Қазақ Әдебиетінің тарихы пәнінен


Шал (Тілеуке) Құлекеұлы, Шал ақын — қазақтың тӛкпе ақыны



бет7/18
Дата08.05.2024
өлшемі73,71 Kb.
#201872
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18
Байланысты:
Қазақ әдебиеті тарихы 2-курс сессия
2- ЛЕКЦИЯ, 4-5-ТАҚЫРЫП роза, АЛТЫН ОРДАНЫҢ ЫДЫРАУЫ, Балтабаева Альбина Алтын Орда ыдырауы
Шал (Тілеуке) Құлекеұлы, Шал ақын — қазақтың тӛкпе ақыны.
Шал (Тілеуке) ҚұлекеұлыШал ақын (1748, бұрынғы Көкшетау облысы Азат темір жол бекеті – 1819, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы аумағы) — қазақтың төкпе ақыны.
Арғын тайпасы Атығай руы Бәйімбет бөлімінен шыққан.
Әкесі Құлеке батыр Абылай ханның жақын серігі болған. Шалдың өлең, жырларынан өз дәуірінің өмір көріністері айқын аңғарылады. Бұлардың бәрінде дерлік жақсылық пен жамандық, әділдік пен зұлымдық, ынсап пен тойымсыздық, ақылдылық пен аңғалдық, ізгілік пен надандық, байлық пен кедейлік тәрізді кереғар жайттар кең қамтылып сөз болады («Ата-ананың кадірін», «Жігіт туралы», «Жігіттің өзін білем дегені», «Әйел сыны», «Қыздар туралы» тағы басқа).[3] Шалдың енді бір алуан жырларында жас пен кәрі сипаттарынан тыс, моралдық, этикалық қатынастарда ұтымды бейнеленеді («Кәрілік туралы», «Жастықты көксегені», «Он бес деген жасым-ай», «Елу ердің жасы екен», «Жаманға дәулет бітсе ауа айналар», «Екі арыстан жабылса дәуді өлтірер», «Айтайын бір аз кеңес» тағы басқа)

34. Ақын шығармашылығының зерттелуі


 Шалдың ұзақ эпикалық жырлар шығарғандығы, қазақ халқының шежiресiн өлеңмен жазғаны да Шоқан Уалихановтың еңбектерiнен белгiлi. Шал ақынның мұралары бізге толық жетпеген, жеткендерінің өзі бір жарым мың жол ғана. Адамның артықшылығы, жақсылығы көпке, туған елге пайдалы болуында деп қорытынды жасайды. Ашқарақ, сұғанақ, арызқой, пасық адамдар тобына да ақын қадала түседi. Өзiмшiл, күншiл пасықтарға жаны таза жақсы адамдардың адал ниеттi iзгi iстерiн қарсы қоя жырлап, бiрiнен жирендiрiп, екiншiсiнен үйренiп, үлгi-өнеге алуға үндейдi. Ол шығармаларын аяқ астына шығарып отырған. Ақын өзi өмiр сүрген дәуiрдiң өзектi мәселелерiн жырлаған. Өлеңдерiнiң көбi мақал-мәтелдерге, нақыл сөздерге, дiни ұғым сөздерге, бейнелi сөз тiркестерiне толы. Шал ақын - өз заманының беделдi ақыны. Оның өлеңдерi өз кезiнiң өзектi мәселелерiн көтерiп, халыққа адамгершiлiк ақыл-ғибрат бередi. Шал ақынның алғаш рет 1928 жылы «Жаңа әдебиет» журналының 5 санында бiр ғана өлеңi, 1958 жылғы 28-шi қарашада «Қазақ әдебиетi» газетiнде белгiлi қаламгер Ғалым Малдыбаев жариялаған сегiз өлең мен «Шал ақын кiм» мақаласы жарық көрді. Шал ақынның кейбір шығармаларын кезінде М.Хакімжанова, Ф.Ғабитова, А.Нұрқатов, тағы басқалар ақсақалдардың ауызша айтқандарынан хатқа түсірген. Шал ақынның бірнеше шығармасын, Қазақстаннан тыс жерде Хасен Шаяхметұлы Ғали атты түркi халықтарының тiлi мен әдебиетiнiң бiлгiрi, үлкен ғалым XX-ғасырдың басында жазып алған, оның қолжазбасы Қазан университетінің Н.Лабочевский атындағы ғылыми кітапханасында сақтаулы. Шал ақынның шығармалары негізінен 1960 жылдан басылып шыға бастады, сол кездері оның шығармалары туралы ғылыми-зерттеу мақалалары да жарияланды. «ХVІІ-ХIХ ғасырлардағы қазақ ақындары шығармалары» (1962), «Үш ғасыр жырлайды» (1985) басылымдарының алғы сөздерінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, профессор И.Дүйсенбаев Шал ақынның шығармаларын Бұхар жырау, Тәттіқара, Ақтамберді есімдерімен қатар қояды. Шал ақынның мұраларын әдебиеттанушылар - Х.Сүйеншәлиев, М.Мағауин, Г.Абетов, Ш.Елеукенов, Ә.Дербісәлин, Ө.Күмісбаев, тағы басқалар зерттеген. Шал ақынның шығармалары жоғарыда аталған басылымдардан басқа «Алдаспан» (1971), «ХV-ХVШ ғасырлардағы қазақ поэзиясы» (1982), «Бес ғасыр жырлайды» (1985-1989) жинақтарына енген. 1999 жылы Алматының «Дайк-Пресс» баспасынан «Шал Құлекеұлы» (Шығармалары. Зерттеулер) атты 364 беттiк көлемдi кiтап басылып шыққан болатын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет