Қарастырылатын сұрақтар:
Түркі тілдерінің Шығыс ғұн тармағы.
Шығыс ғұн тармағына жататын тілдер тобы
Шығыс ғұн тармағында Шығыс түркі қағанаты, Шығыс Ғұн тайпалық одағы, Көне ұйғыр мемлекеті және қырғыз тайпалық одағының құрамына кірген түркі тайпалары жатады. Осы тайпалар мен тайпалық одақтар, мемлекеттер мен қағанаттарды мекендеген халықтардың тілдері түркі тілдерінің Шығыс ғұн тармағын құрайды. Шығыс ғұн тармағы екі топқа бөлінеді: ұйғыр-оғыз тобы және қырғыз-қыпшақ тобы. Шығыс ғұн тармағын батыс ғұн тармағынан ажырататын негізгі белгі мыналар: Шығыс ғұн тармағының көпшілігінде созылыңқы дауыстылар көп болады. Шығыс ғұн тармағы тілдерінде Й дыысының орнына з-д-т дыбыстары қолданылады. Батыс ғұн тармағында кездесетін Х,В, Қ секілді дауыссыз дыбыстар. Шығыс ғұн тілдерінде кездеспейді. Батыс ғұн тармағында араб-парсы сөздері көп кездессе, Шығыс ғұн тармағында моңғол лексикасы мол кездеседі.
№15 дәріс тақырыбы: Түркі тілдерінің классификациясы
Қарастырылатын сұрақтар:
Етістіктің грамматикалық категориялары.
Рай категориясы. Рай түрлері, ерекшеліктері, тұлғалық көріністері.
Шақ – етістіктің негізгі грамматикалық категориясы. Шақ түрлері, берілу жолдары.
Етістіктің жақ категориясы. Жіктелуі.
Есім сөз тұлғасының өзгеру тәтілдері деген жалпы атпен есімдерге тән жалғаулар жинақталып отыр. Бұлай атаудың өзіндік себептері бар: салыстырмалы грамматика пәні белгілі бір тілді синхрондық жүйемен түгелдей сипаттауды мақсат етпейді. Олай болатыны - ондай сипаттау бұл пәннің міндеті емес. Әрбір тілдің грамматикалық құрылысы жайлы оқулықтар , ол мәселелер жан- жақты талданған. Екінші жағынан, салыстырмалы грамматика жеке сөз таптарының негізгі ерекшеліктері мен олардың әрқайсына тән категорияларды түсіндіруді мақсат етпейді. Тіл білімінің бұл нгізгі мәселелерді теориялық тіл білімі мен жеке тілдер грамматикасында толық айтылып, талданады. Салыстырмалы морфология теориялық тіл білімі мен қазақ тілі грамматикалық құрылысын түгелдей оқыған, олардың барынша хабарды бар тыңдаушыларға арналады. Сондықтан онда жеке сөз таптарының теориясы жайлы арнайы түсінік беру қажет емес. Осылардың барлығын ескергенде, бүкіл есімдерге тән жалғауларды осы атпен біріктіріп, жүйелей айту қолайлы деп есептедік.
Дәріс 16
Тақырыбы: Түркі халықтарының дүниеге таралуы
Қарастырылатын мәселелер: 1. Түркі халықтарының географиясы
2. Түркі, халықтарының демографиясы
Түркі тілдерінде бір буынды сөздер құрамындағы дыуысты мен көп буынды сөздердің 1-ші және келесі буындардағы дауыстыларды бір бірінен ажыратып қарау керек. Өйткені, бір буынды түбір құрамындағы дауысты әрі тұрақты, әрі сапалық жағынан басқа сөз құрамындағы дыбысқа бағынышты емес. Көп буынды сөз құрамындағы дауыстыларда мұндай қасиет жоқ: олар көбіне айнымалы болып келеді және сингорманизм, ұйғыр умлауты тәрізді құбылыстар оларға қатты ықпал жасады. Оның үстіне фонемалар өзгерістер әсер етпейтін жағдай тек бір буынды түбір құрамында ғана болады.
В.В.Радлов төлеуіт тілінің вокализмін еске алып, түркі ата тілінде 8 дауысты а, о, ө, у, і, а, у, ф (бұлар қазіргі қарашай- балқар, қырғыз, құмық, әзербайжан тілінің ерекшелігін ескеріп, олардың санын 9- ға жеткізеді.(э) Кейінгі зерттеулер көбіне Радлов ұсынған осы жүйеге сүйенеді.Кейін Б.Я.Владимерцов пен Н.М.Поппе моңғол вокализмнің ерекше сүйеніп, түркі негіз тілінің, түркі негіз тілінің ( сондай-ақ түркі- моңғол негіз тілінің) вокализм жүйесіне қосымша мұндай фонемалар тән деп көрсетеді:\а\ чуваш тіліндегі аплауттағы \у, якутта а\, а немесе а\ түркі а, чуваш, якут і\, е\е мен салыстырғанда біршама жабық, чуваш і\,іа чуваш у, басқа дауыссыздың өзгеуіне байланысты.
Дәріс 17
Тақырыбы: Қазіргі түркі халықтарының этнографиясы.
Қарастырылатын мәселелер:
1. Түркі халықтарының этнографиясы
2. Түркі халыктарының тіліндегі этнографизмдер
Түркі тілдері, олардың жалпы сипаты немесе түркі тілінің ортақ заңдылықтар,өз алдына дербес семья ретінде ерекшеленетін белгілер:
1.Фонетикалық жүйе бойынша
а) сөздің бірінші буынында кездесетін дауыстылар мен сөздің келесі буындарында ұшырайтын дауыстылар екі түрлі жүйе құрайды.Бірінші буынды ашық-қысаң, жуан-жіңішке, еріндік- езулік болып жұптасатың 8 дауысты дыбыс жұмсалады. Кейбір тілдерде бұл 8 дауысты дыбыс 16-ға дейін көбейеді. Өйткені оларда дауысты дыбыстар әдеттегідей әрі созылыңқы дыбысталады. Түркі тілінің дауыссыздары басқа жүйелі тілдермен салыстырғанда, сапа, түр жағынан өзгеше фонетикалық жүйенің тағы бір ерешеліктері сөз екпіннің сөздің соңғы буынына түсетіндігі.
2. Морфологиялық. құрысыстың негізі – аффиксация. Себебі типолоргиялық жағынан жалғамалы (агглютинациялы) топқа жатады. Мәні мен қызметі әр түрлі аффикстер бір-біріне қабастасып, қосарланып жалғана береді. Сөздің морфологиялық құрылысы 3 элементтен: түбір мен аффикстен және жалғаудан құралады. Осы бөліктерден құралған сөздер негізінен 3 типке бөлінеді:
1. Тек қана түбірден құралған сөз.
2. Түбір мен бір не бірнеше жұрнақтан құралған сөз.
3. Түбір мен бір не бірнеше жұрнақтан немесе бірнеше жалғаудан құралған сөз. Сонымен қатар 4 типі кейбірінің орын ауыстыруынан және қосымшалардың аралас түрінің қатысуымен жасалады. Мысалы: дау- лас-қан-дар-дікі-нен.
Дәріс 18
Тақырыбы: Түркі тілдерінің топтастырылуы
Қарастырылатын мәселелер:
1. А.И.Самойлович топтастыруы
2. Н.А.Баскаков классификациясы
Барлық түркі тілдерінде дауыстылардың ашық, қысаң топтары қолданылады. Дауыстылардың ашық және қысаң сапалық топтарға жіктелуі ауыз қуысының ашылуы дәрежесіне немесе дыбысталу процесінде тілдің көтерілуі дәрежесіне байланысты. Түркі тілдері даустыларды бүл принцип бойынша топтастырғанда, бір жағынан сапалық тұрғыдан олардың біркелкі еместігін, екінші жағынан сан жағынан әр түрлілігін көруге болады.Әзірбайжан тілінде ашық дауыстылардың саны-5 қысаң-4, хақас тілінде 4 ашық, 5 қысаң, башқұрт пен татар тілінде 2(кейде3) ашық, 8түрлі жартылай қысаң ,қысаң. Қырғыз тілінде 4ашық(жартылай ашық) дауысты, 4қысаң(жартылай қысаң) дауысты,өзбек тілінде ашық дауыстылардың саны 2, қысаң және жартылай қысаң дауыстылардың саны 4.Түркі тілдерінің қиыр шығысында жатқан якут(саха) тілдерінде 4ашық(жартылай ашық) дауысты, 4 қысаң дауысты дыбыстар бар.Ал сонымен шектес шор тілінде нағыз ашық дауысты -1, жартылай ашық дауыстылар-3, қысаң дауыстылар саны-4. Сонымен түркі тілдерінің арасында ашық-қысаң дауыстылар саны бірдей болып келетін тілдер аз. Қазақ тіліндегі ашық-қысаң дауыстылардың саны жоғарыда көрсетілгендердің ішінде тек қана әзірбайжан тілінде қайталанады. Жеке түркі тілдерінде ашық-қысаң дауыстылар сапалық жағынан бірдей емес. Бір тілде айқын-ашық айтылатын дауысты екінші тілде сәл бәсең немесе керісінше болып отырады.Барлық тілде сапалық жағынан ұқсас дыбысталатын тіл арты жуан дауысты а. Ал басқа дауыстылар туралы мұндай тұжырым жасауға әсте болмайды. Мыс: о дауыстысы бір тілде айқын ашық дауысты болып айтылса, екінші бір тілде айқын ашық естілмейді, сәл бәсең айтылады.
Дәріс 19
Тақырыбы: Түркі тілдерін жіктеу принциптері.
Қарастырылатын мәселелер:
1. Тарихи географиялық, фонетикалық принциптері.
2. .Морфологиялык, орфографиялық принциптер.
Дауыстыларды жіктеудің үшінші принципі- ерін қатысына қарай жіктеудің үшінші принципі – ерін қатысына қарай жіктеу. Дауыстыларды жіктеудің бұл принципі түркі тілдерінің барлығына бірдей тән құбылыс. Алайда дауыстылардың еріндік пен езулікке жіктеу дәрежесі барлық түркі тілдерінді бірдей емес. Жалпы түркі тілдерін шолғанда, олардың кейбіріне ортақ болатын жіктелу мына құрамда келеді: езуліктер- а,а,і,і, еріндіктер- о,о,у,ү.Барлық түркі тілдерінде ортақ деп қаралатын бұл жүйе бойынша әрбір езулік дауыстыға бір еріндік дауысты сәкес келеді. Алайда, түркі тілдерінде негіз болған осы жүйеден ауытқушылық кездесіп отырады. Ондай ауытқулардың негізгі түрлері мына тәріздес: өзбек, белгілі дәрежеде татар, башқұрт тілдерінде езулік жуан а дауытысы біршама айқын білінетін еріндік мәндермен айтылудың күштілігі сондай, ол тілде айқын езулік болып айтылмайтын а және еріндік мәнермен айтылатын а сөз мағынасын ажыратады, яғни олар фонемалық мән алған. Ал, чуваш тілінде езулік жуан а дыбысының еріндік мәнермен айтылуы тілдің дамуы барысында оның жеке диалектілік топтарында еріндік о,у дыбыстарына айналуына жағай жасаған.
Дәріс 20
Тақырыбы: Көне түркі руникалық жазу ескерткіштері.
Қарастырылатын мәселелер:
1. .Көне түркі жазба ескерткіштерінің зерттелуі.
2. Көне түркі жазба ескерткіштерінің түрлері. (Енисей, Талас, Орхон ескерткіштері)
Қазіргі түркі тілдерінде барлық тілдерге ортақ болып келетін 23-25 дауыссыз фонема бар. Дауыссыз дыбыстардың қазіргі тілдердегі мұншалық үлкен топ құрауы тілдердің ұзақ даму процесінің нәтижесі.Түркі тілдерінің көне ескерткіштері Орхон-Енисей жазбаларының тілдерінде арнаулы графикалық таңбамен белгіленген дауыссыз фонемалар саны 16-17-ден аспайды. Сонда, шамамен 7-8 дауыссыздық фонеманың қалыптасус – тілдердің даму барысында болған құбылыс. Жаңа фонеманың пайда болуы, әдетте, тілдің іштей өзгеріс дамуының немесе басқа тілдермен қарым-қатынастың нәтижесі болуы мүмкін. Тілдің іштей өзгерісінің нәтижесі дегенде тілдің дыбыстық жүйесінің өзгерістері еске алатыны белгілі. Түркі тілдерінде жаңа дауыссыз фонеманың пайда болуын жоққа шығаруыға, әрине, негіз жоқ. Сол сияқты басқа тілдермен қарым- қатынақа түсудің салдарынан сөз ауысады. Жаңа атауды, жаңа ұғымды білдіретін сөздің ауысуы мен бірге кейде жаңа фонема пайда болады. Тілдің кейінгі даму барысында ондай фонемалардың көпшілігі тіл құрамында орнығып қолтума фонемалармен оппазиция құрады немесе белгілі бір сөздер құрамында ғана орнығып қалады. Әйтсе де, мынадай бір ерекшелікті айту керек: бүкіл тілдердің барлығына ортақ болып келетін заңдылықтар бар да, жеке бір ғана тілге тән заңдылықтар немесе белгілер бар. Дауыссыз дыбыстар жүйесінің дамуында ондай ерекшеліктер де байқалады. Әлеуметтік, географиялық жағдайдың салдарынан жеке бір халықтың тарихи дамуы басқа туыстарынан өзгеше болып отырады. Әлеуметтік, географиялық жағдаймен байланысты ол халық бір халықтармен әртүрлі қатынасқа түседі. Осының бәрі оның тілінде өзінің іздерін қалдырады. Тіл білімінде экстралингвистикалық фактор деп аталатын жағдайлардың салдары тек тілдің лексикалық қорына ғана әсер етіп қоймайды, фонетикалық жүйесінде де белгілі дәрежеде ықпал жасайды. Жеке түркі тілдері құрамында дауыссыздар жайында осы тұжырымды айтуға болады.
Дәріс 21
Тақырыбы: Көне түрік генезисі, мәселесі.
Қарастырылатын мәселе:
Көне түріктер мәдениеті, өмірі, тұрмысы.
Көне кезең тілдері ерекшелігі
Қазіргі тіл білімінде аглютинация құбылысын жан- жақты қамтитын айқын ереже қалыптаса қойған жоқ. Зерттеушілер бұл құбылысқа әр қилы анықтама берумен келе жатыр. Алайда, тіл мамандарының көбісі аглютинативтік тілдерде берілетін грамматикалық мағыналардың санына сөз құрамындағы грамматикалық көрсеткіштердің саны біршама сай, көбіне екеуі тепе- тең болып отырады. Сондықтан ол тілдерде сөз формасының күрделенуі (көрсеткіш қана емес, сөз беретін мағынаның да аффикстердің сөзге қабаттасып жалғануы арқылы іске асады да, ондай құбылыс сөз формаларының іштей өзгеісі немесе ішкі флекция арқылы болмайды.
Дәріс 22
Тақырыбы: Көне түркі мәдениеті, тілі
Қарастырылатын мәселе:
Көне түркітер, Ашина түріктері
Көне түрік кезеңі, ерекшелігі.
Қазіргі тілдер ішінде осындай факт татар, башқұрт, т.б. тілдерде көбірек ұшырайды.Чуваш тілінде (бізде-бізінде), піряндек (бізден-бізінде), т.б. қазақ тілдерінде бұл сақталмаған.Тек бір ғана жағдайда байқалады: біздіңше,бізше. Мұнда да ілік жалғаусыз тұлға көбірек қолданылатынын айту керек.
Ілік жалғауы тұлғаның басқа септіктерге негіз болуын ілік жалғаудың тек есімдерге қолданылуынан іздеу керек.Басқа бірде-бір септік жалғауы мұндай шектеулі қолданыста болмайды:олар не екі (әрі есім, әрі септік) немесе тек қана етістікке қатысты айтылады.
Барыс септік түркі тілдерінде әр түрлі сипатта көрінеді. Қазіргі түркі тілдерінде қолданылатын айту керек. Қазіргі түркі тілдерінде қолданылатын барыс септік қосымшаларын өзара салыстырып келгенде, олардың барлығына негіз болған вариант деп –қа (-қе, -ға, -ге) вариантын айту керек. Қазақ тіліндегі –қа түркі тілдерінің бір сыпырасында, әсіресе Оңтүстік Шығыс тілдерінде –ға түрінде, яғни басқы дыбысы ұяғ болып айтылады. Әрине қазақ тілінде де осындай вариант бар, бірақ негізгісі –қа, ал –ға соның сингормониялық сыңары ретінде ғана ұғынылады. Сібір мен Алтайдағы түркі тілдерінде бұл қосымша –ха, -хо; якут тілдерінде осылармен бірге –на түрінде айтылып қалыптасқан. Дегенмен, -қа түрінде қатаң дыбыстан басталу негізінен қыпшақ тілдерінің ерекшелігі де –ға негізінен өзбек, ұйғыр тобына жататын тілдер ерекшелігі. Оғыз тілінде де (Оңтүстік Батыс) барыс септік қосымшасы –а, -йа (кейде диалектілік ерекшелігі ретінде ғана) түрінде дыбысталады. Дегенмен оғыз тіліндегі немесе жалпы Оңтүстік Батыс тіліндегі –а, -йа варианттарын алдыңғылардан оқшау қалыптасқан деп қарауға болмайды. Мұндай варианттардың шығуы түркі тілдеріндегі дыбыстардың тарихи ауысуларының нәтижесі. Чуваш тілінде осы варианттар қолданылады, сонымен қатар –на (якут тіліндегідей) варианты айтылады.
Дәріс 23
Тақырыбы: Орта түркі дәуірі.
Қарастырылатын мәселе:
Қараханид дәуірі ескерткіштері.
Х-ХІІғасыргүркітілдеріерекшелігі
Аффикс көбіне бір ғана мәнді білдіре алады, сондықтан мұндай жағдайда граматикалық тәсілдердің санын білдіретін граматикалық мәндердің санымен сай келеді. Оқушыларымыздың – сөздің тұлға құрамында төрт түрлі қосымша бар: шы- кәсіп иесін білдіретін сөз жасаушы жұрнақ, лар- көптік жалғау (ы) мыз- тәуелдік жалғу, дың- ілік септік. Егер сөз жасаушы қосымшаны жеке алмасақ, мұнда үш түрлі граматикалық мән үш түрлі аффикс арқылы берілген. Бұл жерде граматикалық мән категориялық мағына ыңғайында берілген. Мысалы, бір ғана –ымыз деген тәуелдік жалғау тәуелдік мағынамен бірге жақтық (1-жақ), көпше (орталық) мағынаны білдіріп тұрады.Сондықтан граматикалық тәсілдердің формалдың саны граматикалық мәндердің саны сай келеді дегенді шартты түрде түсіну керек (редактордың ескертпесі). Ал негізгі түбірді іс істеуші субьектіге алынатын шы аффиксін қоса есептегенде, төрт түрлі қосымша арқылы берілген. Аффикстің марфемалар атқаратын қызметіне туғызатын мәнінің ретіне қарай қатаң жүйемен айтылады.Атамызға сөзінің құрамындағы тәуелдік жалғауы мен барыс жалғаудың орындарын ауыстыруға болмайды. Аффикстердің орын ауыстырып айтылуы бір ғана ыңғайда – көптік жалғау алдынан тәуелдік жалғауды айтуда кездеседі. Бұл барлық тілдерде емес, Қырым татарлары, қарағас, чуваш тілдерінде кейде ұшырасып қалады. Ахазылар (қарағас) – ахазы
Дәріс 24
Тақырыбы: Орта түркі ескерткіштері
Қарастырылатын мәселе:
Х-ХІІ ғасыр ескерткіштері, зерттелуі, тілі.
ХІІ-ХІҮ ғасыр ескерткіштрі, зерттелуі, тілі.
Септік жалғаулары. Атау септіктің арнайы тұлғасы қазақ тілінде ғана емес, барлық түркі тілдерінде жоқ Атау деп қарауға мүмкін болатын арнайы тұлға қазіргі түркі тілдерінде ғана емес, түркі тілдерінің бүкіл даму тарихында болған емес. Бірақ соған қарамастан, өзіне тән арнайы грамматикалық формасы болмаса да, атау септіктің өзіне ғана тән грамматикалық мағынасы ол нольдік формада тұрған сөздің өзіне тән синтаксистік қызметі бар екенін ескеуіміз керек.
Ілік септік тұлғасының түркі тілдерінде қолданылған вариянттарын шамамен мына тәрізді топтарға бөлуге болады:
Дәріс 25
Тақырыбы: ХҮ ғасырдағы қазак авторлы әдеби тілі.
Қарастырылатын мәселе:
1. Алтын Орда дәуіріндегі ортақ фольклор.
2. Қазақ авторлы әдеби тілі үлгілері
Етістік сөз тұлғаларының бұл жүйесі – оның толық түрі. Түркі тілдерінде етістік сөз тұлғаның осы аталған компаненттері түгел айтылмайтын, қысқарған түрі бар. Ол – көсемше тұлғалары.Көсемше тұлғаларының рай, жақ, сан қосымшаларының қолданылмайтыны мәлім (қабылдаған жағдайда көсемшелік дәрежеден шығып қалады). Олардың орнына п- ғали, т.б. қосымшалар айтылады.
Дәріс 26
Тақырыбы: Ресейдегі түркітану мектептері.
Қарастырылатын мәселе:
1. Мәскеу мектебі.
2. Қазан мектебі.
3. Петербург мектебі.
Түркі тілдеріндегі есім сөз тұлғаның барлығына бірдей болып келетін үлгісі мына тәрізді: т-а-с-тж-сж-т-түбір, а-түбірдің сапалық не басқа бір айрықша ерекшелігін білдіретін аффикс, с- санды білдіретін қосымша, тж – тәуелдік жалғау, сж – септік жалғауы. Кейде есім түбір орнына заттанған етістік туынды түбір айтылуы мүмкін. Ондай жағдайда айрықша сапалық ерекшелікті білдіретін қосымшадан басқасы (а) сол сөзге жалғана алады. Әрине, мұндай сөз тұлғасы, таза есім тұлғаға қарағанда, әлдеқайда күрделі болып келеді.Өйткені, етістік түбірге әр түрлі тұлға жасайтын аффикстер жалғана алады, соладың үстіне бүкіл құрамның есімге айналуына мүмкіндік жасайтын аффикстер жалғана алады.Әрине, мұндай сөз тұлғасы таза есім тұлғаға қарағанда, әлдеқайда күрделі болып келеді.Өйткені, етістік түбірге әртүрлі тұлға жасайтын аффикстер жалғана алады, олардың үстіне бүкіл құрамның есімге айналуына мүмкіншілік жасайтын қосымша қосылады. Мұндай туынды есім сөз тұлғаның жалпы моделі мына тәрізді:т(е-ес-м-б-ж)-а-с-тж-сж. Есім түбір ретінде қолданылатын негіздің өзі күрделі: е- етістік түбір,ес – етістік,м- модалдық мән беретін қосымша, б – болымсыздық, ж- етістік түбірді есім ретінде қолдануға мүмкіншілік жасайтын қимыл есім қосымшасы.
Дәріс 27
Тақырыбы: Кеңес дәуіріндегі түркі тілдері.
Қарастырылатын мәселе:
1. XX ғасыр басындағы түркі тілдері.
2. Кеңес дәуіріндегі түркі тілдерінің зерттелуі
Сөз құрылымы түркі тілдерінде сөздің белгілі граматикалық мән білдіре алатын бөліктерінен тұрады. Сөз негізгі екі бөлікке ажырайды:түбір (негіз) және аффикс немесе аффикстер тобы. Кез келген түркі сөзі құрамындағы морфемалық орындалуы қалыптасқан жүйеге бағынады. Әуелі түбір (негіз) морфема, содан кейін аффикстік (не суффикстік) морфема келеді. Функциялық процестер түбір морфемамен аффикстік морфеманың түйіскен жерінде болады. Түбір морфема әр түрлі мән бере алады: бегілі бір граматикалық класқа тән мәндерді білдірумен қатар атау септік тұлғасымен (есім болса) немесе бұйрық райдың екінші жақ (етістік болса) тұлғасымен сәйкес келеді.
Дәріс 28
Тақырыбы: Түркі тілдері графикасы, орфографиясы
Қарастырылатын мәселе:
1. Қазіргі әдеби тілдер мәселесі, мемлекеттік тіл мәселесі
2.Тәуелсіздік алғаннан бері кейбір түркі тілдерінң дамуы
3. Графика,алфавит,орфографиямәселесі
Шығыс тілдерінде –ға түрінде, яғни басқы дыбысы ұяғ болып айтылады. Әрине қазақ тілінде де осындай вариант бар, бірақ негізгісі –қа, ал –ға соның сингормониялық сыңары ретінде ғана ұғынылады. Сібір мен Алтайдағы түркі тілдерінде бұл қосымша –ха, -хо; якут тілдерінде осылармен бірге –на түрінде айтылып қалыптасқан. Дегенмен, -қа түрінде қатаң дыбыстан басталу негізінен қыпшақ тілдерінің ерекшелігі де –ға негізінен өзбек, ұйғыр тобына жататын тілдер ерекшелігі. Оғыз тілінде де (Оңтүстік Батыс) барыс септік қосымшасы –а, -йа (кейде диалектілік ерекшелігі ретінде ғана) түрінде дыбысталады. Дегенмен оғыз тіліндегі немесе жалпы Оңтүстік Батыс тіліндегі –а, -йа варианттарын алдыңғылардан оқшау қалыптасқан деп қарауға болмайды. Мұндай варианттардың шығуы түркі тілдеріндегі дыбыстардың тарихи ауысуларының нәтижесі. Чуваш тілінде осы варианттар қолданылады, сонымен қатар –на (якут тіліндегідей) варианты айтылады.
Дәріс 29
Тақырыбы: Тіл және этнос.
Қарастырылатын мәселе:
Көне түркі этногенезі мәселесі.
Орал-Алтай тілдері қауымдастығын дәлелдейтін теорияның алғашқы негізін ұзақ жылдар Ресейде тұтқында болған швед офицері Ф. И. Страленберг қалыптастырған болатын. 1730 жылы еліне айдаудан оралғаннан кейін ол өзінің «Еуропа мен Азияның солтүстік және шығыс бөлігі» атты еңбегін жариялап, сол еңбегінде түркі, моңғол тілдерінде тараған, туыстас тілдер деп түсіндіріледі. Страленберг теориясы белгілі неміс ғалымы В. Шотт тарапынан үлкен қолдау тапты. В. Шотт пен М. Кастрен Страленбергтің пікірі теориялық жағынан дамыта отырып, жоғарыдағы тілдер қатарына финн-угор, самоед тілдерін қосып, осы тілдер тобына «Алтай тілдері» атауын берді. Кейін ғалымдар бұған жапон, корей тілдерін де қосады. Сөйтіп түркітану ғылымында «Орал-Алтай тілдерінің қауымдастығы», Орал-Алтай теориясы» сияқты ұғымдар пайда болды.
Дәріс 30
Тақырыбы: Тіл және этнос.
Қарастырылатын мәселе:
Көне түркі этногенезі мәселесі.
Түркі тілдерінің батыс ғұн тармағы Ғұн империясының ыдырауы нәтижесінде батыс бағытқа бөлініп шыққан тайпалар негізінде қалыптасқан. Батыс ғұн тармағында мынадай ру-тайпалық пен тілдік топтар бөлініп шыққан.
Пайдаланылатын әдебиеттер:
1.Ә.Құрышжанов, М.Томанов. Орхон-Енесей ескерткіштерінің зерттеу тарихы мен грамматикалық очерктер. А.,1969.
2. Ә.Құрышжанов, М.Томанов., Ғ.Айдаров Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. А.,1971.
3. С.Исаев. Қазақ әдеби тілінің совет дәуірінде дамуы. А., 1973.
4. М.Томанов Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. А., 1992.
5. Ә.Н.Нұрмаханова Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. А.,1978.
Қосымша әдебиеттер:
1. Қазақ тілінің грамматикасы . - Астана, 2002.
2. Ысқақов А . Қазіргі қазақ тілі. - А., 1991.
3. Қалыбаева А . Оралбаева Н . Қазіргі қазақ тілінің морфемалар жүйесі . - А, 1986.
4. Аханов К . Грамматика теориясының негіздері. - А ., 1996.
5. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. - А., 2007.
6. Оразбаева Ф.Ш., Сағидолда Г., Қасым Б., Қобыланова А және т.б. Қазіргі қазақ тілі. - А., 2005.
7. Маманов Ы.Е . Қазіргі қазақ тілі. - А., 1966.
8. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. - А.,1998.
9. Төлеуов Ә . Сөз таптары . - А., 2002.
10. Кузнецов П . Ц . О принципах изучения грамматики М . 1961г. стр 25.
11. Қазақ тілі энциклопедия. – А., 1998.
12. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. –А., 1992.
13. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – А., 1956, 1993.
14. Жұбанов Қ. Қазақ тілінің жоғарғы курсы. – А., 1999.
15. Сауранбаев Н.Т. Қазақ тілі. Педучилищелерге арналған. - А., 1953.
16. Исаев С. Етістіктің грамматикалық сипаты.- А., 1997.
17. Төлеуов Ә. Қазақ тіліндегі зат есім категориясы. - А., 1971.
18. Фердинанд де Соссюр. Курс общей лингвистики. - М.,1933.
19. Сарыбаев Ш.Х. Табыс жалғаудың тасалануы. –Халық мұғалімі. - 194О.№3.
20.ТөлеуовӘ.Кейбіркөрсеткіштердің тасалануы,тасаланбауы.Қазақстан мұғалімі.1960.7январь,№2.
21.ИсаевС.Грамматикалық мағына мен форманың сәйкестігі және нөлдік тұлға. - Қазақстан мектебі. 1976. № 8.
22. Төлеуов Ә. Септік көрсеткіштері қандай жағдайда тасаланады? - Қазақстан мектебі,1963. № 11.
23. Исаев С. Нөлдік форма. - Қазақ грамматикасы. 2002.
24. Оралбаева Н.О. Проблемы нулевой формы и нулевого слова в грамматическом строе тюркских языков СССР. - М., 1976.
25.БалтабаеваЖ. Семантика-стилистические функции неоформленного родительного и винительного падежей в казахском языке. - Диссертация кандидата филологических наук. - Алма-Ата, 1983.
26. Омарова А. Қазіргі қазақ тіліндегі нөлдік морфема. - А, 2004.
27. Кузнецов П . Ц . О принципах изучения грамматики. - М., 1961.
28.Смирницкий А.И. Лексическое и грамматическое в слове²вопросы грамматического строя².- М., 1955.
29. Милославский И . Г . Морфологические категории современного русского языка. - М., 1981.
30. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – А., 1992.
31. Хасенова А . Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты. - А., 1971.
32. Ибатов А. Сөздің морфологиялық құрылымы. - А., 1985.
33. Оралбаева Н. Қазақ тіліндегі етістік категориялары. - А., 1980.
34. Нұрғалиев М. Көптік жалғау туралы. – А., 1973.
35. Данияров А. Қазіргі қазақ тілінде көптік категориясының берілу жолдары. // Тіл және әдебиет мәселелері. – А., 1963.
36. Сауранбаев Н.Т. Қазақ тілі. Педучилищелерге арналған. - А., 1953.
37. Нұрмағамбетова Ә. Дағдыдан тыс тәуелдік жалғау. // Қазақстан мектебі. 1971. №7. 95-96 бб.
38. Мұсабекова Ф. Қазақ тіліндегі септік жалғауының берілетін мағыналары. // Труды научной конференции, посвященным 40-летию КазПИ им. Абая. - А., 1968.
39. Мұсабаев Ғ. Қазақ тіліндегі сын есімнің шырайлары. – А., 1961.
40. Мұсабекова Ф. Сын есім, оның қолданылуы. // Қазақ филологиясы. 4-кітап.– А., 1977. 44-51 б.
41. Исаев С. И тұлғалы қатыстық сын есімдер және сөз тіркесін құраудағы оның рөлі туралы. // ҚазССР ҒА-ның хабарлары, 1965, 1-шығуы.
42. Шәкенов М. Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім категориясы. – А., 1961.
43. Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тіліндегі шақ категориясы. - А., 1993.
44. Хасенов А. Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімдер. – А., 1957.
45. Сайранбаев Т. Сын, сан есімдердің етістікпен тіркесі. Дисс. автореф. – А., 1966.
46. Шаһарман Г. Бір, жалғыз, екі, егіз сөздерінің семантикалық ерекшеліктері. // Қазақ тілі және лингводидактика мәселелері. – А.: АлМУ, 1997. – 108-112 б.
47. Ибатов А. Қазақ тіліндегі есімдіктер. – А., 1961.
48. Ибатов А. Қазақ тіліндегі есімдіктер тарихынан. – А., 1966.
49. Қалыбаева А. Қазақ тіліндегі етіс категориясы. – А., 1957.
50. Оралбаева Н. Қазақ тіліндегі етістіктің категориялары. – А., 1980.
51. Оразов М. Семантика казахского глагола. Д.д. автореф. – А., 1983.
52. Оразов М. Қазақ тіліндегі қалып етістіктері. – А., 1980.
53. Әбілқаев А. Де етістігінің мағыналары мен қызметтері. – А., 1958.
54. Қасымова Б. Қазақ тіліндегі күрделі етістіктердің тірек компоненттері. // Қазақстан мектебі. 1984. №5, 60-61 б.
55. Әбдіғалиева Т. Қазіргі қазақ тіліндегі болымдылық, болымсыздық категориясы. Докт. дисс. автореф. – А., 1998.
56. Жұмағұлова О. Көсемшенің қызметтері туралы. – А., 1998.
57. Омарова А. Осы шақтың Қ.Жұбановқа дейінгі грамматикалардағы көрінісі // Проф. Н.Оралбаева және қазақ тілі білімінің мәселелері. – А., 1998.
58. Ерғалиев Т. қазақ тіліндегі есімше категориясы. – А., 1958.
59. Искакова А. Наречие в казахском языке. – А., 1960.
60. Сарыбаев Ш. Еліктеуіш сөздер. – А., 1982.
61. Катембаева Б. Подражательные слова в казахском языке. АКД. – А., 1965.
62. Катембаева Б. Еліктеуіш сөздерді оқыту. – А., 1973.
63. Әміров Р. Қазақ тіліндегі жалғаулықтар. – А., 1959.
64. Кенжебаева Ф. Шылау сөздер. // Қазақстан мектебі. №9. 1962.
65. Шақаман Ы. Демеулік шылаулардың зат есімге тіркесі мен қолданылу аясы. // Қазақ тілі мен әдебиеті. 1967, № 9, 77-80 бб.
66. Сарыбаев Ш. Междометия в казахском языке. – А., 1959.
67. Ыбыраев С. Бір фонемалы одағайлардың мағынасы мен интонациясы // Қазақстан мектебі, 1984. №8. 71 б.
68. Қасабекова Қ. Негіз түбір салт етістіктер. А., 1998.
69. Қасабек Қ. Бір буынды негізгі түбір салт етістіктер. А., 1999.
70. Қасымова Б. Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі етістіктер. А., 1996.
71. Хасанова С., Әбдіғалиева Т., Қасабекова Қ., Шалабаев Б. Кестелі грамматика. А., 1996.
Достарыңызбен бөлісу: |