Қазақ Әдебиетінің тарихы пәнінен


ХIX ғасырдың алғашқы жартысындағы қоғамдық-әлеуметтік ӛзгерістер



бет10/18
Дата08.05.2024
өлшемі73,71 Kb.
#201872
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18
Байланысты:
Қазақ әдебиеті тарихы 2-курс сессия

ХIX ғасырдың алғашқы жартысындағы қоғамдық-әлеуметтік ӛзгерістер.

Зар заман ақындары. Дәстүрлі қазақ қоғамы құндылықтарының өзгеруі, отаршылдық езгінің күшеюі, халықтың қатты күйзелуі тұсында өмір сүрген ұлт қайраткерлері зар заман ақындары ретінде танылды. Зар заман ақындарының өлең-жырларында Ресей империясының отаршылдық озбырлығы мен сұрқия саясаты жан-жақты суреттелді.
ХIХ ғасырдың 40–60-жылдарындағы поэзияның жарқын өкiлдерi қатарына Дулат БабатайұлынШортанбай ҚанайұлынМұрат Мөңкеұлын қосуға болады. Бұлар «зар заман» дәуiрiнiң ақындары атал- ды. Олардың поэзиясының негiзгi сарыны өткен заманды, қазақ халқының бұрынғы ерлiк iстерi мен аңызға айналған өмiрiн аңсау, жаңа заманның зардаптарын сынау болды. Шығармалары салт-дәстүрлерді бұзылмаған қалпында сақтауға шақырады. Ұлттық болмыс-бітімнен ажырамауға үндейді. Зар заман ақындары қазақ халқының шұрайлы жерлерін тартып алып, ұрпағын аздыру, діннен аулақтату секілді империялық пиғылға қарсы тұрды. Ақындардың барлық қабілеті ел-жұртының санасын оятуға жұмсалды. Олар қауіп-қатерді, зорлық-зомбылықты алдын ала ескертті. Зардаптарын күн ілгері тайға таңба басқандай етіп айтып берді.
Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» деген өлеңiнде Ресейдiң Қазақстанды жаулап алуы мен отарлауы кезiндегi қазақ халқының ауыр жағдайын шынайы суреттейдi:


  1. Мәдениет, ӛнер саласындағы жаңалықтар.

Ұлттық-отаршылдық езгінің күшеюі, өлкеге капиталистік қатынастардың енуі, патша үкіметінің қоныстандыру саясаты қазақ халқының қоғамдық-саяси ойын дамытып, ұлттың сана- сезімін өсірді. Қазақ халқының отарлық езгіге қарсы белсенді әрекеттері күшейе түсті.Қазақ зиялылары қазақ халқының империя құрамында өзгелермен тең құқықты болуына қол жеткізу үшін күресті. Олар қазақтың ұлттық мемлекеттілігін қалпына келтірудің әдіс-амалдарын қарастырды. Өз халқының отаршылдық езгіден азаттық алу жолындағы күресіне көмектесуге ұм- тылды. Қазақ зиялылары Ш. Уәлиханов, Ы. Алтын- сарин, А. Құнанбайұлы, М.-С. Бабажанов, Қ. Халиди, М. Шорманов, Ш. Құдайбердіұлы, М.Ж. Көпейұлы, Ш. Қосшығұлұлы т.б. отаршылдыққа, рулық-патриархалдық артта қалушылыққа батыл түрде қарсы шықты. Танымал тұлғалар ұлтты басқа халықтармен терезесі тең даму жолына бастай білді. Олар қазақ халқын білім алуға шақырды. Білім ғана өркениетті дүниеге жол ашады, қазақтардың ұлт ретінде сақ- талуына көмектеседі деп есептедіҰлт зиялылары қазақ қоғамының оянуына, қоғамдық-саяси ойының дамуына жәрдемдесіп, халықтың құқықтық, эстетикалық санасы мен өнегелі ой-өрісіне зор ықпал етті.Қазақ зиялылары өздерінің мақалалары мен шығармаларында патша әкімшілігінің қазақтың атақонысын тартып алып, оларды жаппай қуып шығу саясатын сынады. Мақала авторлары, сонымен қатар қазақ халқына христиан дінін күштеп таңып, оларды шоқындыруға, қазақтың ана тілін қолданыстан ығыстырып шығаруға тырысқан келеңсіз әрекеттерге қарсы күресті. Зиялылар қазақ даласына оқу-білім таратуды көздеді. Олар әдеби кештер өткізіп, жиналған қаржыны қазақ студенттеріне көмекке, ана тілінде кітаптар мен оқулықтар шығаруға жұмсады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет