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, білімге, бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Сондықтан ұстаз іс-әрекетін жаңа талап тұрғысынан ұйымдастыру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Мұғалім өз білім-білігін, оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруы және жаңа педагогикалық технологияны меңгеруі тиіс.
Міне, қазіргі білім беруді дамыту.оқыту үрдісін жетілдіріп, оны аса жауапкершілікпен ұйымдастырып отыру керектігі туралы ойларды
А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев сынды алаш арыстары сол кездің өзінде-ақ айтып кеткен.
Қазіргі танда педагогикалық жаңаша үрдістерде білім мен тәрбие берудегі ізгілендіру, жариялылық, педагогикалық ынтымақтастық, ғылыми-әдістемелік тың ізденістерге сүйене отырып, жаңашылдыққа талпыну қажет екендігін айтады.
Оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық. коммуникациялық желілерге шығу-XXI ғасырдың басты талабы.
Сабақты жаңашыл үрдіспен өткізу-оқушылардың білім сапасын арттырып, олардың шығармашылық және ойлау қабілеттерін дамытып отырады, ал педагогтар үшін кәсіби шеберліктерінің өсуіне жәрдемдеседі.
Оқытудың жаңа технологиялық әдістерін пайдалана отырып, өздіктерінен ойлана алатын, ізденгіш, шығармашалықпен жұмыс істейтін тұлғаны тәрбиелеу тиімді.
Оқушылардың рухани-шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту салауатты өмір сүру салтының берік негіздерін қалыптастыруда, кешегі мен бүгінгіні салыстыра айта білудегі қабілеттерін шыңдауда пән мүғалімінің атқарар жүгі ауыр. Оқушылардың ой еркіндігін жетілдіру ғылыми шыгармашылыққа баулу-білім беру ісін демократияландырудың негізі болып табылады. Әсіресе, әдебиет пәнін терендетіп оқытуда оқушыларды ғылыми жұмыстарға баулу тәсілдері, әр түрлі ізденіс сипатындағы тапсырмаларды жүйесімен нақты орындату.
“Сабақ беру үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жетілдіруді қажет ететін, үнемі жаңаны табатын өнер”,- деп Ж. Аймауытов айтқандай, сабақ беруді өнер деп бағалау тегін емес. Соның ішінде әдебиет сабағы – асыл өнер сабағы. Асыл сөз өнерін терең ой мен эмоция, сезімге беріліп, шабыттана қиялдау, елестету, болжау мен оқушыларды шығармашылыққа жетелейтін өнер сабағы. Сабақ үрдісінде берілетін мазмұнды бүгінгі күннің өзекті проблемасының байланыстыра өту – балаға ой салу, ойланту, өмір сабағы.
Оқыту-арнайы танымдық іс-әрекет. Ол – негізгі ойдың, ақылдың жұмысы. Оқыту арқылы балаға қоғам өзінің ғасырлар бойы жинаған асыл мұрасын, дағды, тәжірибесін береді. Оқыту процесінің жүйелі, түсінікті, нақты қалыптасуы танымдық іс-әрекеттің маңыздылығын арттырады. Олай болса, “Білімдендіруді жүзеге асыратын-мұғалім”, – дейді Ж. Аймауытов.
Ендеше, мұғалім оқушыларды білім жүйесімен, іскерлікпен, дағдымен қаруландырып қана қоймай, олардың танымдық, шығармашылық қабілетін дамытады
Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда оқушының бейімділігіне, қабілетіне, шеберлігіне бағыт беріп,тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік туғызатын жаңа технолояияларды тиімді пайдалану –әр ұстаздың міндеті. Қазіргі кезде ұстаздардың қазақ тілі және әдебиетін оқытуда қолданып жүрген сын тұрғысынан ойлау, деңгейлеп оқыту, сатылай кешенді талдау, дамыта оқыту технологиялары оқушыларды еркін ойлануға, пікір таластыруға, пікір алмастыруға, өз көзқарасын ерікті түрде жеткізуде, тез ойлануға, жылдам нақты жауап беруге баулитындығы анықталып отыр.Қазіргі кезеңде Қазақстанда әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағытталған жаңа талаптарға лайықты білім беру жүйесі жүзеге асып келеді. Бұл бағыт оқу – тәрбие үрдісінің педагогикалық теориясы мен іс-тәжірибесін мәнді өзгерістермен халықаралық білім беру деңгейіне көтеруді көздейді. «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы: оқушылардың өз ойын еркін жеткізуге дайындайтындығымен, сабақты өткізу барысында стратегиялардың барлығы үш кезең арқылы жүзеге асатын тиімділігімен; мұғалімнің сапалы сабақ өткізуіне мүмкіндік туғызу; оқыту мен ұйымдастырудың тиімді әдіс-тәсілдерінің молдығымен; ғылыми-теориялық тұжырымдамаларының тереңдігімен.Сын тұрғысынан ойлану сабақтарында оқыту, оқушыға үйрету емес, оқушының үйренуіне көмектесу жүзеге асырылады. Бұл жүйе оқытуды жаңаша ұйымдастырудың негізгі міндеттерін жүзеге асырады. Ұжымдық іс-әрекет білім игеруде ортақ қарым-қатынас құралына айналады. Білім алу мұғалім көмегімен оқушының білім деңгейіне қарап сараланып, оқушылардың өз еркімен жүзеге аса бастайды. Қазіргі кезеңнің ең басты ерекшеліктерінің бірі ретінде жеке тұлғаның көзқарастары мен болмысына көңіл қоюдың артуын атап өту керек. Бұл бағдарламаның негізінде оқушылардың білімді өздігімен игеру идеясы жатыр. Оқушы пікірін бағалау, оқушыны тыңдай білу. Дамыта оқытудың В.В. Давыдов жасаған жүйесінің көздеген мақсаттарына жету тек баланың белсенділігіне байланысты. Осыған орай, бұл жүйенің әдіс-тәсілдері де оқушының белсенділігін ұйымдастыруды, талдап, көмектесіп отыруды көздейді.
Дамыта оқыту жүйесінде мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас жаңа қағидаларға негізделеді. Олар-ынтымақтастық, өзара сыйластық қасиеттер. Бұл технологияның маңызды тағы бір ерекшелігі –оқушыларды жақсы жаман деп бөлмей, барлық оқушылардың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызу. Үлгерімі төмен оқушылардың да өз шамасы келгенінше, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылған. Сол арқылы ол да өзін мүмкін дәрежеге дейін дамыта алады. Сабақтың сапалы болуы оның ғылыми тұрғыдан, теориялық жағынан жоғары дәрежеде дәлелденуі ұстаздың шеберлігі мен жаңа технологияны тиімді қолдана білуінде.
Қорыта келгенде, сапалы білім мен саналы тәрбие ұштасқанда ұлт тілегі, мемлекет , халық мүддесін ойлайтын жеке тұлға қалыптасады.
Қолданылған әдебиеттер:
1.Қазақ және әлем әдебиеті №4-5 2009ж
2. Қазақ тілі №1 2009ж
3. Қазақ және әлем әдебиеті №5-6 2007ж
Достарыңызбен бөлісу: |