Қазақ Әдебиетінің тарихы пәнінен



бет3/18
Дата08.05.2024
өлшемі73,71 Kb.
#201872
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Қазақ әдебиеті тарихы 2-курс сессия
2- ЛЕКЦИЯ, 4-5-ТАҚЫРЫП роза, АЛТЫН ОРДАНЫҢ ЫДЫРАУЫ, Балтабаева Альбина Алтын Орда ыдырауы
Қазтуған Сүйінішұлы (XVII ғасыр) -.


  1. Мадақ жырында Қазтуған ӛзін нелерге теңейді 

Айдаса – қойдың көсемі,
Сөйлесе – қызыл тілдің шешені,
Ұстаса – қашағанның ұзын құрығы,
Қалайылаған қасты орданың сырығы,
Билер атты би соңы,
Би ұлының кенжесі,
Буыршынның бұта шайнар азуы,
Бидайықтың көл жайқаған жалғызы,
Бұлұт болған айды ашқан,
Мұнар болған күнді ашқан,
Мұсылман мен кәуірдің
Арасын өтіп бұзып дінді ашқан
Сүйінішұлы Қазтуған!!!

  1. Жырау поэзиясында қандай нақыл сӛздер кездеседі 

Еділ бол да, Жайық бол,
Ешкім менен ұрыспа.
Жолдасыңа жау тисе,
Жаныңды аяп тұрыспа.
Ердің құны болса да,
Алдыңа келіп қалған соң,
Қол қусырып барған соң,
Аса кеш те қоя бер,
Бұрынғыны қуыспа.


  1. Туған жермен қоштасу жырының кӛркемдік ерекшелігі туралы айт

  2. Асан Қайғы туралы мәлімет

Асан Қайғы Сәбитұлы 1361-1470 жылдар аралығында туып ғұмыр кешкен, қазақтың данышпан ақылгөй жырауы, өз дәуірінің абызы, бас биі, Шоқан Уәлихановтың айтуы бойынша, қазақ халқының қамын, болашағын ойлаған "дала философы", осындай ойшыл, ел қамын жеп, қайғы - қасірет кешкен Асан атына кейін "қайғы" сөзі қосылып аңыздалып кеткен. Шежіре - аңыздардың айтуынша, Асанның әкесі Сәбит ұзақ жасаған, он сегіз мың ғаламның, кұстың, жан-жануардың тілін білетін, өзі көріпкел әулие, атақты саятшы болса керек. Ол баласы Асанды ес білгеннен осындай қасиеттерге баулып өсіреді. Сондай өнегелі, ұлағатты тәрбие көрген Асан жас кезінен - ақ туған халқынын қамын, оның келешекте ірі де, іргелі ел болу жағын ойластыра бастайды. Сондықтан да ол жас болса да хан, сұлтан, би, бектермен бірге жүріп, оларға ақыл қосады.
Асан Қайғының есімі қазақ сахарасының қай түкпірінде болмасын мәшһүр. Шежіре қарттардың Асан атын естімегені, оның бірер ауыз нақылын білмейтіні кемде - кем. Асан Қайғының тағы бір ныспысы - Асан Ата, халық оны әулие тұтады, ерекше жаратылған жан деп есептейді. Асан жайындағы әңгімелер халық арасына кеңінен тараған. Тіпті, оған аралған үлкен эпикалық поэмалар да бар.
Алайда, Асан бейнесін аңыз мұнары басқан. Оның өмірі жайында бізге жеткен деректер тым аз.
Ел әңгімелері Асанның әкесінің аты - Саятшы Сәбит екен дейді. Қазақ тарихшысы Құрманғали Халитұлының «Тауарих хамса» атты кітабының айтуынша, Асан Қайғы - Шыңғыс ханның замандасы ұлан Майқы бидің алтыншы ұрпағы. Бұл - қазақтың кәдімгі «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы - Майқы би» деген мақалындағы Майқы, Шыңғыс ханның тарихтан белгілі әскербасыларының бірі –Үйсін - Майқы.


  1. Асан жайындағы аңыздар

  2. Ел әңгімелері Асанның әкесінің аты - Саятшы Сәбит екен дейді. Қазақ тарихшысы Құрманғали Халитұлының «Тауарих хамса» атты кітабының айтуынша, Асан Қайғы - Шыңғыс ханның замандасы ұлан Майқы бидің алтыншы ұрпағы. Бұл - қазақтың кәдімгі «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы - Майқы би» деген мақалындағы Майқы, Шыңғыс ханның тарихтан белгілі әскербасыларының бірі –Үйсін - Майқы.



  1. Асанның Жәнібек ханға айтқаны

Жәнібек ханға тілін алдыра алмаған Асан би Түркістанға қарай қаптап келе жатқан көш алдынан шығып, ондағы игі жақсы жасы үлкен қарияларға, би, болыс, байларға бұрылып тағы мынадай ақыл - нақыл айтыпты:
Еділ бол да, Жайық бол,
Ешкім менен ұрыспа.
Жолдасыңа жау тисе,
Жаныңды аяп тұрыспа.
Ердің құны болса да,
Алдыңа келіп қалған соң,
Қол қусырып барған соң,
Аса кеш те қоя бер,
Бұрынғыны қуыспа.


  1. Асан Қайғының ӛмірі туралы қандай деректер бар 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет