Қазақ Әдебиетінің тарихы пәнінен


Асан қайғы (Хасан) Сәбитұлы



бет4/18
Дата08.05.2024
өлшемі73,71 Kb.
#201872
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Қазақ әдебиеті тарихы 2-курс сессия

Асан қайғы (Хасан) Сәбитұлы[1](14 ғасырдың ақыры – 15 ғасырдың басы) – мемлекет қайраткері, ақын, жырау, би, философ. Әз Жәнібек ханның ақылшысы болған. Әкесі Сәбит Арал өңірінің Сырдария жағасын мекен еткен. Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, «Жеті әулие» қорымындағы Асан ата кесенесі - Асан Қайғы мазары делінеді.
Оның өмір сүрген тұсы Алтын орда және қазақ халқының қалыптасу кезеңіне сай келеді. Асанқайғы шығармашылығында негізгі орын алатын қазақ тұрмысының өзекті мәселелерін арқау еткен философиялық-нақылдық жанрлар: толғау, терме, шешендік сөздер болып табылады. Асанқайғының шығармаларын жинап, зерттеумен Ш.Уәлиханов, Г.П.Потанин, М.Ж.Көпеев, С.Сейфуллин, М.Әуезов, тағы басқа айналысты. Жыраудың ақындық мұрасын бастыру XIX ғасырдың соңында басталды. Асан Қайғы заманында Алтын Орда ыдырап, оның орнына Қырым, Қазан, Өзбек хандықтары пайда болды. Ноғай ордасы тарап, Қазақ хандығының тарих сахнасына шығуы хандықтар арасындағы қым-қиғаш талас-тартысты аласапыран кезеңмен тұспа-тұс келді. Кейінгі ұрпақ әулие танып, аты аңызға айналған «көшпелілер философы» (Ш. Уәлиханов) атанған Асан Қайғы «өзінен қалған қысқа сын болжаулары, өсиеті арқылы өзінің жайынан да, заман аңғарынан да бірталай көрініс, білік-дерек береді» (М.Әуезов).[2]



  1. Ел арасына Асан жайында қандай аңыздар тараған 

Халидұғлы аталған еңбегінде Асан атаның бір кезде Хасен аталғанын әңгімелей келіп, жоғарыдағы Құдабай ақын айтқан өлеңге орай өз ойын білдіреді: “Асан қайғы асылы ноғай еміш (бұл сөз “еді”, “екен”, “делінеді” деген ұғымдарды береді-М.Ж.). Шыңғыс ханның тұстасы ұлан Майқы бидің алтыншы немересі”, -деп көрсетеді. Бұл “Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би” деген көне мәтелдегі Ұлы жүздің әйгілі Майқы биі болып шығады.Шыңжандық тарихшы ғалым Н. Мыңжани өзінің “Қазақтың қысқаша тарихы” атты еңбегінде Асан қайғыны Алтын орданың 1445 жылы қайтыс болған ақырғы ханы Ұлығ Мұхаммедтің (Ормамбет) қасындағы ықпалды билерінің бірі, Сарай және Қазан қалаларында билік басында болған әйгілі жырау және философ, ол Алтын орда ыдыраған соң, қазақ ханы Әз-Жәнібектің қасында болғандығы мәлім (Аталған кітап. Алматы, 1993. 205-206 –бб.) деп жазады. Ормамбет ханның қазақ тарихына қатысын кезінде ұлы Шоқан да атап көрсеткен еді.Асан қайғы туралы аңыздар мен жыраудың өз жырлары кеңестік дәуірде ғана үздіксіз жарық көріп, жүйелі түрде зерттеле бастады. Бұл істе әйгілі жазушымыз С. Сейфуллин жинап бастырған “Қазақ әдебиеті” жинағының алатын орны ерекше.Сондай-ақ Сабыржан Шәкіржанның “Асан қайғы” атты мақаласын да атауға болар еді.
Асанды тану және зерттеу саласындағы елеулі еңбек деп М. Мағауиннің “Қобыз сарыны” атты монографиясы мен “Алдаспан” жинағын бөліп атаған жөн.Асан қайғы ел қиялындағы осындай аңыз кейіпкері ғана емес, сан алуан жыр-толғаулар тудырған белгілі жырау да еді. Ол өз толғауларында белгілі бір тарихи кезеңдегі ел-жұрттың көкейкесті ой-арманы мен мұң-мүддесін өзекті тақырып етіп жырлап, соны нақты іске асыруға да өз үлесін қосты. 


  1. Асан толғауларының тақырыбы

Асан қайғы ел қиялындағы осындай аңыз кейіпкері ғана емес, сан алуан жыр-толғаулар тудырған белгілі жырау да еді. Ол өз толғауларында белгілі бір тарихи кезеңдегі ел-жұрттың көкейкесті ой-арманы мен мұң-мүддесін өзекті тақырып етіп жырлап, соны нақты іске асыруға да өз үлесін қосты. Халық бақыты ел басшысының іс-әрекетіне тікелей байланысты деп санаған жырау көптеген толғауларын Жәнібек ханға арнады. Оны дұрыс жолға салып, бұқара тұрмысын жақсартуға болады деп сенді. Мастанған ханды батыл сынап, кемшіліктерін бетіне басты.
Әй, хан, мен айтпасам білмейсің…-
деп, біржолата ат құйрығын кесуге дайын екенін танытады.
Асан толғауларының саяси-әлеуметтік сипаты оның жоғарыда сөз еткен “Әй, хан, мен айтпасам білмейсің” атты жырымен қатар, “Қырында киік жайлаған”, “Алты атанға қос артып” тәрізді жырларында да үшталып, тереңдей түскен дей аламыз.


  1. Жырау толғауларынан жаттау

Ердің құны сөз емес,
Есебін тапқан сабазға.
Төрден орын тимейді,
Патша болсын малы азға.
Мойнын бұрып сөз айтпас,
Көңілі қалған аразға.
Атадан жауып айтпаңыз.
Алғаным асыл ару деп,
Күн шығарып жатпаңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет