Сабақтың тақырыбы: «Сұлтанмахмұт Торайғыров. «Бір адамға» өлеңі» (1 сағат).
Сабақтың мақсаты: С.Торайғыровтың өмірі мен ақындық жолын, поэзиясындағы ел мен жер тағдыры тақырыбын, «Бір адамға» өлеңінің тақырыбы мен идеясын меңгерту, өлеңдегі иронияның мәнін ашып көрсету. Оқушылардың оқырмандық мәдениетін арттыру, тұлғалық, азаматтық құзыреттіліктерді игерту.
Əдебиет теориясы: астарлау.
Пəнаралық байланыс: Қазақстан тарихы
Сабақтың типі: жаңа материалды игерту.
Сабақтың түрі: ізденіс-зерттеу
Технология, әдіс-тәсіл: СТО, ДО.
Сабақ жабдығы: интербелсенді тақта
Ұйымдастыру формасы:
Сабақтың барысы:
Мотивациялық-бағдарлау кезеңі:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Бағалау парағы таратылады.
2. Қызығушылықты ояту:
Сөзтізбек шешіледі:
Сөйтіп сабақтың тақырыбы ашылады.
Операциялық кезең:
Оқулықпен жұмыс. Оқушылар ақын жайлы берілген аннотацияны іштей оқып танысады. 1 оқушыға дауыстап, мәнерлеп оқытқызылады.
Қосымша мәлімет.
Сұлтанмахмұт Торайғыров –қазақ халқының 20-ғасыр басындағы аса көрнекті ақыны, ғажап ақыл-ойшылы. Ол- ұлы Абай дәстүрін жалғастырушы. Сұлтанмахмұттың айрықша назар аударған тақырыбы: оқу, білім алу, ел-жер тағдыры мәселесі болды. Осы тақырыпқа арнап көптеген өлеңдер жазады: «Оқып жүрген жастарға», «Талапкерге», «Оқудағы мақсат не?», «Шәкірт ойы», «Туған еліме», «Неге жасаймын», «Жарлау» т.б. Ақын шығармашылығының тағы бір үлкен саласы- «Адасқан өмір», «Кім жазықты?», «Кедей» поэмалары, «Қамар сұлу» атты өлеңмен жазылған романы.
Мұғалім ақын жайлы берілген жоғарыдағы мәтінге сүйене отырып, шығармаларында қазақ ауылындағы жағымсыз көріністерді сынағанын, халықты мәдениетке шақырғанын, надандықпен күрескенін, сондай-ақ, ақын поэзиясындағы ел мен жер тағдыры тақырыбына арналған мәліметті игертеді.
3. «Бір адамға» өлеңі шумақтарға бөліп мәнерлеп оқытылады. Оқушылар өздіктерінен өлеңді іштей пайымдап оқиды.
Сөздікпен жұмыс жасалады ( аударма, түсіндірме сөздіктер қолданылады).
Сергіту сәті: қимыл биі биленеді.
Өлеңнің ішіндегі кілтті сөздерге сүйене отырып, тақырыбы мен идеясы ашылады.
Тілдік көркемдегіш құралдары таптырылады. Өлеңдегі образдар жүйесі мен образдылықты өлең мәтініне сүйене отырып талдайды.
Өлеңдегі астарлы мағыналы сөздерді таптыру арқылы иронияның мәні ашылады.
Бір адамға
Бір үйде жиюлы екен қазына мал,
Көрсетті бәрін бізге ақсақал шал.
«Бұрынғы атамызға сыйға берген
Біздерде мынадай бар, мынадай бар!..»
Ол рас, аталарың шенге алыпты,
Арзан ғып, қымбат емес, кемге алыпты.
Апыр-ай, қалай бұлдаған сатқандарын,
Оқа, түйме, сылдырлақ теңге алыпты!
Суреттер және көрдім жүзі жарқын,
Ойладым: «Оңдырған-ау, баққан халқын».
Соншама құны толық бұлды түйме
Артында қалдырмас па жақсы даңқын.
Дедім мен: «Құтты болсын шекпеніңіз,
Артқыға қандай егін еккеніңіз?
Жусақ та денемізден кетер емес,
Сондағы тұқым шашып, сепкеніңіз».
Көргенде күміс кесе, алтын аяқ,
Бір сөзді тамағыма қойдым таяп.
«Қай момынның малы бар бұл аяқта?»
Демейінше болмады, қарап жай-ақ.
Отырдым көрсем жекіп тастар ма деп,
Шал айтты: «Көріңіздер, жасқанба!» деп.
Кесені қолыма алып қарай бердім,
Ішінде нахақ көзден жас бар ма деп.
Рефлексиялық-бағалау кезеңі:
Достарыңызбен бөлісу: |