Қазақ Әдебиетінің алтын ғасыры. Зерттеу. Астана,



бет35/37
Дата23.10.2016
өлшемі10,52 Mb.
#55
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37

КЕЖЕБАЕВ
КЕНЖЕБАЕВ Бейсенбай (1904-87) – әдебиет зерттеушісі, сыншы, жазушы, аудармашы, филологиялық ғылым докторы, профессор. Ол Абай мұрасын зерттеуге айтарлықтай үлес қосты. Ғалым “Абай”. 1923 ж. Ташкентте басылған “Абай шығармаларының жинағына сын” (“Еңбекші қазақ”, 1925, 28 шілде), “Абай туралы пікірлер” (“Әдебиет майданы”, 1935, № 1, 2, 153-158 б.), “Абай ақын” (“Лениншіл жас”, 1945 ж. 15 тамыз), “Қазақ әдебиетінің данышпан атасы” (“Коммунист”, 1949 № 7), “Қазақ реалистік әдебиетінің негізін салушы” (Абайдың өмірі мен творчествосы. Алматы, 1954), “Абай өлеңдерінің ұйқасы туралы” (“Вестник АН КазССР”, 1954, № 9). “Әділ сынасайық” (“Қазақ әдебиеті”, 1955, 23 қыркүйек), “Абай - қазақ халқының жаңа әдебиетінің негізін салушы” (Ученые записки КазГу, Алма-Ата, 1955, т. 1. 96-б.). “Қазақ өлеңінің құрылысы туралы” (Алматы, 1955), “Түр және дәстүр” (“Қазақ әдебиеті”, 1956, 24 ақпан), “Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы жазушылары” (Алматы, 1958), “Абай Құнанбаев” (“Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері”, Алматы, 1973) т.б. ғылыми-зерттеу мақалалар мен кітаптарында Абайдың өмірі мен шығармашылық еңбегін кеңінен талдайды. Өлеңдерінің өзіндік өрнегін, мазмұны мен көркемдік ерекшеліктерін саралайды. Абай жайлы жазылған сын еңбектерін қорытып, жаңа байламдар жасайды.
ҚАЛЫҢ ЕЛІМ, ҚАЗАҒЫМ, ҚАЙРАН ЖҰРТЫМ
“Қалың елім, қазағым, қайран жұртым…” – Абайдың 1886 жазған өлеңі. Көлемі 30 жол. Бұл шығармада тұтас халыққа арнап айтылған терең де күрделі ойлар шерлі жүректен шамырқанып, толқып шыққан. Үлкен адамгершілік, қайраткерлік, оқымыстылық биікке көтерілген ақын үні бірде айбарлы, бірде кекті, бірде мұңлы. Қазақ халқын бөлмей-жармай, түгел қамтып, тұтас шолып, баршасына бағыштап айтылған өлеңнің әлеуметтік салмағы орасан зор. Ақын алдымен көз алдыңызға мұрты аузына түскен, бір ұрты май, бір ұрты қан, алғашқыда шырайы сартша жылтырап тұрған қазақтың кескінін алып келеді. Осыдан кейін барып оның ішкі әлемін, мінез ерекшеліктерін айқындап аша бастайды. Бұл өзі іске жоқ, қу сөздің адамы, өзі сөйлесе болды, өзгені тыңдауды білмейді, мылжың, бөспе, қырт. Күндіз күлкі, түнде ұйқысының бұзылу себебі – өз малына өзі ие емес сорлы. Байлауы жоқ көрсе қызардың әлеуметтік қалпы тіпті сиықсыз, тұтастық, ірілік жетіспегендіктен, әрқайсысы шолтаңдап жеке қамшы үйіріп, би болғансып, қиқымданып кеткен жерде елдің күйті қашқан, бірлік жоқтықтан, береке жоқтықтан дәулеті шайқалып, байлық шашылған. Жыртың-жыртың мағынасыз күлкіге малданған тиянақсыз, байлаусыздың түбіне жеткен елдің соры биліктен айрылып өзгенің табанына түсіп, құл болатынын ақын ашына зар етеді. Ұлттың бойындағы сордың үлкені – күндестік, бірін-бірі көре алмау, етектен тарту, пыш-пыш, халқымызды сан рет орға жығып, өртке қамаған алауыздық. Зығырданы қайнаған шерлі ақын елді түзеудің амалын қарап, тығырықтан шығар соқпақ іздеп, басын тауға, тасқа соқса да, жол таба алмай, ақыры елінің ырқынан айрылып, өзгеге бодан болатынына бармағын шайнайды. Халқының бойындағы қаны сорғалаған жараларды аша отырып, ақын омырауы жасқа толса да, сай-сүйегі сырқыраса да, сесті, кексінді күйінде қалады. Жеңіл-желпі басу айту, оңай өріс нұсқау жоқ. Ары ширығып, намысы қайнаған ұлы ақын туған халқының барлық буын, барлық нәсілін өзі күйдіріп, айтқан кесел-кесапаттардан, сор-сұмдықтардан арыл, тазар, сонда ғана белге шығасын деп тұрғандай. Өлең 11 буынды қара өлең ұйқасы үлгісінде жазылған. Алғаш рет 1909 ж. С.-Петербургте жарық көрген “Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңі” атты жинақта жарияланды. Басылымдарында аздаған мәтіндік өзгерістер кездеседі. Мүрсейіт қолжазбаларында, 1954 жылғы жинақта 12-жол “Бір күн тыртын етеді, бір күн жыртың” делінсе, 1939, 1945, 1957 жылғы басылымдарда “Бір күн тыртың етеді, бір күн бұртың” болып алынған. Мүрсейіт қолжазбаларында, 1909 жылғы жинақта 13-жол “Өз басына би болған өңкей қыйқым” болса, кейінгі басылымдарла “Бас-басына би болған өңкей қыйқым” деп берілген. Туынды ағылшын, араб, азербайжан, қарақалпақ, қырғыз, татар, түрікмен, орыс, өзбек, ұйғыр т.б. тілдерге аударылған.
ҚАРАША, ЖЕЛТОҚСАН МЕН СОЛ БІР-ЕКІ АЙ
Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі…” – Абайдың 1888 ж. жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 9 шумақтан тұрады. Бұл Абайдың пейзаж лирикасының ішіндегі таңдаулы шығарманың бірі, көшпелі қазақ ауылының әлеуметтік жіктелісін, тұрмыс айырмашылығын анық көрсеткен мазмұны терең, көркемдігі жоғары, идеясы биік туынды. Мал сүмесімен күн көріп отырған елдің шаруашылық әрекеті, тіршілік тәсілі, табиғат қабағын баққан мінезі салған жерден аңғартылады. Көп нәрсенің түп қазығы өріске, жер жағдайына байланған, өмір сүру, тірлік кешу, жан бағу – бәрі де осыған келіп тіреледі. Ақын күн суып, ауа райы бұзылып, күз созылып, қысқа аяқ басқан шаруашылыққа қолайсыз бір шақтағы қалт-құлт еткен ауыл өмірінің қоңторғай суретін реалистік дәлдікпен, нақты адамдар тұлғасы арқылы, тірі, жанды, әрекетті күйінде, буын бұрқыратып алдына тартады. Табиғат суреті мен адамдар қимылы жымдаса бейнеленген.

Өлеңде Абайдың әлеуметтік көзқарасы айқын, бай мен кедей тап өкілдері өз атымен аталып, әрқайсысының тіршілік қалпы, мінезі нақты іс-әрекетімен, қимыл-қозғалысымен көрінеді. Ертеңгі күннің қамын жеп, үнем жасап, қыстауға қонбай, күзеуде ықтырмада отырған бай, мал бағып далада жүрген кедей, жылынуға отын таба алмай, бүрсең қағып, тоңған иді жылытып, тон илеп, шекпен тігіп отырған байғұс әйел – осы жалпы сурет бірте-бірте тіпті айқындалып, жаңа бояулармен толығып, көшпелі қазақ ауылының тұтас бейнесіне айналады. Ұлы ақын, ұлы суретші Абай назарында бәрі бар: маздап жанған от болмағандықтан, қақтана алмай азынаған кемпір-шал, көзінің жасы аққан кедей баласы, ептеп кәрі қой сойған, айналасына киіз тұтқан жылы үйдегі байдың баласы, кедейге берген орта қап қара қый – осының күллісі ескілікті өмір салттың қанық бояулы бөлшектері. Көшпелі ауылдың таптық айырмасын ашық айтқан, бір жақта байлық, бір жақта жоқшылық барлығын өмірдің өз суретімен дәл көрсетіп берген үлкен реалист ақынның шын ықыласы қорланғандар, тапталғандар жағында, бүйрегі кедейге бұрып, жүрегі сыздап тұр. Ақын кедейге байдың дәулетін берсе қолынан, бермесе жолынан тартып ал, қират, бұз, жой демейді, байды да, кедейді де ымыраға, бірлікке, келісімге шақырады. Өлең 11 буынды қара өлең үлгісімен жазылған. Алғаш 1909 ж. С.-Петербургте жарық көрген “Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұғылының өлеңі” атты жинақта жарияланды. Басылымдарында аздаған текстол, өзгерістер кездеседі. Мүрсейіт қолжазбаларында 2-шумақтың 3 және 4-жолдары “Мұздаған иін жылытып, тонын илеп, Шекпен тігер қатындар бүрсең қағып” делінсе, кейінгі басылымдарда бұл жолдар 1909 жылғы жинақ негізінде “Тонған иін жылытып, тонын илеп, Шекпен тігер қатыны бүрсең қағып” деп алынған. Мүрсейіт қолжазбаларында 3-шумақтың 1-жолы “Жас балаға отын жоқ тұрған маздап” болып берілсе, 1909, 1954 жылғы басылымдарда “Жас балаға от та жоқ тұрған маздап” 1939, 1945, 1957 жылғы басылымдарда 3-шумақтың 4-жолы “Бір жағынан қысқанда жел де азынап” болса, 1945, 1957 жылғы жинақтарда 1909 жылғы басылым бойынша бұл жол “Бір жағынан қысқанда о да азынап” делінген. 1939, 1945 жылғы басылымдарда өлеңнің жазылған кезеңі – 1889 ж. деп көрсетілген. Туынды қарақалпақ, орыс ұйғыр т.б. тілдерге аударылған.


ҚАРТАЙДЫҚ, ҚАЙҒЫ ОЙЛАДЫҚ, ҰЛҒАЙДЫ АРМАН
Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман…” – Абайдың 1886 ж. жазған өлеңі. Көлемі 50 жол. Ақын өз дәуіріндегі қазақ қоғамының әлеуметтік топтарын дәл ажыратып, айқын саларалап, әрқайсысының мін-мерезін ащы тілмен күйдіре өртейді. Еңбексіздік, терін сатпай, телміріп көзін сатқан теп-тегіс алармандықты айыптайды. Абай таңбалайтын өкілдер мыналар: бай, би, болыс, елубасы, жау, жарлы, дос, сұм-сұрқия, аларман, орыс. Бәрі де әрекетімен, өз қылығымен көрінген. Осылардың әрқайсысының адал еңбек етпей, арамдық пен дүние табар амалдарын зерек суреткер дәл басып, мінез, психология ерекшеліктерін, қулық-сұмдық табиғатын, айла-шарғы тәсілдерін улы сатира найзасына қалай тастайды, не деп боспалайды қалай қорқытады, қалай торға түсіреді – осы сауалдардың жауабы бар, әр кейіптің сыры жария болады. Жанды бейнелер жасалады. Табан ақы, маңдай теріне сүйенбей, айла-шарғыға аяқ артқан, біреуді-біреу жеген қоғамдық ортаның азуын ақын қайғысы суреткен айналдырады. Айналып келгенде, бір шаңырақ астынан да береке-ырыс кеткен, Ата мен бала, аға мен іні арасына от түскен. Бәрі де арын сатып, өтірік ант ішіп, алдау-арбаумен мал табуға бет бұрған. Жүз құбылған, қысқа күнде қырық жерге қойма қойған, қулық ойлаған сойқандар түгел мансұқ етіледі. Аруақты ақынның алдамшылық, жәдігейлік, айлакерліккке қарғыс айтқан қаһарлы байламы бар. Өлең 11 буынды қара өлең ұйқасы үлгісімен жазылған. Алғаш рет 1909 ж. С.-Петербургте жарық көрген “Қазақ ақыны Ибраһим Құланбайұғылының өлеңі” атты жинақта жарияланды. Басылымдарында аздаған текстол, өзгерістер кездеседі. Мүрсейіт қолжазбаларында, 1954 жылғы жинақта 3-шумақтың 3-жолы “Жалаң қаққан жат мінез жау алады” болса, 1939, 1945, 1957 жылғы басылымдарда “Жалаңқая жат мінез жау алады” деп берілген. Мүрсейіт қолжазбаларында 6-шумақтың 2-жолы “мал сойып, сен мендік бол деп берем деп”, 7-шумақтың 2-жолы “Ант бұзушы кім ойлар дерт көрем деп”, 10-шумақтың 2-жолы “Ит қорлық немене екен көрген күні” делінсе, жинақтарда 1909 жылғы басылым негізінде “Ет берсем, сен мендік бол деп берем деп”, “Ант ішуді кім ойлар дер көрем деп”, “Ит қорлық немесе екен сүйткен күні” болып алынған. Кейінгі басылымдарда Мүрсейіт қолжазбалары бойынша 6-шумақтың 3-жолы “бар ма екен жай жүрген жан қанағатпен”, 10-шумақтың 3-жолы “Арын сатқан мал үшін антұрғанның” деп берілсе, 1909 жылғы жинақта бұл жолдар “Қара қарға сықылды шуласын жұрт”, “Бар ма екен жай жүрген жұрт қанағатпен”, “Жанын сатқан мал үшін антрұрғанның” болып алынған. 1933, 1939, 1945, 1954 жылғы жинақтарда 11-шумақтың 3-жолы “Мал мен бақтың кеселі ұя бұзар” делінсе, қалған басылымдарда Мүрсейіт қолжазбалары, 1909 жылғы жинақ негізінде “Мал мен бақтың кеселін ұя бұзар” деп алынған. Мүрсейіт қолжазбаларында, 1939, 1945, 1954 жылғы басылымдарда соңғы шумақтың соңғы жолы “Өз үйінде шіренген паңы құрсын” болса, 1957, 1977 жылғы жинақтарда 1909 жылғы басылым бойынша “Өз үйінде шартиген паңы құрсын” деп берілген. Туынды қарақалпақ, қырғыз, орыс, ұйғыр т.б. тілдерге аударылған.
ХАСЕН ОРАЛТАЙ
ХАСЕН Оралтай (1933 ж.т.) – шетелде тұратын қазақ қайраткері, ұлт азаттық қозғалысын зерттеуші. Тарихшы, публицист, түрік, қазақ, ағылшын, неміс т.б. тілдерде жазылған еңбектердің авторы. Алаш сыйлығының лауреаты (1994), Түркістан Қазақ-түрік халықаралық университетінің құрметті профессоры (1994). Қазақ халқының тарихына, этнографиясына, әдебиетіне, саясат мәселелеріне арналған түрік тілінде жазылған “Қазақ түріктері” (Измир, 1961), “Ұлы түрікші Мағжан Жұмабайұлы” (Измир, 1965), “Шығыс Түркістан тарихындағы басты мәселелер” (Стамбул, 1975), “Коммунизммен шайқас” (Измир, 1965) кітаптары шыққан. Мәжит Айтбаевтың “Абылай” дастанын және өлеңдерін (1971), тұңғыш рет “Қазақша-түрікше” сөздік бастырды. Түрік халықтарының тарихи тағдырына арналған материалдар жарияланатын “Биік Түркелі” журналын (17 сан) өз қаржысына шығарып тұрды 1962-1986. Стамбулда 1973 ж. басылған “Алаш” кітабында қазақ халқының ғасырларға созылған ұлт азаттық қозғалысына шолу жасалынды, әсіресе, Алаш қозғалысына, Алаш Орда партиясына, Алаш өкіметіне дұрыс баға берілді. Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Тынышбаев, М.Дулатов, Ж.Досмұхамедов, Х.Досмұхамедов, М.Шоқаев, А.Бірімжанов, Ә.Ермеков, О.Қарашев, М.Жұмабаев, Р.Мәрсеков, Т.Рысқұлов, С.Асфендияров, Н.Төреқұлов, О.Жандосов, С.Қожановтың т.б. Шығыс Түркістаннан шыққан қазақ зиялыларының өмірбаяны, қоғамдық қызметі көрсетілді. Абай дәстүрлерінің Алаш азаматтары шығармаларында тамыр жаюын жан-жақты баяндады. Қытайдағы зорлықшыл үкіметтің тепкісіне көнбей азаттық үшін алысқан қазақтардың үлкен бір азапты көшін (1947-54) Тибет, Индия, Пакистан арқылы Түркияға бастап барған әйгілі батыр, өз әкесі туралы “Арыстан туған Әлибек Хәкім” (“Жұлдыз”, 1993, № 7) шығармасын жазды. Желтоқсанның (1986) қанды оқиғалары тұсында Х.дүниежүзіне дабыл қағып, жазықсыз қараланған қазақ ұлтын қорғау туралы үн көтеріп, қоғамдық ойды ұйымдастырды, сөз сөйледі, мақалалар, кітап жазды. Сол тарихи “1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Қазақстан оқиғалары” еңбегі түрік тілінен аударылып, қазақша жарияланды (“Жұлдыз”, 1992, № 2). Мюнхендегі “Азаттық” радиосында қызмет істеген (1967 жылдан) Х.дүние жүзі қазақтарына тарих, қоғам, заман туралы ақиқатты жеткізуге көп еңбек сіңіріп, ұлы Абай көздеген ұлттық сананы, еркіндік мұраты қалыптастыруға үлес қосты.

Тоғызыншы желі. Екі сөздік

ЕКІ СӨЗДІК
Абай пайдаланған

басқа тілдер сөздігі
Белгілі бір кезеңдегі мәдени-экономикалық және саяси-әкімшілік қарым-қатынастар нәтижесінде өзара көршілес елдердің тілдері ауыс-күйіске түсіп, жаңа сөздермен, атаулармен толығып, жаңғырып отыруы заңды құбылыс. Жас шағынан араб, парсы, көне шағатай тілдеріндегі әдеби шығармаларды көп оқып, орыс тілін арнайы үйренген ақын өз туындыларында осы білімін де орынды пайдалана білген. Бірақ “Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы, Ол ақынның білімсіз бишарасы…” деп, тіл шұбарлауға тыйым салған Абай сол шет тілдер сөздерін мейлінше саралап, аса қажет болған жағдайда ғана пайдаланған. Ақын шет тілдерді сөзінің әрін, ойының нәрін ұштай түсетін сәттерде, айтпақ ойының мағынасын анығырақ, нақтылай жеткізу үшін ғана қолданады. Ал көптеген жеке атаулар (сияз, губернатор, закон т.б.) уақыт тынысын аңғартады. Сол сияқты ғақлия сөздеріндегі араб, парсы тілдеріндегі жеке сөздер мен құран аяттарынан алынған тұтас тіркестер ақынның бұл тілдерді жетік білгендігін ғана емес, солардың мағынасын неғұрлым дәл, ұғымды етіп жеткізуге ұмтылғанын танытады. Абай шығармаларында шамамен осындай 578 сөз бен сөз тіркестері кездеседі. Олардың 402-сі араб, 50-і парсы, 5-уі латын, 25-і татар, ноғай, 62-сі орыс, 27-сі шағатай, 4-уі түрік тілінен алынға, бір-бірден грек, поляк, қытай сөздерін қолданған. Сөйтіп ақын өз шығармаларында қазақ тілінен басқа 11 ұлттың тілдік қорын пайдаланған. Бұл жерде кейбір латын, грек, поляк сөздерін орыс тілі арқылы игергенін ескерте кеткен жөн. Ал қытай тілінен алған “брут” араб тілінен енгізген “хибаи”, “хұзағи” деген сөздер ақынның өз зерттеулерінің нәтижесі екені даусыз.

Абай пайдаланған басқа тілдерден енген сөздер осы уақытқа дейін бас-аяғы жиналмай, шығармаларының басылымдарында әр түрлі, кейді теріс түсіндіріліп келді. Біз сөздерді мейлінше толық жинақтап, нақты қай тілден алынғанын анықтап, мағынасын дәлірек көрсетуге тырыстық. Сөздікке ақынның басқа тілдегі тұлғада қолданған сөздері ғана (мыс.: адвокат, әйләйін, ғадаләт, жәһил, кәмтар т.б.) енгізілді. Ал қазақ тіліне әбден сіңсіп, мағнасы айқындалған атаулар алынған жоқ. Таза шет тілде айтылатын тұтас тіркестердегі сөздерді бөлмей сол күйінде алдық (мыс.: “сила притягательная однородного”, “тәхсия-ғұлым”, “Уәләзинә Амәну уәғәмилуссалихати уламказс – хабул – жәннәти һәм фиһа хэлидун”). Бұл ойшыл ақын шығармаларын, әсіресе Он екінші, Он үшінші, Отыз екінші, Отыз сегізінші сөздерін оқып-ұғынуға көп септігін тигізері сөзсіз. Сөздікке Абай шығармаларының басылымдарында әр түрлі болып жазылып жүрген әгәр-әгәрше, уадуд-уадуд, затия-зәтия, ниғмәт-нығмет, сияз-сыяз сияқты тұлғалардың біреуі ғана енгізілді.

Абыз (араб.) – оқымысты, ғұлама. «Ол кезде шала-пұла хат таныған кісі болса, оны “абыз” дейді екен».

Ағза (араб.) – мүше, ішкі мүше. “Көзге көрінбейтін ағзаларымды да пақ етемін”.

Ағлам (араб) – белгілі, мәлім, анық. “Жә, ол сегіз сипатына сипатымызды һәм ол аттары бірлән ағламланған фиғыл құдаға фиғылымызды ертпек не бірлән табылады…”

Адвокат (лат.) – қорғаушы. “Я тілмәш, адвокат болсам деген бәрінде ой”.

Айбаттау (араб.) – сыртынан жамандау, даттау. “Ақылы бар кісіні, Айбаттайды, даттайды”.

Айырмақлық (шағ.) – тану, білу, ажырату. “… өз адамдығын бұзбай ғана жәліб мәнфағат дафғы мұзарратларны айырмақлық секілді ғылым-білімді үйренсен, білеп деп үміт қылмаққа болады”.

Алқау (араб.) – қоштамақ, жаратушы. “Ант тасып алқайды, Сені тентек демеске”.

Алла (араб.) – тәңірі, құдай, жаратушы, “Көкке бақтым “алла” деп, Тамаша етіп құдіретін”.

Алмади (татар.) – алмау, ескермеу. “Бәлки жисапқа алмадилар”.

Аменту (араб.) – иман келтіремін, сенемін құдайға. “Амантау оқымаған кісі бар ма?”

Апат (араб.) – бәле, мұң-зар. қайғы-қасірет, қаза; ақын бұл жерде дертім, сырқатым деген мағнада қолданған. “Мен – Меһріңмен қалмас ел бар апатым”.

Арзу (парс.) – тілек, мақсат, арман. “… һәуа һәуастан әрбір арзум нәпсіден суынып…”

Аршөпке – өлшем мағнасында, “Бір әршөпке шапаны сондай шап-шақ. Мүшесінен буынан, басады алшақ”.

Асы (араб.) – күнәкәр. “Аллаға асы, бейіске қашқын болып, Онан соңғы бұл емес менің жолым”.

Асық (араб.) – сүю, ғашық болу. “Сорлы асық сарғайса да, сағынса да, Жар тайып, жақсы сөзден жаңылса да”.

Ахирет (араб.) – о дүние. “Рысқа қарамай тұрғанда қазақтың өлгенінің “ахиреттігін”, тірісінің киімін сол жеткізіп тұрды”.

Аһ (араб.) – ақын амал жоқ, қайран деген мағнада қолданған.

Аят (араб.) – құранның өлеңі (сөзі). “Аят, хадис емес қой, Күпір болдық демес қой”.

Әбиат (араб) – өлең, бәйіт. “Ти – тілімнн шығарып түрлі әбиат”.

Әгәр (шағ.) – егер. “…Әгәрше фатлубни тәжудини делінсе де…”

Әдәби (араб.) – мәңгі. “…һәм әзәли һәм әдәби болады да, һәмимә барлыққа келтіруден босанбаса, бір сипаты бір сипатынан үлкен я кіші болуға жарамайды”.

“Әддуния мәгрәгәтүл – Ахирет (араб.) – “Дүние – архиреттің егіні”.

Әдді (араб). – шек, шама, әл, шекара. “Әддің білмес шіркінді, Құдай әбден қарғады”.

Әз, ғазиз (араб.) – қадірлі, сыйлы. “Әз тұтуға, Сыйласуға, қалмады жан бір татыр”.

Әзелде (араб.) – о баста, алғашқыда, әуелде. “Әзелде құдай тағала хайуанның жанынан адамның жанын ірі жаратқан”.

Әзірет (араб.) – қазірет, мырза. “Сөз айттым” әзірет әлі, айдаһарсыз”.

Әйләйін (татар). – қылайын, қайтейін. “Сат – сабырым қалмады мен не әйләйін”.

“Әл-исан ғөдду ләма жәһия (араб.) – “Адамның көңілі жаманшылыққа ауып тұрады”.

Әлиф (араб.) – әліп. а; араб алфавитінің бірінші әріпі. “Әлиф дек ай йузіңе ғибрат еттім”.

Әм һәм (араб.) - әрі, және, де. “Әм жабықтым, әм жалықтым. Сүйеу болар қай жігіт”.

“Әмәнту биллаһи кәмаһуә би әсмайын уасифатиһи” (араб.) – “Құдайға, оның есімдері мен сипаттарына иман келтіремін”.

Әр рахман (араб.) – рақымды, мейірімді. “Әр рахман ол атын Үйреткен жүмлеге”.

Әсма-и-хүсна (араб.) – көркем, жақсы істер. “… Тоқсан тоғыз Әсман-и-хұсыналар бірләп білдірген”.

“Әтәмурун әннәсә билбирри уәәхсәну инналлаһу иүхиббул – Мұхсиннің (араб.) – “Адамдарға жақсы істе деп бұйырыңыз және жақсылық етіңіз, өйткені алла жақсылыққа тартушыларды сүйеді”.

Әуез (парс.) – дауыс, үн, дыбыс. “Күлкіңіз бойды алар, Бұлбұлдай шықса әуез”.

Әурілу (араб.) – ұшырады, түсті. “Не халықты әурілді. Қайда қандай екені”.

Әхмәр (араб.) – жаһүт, қызыл түсті асыл тас, ақын қызыл деген мағнада қолданған. “Лағылдек бет үші әхмәр, Тамағы қардан әм битар”.

Әһли (араб.) – кітаби, қауымдық, қоғамдық; құдайдан келіпті деген кітаптармен ғамал (іс) ететін адамдар. “Әһли кітап бұл сөзді бекер демес”.

Әһіл тариқат (араб.) – қауым. қоғам; сопылық жолындағы адамдар. “Онан асып өзін өзі әһіл тариқат біліп және біреуді жеткізбек дағудасын қылады”.

Бағлау – ишарат. “Онан соң қиямда тұрып қол бағламақ”.

Бадалық (парс.) – мақтаншылық. “Қызды ауылға қырындап үйір болса, Көңліне зор қуаныш, бір бадалық”.

Баж (парс.) – алым-салық түрі; ақын “тояттау” деген мағнада қолданған. “Сіз бір сұңқар шаһбаз. Жер жүзінен алған баж”.

Баз махфи олмая (араб.) – айтылмай жасырын қалмасын. “Баз махфи олмая ол, мен айтқан үш қуаттың ішінде екеуі”.

Бакалшік (орыс.) – ұсақ сәудегер. “…Қашқын ноғай, “бакалшік” ноғай деп”.

Бақи (араб.) – мәңгі, ұзақ. “Бақи қимас фанидің мінін көрмей”.

Бала’И (араб.) – ұлы, жоғары. “Би – Бала’ й (дәртіңа нисбәт еттім)”.

Барабан (орыс.) – муз. аспап; дабыл, қоңырау. “Бір барабан тұр екен, қағып еді…”

Басар (араб.) – көру, көруші. “Оның үшін аллатағаланың сипаттары: хаят Ғылым, Құдірет, Басар…”

Батин (араб.) – іш, ішкі сарай. “Сіздің заһирыңыздағы ғибадат” батиныңыздығы иманның көлеңкесі.

Батыл (араб.) - қиянат, теріс. “Бұлай деу батыл; бір ғана құдірет пендеде болған қуат”.

Бахас (араб.) – талас, егес, бақастық. “Бахасқа бола үйренбе”.

Бәйітсымал (араб.) – өлең, жыр. “Қорсарлы бәйітсымал келді арасы”.

Бәлки (шағ.) – мүмкін. “Бәлки ғадаләт барша езгуліктің анасы дүр”.

Бәңгі (парс.) – елірме, меңіреу, ақылсыз, есуас. “Бес-алты мисыз бәңгі күлсе мәз боп, Қиналмай, қызыл тілім, кел тілді ал, қой”.

Бәһра (парс.) – пайда, әсер, ләззат алу. “Білгенге маржан, Білмеске арзан, надандар бәһра ала алмас”.

Бегірек (татар.) - өте, тым. “Бегірек есепсіз қинауы да, бегірек есепсіз жетістіруі де бар деп біріне сендік, дейді”.

Бейіс (парс.) – ұжмақ, жаннат. “Аллаға асы, бейіске қашқын болып…”

Бек (татар.) – өте, тіпті, әбден. “…Бұл халыққа бек пайдалы болар еді”.

Би (араб.) – би, б; араб алфавитінің екінші әріпі. “Би – Бала’й дәртіңа нисбәт еттім”.

Бижай (парс.) – жайсыз, қолайсыз. “Аллаяр софының бір фәрдәдән жүз фәрдә бижай дегені басыңа келеді”.

Бикүнә (араб.) – күнәсіз, пәк, айыпсыз. “Бикүнә зорлықпенен шыққан жаным”.

Бина (араб.) – негіз, тірлік. “Сіздедің ісіңіз де бір жақсылықты бина қылып, арқа сүйерлік шеберлікпенен болсын”.

Бинаән (араб.) – негіз, сүйенген, негізделген. “Ол – рахмет сипаты, сегіз сипаттың ішінде жазылмаса да алла тағаланың рахман, рахим… деген есідреніе бинаәны бір ұлығы сипатынан есептеуге жарайды”.

Бихабар (парс.) – хабарсыз, дерексіз, мағлұматсыз. “Бихабар жүргенсіп, Бек қатты сынайсың”.

Биһтар (парс.) – бетер, артық. “Тамағы қардан әм биһтар”.

Бодан, подданный (орыс.) – бағынышты.

Бөтелке, бутылка (орыс.) – шөлмек. “Подносқа бөтелкемен арақ толды”.

Брут (қыт.) – халық атауы, қырғыз. “Сол қырғызды қытайлар “брут” деп атайды”.

Бу (шағ.) – бұл, осы. “Хожа Хафиз бу һәммәси, Мәдет бер я шағири фәрияд”.

Білән (ноғай.) – “мен” жұрнағы. “Сәнің шоқшы аяғың білән…”

Білмейдүр (шағы.) – білмейді. “Ақыл мен хауас барлығын Білмейдүр жүрек, сезедүр”.

Бірәдар (парс.) – дін жолын қуған адам, сопы. “Басына шалма орап, бірәдар атын көтеріп, оразашыл намазшыл болып жүрген көңілге қалың бермей тұрып жыртысын салғанға ұқсайды”.

Бірлән (татар.) –бірдей қатар “…Кімде-кім иманның неше нәрсе бірлән кәмәлат табатұғынын білмей… жыртысын салғанға ұқсайды”.

Визит (орыс.) келуі, қарауы. “Визитке төлемей, Шырағым бос қалма”.

Виноват (орыс.) – айыпты кінәлі. “Адам баласын заман өсіреді, кім де кім жаман болса, замандасының бәрі виноват”.

Военный (орыс.) - әскери. “Военный қызмет іздеме, Оқалы киім киюге”.

“Впечатлительность сердца” (орыс.) – жүректің әсерленгіштігі. “Үшіншісі, орысша “впечатлительность сердца” дейді.

Гәуһәр (парс.) – гәуһар, асыл тас. “Иузи – рәушән, көзі – гәуһәр. Лағилдек бет үші әхмәр”.

Гөлайттап (орыс.) – қыдыру, босқа уақыт өткізу. “Көгалды қуып гөлайттап, қызықпен жүріп, жазды алған”.

Губернатор (орыс.) – губерния бастығы. “…Губернатордың назначениесімен болады десе, бұл халыққа бек пайдалы болар еді”.

Гузәл (түрік) – сұлу, газел, көркем, әдемі. “Өзәң гузәлләра раһбар”.

Гүбірне (орыс.) – губерния, әкімшілік бөлік. “Әсіресе, Енисейскі гүбірнеде. Минусинскі уезде “ясашынай татар” атында бір халық бар”.

Ғадауат (араб.) – дұшпандық, қастық, жаулық. “Махат, ғадауатпен майдандасқан. Қайран менің жүрегім мұз болмай ма?” Ғадәләт (араб.) – әділдік, әділет. “Ғадәләт пен Мархамат – көп азығы”.

Ғажайыплану (араб.) – құрметтелу, артық саналу, таңырқау. “Олай болса, кім артықша ғажайыплануға лайықты…”

Ғажам (араб.) – арабтардан басқа жұрт. “Сол қызылбас, дүниедегі бір ескі патшаларының сарқыты – кәсірәй ғажам жұрты сол”.

Ғажиз (араб.) – әлсіз, әлсіздік, дәрменсіздік. “Алланың қадырлілігіне өзінің ғажиздығына ықрарының беріктігін көрсеткен ишараты”.

Ғазиз (араб.) – күшті, бағалы, сүйкімді, қасиетті. “Бізге керегі бар болса да, жеркенерлік жері бар тесіктерді бұл бастағы ғазиз білімді жерімізден алыс апарып тесіпті”.

Ғайри (араб.) – күмән келтіру. “Бір алланы танымақтан ғайри… болып, тахлиқлай алмағандар”.

Ғайын (араб.) – ғ. араб алфавитінің он тоғызыншы әріпі. “Ғайын – Ғариблік басыма түскеннен соң”.

Ғайін (араб.) – і. араб алфавитінің он сегізінші әріпі. “Ғайін-Ғақлымды басымнан тартып алды”.

Ғайып (араб.) – айып, қате, мін, кінә. “Ол сөзің құдайтағаланың ғайыбы, міні жоқ емес, толып жатыр, бірақ айтуға бата алмаймыз дегенің емес пе?”

Ғайыпсыз (араб.) – айыпсыз, күнәсіз, пәк, таза. “Иман деген алла табарка уатағаланың шәриксіз, ғайыпсыз, бірлігіне… мойын сұнып, инанмақ”.

Ғақлия (араб.) – ақылмен, оймен. “Ғақлия дәлелім – құдайтағала бұл ғаламды ақыл жетпейтін келісіммен жаратқан”.

Ғақыл (араб.) – ақыл, ес, даналық. “Белгілі жәуанмәртлік үш ғаслат бірлән болар деген сиддық, кәрәм, ғақыл…”

Ғалам (араб.) – әлем, жер жүзі, дүние. “Он сегіз мың бұл ғаламның, Бар тынысы күнде тұр”.

Ғамалус-Салих (араб). – ізгі іс. “…Құранның іші толған ғамалуссалих не екенін білмейміз”.

Ғанибет, ғавнимат (араб.) – олжа, табыс, қызық, дәурен. “…Ақымақтық, қайғысыздық та бір ғанимат екен деп ойлаймын”. “Жақсы атпен тату жолдас – бір ғанибет, Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға”.

Ғарап (араб.) – арабтар, көшпелі арабтар. “Біздің қазақтың ықыласы атасын ғараптан шықты… дегенді ұнатқандай”.

Ғараф (араб.) – білу, тану. “Хаким, ғалым асылда бір сөз, бірақ ғарафта басқалар дүр”.

Ғариплік, Ғаріп (тарар.) - ғаріп, ғаріптік, кіраптарлық. “Ғайын – ғариплік басына түскеннен соң”

Ғарық (шағ.) – суға кету, күнәға бату. “Күнә дариясына ғарық болдым…”

Ғауам (араб) – көпшілік қауым. “Бәрінің хикметі бар, бәрінің себебі бар, біздің ғауам былай тұрсың, ғылымға махаббаты барларға себеп”.

Ғафил, Ғапіл, ғапыл (араб.) – жайбарақат, аңқау, қапы қалу, қателік, опық жеу. “Ғапыл боп көп нәрседен бос қаласың”. “Әрбір мас кісіден қарип көп ететұғынын…”

Ғафләт (араб.) - қапы қалу, аңдаусыздық. “Ол ғылым құдіретте ешбір ниһаятсіз ғылымында ғафләт құдіретінде епсіздік және нашарлық жоқ”

Ғафу (араб.) – кешу, кешіру. “…Құдай тағаланың ғафуына яки пайғамбарымыздың шафиғатына да симайды, мүмкін де емес”.

Ғафур (араб.) – кешіруші, алланың бірі есімі. “Осының бәрі құдайтағаланың ғайыпсыз, мінсіз ғафур рахимдығына, әділдігіне лайық келе ме?”

Ғашәрән – Мүбәшәрд (араб.) – он, ондық. Мұхаммет пайғамбардың тірі күнінде сендер ұжмаққа деп сүйеніш берілген он сахаба. “Бірақ әулиллердің де бәрібірдей тәркі дүние емес еді, ғашәрән – мүбәшәрадан қазіргі Ғосман, Ғабдурахман бин Ғафур уа Сагид бан Әбудқас үшеуі де үлкен байлар еді”.

Ғаших (араб.) – ғашықтық, сүю, ынтықтық. “Сәңә ғаших болып кәмтар”.

Ғашық мағшұқлық (араб.) – сүюші, сүйгені. “Ғашық мағшұқлыққа халық бірлән махлұқ, ортасы мүнәсибәтсіз аллатағаланың пендесін махаббат уа мархамат бірлән жаратқанын біліп…”

Ғибадат (араб.) – құлшылық етуі. “Әрбір иманы бір кісіге ғибадат парыз”.

Ғибрат (араб.) – үлгі, өнеге. “Мұны көріп, алыңыз сіз де ғибрат”.

Ғибрәтлі (араб.) – үлгілі, өнегелі. “Жақсылық көрсең ғибрәтлі, Оны ойға жисаңыз”.

Ғиззәт (араб.) – қадір, ізет, сый, құрмет. “Біріңді бірің ғиззәт құрмет етіс, Тұрғандай бейне қорқып, жаның шошып”.

Ғишқың (араб.) – ғашығың. “Зи – зәһәрдай күйдірді ғишқын қатты”.

Ғишық (шағ.) – ғашық. “Дәл – Дариға ғишық оты бермес аман”.

Ғұзір (араб.) – себеп, кемшілік. Мұң, мұқтаж. “Тіл жете алмас ғұзіріме”.

Ғұламаһи (араб.) – ғалым, көп оқыған адам. “Ғұламаһи Дауани, Солай депті ол сыншыл”.

Ғұмыр (араб.) – өмір. “Ғұмыр өзі – хақиқат”;

Ғұрур (араб.) – менмендік, ірілік. “Егер хірсланса, өз сөзімшіл ғұрурлық мақтаншақтық, хұсідшілік бойын жеңсе, ондай кісі бойына қорлық келтуретұғын өтіріктен де, өсектен де, ұрсып-төбелесуден де қашық болмайды”.

Дағуа (араб.) – талас, тартыс, лаж дау, айтыс. “Біздің оларға міндеткерлігімізге дағуа жоқ”.

Дауа (араб.) – ем, шипа, дәрі. “жаралы болған жүрекке

Дауа бер, жамал сынайын”.

Дәл (араб) – дәл, д: араб

Алфавитінің сегізінші әріпі “Дәл – Дәриға ғашық оты бермес аман”.

Дәркүдән, дәркүмән (араб.) – дүдәмал, күдік, шүбә. “Көңіліңнің дәркүдәнін алшы шешіп”.

Дәрт (парс.) – дерт, сырқат, науқас, азап, қасірет, қайғы.

“Би – Бала’ дәртіңа нисбәт еттім”.

Дәру (“парс”) – дәрі еліктіргіш зат, ұйықтататын, естен тандыратын зат. “Жадігөй стақанға дәру тықты”.

Дәрілхарап (араб.) - қауіпті, бүліген. “Оның үшін бұл жер дәрілхарап, мұнда әуелі мал табу керек. Онан соң араб, парсы керек”.

Дәфғы Мұзаррат (араб.) – зарарлыны кешіру. “…өз адамдығын бұзбай ғана Жәліб мәнфағат дәфғы мұзарратларын айырмақлық секілді ғылым-білімді үйренсе, білер деп үміт қылмаққа болады”.

Дәһрі (араб.) – дінсіздік, еркін ой. “Оймен білген нәрсенің бәрі – дәһрі”.

Демеклік (шағ.) – деу, айту, демектік. “Болмаса ол “бір” демеклік те “аллатағалаға лайықты келмейді”.

Диуана (парс.) – ақсылсыз, есалаң, жынды. “Диуана болды бұл көңілім. Басылмай бір құшып, сүйіп”.

Дознание (орыс.) – жауапқа шақыру. “Оған дознание – тергеу шығарады”.

Доктор (лат.) – дәрігер. “Япырмай, докторлар Жүрмесін жаңылып”.

Дұға (араб.) – құран сүресінің жеке бөліктері, шумақтары. “Тәубе жоқ, дұға да жоқ тентек бойда”.

Ділда, діллә (парс.) – латын ақша. “Үш мың үш жүз ділдаға кетті сатып”.

Еждиһатсыз (араб.) – ынтасыз, талапсыз, жігерсіз. “Еждиһатсыз, михнатсыз, табылмас ғылым саласы”.

Единица (орыс.) – жалғыз, дара, біреу. “Единица – жақсысы, Ерген ел бейне нөл”.

Езедүр (шағ.) – езеді, мылжыңдайды. “Мүьәкәллимин мантикин Бекер босқа езедүр”.

“Еннатайына кәлкәусар” (араб.) – бұзып айтылған аят сөзі. “Еннатайына кәлкәусар”, пошел дереу күнәкар”.

Есім аллалар (араб.) – алланың аттары. “Ол есім аллалар һамма ол алла тағаланың фиғыл ғазимәлірінің аттары, олардың мағынасын біл”.

Жамағат, жамиғат (араб.) – халық, жұрт, көпшілік, біржерге жиылған көп адам. “Жамағатты итеріп бір жол ашты”.

Жамалың, Жамал (араб.) – көрік әдемілік. “Жем – Жамалың қандай ақ рузи маған”.

Жәдігөй (парс.) – сұм, көзбояушы, сиқыршы. “Жәдігөй боп жүрмесін алдамшы шал”.

Жәліб мәнфағат (парс.) – пйадаланы алу. “…Өз адамдығын бұзбай ғана жәліб мафагат дафғы мұзарратларны айырмақлық секілді ғылым-білімді үйренсе, білер деп үміт қылмаққа болады”.

Жәуанмәртілік (парс.) – ізгі, жақсы. “Белгілі жәуанмәртлік үш хаслат бірлән болар деген…”

Жәһат (араб.) – күш жұмсау, тырысу, талап қылу. “Мал өлімін тоқтатпақ үшін жасалған үкім бойынша жәһат қылмағандар болыстың приговоры бойынша 3 теңге айыпқа жазаланады”.

Жәһил (араб.) – бұзық, зәлім, бұзақы адам. “Бұлардың көбі әншейін жәһил түгіл жәһилләр кібік талап болса, қайда қақ сөздер келсе, қазір нысапқа қайтсын һәм ғибарратанасың”.

Жем (араб.) – ж: араб алфавитінің бесінші әріпі. “Жем – Жамалың қандай ақ рузи маған”.

Жеребе, жребий (орыс.) – зеребе, дауыс беру. “Яки жеребемен байлап алып, жүгінсе, сонда дау ұзамай бітім болар еді”.

Жибили (араб.) – еріксіз болатын тілек, қалау, туа біткен қасиет. “Ол екеуі орталарында болған нәрселердің қайсысы жибили, қайсысы кәсиби”.

Жиһан (араб.) – әлем, жер жүзі. “Мен бір шал дүниеде жиһан кезген”.

Жүмле (араб.) – бүкіл, барлық, халық, жинақ. “Әр рахман олатын, Үйреткен жүмлеге”.

Зай (араб.) – з: араб алфавитінің он жетінші әріпі. “Зай – залым көп қылыш боп, жанға оқталды”.

Зайығ, зайғ (араб.) – зая, құр, босқа, есіл. “Зат – зайығ өмірім етті менің бекер”.

Закон (орыс.) – заң. “Балам закон білді деп, Қуанар ата-анасы”.

Закүншік (орыс.) – заңшыл. “Өзі залым закүншік, Танып алды талайды”.

Занимайся прямотой (орыс.) – турашыл, батыл бол. “Я өз бетіңмен тәуекел, занимайся прямотой”.

Зарар (араб.) – зиян. “Түрлі-түрлі зарарлар хасил қылады”.

Зауыт, завод (орыс.) – ірі кәсіпорын. “бақша, зауыт, жайларды қылдым талқан”.

Зат (араб.) –з: араб алфавитінің он бесінші әріпі. “Зат – зайығ өмірім етті менің бекер”.

Затия (араб.) – өзіне лайық. “Бұлардың һәммасы алла тағаланың затия субутия уа фиглия сипаттары дүр”.

Заһир (араб.) – айқын, анық көрінә. “Бұл хикметтерінен һәммасына мархамат һәм ғадәләт заһир тұр екен”.

Заһири (араб.) – сырт, сыртқы. “Дүниеде ғылым заһири бар”.

Зәл (араб) – з; араб алфавитінің тоғызыншы әріпі. “Зәл-зәлиллік көрген соң сайрай бер, тіл”.

Зәррә (араб.) – кішкентай, болмашы, зәредей. “Жә, біз өзіміздің бойымыздағы сегіз зәррә аттас сипатымызды ол алла тағаланың сегіз ұлығ сипатынан бас бұрғызып өзге жолға салмақ бірлән біздің атымыз мүслім бола алма ма?

Зәһәрдай, Зәһәр (араб.) – у. “Зи – зәһәрдай күйдірді ғишқын қатты”.

Здравомыслящий (орыс.) – зерек салиқалы. Ақылды “Здравомыслящий, Ақыл айтпай ма ағасы”.

Зекет (араб.) – садақа, діни рәсім, мұсылмандық парыз. “руза, намаз, зекет хаж – талассыз іс”.

Зи (араб.) – з; араб алфавитінің он бірінші әріпі. “Зи – зиһардай күйдірді ғишқын қатты”.

Зидди (араб.) – қарсы, керісінше. “…Ғамалус-салих залымдықтың зидди болар”.

Зинһар (парс.) – қалайда, әйтеуір, әсіресе. “Зинһар, сендерден бір сұрайын деген ісім бар”.

Зират (араб.) – бейіт, белгілі орыс; ақын Мекке, Медине деген мағнада қолданған. “Зиратын парыз еткен орынға жүзін қаратып, сондағы дұғадағыдай қабылдыққа жақын болар ма екен деген ишараты”.

Зұлым (араб.) – бұл жерде әділетсіздік, артықшылық, күштілік мағынасында.

Идән (ноғай.) – еден. “Сенің шақшы аяғың білән пышыратарға қойған идән түгіл…”

Ижтиһат (араб.) – талаптану, еңбектану. “…һәмма махұлықтардың өлімін жек көріп, тіршілікте көп қалмақшылығын тілеп ижтиһат қылуын көргенде…”

Икра (орыс.) – уылдырық. “…Балықтар икрасын, хатта ара: балын, балауызын, құрт жібегін – һаммасы адам аласының пайдасына жасалып, ешбірінде бұл менікі дерлік бір нәрсе жоқ”.

Иллаһи (араб.) – құдайдың бергеніне ойжібер.

Иман (һараб.) – бар намазшы, дін басы діни дауазым. “Имамдар ғибадаттан сөз қозғаған”.

Иман (араб.) – аллаға сену, илану, дінинаным, сауап. “Иманың түгел деуге аузым бармас”.

Иманыгүл (араб.) – кәміл,иманды. “Осы үш сүю болады иманы гүл”.

Инанмақ (араб.) – иланбақ, сенбек, ұғынбақ. “Иман деген – алла табарақа уатағаланың… бізге пайғамбарымыз арқылы жіберген жарлығына… мойын сұнып, инанмақ”.

Инналлаһу йухиббул мақситин (араб.) – “Шынында құдай әділ адамдарды сүйеді”.

Иннәмал – әғмал бин – ниет (араб.) – “Іс істеу үшін ниетталап керек”.

Инсан (араб.) – адам, адам баласы, адамзат. “…Жанды хайуандадан ақылды инсанды жаратыпты”.

Инсаният (араб.) – адамгершілік. “Ижтиөаттің шарт еттің, мұсылман болдың һәм толық инсансаятың бар болды”.

Интернат (орыс.) – интернат, жатақ, оқу орны. “Интернатта оқып жүр, талай қазақ баласы”.

Ирада (араб.) – тілеу, қалу. “Оның үшін аллатағаланың сипаттары: Хаят, Ғылым, Құдірет, Басар, Сәмиэ, Ирада…”

Испат (араб.) – дәлелдеу, дәлелмен бекіту. “Әуелі – не нәрсеге иман келтірсе, соның хақтығына ақылы бірлән дәлел жүргізерлік болып, ақыл дәлел – испат қыларға жарас, мұны якини иман десек керек”.

Истинжа (араб.) – дүзге отырғаннан кейін тазалау, дәрет алу. “Ол таһараттың алды истинжа еді”.

Истихраж (араб.) – шығару, істеу, ойлау. “Әр нәрсе дүниеде солардың истихражы бірлән рауаж табады”.

Иузи (татар.) – жүзі, келбеті. “Иузи – раушан, көзі – гәуһар. Лағилдек бет үш ахмәр”.

Иұмылу (татар.) – жұмылу. “Кетіп қуат, йумылып көз, Бойыңа –сал бола нигә?

Ихсан (араб.) – жақсылық, жәрдем. “Ихсанда қолым қысқа болмасын деп… малға махаббатын аудармай, игзулікке бола халал кәсіп бірлән тапқан дүние емес”.

Ихтиқат (араб.) – нану, сену. “Әуелі иманның ихтиқатын махкамлемек керек”.

Ихтияр (араб.) – разылық, еркі, ынталылық. “Егер қыз әкесі жасау беру ихтияр болмасы қыз жасаусыз қалады”.

Ишан (араб.) – діни лауазым. “Бұл заманның ишандарына бек сақ болыңдар”.

Ишарат (араб.) – нұсқау, көрсету. “Ей, ишараттан хабарсыздар, қара!”.

Камил (араб.) – толық, тұтас, жетілген. “Бұл айтылмыш үш хасләттің иелерінің алды – пайғамбарлар… ең ақыры – кәміл мұсылмандар”.

Каф (араб.) – к; араб алфавитінің жиырма екінші әріпі. “Каф – Кәмил ақылың асыл, затым”.

Кәз (шағ.) – кез, сәт. “Мүбада болса ол бір кәз, Тамаша қылса йузма – йуз”.

Кәлам (араб.) – сөйлеу, тілеуші. “Оның үшін аллатағаланың сипаттары: Хаят, Ғылым, Құдірет, Басар, Сәит, Ирада, Кәлам…”.

Кәмәлат ғазамат (араб.) – үлкею, жетісу, толысу, құдіреттілік. “Бұл сегізінен аллатағаладағыдай кәмәлат ғазамат бірлән болмаса да, пендесінде де әрбірінен өз халінше бар қылып жаратыпты”.

Кәмәлет (араб.) – толысу, жетілу. “Олардың адамшылығының кәмәлат таппағы “қиынның қиыны”.

Кәмтар (парс.) – мұқтаж, кіріптар, кемтар. “Сәңе ғашық болып кәмтар”.

Кән (шағ.) – пеш, жылылық, татулық, ақын қуат деген мағнада қолданған. “Құдай берген бұл достық - кәннің бірі, Мұндасқанда қалмайды көңіл кірі”.

Кәрәм (араб.) – ізгілік. “Белгілі жауанмәртлік үш хаслат бірлән болар деген сиддық, кәрәм, ғақыл…”

Кәрки (араб.) – піл, үлкен піл. “Кәркиден пілдей қуатты”.

Кәртеч, картеч (пол.) – зеңбіректінің шашырап жарылатын оғы, бытыра. “Қол салмаққа кәртечке…”

Кәсиби (араб.) – еңбекпен табылған нәрсе кәсіптік. “Ақыл ғылым – бұлар кәсиби”.

Кәтелешке, каталошка (орыс.) – түрме, айып орны. “Кәтелешке көбейді. Сөгіс естіп тозды ажар”.

Кезнесу (шағ.) - қысылу, жүзі құбылу, қызару. “Артынан “ол нем?” деп, ұялып кезнесіп”.

Кеніш (парс.) – қазына, байлық, кен шығатын жер. “Әрбір жинақылықтың түбі кеніш болса керек”.

Коренной (орыс.) – ежелгі, негізгі, тұрақты, түпкілікті, жергілікті. Ақын істің ең орындасын табу деген мағнада қолданған. “Алыста болса, іздеп тап, кореннойға кіруге”.

Күпір (араб.) – діннен шығу, дінге қарсылық. “Мұндай фиғылдардан күпір қаупі да бар”.

Күсу (шағ.) – безу, күдер үзу, тастай алмай жүргенім жоқ деген мағнада. “мендағы жүргенім жоқ малдан күсіп”.

Кібік “араб” – сияқты, секілді. “Бұлардың көбі әншейін жәһил түгіл жәһилләр кібік талап болса, қайда хақ сөздер келсе, қазір нысапқа қайтсын һәм ғибратнанасың”.

Қағадат һүл ахир (араб.) – намаз бітерде соңғы отыру. “Қағадат ул ахир – дұғаның ақырында аллаға тахият”.

Қадим (араб.) – ескі, көне. “Әрбір хадиске айтылатұғын бір қадимге тариф болмайды”.

Қадир (араб.) – күшті. “Алланың қадирлілігіне өзінің ғажиздығына ықрарының беріктігін көрсеткен ишараты”.

Қадір сұбхан, қадир сұбха (араб.) – құдіреті күшті құдай деген мағнада. “Мұнысын жаратпайды қадір сұбхаң”.

Қажы, хаджи (араб.) – діни лауазы. Меккеге барып келген адамдарға беріледі.

Қарар (араб.) – тоқтану, беку. “Бұл фиғылды құданың ешбірінде қарар қылмаймыз”.

Қаса (араб.) – ант, серт. “Бәрі де кісі-ақ еді қасалықты”.

Қасд (араб.) – ниет, арнау, бағыштау, “Езгулікке бола қасд етіп, ниет етеміз”.

Қаф (араб.) - қ; араб алфавитінің жиырма бірінші әріпі. “Қаф – Қабыл болар ма екен жазған хатым”.

Қаш (татар.) – қас. “Қашың құдрат қоли шигә”.

Қира’әт (араб.) – оқу, құрандағы арабша айтылуынша оқу. “Содан соң қира’әт яғни сұрәһи фатиха оқысын”.

Қиям (араб.) – намаз оқығанда түрегеліп тұру. “Онан соң қиямда тұрып қол бағламақ”.

Қоли (татар.) – қолы. “Қашың құдрәт қоли шигә”.

Құдрәт, құдірет (араб.) – күш. Қашын құдрәт қоли шигә.

Құдрет олуда (араб.) – күші, қуаты болуда. “Бұл бірлік, барлық ғылым, құдірет болуда боларлық нәрселер ме?”.

Құрбәт (шағ.) – жақын, замандас, құрбы, туысқан, көрші, ақын жаман ағайын, жаман көрші мағынасында қолданған.

“Сыпыра батыр сұи құрбәт, мақтанмен алды мазамды”.

Құса (араб.) – қапа, уайым, қайғы, кәсірет. “Көрмей тұрып құсамын, Темір көзді сарайды”.

Құтпа (араб.) – мешітте айтылатын уағыз. “Мешіттің құтпа оқыған ғұламасы. Мүнәжәт уалилердің зар наласы”.

Қыбла (араб.) – қуыс, текше, оңтүстік (мұсылмандар намаз оқығанда бетін бұратын жақ; Қағба бет бұру).

Қыдыр (араб.) – діни ұғым бойынша бақ, дәулет иесі, жарылқаушы. “Бұл шал бөтен шал емес, қыдыр еді”.

Қыларға (татар.) – қылуға, істеуге, етуге. “…Ақылы дәлел – испат қыларға жарас, мұны якини иман десек керек”.

Лағаиру уәләһүә (араб.) – басқа да емес, оның өзі де емес. “Сегіз сипат қылып және ол сипаттар Лағаиру уәлә һуә болып, бұлай айтуда, бұлардан бір өз алдына жамағат яки жамиғат шығып кетеді”.

Лағнет (араб.) – қарғыс. “Құдайым “шайтансың” деп лағнет етті”.

Лағылдек (араб.) – лағыл сияқты ақын сұлу деген мағнада қолданған. “Лағылдек бет үші әхмәр, тамағи қарданәм битар”.

Ладан (орыс.) – Ғайса дініндегілердің шоқынған кезде тұтатын иісті майы. “Ладан деген иісті май тұратын…”

Лакин (араб.) – бірақ. “Лакин, сондай адамдар толымды ғибадатқа ғылымы жетпесе де, қылса екен”.

Лапке (орыс.) – дүкен, шағын сауда үйшігі. “Бір күні лапкесіде отыр еді…”.

Латиф (араб.) – жақсы, таза, кірсіз; алланың бір есімі. “…Аллатағаланың Рахман, Рахим, Ғафур, Уодуд, хафиз, Сәттар, Разақ, Нафия, Уәкил, Латиф деген есімдеріне…”

Ләбіңнен, Ләбің (парс.) – еріңнен, ернін, лебін; ақын ерніңнен леп шығарсаң деген мағнада қолданған. “Ләм – ләбіңнен қисаң мен дерттіге”.

Ләззәт (араб.) – тәттілік, шырындылық, сүйкімділік, жанға рахат табу. “Ләззат алсақ болмай да. Көз жұмулы, көңіл мас”.

Ләзім (араб.) – міндет, лайық жөн. “Парыздарды білмекке ижтиһат ләзім”.

Лә илаһа илалла (араб.) – алладан басқа құдай жоқ. “Ләм-әлиф-Лә илалла деп”.

Ләм (араб.) –л; араб алфавитінің жиырма үшінші әріпі. “Ләм – ләбіңнен қисаң мен дерттіге”.

Лә мәкан (араб.) – мекенсіз, орыны жоқ, тұрағы жоқ. “Мекен берген, халық қылған ол лә мәкан, Түн иесін көкғсемей бола ма екен?”

Ләм-мим (араб.) – үндемеу,тіл қатпау, ауыз ашпау. “Ләм-мим деп Бір сөз айтар Хал жоқ”.

Ләгі (парс.) – тәтті ерін, лебіз, леп. “Шын – Шикәрләп есіме түскен сайын”.

Мағрифат улла (араб.) – алланы тану, білу. “Егерде ол сипаттар бірлән тағрифламасақ бізге махрифатулла қиын болады”.

Мағишат (араб.) – тіршілік, өмірі. “Мағишат дүниеде надан бір ессіз адам болып шығады”.

Мағмур (араб.) – қызық, әдемі, келісімді. “Дүиенің мағмұрлығы бір түрлі ақылған нұр беріп тұратұғын нәрсе”.

Мағшұқ (араб.) – сүйікті, ғашық болған, көңілдес. “Ғашық – мағшұқлыққа халық бірлән…”.

Мазатсу (араб.) – артық кету. “Бір ағашқа қондыда, Асықпай жемек болы да, Мазатсып қрады, Оңына, солыңа”.

Мазұлм (араб.) – зұлымдыққа ұшыраған адам. “Мазұмға жанын ашып, ішің күйсің, Харекет қыл, пайдасы көпке тисін”.

Майор (орыс.) – әскери атақ. “Тек майордың күлгені керек деп, Көті ашылса да, қам жемейді”.

Макруһи (араб.) – жіркенішті, мәкүрік. “Хәрами маркуһи былай тұрсын…”.

Мақам (араб.) – орны, көңіл, ықылас. “Қолыңнан келгенше достық мақамында болмақ”.

Мантикин (араб.) – сөздерді ашып, айқындаушы; ақын терең ой, қисынды сөз (логика) ғылымына жетік ажамдар мағынасында қолданған. “Мүтәкәллимин мантикин Бекер босқа езедүр”.

Мархат (араб.) – жақсылық, рақым, қйырымдылық. “Біөз өз ортамызда бұл мархамат ғадәләтті иманның шартынан хисап қылмаймыз”.

Махкам (араб.) – мығым, берік тұту, мықты ұстау, сенімді болу. “Әуелі – иманның иғтиқатын махкамлемек керек”.

Махлұқ (араб.) – жан-жануар, жәндік, жан иеі. “Күллі мақлұқ, өзгерер, алла өзгермес”.

Махрұм (араб.) – бос, құр қалу. “Бұл махрұм қалмағына кім жазалы, Қолымды”.

Махшар (араб.) – мұсылман дінит ұғымында ақырзаман болған соң адам баласының күнәсі тексерілетін орын. “Ахиретке қарай өлуін, көрген кіруін, шіруін, махшарда сұрауың бірдей…”

Машина (орыс.) – машина. “Миллион хикмет бірлән жасаған машина, фабрик адам баласының рахаты”.

Мәғмур (араб.) – қызық, жақсы. “Дүниесінің мағмурлығы бір түрлі ақылға нұр беріп тұратұғын нәрсе”.

Мәдәт (парс.) – жәрдем, көмек бер, медет. “Хода Хафизбу һәммәси Мәдәт бер я шағири фәрияд”.

Мәдхіна, Мәдәх (араб.) – мақтау, мадақтау. “Си – Сәнан мәдіхана хұрмәт еттім”.

Мәзрәгәтул (һараб.) – егін. “Хакімдедің жасаған, таратқан істері әддүние мәзрәгәтул – ахирет дегендей, ахиретке егіндік болатын дүние сол”.

Мәкән испат (араб.) – мекен,орын бар деу. “Егер аллатағаланы жоғарыда деп, мәкен испат етпесең де…”.

Мәл лә хаяун лаһу уәла иманун лаһу (араб.) – “Кімнің ұяты жоқ болса, соның иманы жоқ”.

Мәліш, мелочь (орыс.) – ұсақ-түйек. “Мәліш сауда сықылды күлкі сатып, Алса қоймас, араны тағы тоймас”.

Мәртәба (араб.) – дәреже, саты. “Дүниедегі бүкіл ләззат бұларға екінші мәртәбада қалып, бір ғана хақты таппақ, әрбір нәрсенің себебін таппақпенен ләззаттанады”.

Мәсіх (араб.) – дәрет алғаннан кейін мәсінің үстінен, мойыннан сулы қолмен сипау.

Мәт (араб.) – әріп үстіне қойылатын сызықша белгі. “Мәт – қасық, тәштит – кірпік, секін – көзің”.

Мәтбұғ (араб.) – еруші. “Олай болмаса сипаттар өз орталарында бірі тәбиғ, бірі мәтбұғ болады ғой”.

Мәужүт “араб. – бар нәрсе. “Барлығына шүбәсіз, Неге мәужүт ол куә”.

Медресе (араб) – діни жоғары оұу орны. “Баламды медресеге біл деп бердім”.

Меһріңнен, Меһір (араб.) – мейір, ықылас. “Мен – Меһріңнен қалмас едбар апатым”.

Мен (араб.) – м; араб алфавитінің жиырма төртінші әріпі. “Мен “Меһріңнен қалмас ед бар апатым”.

Мешіт (араб.) – мұсылмандардың намаз, дұға оқитын ғибадатханасы. “Мешітіне бастықтың келер жолын…”

Мизан (араб.) – таразы, өлшеуші. “Сөз мәнісін білсеңіз, Ақылмизан өлшеуқыл”.

Миллион (лат.) – сан, он жүз мың. “Тоғыз миллион санарда, ажал жетті, күн бітті”.

Мирас (араб.) – мұра, енші, әдет. “Етінен еткен, сүйегін жеткен, атадан мирас алған, ананың сүтімен емген надандық әлдеқашан адамшылықтан кетірген”.

Михнатсыз (араб.) – еңбексіз, бейнетсіз, қиындықсыз, “Еждиһатсыз, михнатсыз. Табылмас ғылым саласы”.

Михраб (араб.) – мешіттерде имам тұратын орын. “Михрабым, сен, бас ұрамын”.

Монастырь (орыс.) – дүниеден безгең, Ғайса дініндегі шайқылар жиналып, құдайға құлшылық ететін орын, жатақхана. “Ол монастырь – сопылар тұрар жері”.

Муафих (араб.) – үйлесімді, сәйкес. “Бірақ ол өнер ғадаләттен шықпасын, шарғыға муафих болсын”.

Мунәсибәтсіз (араб.) – байланыссыз. “Ғашық мағшұлыққа халық бірән махлұқ ортасы мунасибәтсіз аллатағаланың пендесі махаббат уа маррхамат бірлән жаратқанын біліп…”

Мұғамәла (араб.) – араласу, қатынасу. “…Халықтармен мұғамәла қылса екен деп ойлап…”

Мұқтәди (араб.) – еру, жолға түсу. “Ол білім-ғылымды құдаға мұқтәби болсын”.

Мұқым (араб.) – бүкіл, барлық. “Мұқым қазақ баласы Тегіс ақыл сұрапты”.

Мұлахаза (араб.) – ойлау, пікірлесу. “Төртінші – ғылым-білімді көбейтуге екі қару бар, адамның ішінде – бірі мұлахаза қылу, екіншісі – берік мұхафаза қылу”.

Мұнафих (араб.) – мұсылмансып, іштей дінге қарсы екі жүзді адам. “Мұнаффиқ намаз қылмақ па мағлұм ғой ол”.

Мұрад (араб.) – арман, тілек, мақсат, мұрат, үміт. “Бұл хакимдерден мұрад – мұсылман хакимдері… дүниенің һәм адам ұғлы өмірінің сырына жетсе де, діннің хақ махрифатына жете алмаған”.

Мұтәкәллимин (араб.) – сөйлеушілер: ақын дінді дәлелдеушілер, уағыздаушылар мағнасында қолданған. “Мұтәкәллимин мантихин Бекер босқа езедүр”.

Мұхал (араб.) – мүмкін емес, екі талай, неғайбыл, “Бұлардың жеткізбегі мұхал, бұлар адам аздырушылар”.

Мұхафаза (араб.) – сақтау, қорғау, бұзбау. “Төртінші – ғылым –білімді көбейтуге екі қару бар адамның ішінде: бірі – мұлахаза қылу, екіншісі – берік мұхафаза қылу”.

Мүбадә олса (түрік.) – бола қалса бір себеппен “Мүбадә болса бір кәз, Тамаша қылса йузмә-йуз”.

Мүлки (татар.) – мүлік, дүние. “Ала алмас барша мүлкигә”.

Мүмин (араб.) – мұсылман дініне құдайдың бірлігіне сену, “Му’мин болсаң, үйреніп сен де ұқсап бақ”.

Мүмкинат (араб.) – болуы мүмкін нәрселер. “Оның үшін мүмкинаттың ішінде не нәрсенің ужуді бар болса, ол бірліктен құтылмайды”.

Мүнәжәт (араб.) – тілек, зар. “Мешіттің құтпа оқыған” ғұламасы, Мүнәежәт уалилердің зарналасы.

Мүнкір (араб.) – сенбеу, қарсы келу. “Бір алланы танымақтанғайри, яғни алтауына кімі күмәнді, кімі мүнкір болып, тахлиқай алмағандар”.

Мүсілім (араб.) – мұсылман. “Өзіңді оның құлы біліп, өзіңе мүсілім ат қойып, тәсілім болғанын раст боласың да”.

Надир (араб.) – сирек, аз кездесетін нәрсе. “Бұл заманда надир, бұған ғылымның да зоры батылмақ керек”.

Назначение (орыс.) – қызметке тағайындау. “…Губернатордың назначениесімен болады десе бұл халыққа бек пайдалы болар еді”.

Нақлия (араб.) – бұрыннан айтылып жүргенін негізгі сөз, түп сөз. “Бұл сөзімен нақлия дәлелім – жоғарыдағы жазылмаш аллатағаланың есімдері”.

Нала (парсы) – зар, уайым, қайғы жапа. “Нон – Нала қып, қайғыңмен күйдірдің көп”.

Намаз (парс.) – дұған, діни рәсім, мұсылмандық парызы. “Руза, намаз, зекет, хаж – талассыз іс”.

Намазшам (парс.) – Күн батысымен оқитын намаз. “Намазшамның артынан, Құржың-құржық етеді”.

Наме (араб.) – хат, кітап. “Бұл жазған сұңғатым, Көкіл ашар бір наме”.

Напас (араб.) – дем беру, уру, үшкіру; ақын үні, сөзі деген мағнада қолданған. “Қасиетті наласы желдей есіп”.

Нафиғ, Мәфиғлық (араб.) – пайда беруші, алланың бір есімі. “Баршасы нафиғлық болған соң, біздің оларға міндеткерлігімізге дағды жоқ”.

Начальник (орыс.) – басшы, абстық. “Уезный начальник ценен военный губернатордың назначениесімен болады десе, бұл халыққа бек пайдалы болар еді”.

Наша (араб.) – үнді қарақурайының еліткіш гүлі. “Нашалы баламыз ғой сөйлеп шалқып”.

Нәбатәт (араб.) – өсімдік, дақыл. “Неше түрлі нәбаттарды өстіріп… балықтарға орын болып жатыр”.

Нәби (араб.) – пайғамбар. “Оларға кез-кезімен нәби келді”.

Нәпіл (араб.) – намаз, міндетті бес уақыт намаз үстіна қосымша оқылатын намаз. “Ниет қабыл білмейді. Не қылады нәпілді”.

Нәфиғ, нафиғлық (араб.) – пайда беруші; алланың бір есімі. “Баршасы нәфиғлық болған соң, біздің оларға міндеткерлімізге дауға жоқ”.

Нәфрәтлі (араб.) – жеркенішті, үлгісіздік. “Жамандық көрсең нәфратлі, суытып көңіл тыйсаңыз”.

Нәфсі (араб.) – көңілдің қалауы, құмарлық, зауық. “…Бойды таза сақтайтұғын, күнәкәрліктен, көрсеңқызар жеңілдіктен, нәфсі шайтанның азғыруынан құтқаратұғын… мен емес пе?”

Негә (татар.) – неге. “Қуат кетіп, йұмылып көз. Бойыңа-сал бола нигә?”

Ниғмәт (араб.) – байлық, береке, дәулет, ырыс. “…Берген ниғмәттәріне, онан көрмек хұзурға суық көзбен қарап, ескерусіз тастап кетпек ақылға, әдепке, ынсапқа дұрыс па?”

Ниет халис (араб.) – таза, түзу ниет. “Бұлар өз ижтиһадің бірлән ниет халис бірлән ізденсең ғана берілетін нәрселер”.

Низам (араб.) – тәртіп, заң, жүйе. “Соған қарай Ғұсманияда мектеп хардия, мектеп рүшдия салынып, жаңа низамға айналған”.

Нисбәт (араб.) – шама, мөлшер. “Би – Бала’й дертіңе нисбәт еттім”.

Ниһаятсыз (араб.) – шексіз, шамасыз; ақын өлшеусіз деген мағнада қолданған. “Құдай-тағаланың жолы деген жол ниһаятсыз болды”.

Нон (араб.) – н; араб алфавитінің жиырма бесінші әріпі. “Нон – Налы қап, қайғыңмен күйдірдің кеп”.

Нөл, Нуль (орыс.) – рет саны. “…Осы сөздің он тоғызыншы нөмірінде жазылған ақыл кеселі деген төрт нәрсе бар”.

Образование (орыс.) – білім. “Халықтың болыстыққа сайлаймын деген кісі пәлен қадәрін орысша образование алған кісі болсын”.

Ояз (орыс.) – уезд бастығы. “Олда оязный емес қой, Алуға тендік сенуге.

Өзәң (татар.) – өзің. “Өзәң гузәлләра раһбар”.

Пак (парс.) – таза, кіршіксіз. “Бұл пактіктің үстінде аллаға дұға айтамын деп әзірмісіз”.

Пар, пара (орыс.) – тең, жұптас. “Қай жеріммен пар келем”.

Партия (лат.) – топ, ұйым, жік. “Болды да партия, Ел іші жарылды”.

Парыз (араб.) – міндет, борыш. “Әрбір иманы бар кісіге ғибадат парыз деген екен”.

Пәндә (парс.) – адам, кіріптар, бағынышты адам. “Тағдыр етсе алла, Не көрмейді пәндә”.

Пәрмәне (парс.) – бұйрық, әмір, жарлық, жан пила қылу; ақын мәпелеу дегенмағнада қолданған. “Қай қазақты көрсем де, баласы жасырақ болса, оның басынан пәрмәне болып жүріп, ержеткен соң суық тартатұғыны қалай?”

Пәруардигәр (парс.) – құдай, тәңірі. “Сені маған кез қылған пйруардигәр”.

Перзент (парс.) – бала, ұрпақ. “Ей, жүрегімнің қуаты, перзентлерім!”

Перизат (парс.) – пері; ақын Татьянаның шыққан тегін ыздақтау үшін қолданған. “Ол – перизат, ойла, өзің біл…”

Пияла (парс.) – кесе, тостаған, шыныаяқ. “Алыста пияланы оңды-солды”.

Пияншік, пьяница (орыс.) – маскүнем. “Сыпыра елірме, сұрқия, көп пияншік нені ұғар?”

Подвижной элемент (орыс.) – ақын тез қозғап жіберу деген мағнада қолданған. “Біреуі орысша подвижной элемент деп аталады”.

Поднос(орыс.) – кесе, ішімдік ыдыстарын салып әкелетін жайпақ табақ. “Подносқа бөтелкемен арақ толды”.

Положения (орыс.) – ережелер. “Осы положение бойынша билердің билігі мен ақшаға яки тиісті абақтыға жазаланады”.

Посредник (орыс.) – ара ағайын; ақын екі жағына бірдей адам сайлау деген мағнада қолданған. “…біреуді посредникке сайлап алып біте берсе…”

Пошал, Пошел (орыс.) – кет, жоғал,. “Еннатайына кәл кәусар, Пошал дереу күнәкар”.

Приговор (орыс.) – үкім. “Бұзықтық шығарған адамдар өз болысына приговорымен немесе осы положения бойынша билердік билігімен ақшаға яки тиісті абақтыға жазаланады”.

Прошение (орыс.) – арыз, өтініш. “Прошение жазуға, Тырысар келсе шамасы”.

Пышана (парс.) – мағдай, тағдыр, жазмыш. “Соры қалың соққы жеген пышанамыз”.

Пышыратарға (ноғай.) – былғайтын, шашатын. “Сәнің шақшы аяғың білән пышыратарға қойған идән түгіл..”

Пір (парсы) – әулие. “…Кейбірі пірге қол берген, іші залым, сырты абыз”.

Раббы (араб.) – құдай, алла. “Бұл болса, тағриф раббыге жараспайды”.

Рағит (араб.) – нажағай ойнатып, күн күркірететені періште. “Жарқылдап Рағит жайды айдар”.

Разақ (араб.) – қызық беруші; аллланың бір есімі. “…Аллатағаланың Рахман, Рахым, Ғафур, Уадуд, Хафиз, Сәттар, Разақ… деген есімдеріне…”

Райыс (араб.) – рақат, мәртебе. “Ері ақылды, қатыны мінезді боп Тату болса, райыс үстіндегі үй”.

Раст (араб.) – разы, тәнті. “Өзіңді оның құлы біліп, өзіңе мүсілім ат қойып, тәслим болғанына раст боласың да”.

Расход (орыс.)– шығын. “Қыстау керек, үй керек, Сән-салтанат, расход көп”.

Рәуаж (араб.) – шығын. “Қыстау керек, үй керек, Сән-салтанат, расход көп”.

Рәуаж (араб.) – шығын. “Қыстау керек, үй керек, Сән-салтанат, расход көп”.

Рәуаж (араб.) – реттеу, пайдаға асыру. “Бірақ оған рәуаж беріп гүлдендірмек”.

Рафғат (араб.) – жоғарылату, көтеру. “Олай болғанда ғадаләт рафғат болуға кімде кімнің әділеті жоқ болса…”

Рахим (араб.) – а) мейірімді рақымдас, алланың бір есімі. “Рахим… деген есімдеріне…” б) алла, құдай. “Сиқатын қалқама, Берегер, я рахима”.

Рахман (араб.) – жарылқаушы; алланың бір есімі “…Аллатағаланың Рахман… деген есімдеріне…”

Рахмат (араб.) – пайғамбар. “Рәсулді алған бұл елім Кімнен жөнді сұрайды”.

Раһбар (парс.) – бастаушы, басшы, жолбасшы. “Өзәң гүзәлләра раһбар”.

Рәуаж (араб.) – реттеу, пайдаға асыру. “Бірақ оған рәуаж беріп гүлдендірмек”.

Рәушан (парс.) – жарық, сәуле, көрік. “Рәушан сипатын Тех көрсетбендеге”.

Ре (араб.) – р; араб алфавитінің оныншы әріпі. “Ре – Риза қылмағанды яр өзің біл”.

Риясыз (араб.) – бүкпесіз, қалтқысыз. “Бұл жолы риясыз, жеңілдіксіз бір қарар тұрып іздеген ғана кісі істің кәмәлатына жетпек”.

Руза (араб.) – ораза, діни рәсім, мұсылмандық парызы. “Рузә, намаз, зекет, хаж – талассыз іс”.

Рузи (парс.) – күн, күндей. “Жем – Жамалын қандай ақ рузи маған”.

Рұқуғ (араб.) – намаз оқығанда тізеге қол қойып еңкею. “Рұқуға бес ұрмақ – алдында құда хазірге ұқсас, ол да – ишарат”.

Рүшдия (араб.) – жалпы білім беретін мектеп. “Соған қарай Ғұсманияда мектеп харбия, мектеп рұшдиялар салынып, жаңа нихзамет”.

Рюмке (орыс.) – арақ, шарап құйып ұсынатын ыдыс. “Бір-екі жақсы рюмке дайын болды”.

Салауат (араб.) – мадақтау дұғасы. “Енді намаздың аты – салуат”.

Салахият (араб.) – қабылеттік, алғырлық. “Қайыунға адамның ақылын берсе, мұнша шеберлік, мұнша дәрігерлік, бір-біріне ғылым үйретерлік шешендік салахият ол денеге лайықты келмейді”.

Салалаһу ғалйһи уәсәлләс (араб.) – құдайдың сәлемі мен рахметі болсын. “Пайғамбарымыз салалаһу ғалайһи уәсәлләмнің хадия шарифінде айтыпты”.

Самородный (орыс.) – табиғи таза, қоспасыз. “Самородный сары алтын, Саудасыз берсең, алмайды”.

Саниғын сұнаты (араб.) – істеушінің ісіне, шеберлігіне қарай. “Саниғын сұнатына қарап білеміз”.

Сат (араб.) – с; араб алфавитінің он төртінші әріпі. “Сат – Сабырым қалмады мен не әйләйін”.

Саудайы (араб.) – істеген ісін абайламау, байқамай істеу. “Саудайы-ай, сауды алмадың-ау сырқауды алып”.

Саф (араб.) – таза. “…Ішімнің сафлығының соңында халық көрер сыртымды да пак етемін…”

Сахиб ниғмәт (араб.) – байлық, дәулет иесі; ақын құдайдың бергені деген мағнада қолданған. “Сахиб ниғмәткә шүкіршілігің жоқ болса, әдепсіздікпен күнәкәр болмайсың ба?”

“Сахаба (араб.) – сақаба, Мұхаммедтің серіктері.

Сәжде (араб.) – намаз оқығанда маңдайлы жерге тигізу.

“Сәжделер әуелден жерден жаралғанына ықырары”.

Сәләмәтшілік (шағ.) – саулық, амандық. “Оларға да сәләмәтшілік тілеп әм рахмет тілеп бітіресіз”.

Сәмиғ (араб.) – есту; естуші. “Оның үшін аллатағаланың сипаттары: Хаят, Ғылым, Құдірет, Басар, сәмиғ…”.

Сәнаи (араб.) – мақтаулы. “Си-санан мәдхіна хұрмет еттім”.

Сәнан (шағ.) – сенен. “Ха-Халаллық таппадым, жаным, сәнан”.
Сәнің (ноғай.) – сенің. “Сәнің шақшы аяғың білән пышаратарға қойған идән түгіл, шық, сасық қазақ” – деп үйінен қуып шығады”.

Сәңә (тара.) – саған. “Сәңа ғаших болып кәмтар”.

Сәттар (араб.) – айыпты, жабушы; алланың бір есімі. “…Аллатағаланың Рахман, Рахим, Ғафур. Уадуд, Хафиз, Сәттар… деген есімдеріне…”.

Сезедүр (шағ.) – сезеді. “Ақыл мен хауас барлығын білмейдүр жүрек сезедүр”.

Секін (араб.) – араб жазуында дауыссыз дыбыс үстіне қойылатын таңба. “Мәт – қасың, тәштит – кірпік, секін – көзің”.

Си (араб.) – с; араб алфавитінің төртінші әріпі. “Си – сәнаи мәдхіна хұрмет еттім”.

Сиддық (араб.) – шын, шындық. “Белгілі жәуанмертлік үш хаслат бірлән болар деген сиддық, кәрәм, ғақыл…”.

Сиқат (араб.) – денсаулық. “Сиқатын қалқама, Берегөр, я рахим”.

Сила притягательного однородного (орыс.) – тектес заттардың бір-біріне бейімділік қуаты. “Біреуін орысша сила притягательная однородного дейді”.

Сифат затия (араб.) – өзіне тән, өзіне лайық болған сипат: “·әм сегіз сифат затиялары не деген сөз, кәміл үйрен”.

Солдат (орыс.) – жауынгер, сарбаз. “Ноғайға қарасам, солдатқа шыдайды”.

Сома, сумма (орыс.) – қосындысы, барлығы. “Әркімнің өз іздеген нәрсесі бар, Сомалап ақшасына сонан алар”.

Судья (орыс.) – сот, би. “Қисық болса закон бар, Судьяға беруге”.

Софы (араб.) – қалпе, діни (суфизм) топтағы адам. “Софылық қылып, дін бағу?”

Сөзідүр (шағ.) – сөзі, сөзі ғой. “Құран рас, алланың сөзідүр ал”.

Стақан, стакан (орыс.) – арақ-шарап құятын шыны ыдыс. “Жәдігей стаканға дәру тықты”.

Старшын, старшина (орыс.) – әкімшілік бөлік бастығы. “Старшын, биді жиғыздым. “Береке қыл” деп, “бекін” деп”.

Старшина (орыс.) – әкімшілік бөлік. “…Әрбір болыс елде старшина басы бір би сайлағандық, бұл халыққа көп залал болғандығы көрініп, сыналып білінді”.

Сурәһи (араб.) – сүре, тарам. “Онан соң қирә әт яғни сүраһа фатиха оқисың”.

Сухаба-и кәрәмлар (араб.) – ғылым үйрену. “Сухаба-и кәрәмлар “бұл бір жылдық күнде намаз нешеу болар деп сұрағанда…”

Сұбхан (араб.) – жасаушы, жаратушы (алла). “Мұнысын жаратпады қадір сұхбан Көк бұзылып, жер жүзі болды топан”.

Сұнғат (араб.) – а) өнер, шеберлік, кәсіп. “…Аллатағаланың сұнғатына қарап пікірлемектікті екеуі де айттық;” б) жай, күй. “Бұл – жазған сұнғатым. Көңіл ашар бір наме”.

Сұхбат (араб.) – сөйлесу, сырласу, әңгіме-кеңес құру. “Ер табылса, жарайды қылса сұхбат”.

Сүбутия (араб.) – орнықты, тұрақты. “Ол “бір” деген сөз ғаламның ішінде, ғалам аллатағаланың ішінде, құдай табарақа уатағала кітаптарда сегіз сүбутия сиппатары бірлән… білдірген”.

Сүбутия уә фиғлия (араб.) – өзі істейтін, “Бұлардың һәммасы алла тағаланың затия сүбутия фиғлия сипаттары дүр”.

Сүндет (араб.) – әдет-ғұрып, салт. Мұсылмандық парызы. “Сұлуды сүймектік – Пайғамбар сүндеті”.

Счет (орыс.) – есеп. “Адал жүріп, адал тұр. Счеты тура келуге”.

Сын (араб.) – с; араб алфавитінің он екінші әріпі. “Сын – Сәләмат қалмағым болды мүшкіл”.

Сыяз, съезд (орыс.) – бас қосу, жиналыс, мәжіліс. “Орыс сыяз қылдырса, Болыс елін қарамайды”.

Сідет (шағ.) – міндет. “Кісіге сідет жүктетпей, Еңбекпен тапқан қоректі”.

Табарака уатағала (араб.) – ұлы тәңірі, құдірет күшті құдай. “Иман деген – алла табарақа уатағаланың шәриксіз, ғайпсыз, білгірліне… мойын сұнып, ананмақ”.

Тағат (араб.) – құдайға құлшылық қылу, жалбарыну. “Дін де осы, шын ойласақ, тағат та осы”.

Тағлим (араб.) – тәрбие, тәлім, үйрету. “”Аталарын паралап, балаларын алып, бастапқы айтқандай жолға салып, тағлим берсе, сонда түзелер еді”.

Тағриф (араб.) – тану, түсіну, білу, айыру, анықтау. “Тағрифалла еш жерде өзгермеді”.

Тай (араб.) – т; араб алфавитінің он алтыншы әріпі. “Тай – Талаптан, әйтеуір, құр қалмаймын”.

Тайфа (араб.) – тайпа, топ, діни қауым. “Бірақ менің ойыма келеді, бұл екі тайффа әр екісі өздеріне бір түрлі нәпсісін фида қылушылар деп”.

Таклиди (араб.) – біреуге еріп, нану, дәстүрлі. “Бұл манды иман таклиди жейміз”.

Такты (орыс.) – әуені, ырғақ. “Салған ән – көлеңкесі сол көңілдің, Тактысына билесін ол құлаққа”.

Тақырып хасил (араб.) – жақындық пайда. “Сол ниһаятсыз жолға берік бастың ниһаятсыз құдаға тақырып хасил болып хас езгу құлдарынан болмақ үміті бар”.

Тамағи (араб.) – тамағы. “Тамағи қардан әм биһтар”.

Тамғы (араб.) – тілеу, сұрау. “…Өзі біреуге тамғылы болмайын деп малға махаббатын аудармай, езгулікке бола халал кәсіп бірлән тапқан дүние емес”.

Тариқат (араб.) – дін жолы, шариғат. “…Күллі адам тәркі дүние болып һу деп тариқатқа, дүние ойран болса керек”.

Тариф раббы (араб.) – құдайды тану. “Бұл болса тариф раббыге жараспайды”.

Тасдиқ (араб.) – растау, бекіту; ақын шындық деген мағнада қолданған. “Екі дүние бұл тасдик, – хақтың досы”.

Тасирсіз (араб.) – нәтижесіз, болымсыз. “Көбінесе мұндай ессіздердің насихаты да тасирсіз болады”.

Тауарих (араб.) – сан, уақыт, дәуір; ақын тарих деген мағынада қолданған. “Онысы – әрине, тауарихтан хабар тисе, сол жақтан тигендіктен, ислам діні бұрынғы ата-бабаларды ұмыттырып, діндестерді жақын көрсететіндіктен һәм артқы жағы хабарсыз қараңғылықта қалғандықтан болған іс”.

Тахқиқ (араб.) – анық. Айқын. “Иманның асылы үш еп сен тахқиқ біл”.

Тахият (араб.) – сәлем ету, сиыну. “Қағадат ул-ахир – дұғаның ақырында аллаға тахият”.

Тахлихлау (араб.) – нану, сену. “Бір алланы танымақтан ғайри, яғни алтауына кімі күмәнді, кімі мүнкір болып тахлиқлай алмағандар”.

Таһрат (араб.) – намаз оқыр алдындағы жуыну, дәрет алу. “Енді ниет еттіңіз таһрат алмаққа”.

Тәбділ, Тәбдил (араб.) – өзгеру, өзгерту, ауысу, ауыстыру. “Тағдырға иәбділ бола ма, сабырлық қылсақ керек-ті”.

Тәбиғ (араб.) – ертуші. “Олай болмаса сипаттар өз орталарында бірі тәбиғ, бірі мәтбуғ болады ғой”.

Тәгіл (ноғай) – деп пе едің, бе екен? “Сәнің шақшы аяғың бірлән пышыратарға қойған идән тәгіл, шық…”

Тәкин, тәкуин (араб.) – бар қылу, барлыққа келтіру. “Оның үшін аллатағаланың сипаттары: Хаят, Ғылым, Құдірет, Басар, Сәмит, Ирада, Кәләм, Тәкин”.

Тәклиф (араб.) – бұйыру, істе деу. “Ешбір нәрсеге хикмәтсіз тәклиф қылмады”.

Тәркі (араб.) – безу. “Яғни, бенделіктің кәмәлатын әулиелікпен болатұғын болса, күллі адам тәркі дүние болып һу деп тариқатқа кірсе, дүние ойран болса керек”.

Тәслим (араб.) – берілу, тапсыру. “Өзіңді оның біліп, өзіңе мүсілім ат қойып, тәслим болғанға раст боласың да”.

Тәубә (араб.) – шүкіршілік, қанағат ету, кешірім сұрау. “Тәуба жоқ, дұға жоқ, тентек бойда”.

Тәуиліне, Тәһуәл (араб.) – жору, мағынасын білу. “Тә’уиліне жетерлік ғылымның шақ”.

“Тәфаккару фиәла иллаһи (араб.) – “құдайдың бергеніне ой жібер”.

Тәхмин (араб.) – шама. “…Әр адамның бойында алла табарака уатахала тәхмин бар қылып жаратқан”.

Тәхсил-ғұлым (араб.) – шама. “…Әр адамның бойында алла табарака уатахала тәхмин барқылып жаратқан”.

Тәхсил-ғұлым (араб.) – ғылым үйрену. “Бұл күндегі тәхсил-ғұлым ескі медреселер ғұрпында…”

Тәшәһһуд (араб.) – куәлік беру. “Қадағат ул-ахир – дұғаның ақырында аллаға тахият, одан тәшәһһуд одан салауат”.

Тәштит (араб.) – араб жазуының дауысты, дауыссыз дыбыстарын білдіретін белгі, үтір. “Мәт – қасың, тәштит – кірпік, секін – көзің”.

Ти (араб.) – т; араб алфавитінің үшінші әріпі. “Ти – Тілімнен шығарып түрлі әбиат”.

Трагедия (грек) – әдеби жанр, қасірет,қасіретке толы шығарма. “Софоклге трагедиясы себепті…”

Тракті (лат.) – даңғыл жол, үлкен жол. “Бірақ бұлардың ішінен керуен немесе тракт жол үстінде… тұрушылар шығарылады”.

Тұтмақ (татар.) – тұту, ұстау. “Енді ниет еттіңіз таһарат алмаққа, намаз оқымаққа, ораза тұтмаққа”.

Тілімнән (шағ.) – тілімнен. “Ти – Тілімнән шығарып түрлі әбиат”.

Уа (араб.) – және, тағы да, сөйтсе де.

Уағалайқүмүсәләм (араб.) – сізге де тыныштық болсын. “Уағалайқұмүссәләм, Болыс мал-жан аман ба?”

Уадуд (араб.) – сүйікті, сүюші: алланың бір есімі. “…Аллатағаланың Рахман, Рахим; Ғафур, Уадуд… деген есімдеріне…”

Уайлана (араб.) – күйінгенде айтылатын одағай сөз. “Уау, уайлана ғишқыл уайым жеп”.

Уақып (араб.) – қайырымдылық орны, діни мүлік, зат. “Мекеде уақып үй салып, Пәтер қып, жаққан шырақты”.

Уалакин (араб.) – бірақ та. “Уалакин, кімде-кім иманның неше нәрсе бірлән кәмәләт табатұғынын білмей… жыртысын салғанға ұқсайды”.

Уали (араб.) – әулие. “Мешіттің құтпа оқыған ғұламасы, Мүнәжәт уалилердің зар наласы”.

Уау (араб.) – у; араб алфавитінің жиырма алтыншы әріпі. “Уау – уайлана ғишқың уайым жеп”.

Уаүәммәлизинә амәну уәғамил уссалихати Фәиуәффиһим еуллаһу лә йухиббұззалимин (араб.) – Бірақ сондай адамдар бар, құдайға иман келтіреді, жақсы істер істейді, сөйтіп міндетін атқарады, өйткені құдай залымдарды сүймейді”.

Уахсусан (араб.) – әсіресе. “Уахсусан адам баласының аөыл-пікірін ұстартып, хақ пенен батылдықты айырмақты үйренгендігі”.

Уәзін (араб.) – өлшеу, өлшем. “Қуаты оттай бұрқырап, Уәзінге өлшеп тізілген”.

Уәзір (араб.) – патшаның, ханның көмекшісі, ақылшысы,белгілі бір саланы басқаратын әкім. “Сол масғұт халдифаға уәзір бопты”.

Уәкил (араб.) – басқарушы: алланың бір есімі. “…Аллатағаланың Рахман, Рахим, Ғафур, Уадуд,Хафиз, Сәттар, Разақ, Нафиғ, Уәкил… деген есімдеріне…”.

Уәктүбиһи (араб.) – оның кітаптарына сенемін. “Уәтубиһи дегенмен ісі бар ма?”.

“Уәлләзинә амәну уәғәмилуссалихати улам-каасхабул-жәннәтиһәм фиһа халидун” (араб.) – “Сондай адамдар бар, құдайға иман келтіреді, жақсы істер істейді, ондайлардың орны мәңгі ұжмақта”.

Уголовный (орыс.) – қылмысты. “Шапты, талады” деген әртүрлі уголовный іс көрсетіп, арыз береді”.

Уездный (орыс.) – ояздық. “…Уездный начальник пенен военный губернатордың назначениесімен болады десе, бұл халыққа бек пайдалы болар еді”.

Уерд (араб.) - әдет, машық. “Жай жүргенді уерд қылып, Тыныш өлсеңші тегінде”.

Ухарауи (араб.) – ахиретші, о дүниешіл, “Бірақ ұхрауи пайдасын ғана күзетті”.

Ұғыл (түрік) – бала. “Сіздерге адам ұғылының мінездері туралы біраз сөз жазып ядқар қалдырайын”.

Ұлығ (түрік.) – ұлы, үлкен. “…Ол аллатағаланың сегіз ұлығ сипатынан бас бұрғызып…”

Үдда, хадд (араб.) – күш, шама, шек. “Өлеңді айтпақ түгіл, ұға алмайсың. Айтсаң да үддасынан шыға алмайсың”.

Үжуд (араб.) – бар болу. “Оның үшін мүмкинаттың ішінде не нәрсенің үждуі бар болса, ол бірліктен құтылмайды”.

Үшбу (шағ.) – үшін. “…Бұл үшін дән сиддық, ғадаләт болар”.

Фабрик, фабрика (орыс.) – кәсіпорын. “Миллион хикмет бірлән жасаған машина, фабрик адам баласының рахаты”.

Файда (шағ.) – пайда. “Фи – Файдың тие ме деп, жаза салды”.

Фатиха (араб.) – бастау, кіріспе. “Ол фатиха сүренің мағналарында көп сыр бар”.

Фатлубни тәжидуни (араб.) – талап қылсаң табасың. “…Әгәрше фатлұбни тәжидуни делінседе…”

Фәни (араб.) – жалған, өтпелі, опасыз дүние. “Бақи қоймас фәнидің міні көрмей…”

Фәрдә (парс.) – ертең, ертеңгі күн, келешек. “Аллаяр сопының бір фәрдәрдән жүз фәрдә бижай” дегені басыңа келеді”.

Фәрияд (араб.) – сиыну, тілек тілеу. “Мәдт бер я шағири фәрияд”.

Фи (араб.) – ф; араб алфавитінің жиырмасыншы әріпі. “Фи – Файдың тие ме деп, жаза салды”.

Фиғыл-ғазим (араб.) – тақты, ұлы іс. “…Ол аллатағаланың фиғыл ғазим эрниц аттары”.

Фиғыл, құда (араб.) – а) тәңірдің ісі, бұйрығы, әмірі. “Жә, ол сегіз сипатына сипатымызды һәм олаттары бірлән ағламланған фиғыл құдаға фиғылымызды ертпекке бірлән табылады…” б) пікір, пиғыл, пейіл. “…Әрбір адамды бұзатын фиғыл”.

Фиғыл пәнде (араб.) – адам ісі. “Фиғыл пәнденің қазығы – осы жақсы хакимдер”.

Фида (араб.) – құрбан болу, жан қию. “Бірақ менің ойыма келеді, бұл екі тайфа әр екісі өздеріне бір түрлі нәпісін фида қылушылар деп”.

Фитне (араб.) – бұзықтық, бүліншік. “Бұлардың жиылмағы; қиынның қиыны, бәлки фитнә болар”.

Формы, форма (орыс.) – түр. кескін. “Кейде елеусіз, кейде ынтық формыменен”.

Ха (араб.) – қ; араб алфавитінің алтыншы әріпі. “Ха – Халалық таппадым, жаным, сәнан”.

Хадис (араб.) – әңгіме, кеңесізге сөз, аңыз; ақын пайғамбар өміріне байланысты аңыз-әңгіме деген мағынада қолданған. “Аят, хадис емес қой, Күпір болдық демес қой”.

Хадис, Шариф (араб.) – пайғамбардыің ізгі сөзі. “Әрбір хадиске айтылатұғын бір қадимге тағриф болмайды”.

Хаж (араб.) – “Меккеге бару, діни рәсім, мұсылмандық жақсысы адамға пайда келтірген адам”.

Хакім (араб.) – ғалым, оқымысты, данышпан. “Аристотель хакімге патша келді”.

Хақ (араб.) – анық, шындық, тазалық, адалдық. “Және хақ жолы осы деп әділетті”.

Хақиқат (араб.) – шындық, дұрыс, ақиқат. “Хақиқат пенен растық – қиянаттың дұшпаны…”.

Хақлық, хақтық (араб.) – анықтық, әділдік, шындық. “Көңілде өзге махаббат тұрғанда хақлықты таппайды”.

Хал (араб.) – жағдай, күш, қуат. “Бек бітті халім, Тағдырдан келген зұлым”.

Халайық (араб.) – халы ел, қауым, жұрт, бұқара. “Хт – Халайық, мен емес, бәрі ынтызар”.

Халал (араб). – адал, заңды. “…Езгулікке бола халал кәсіп бірлән тапқан дүние емес”.

Халәт (араб.) – қал, күй, жәй, жағдай. “Ораза тұтушылардың не халәттә екендіктерін, оған деген керек емес”.

Халиқ (араб.) – жаратушы деген мағнада. “Халиққа махлұқ ақылы жете алмайды”.

Хадис (араб.) – адал, шын, таза. “Бұлар – өз ихтиөадің бірлән ниет халис бірлән ізденсең ғана берілетін нәрселер”.

Халифа (араб.) – мирасқор, билеуші. “Арун-Рашид халифа заманында…”

Халлақы (араб.) – жаратушы. “Жә, олай хұлықпенен сол ойды ойлаған кісі халлақына шүкірді неге ойламасын?”

Хамса (араб.) – бес. “Адамды жаратушы хауаси хамса заһри бергенде, тахқих ойлап, олардың барлығы түгел оған мұқтаж барлығын біліп бергендігі әшкерек тұр ғой”.

Хамір (араб.) – арақ-шарап. “Пайда деп тән саулыққа ішетұғын, Миуадан тартқан хәмір ас артында”.

Харам (араб.) – жат, арам. “Біреуді ызаландырмақ –шариғатқа харам, шаруаға залал, ақылға теріс”.

Харбия (араб.) – соғыс ісі, әскери. “Соған қарай Ғұсманияда мектеп харбия салынып, жаңа низамға айналған”.

Харекет (араб.) – әрекет, қимыл, іс, кәсіп, талап, толк. “Харекетім – суретші, бояушылық”.

Хас (араб.) – нағыз, өте; ақын арналған лайықталған деген мағнада қолданған. “Олар хас осы ғибадат екен, құданың бізге бұйырғаны, біз осыны қылсақ, мұсылмандық кәміл болады деп ойлайды”.

Хасил араб.– – пайда, табыс. “Аз жұмыспен көп алатын жасил етсе”.

Хаслат (араб.) – майда; ақын сипат мағынасында қолданған. “Белгілі жәуанимәртлік деп хаслат бірлән болар деген…”.

Хауас (араб.) – сезім сипаты, сапа түрі; ақын адамның сезім мүшелері мағнасында қолданған. “Ақыл мен хауас барлығын, Білмейдүр жүрек, сезедүр”.

Хауаси хамса заһри (араб.) – сыртқы бес сипат, бес сезім мүшесі. “Жә, олай болса, адамды жаратушы хауаси заһри бергенде, тақиқ ойлап, олардың пайдасының барлығы түгел оған мұқтаж боларлығын біліп бергендегі әшкере тұр ғой”.

Хауас сәлим (араб.) – жақсы сезім, жақсы сипат. “Мұның табылмақтығына себептер – әуелі хауас сәлим…”

Хафиз (араб.) – қорғаушы; алланың бір есімі. “…Аллатағаланың Рахман, Рахим, Ғафур, Уадуд, Хафиз… деген есімдеріне…”.

Хаттә (араб.) – тіпті. “Бұлар адам аздырушылар, хаттә дінге де залалды”.

Хая (араб.) – ұя. “Оның хаясы жоқ, кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы жоқ”.

Хаят (араб.) – тіршілік, тірі болу. “Оның үшін аллатағаланың сипаттары: “Хаят…”.

Хәрами (араб.) – адам нәрсе. “Хәрами, манруһи былай тұрсын… ескерусіз тастап кетпек ақылға, әдепке, ынсапқа дұрыс па?”

Хи (араб.) – х; араб алфавитінің жетінші әріпі. “Хи – халайық, мен емес, бәрі ынтызар”.

Хибаи (араб.) – көшпелі. “Сол арабтар көшпелі халықтарды “хибаи” деп, “хұзағи” деп атапты”.

Хикімет (араб.) – а) ғажап, керемет, бұйрық. “Хикіметімен тоқтатты бір жасаған”. б) ақыл, өнер-білім. “Хикімет көптен тамай ма?”.

Химия (араб.) – ғылым. “Химия ғылымын білуші ем, үйретер ем”.

Хирс (араб.) – сарандық, дүниеқорлық. “Я хирс дүниеліктен қауымның көңілін суытпақ үшін…”

Хисап (араб.) – түр, нұсқа, нәрсе. “…Ғылым, құдірет – біздің ұғуымызға ғана екі хисап, болмаса, бір-ақ ғылымды құдірет болуға тиіс”.

Хиял (араб.) – елес, арман, ой, қиял. “Үшбу хиял келсе басқа”.

Хор (араб.) – қор, қорлыққа ұшырау. “Хор болды жаным, Сенсіз де менің күнім, Бек бітті халім, Тағдырдан келген зұлым”.

Хошлық (шағ.) – саулық, амандық. “Сезім жоқ татымды, хошлықпен көріспек”.

Хұзағи (араб.) – көшпелі. “Сол арабтар көшпелі халықтарды “хибаи” деп, “хұзағи” деп атапты”.

Хұзур хасил (араб.) – тыныштық, рахат табу. “Әр білмегеніңді білген уақытта көңілде бір рахат хүзур хасил болады”.

Хұлық (араб.) – пейіл, мінез, құлық. “Жә олай хұлықпенген сол ойды ойлаған халлақына шүкірді неге ойламасын?”

Хұп (парс.) – құптау, мақұлдау, ұнату. “Хұп білемін, сізге жақпас Ескі жара білтелеу”.

Хұрмәт (шағ.) – құрмет. “Си – Сәнаи мәдіхаңа хұрмет еттім”.

Хұснизән (араб.) – жақсы ой, көркем ой. “Хұснизән мен иманды білді ойлаған”.

Хұсусан (араб.) – әсіресе. “Молллалар тұрат тұрсын, құсусан бұл замандардың ишандарына бек сақ болыңдар”.

Хүкім (араб.) – үкім, билік. “Хүкімші шалдар мәз болып отыр ма онда?”.

Хүкім шариғат (араб.) – шариғат жолы. “Өздері хүкім шариғаты таза білмейді”.

Хүсд (араб.) – күндеу, күншілдік, көре алмаушылық іштарлық. “Ондай бахас хүсшілікті зорайтады”.

Хірслану (шағ.) – ашқарақтану, қомағайлану, сарандық. “Бахас – өзі де ғылымның бір жолы, бірақ оған хірслану жарамайды”.

һәм (парс.) – солай, және, әрі; тағы да. “Қорламаймын һәм, балам зорламаймын”.

һәмишу (парс.) – ылғи, үнемі, әрқашан. “·әмишә өмір өтпек – ол білдірмек”.

һәммә (парс.) – бәрі, барлығы, бүкіл, барша. “Хожа Хафиз – бү һәммаси, Мәдәт бер я гағири фәрияд”.

һәр (араб.) – әр. “Уа һәр түрлі бізге пайғамбарымыз… арқылы жіберген жарлығына…

һәуа (араб.) – әуестану, әуесқойлық. “·әуа һәуастан әрбір арзуи нәпсіден суынып…”.

һеш (шағ.) – еш, ешқандай. “·и – һеш пайдаң тимесе, елді ойлаңыз”.

һи (араб.) – һ; араб алфавитінің жиырма жетінші әріпі. “·и – һеш пайдаң тимесе, елді ойлаңыз”.

Шағир (араб.) – ақын, шайыр. “Мәдет бер я шағири фәрияд”.

Шақшы (ноғай.) – лас, былғаныш. “Сәнің шақши аяғың білән…”.

Шапқат (араб.) – қорғау, жебеу, рахымы тию. “Әділет, шапқат кімде бар, Сол жарасар туғанған”.

Шарағат (араб.) – шариғат, ислам дінінің жолы, заңы. “Ала жаздай байың кеп бір жатпайды, Қазақтың не қыласың шарағатын”.

Шарғы (араб.) – діни заң. “Бірақ ол өнер ғадаләттан шықпасын, шарғығқа муафақ болсын”.

Шардақ (парс.) – төрт қырлы күмбез, аспа қалқан; ақын “дәрменсіз” деген мағнада қолданған. “Шабан шардақ және шау, Мұндай ма едің ана күн”.

Шариғат (араб.) – а) дін, дін заңы. “Ойыңда жоқ олардың, Шариғатқа саласы”, б) “ант” деген мағынада қолданады. “Қонған ауылда қонақтың аты жоғалса, ауыл күймейді, сенбесе ат иесі ауылдан шариғат алады”.

Шарх (араб.) – түсінік, түсініктеме, түсіндіру. “Сегіз сипаттан қалған алтауы бұларға шарх”.

Шау (шағ.) – тосырқап, тоқырап қалу. “Шабар, шардақ және шау. Мұндй ма елің ана күн”.

Шафағат (араб.) – қорғау, жәрдем ету, жебеу. “…Пайғамбарымыздың шафағатына да симайды, мүмкінде емес”.

Шафхат сәхәрі (араб.) – рахымды керемет қуат. “…Кішкене уақытында шафхат сәхәріменен бастарын байлап қамқор қылып қоймақтығы, адам баласына өсіп-өніп, теңдік алсын емес, бәлки адам баласының үзілмес нәсіліне таусылмас азық болсын дегендік”.

Шарғы (араб.) – дін заңы. “Бірақ ол өнер ғадаләттан шықпасын, шарғыта муафих болсын”.

Шаһар (парс.) – қала, үлкен қала. “Шаһардан бір күн Масғұт шықты тысқа”.

Шаһари (парс.) – қала адамдары. “Өзіменен өзі әуре болып, бірімен бірі ешбір шаһари жауласпайды”.

Шаһбаз (парс.) – ер, сабаз. “Сіз бір сұңқар шаһбаз. Жер жүзінен алған баж”.

Шәйіт (араб.) – дін жолында өлген адам. “Дінім хақ, ісім ақпын, өлсем шәйіт”.

Шәкірлік (араб.) – шүкірлік, ырзалық. “Шәкірліктен ғибадаттың бәрі туады”.

Шәрбәт (араб.) – тәтті сусын. “Сенсің жан ләззәті, сенсің тән шәрбәті”.

Шәриксіз (араб.) – тең келмейтін, бірдей келмейтін. “Иман деген – алла табарака уатағаланың шерикісз, ғайыпсыз, білгірлігіне… мойын сұнып, инанмақ”.

Шен, чин (орыс.) – мансап, дәреже. “Баламды медресеге біл деп бердім, қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім”.

Шерміш, чермаш (орыс.) – ұры-қары,бұзақы.

Шигә (парс.) – нәзік, кішкентай, уақ. “Қашың құдрәт қоли шигә”.

Шикәр (пас.) – тәтті, шекер. “Шын – Шикәр ләп есіме түскен сайын”.

Штық (орыс.) – сүңгі, найза. “Штык, қылыш қайрасып…”.

Шұрұғ (араб.) – кірісу. “Онан соң намазға шұрұғ қылмақ”.

Шығармақлығына (шағ.) – шығаруға, шығармақ болуына. “Адам баласына пайдалы іс шығармақлысына…”

Шын (араб.) – ш; араб алфавитінің он үшінші әріпі. “Шын-Шикәр ләп есіме түскен сайын”.

Шырыш – тыныштық, ынтымақ. “Сол заманда-ақ надандар шырыш бұзған”.

Ықырар (араб.) – мойындау. “Алланың қадирлігіне өзінің ғажиздығына ықырарының беріктігін көрсеткен ишараты”.

Ынтизар (тат.) – ынтызар, ынтық, құмар.

Ыхлас (араб.) – көңіл, ынта. “Онымен сөзімді тазалыққа кіргендігіңді кәміл ыхласыңды көрсетіп… аллаға дұға айтамын деп әзірленесіз”.

Электр (лат.) – электр. “Электрді тауып, аспаннан жайды бұрып алып…”.

Я (араб.) – я; араб алфавитінің жиырма сегізінші әріпі. “Ярым, қалай болар жауап сөзің?”.

Ядкар (парс.) – ескерткіш, есте қалу. “Сіздерге адам ұғылының мінездері туралы біраз сөз жазып, ядкар қалдырайын”.

Яки (араб.) – немесе, болмаса. “…Кітаптан оқу бірлән яки молдалардан есту бірлән…”.

Якини (араб.) – шын, нағыз. “Хакимдердің ғақлияты бірән жетсе, иман якини болады”.

Яр (татар.) – жар. “Ре – Риза қылмағыңды яр өзің біл”.

Яшасынай татар (татар.) – халық, топ. “Минусинскі уезінде “яшастый татар” атында бір халық бар”.

Сөздікті әзірлегендер:

Т.Рсаев, Р.Нұрғалиев.


Каталог: repository -> history
history -> Рымғали Нұрғали СӨЗ Өнерінің эстетикасы а ң д а т у
history -> Қазақстан республикасы мәдениет және ақпарат
history -> Қазыналы биікте. Р. Нұрғалидің азаматтық, ұстаздық, ғалымдық келбеті. –Алматы,
history -> Тұрсын ЖҰртбай „Ұраным алаш!
history -> Халел досмұхамедов
history -> Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»
history -> Алматы: «Санат» баспасы, 2001. 480 бет
history -> ҚазақТЫҢ ЖҮз романы. Оқу құралы. Құрастырып, баспаға дайындаған академик Рымғали Нұрғали. –Астана: «Фолиант», 2004. 456 бет. «Қазақтың жүз романы»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет