Қазақ Әдебиетінің тарихы пәнінен


Халық қозғалысының жалынды жаршысы



бет11/18
Дата08.05.2024
өлшемі73,71 Kb.
#201872
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18
Байланысты:
Қазақ әдебиеті тарихы 2-курс сессия

45.Халық қозғалысының жалынды жаршысы
Махамбет - көтеріліс жаршысы. Исатай Тайманов - бастаған ұлт азаттық көтерілістің жалынды жаршысы, қолбасшы батыры.
Махамбет Өтемісұлы Ішкі Бөкей ордасы, Бекетай аймағы, қазіргі Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданында туды. Қарой өңірінде қазіргі Атырау облысы Махамбет ауданында дүниеден өтті.
Ақын «Ұлы арман», «Ереулі атқа ер салмай», «Толарсақтан саз кешіп», «Еңселігім екі елі», т.б. толғауларында күрес мұратын, азаттық үшін басталған ұлы жорықтың жөнін жырлайды. «Атадан туған ардақты ер», «Ерлердің ісі бітер ме», «Исатай деген ағам бар» т.б. толғауларға көтеріліс шақтың жауынгер рухы түскен «Мұнар күн», «Тайманның ұлы Исатай», «Мінкен ер», «Тарланым», «Қызғыш құс», «Мен едім», «Мінгені Исатайдың Ақтабан - ай» т.б. толғаулар жеңіліс сәттің ауыр күйін жеткізеді.
Махамбет өлеңдері ілгеріде «Мұрат ақынның Ғұмар Қазыұғлына айтқаны» (Қазан, 1901) жинағында, «Шайыр» (Орынбор, 1910), «Исатай, Махамбет» (Ташкент, 1925), «Аламан» (1926) жинақтарында, «Жаңа мектеп», «Сәуле» журналдарында басылды.



  1. XIX ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ әдебиетіндегі орны.

Бұл түйіндер  XIX ғасырдың бел ортасындағы қазақ тарихының шындығы.
Сәбит Мұқанов көтеріліс жайын баяндап отырып, Махамбет ақындығының мәніне бойлайды.
Халық бостандығы үшін болған күресті сипаттайтын XIX ғасырдағы поэзияда Махамбет жырларының орны ерекше, өйткені XIX ғасырдағы халық көтерілісі кезінде найза мен қаламын бірдей қару етіп жұмсаған одан басқа ақын жоқ».
Қазақтың жыр семсері Махамбетті XIX ғасыр әдебиетінің ғана шеңберінде қарастыру, жалпы біздің барша әдеби мұраларымыздың, құндақтап, құрсауларға көнбейтін дәстүрлі, сабақтас, желілі құбылыс екендігі сияқты  мүмкін емес нәрсе. Махамбеттің әр өлеңі - айрықша алабөтен жыр үздігі.
Махамбет ақын шығармаларының текстологиясына байланысты бір пікірталасты тұжырымдай келіп, академик Зейнолла Қабдолов былай дейді: «Махамбеттің әр сөзі құйылған құрыш, қорытылған қорғасын. Оны өңдеп-жөндеймін деп жасыртпау керек. Махамбет пен Абайға редакция жүрмейді».



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет