Қазақ Әдебиетінің тарихы пәнінен


Шал ақын қай дәуірде ӛмір сҥрді?



бет9/18
Дата08.05.2024
өлшемі73,71 Kb.
#201872
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18
Байланысты:
Қазақ әдебиеті тарихы 2-курс сессия
2- ЛЕКЦИЯ, 4-5-ТАҚЫРЫП роза, АЛТЫН ОРДАНЫҢ ЫДЫРАУЫ, Балтабаева Альбина Алтын Орда ыдырауы
37.Шал ақын қай дәуірде ӛмір сҥрді?
Шал ақын (Тілеуке) Құлекеұлы (1748-1819) – Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген қазақтың төкпе ақыны. Әкесі Құлеке Абылай ханның сенімді серігі, қадірлі досы, беделді елшісі болған, қазақ-қалмақ соғыстарына қатысқан батыр. Ал өзі жастайынан сөзге жүйрік шешен, өте зерек, тапқыр, ділмәр болған. Суырып салма ақындық таланты 15 жасында оны даңққа бөлеп, сол кездің өзінде халық оның осы қасиеттеріне қарап «Шал» деп кеткен деседі.
38.Ақын ӛеңдерінің басты тақырыптары қандай?
Суырып салма ақындық таланты 15 жасында оны даңққа бөлеп, сол кездің өзінде халық Шал ақын ауылы (кәрі, дана) деп атаған. Оның шығармашылық таланты бүкіл Сарыарқаға кеңінен жайылды. Ақын адамгершілік үшін күресіп, қоғамдағы әділетсіздіктерді шындық тұрғысынан айтып, сынады. Оның «Шал мен дегдар қыз», «Шал мен Күлтімжан қыз», «Жігіт пен шал», «Шал мен кемпір» шағын айтыстары мен «Ата-ананың қадірін», «Жігіт туралы», «Жігіттің өзін білем дегені», «Әйел сыны», «Қыздар туралы» және басқа өлеңдері сақталған. Шал ақынның көптеген шығармалары, соның ішінде тарихи аңыздар мен әңгімелерге бай қазақ халқының шығу тегі жөніндегі эпикалық шығармасы сақталмаған. Шал ақынның белгілі өлеңдері 20 ғасырдың 60-жылдарынан бастап баспа бетінде жарық көрді, жеке шығармалары орыс тіліне аударылды.[5] Есімі Солтүстік Қазақстан облысының аудандарының біріне берілген.
Шал ақын қазақ халқының аса бір ерекше құндылығы - перзенті де сөз етіп, жырлайды, табиғат құбылыстарымен салыстырады: жер-боз, қой-қозы, ағаш-жапырақ, құс-жұмыртқа, тау-бұлақ, ешкі-лақ, көл жағады жасыл құрақ. Бұл табиғаттағы келісімділік адам өмірінде де болу керек екенін айтып, өзінің перзентсіз болғанын зарлы түрде жырлайды:
"Бір жаратқан пенденмің,
Перзент үшін жылаттың.
Балалы арқар маңырайды,
Баласыз арқар зарлайды,
Балалыны көргенде
Екі көзім жайнайды,
Ішім оттай қайнайды!"

39.Ҥгіт-насихат тҥріндегі ӛлеңдеріне мысал келтіріңдер
Тағы бір өленінде айтқаны: босағасын алтыннан соқсаң-дағы перзент сүймей адамның мейірі қанбас. (128б.). Ел болудың басты шарты – отбасында перзент болуы. Ел болу үшін қазақ дәстүрі бойынша отбасында баланың көптігі керек. Халық санын (қазақ санын) көбейту бүгінгі Қазақстанның демографиялық мәселесі. Ата-ана – қазақ халқының дәстүрлі құндылығы, ол түркі халықтарының қасиетті құнды жері – Мекке және Мединеге теңестіріледі:
Ата менен ананды құрметтесең,
Мекке болып табылар үйдің іші (128б).
Жас ұрпақ ата-анасын тыңдап өссе, ел азбайды.
Ұрпақ ұштастығы – халықтың дәстүрлі құндылығы. Шал ақынның бір сөзінде осы құндылықтың мазмұны былай ашылған:
Жетесіз туған жігіттер
Жиырма бесте жас болар. (130б)
Жетесі жаман бозбала
Тоқсандағы шалмен тең (138б)
Бала - әкеге тірек болу керек деген дәстүрлі құндылық «Баласы жаман туғанның әкесін түйе үстінде ит қабар» деген сөздермен көрсетілген.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет