Қазақ филологиясы кафедрасы



бет23/28
Дата14.10.2023
өлшемі0,54 Mb.
#185383
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
ТЖКА силлабус КТА

40-42 СОӨЖ тақырыбы: Бүгінгі әдеби үдеріс
Тапсырмалар: қазақ-түрік әдеби байланыстары
Есеп беру түрі: реферат
СӨЖ тапсырмалары: көркем аударма мәселесі
Есеп беру түрі: ауызша талдау жұмысы
Негізгі әдебиеттер:
1.Қазақ әдебиетінің тарихы. Он томдық. 10-том. - Алматы. ҚАЗақпарат, 2006.
2.Қирабаев С. Ұлт тәуелсіздігі және қазақ әдебиеті. – Алматы, 2011
3. ХХІ ғасырдағы қазақ әдебиеті. – Алматы: «Арда», 2011. – 640 б.
Қосымша әдебиеттер:
1. Әшімбаев С. Шындыққа сүйіспеншілік. - Алматы: Жазушы, 1993
2. Серікқалиев З. Ақ жол. -Алматы: Жазушы, 1990
http://adebiportal.kz/; https://massaget.kz/; http://adebiet.kz/; https://kitap.kz/; http://classic.nlrk.kz/; https://inside.wksu.kz/;


15- апта
29-30 дәрістің тақырыбы: Қазіргі қазақ әдебиеті және «Мәдени мұра»
мемлекеттік бағдарламасы: бағыт пен бағдар
Сағат саны: 2
Терминдер мен анықтамалар
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы – мәдени, экономикалық және әлеуметтік капитал, жалпы адамзаттық мәдениеттің құрылымдық бөлігі, этнос, қоғам, адам парасатының дамуы мен құрылуының бастауы, тарихи естеліктердің маңызды қоймасын жасау және қорғау бағдарламасы. Ежелгі тарихтың негіздерін бүгінгі күнмен қосатын жолды құрап, уақыттың үзіліссіз байланысын көрсететін қазіргі дау-дамайдағы адамзатқа қажетті көп қырлы қоғамның тарихи тәжірибесін зерттейді.
Руханият – адамның дүниетанымының кеңдігінен, жанының нәзіктігінен, санасының
жоғарылығынан, әділеттілік үшін белсенділігінен, өзгелерге қайырымдылығы мен ізгі ниеттілігінен көрініс беретін оның ішкі әлемі.
Руханият адамға әдебиет, өнер, халық даналығы, салт, мәдени дәстүрлер, ғылым, білім
арқылы келеді. Мәдениет әр түрлі құндылықтардың бірлігі ретінде адамды рухани бостандыққа жетектейді. Рухани құндылықтар өмірге мағына береді, болашаққа жол ашады. Руханиятты қадірлейтін қоғамның ғана болашағы бар.
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының әлеуметтік-қоғамдық һәм әдеби-рухани маңызы. Бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі қоғамдық кеңестің халқымыздың қасиетті құндылықтарын қорғау мен оны алдағы уақыттарда қолдау, қалпына келтіру мен жақсартуға қатысты іс-жұмыстардың бағыт-бағдарлары. Көзқарастар жүйесі.
«Мәдени мұра» бағдарламасының әдеби-рухани салалардағы айрықша мәні. Қоғамдық өміріміздегі, ел дамуындағы, руханият әлеміндегі орны. Бағдарламаның алғашқы кезеңінде (2004-2006 ж.ж.) 35 сәулет ескерткіші қайта жөндеуден өткізіліп, қалпына келтірілді. 30 археологиялық, 17 қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстары жүзеге асырылды. Көптеген алыс-жақын елдердегі – АҚШ, Жапония, Түркия, Египет, Қытай, Ресей т.с.с. зерттеу жұмыстары, саралау-салыстырулар жасалды. Құнды дерек көздері алынып, айналымға түсті. Олардың көшірмелері әкелінді. Ғылыми экспедициялар ұйымдастырылды. Көптеген елдермен келісім-шарттар жасалды. Тарихи-мәдени маңызы бар – Ақыртас, Бозоқ, Хуара, Тальхир, Тамғалы, көне Сығанақ қалаларының орны, ежелгі Сауран т.с.с. археологиялық ескерткіштерді қорғау мен қалпына келтіру жұмыстары жасалып, өзіндік нәтижесін берді.
Бұдан басқа – ұлттық фольклор, әдебиет пен өнер бағытында қолға алынған игілікті істер де жемісті болды. «Бабалар сөзі» атты жоба арқылы қазақ фольклорының – 100 томы жоспарланып, оның басым бөлігі көпшіліктің қолына тиді.Маңызы мен сыр-сипаттары.
«Бабалар сөзі» ғылыми басылым болғандықтан, арғы-бергі кезеңдердегі көне жәдігерлер байыпты бағалау мен зейінді зерделеу, жүйелеу тұрғысынан сергек сараланды. Маңызды қырларына, құндылық сипаттарына мән берілді. Бағыт-бағдарлары айқындалды.
«Қазақ әдебиетінің тарихы» жобасы бойынша ұлттық сөз өнерінің көне кезеңнен қазіргі уақытқа дейінгі аралық жаңаша бағалау мен зерттеу тұрғысынан жүзеге асырылды. «Қазақ әдебиетінің тарихы» - он том көлемінде жарық көрді. Көне миф, аңыз-әңгімелерден бастап қазіргі әдеби үдеріс мәселелері, әдеби жанрлар мен көркем туындылар, арғы-бергі дәуірлердегі танымал тұлғалар мен олардың өмірі, кезеңдері, шығармашылық мұрасы, алыс-жақын елдердің дерек көздері т.с.с. кең көлемде қамтылды. Маңыз-мәні көрсетілді.
«Қазақ әдебиетінің тарихы» табиғаты мен құрылымы жағынан да жүйелі, белгілі бір мақсат-мүдде тұрғысынан жүзеге асырылды. «Бабалар сөзі», «Әдеби жәдігерлер» - көне кезең шындықтарының мәдени-рухани астарларын ашса, одан кейінгі дәуірлерде (ХҮ-ХХ ғ.ғ.) тарих тағылымдары, «ақтаңдақ әлем» сырлары көрініс береді. ХХ ғ.б. қазақ әдебиеті (1900-1917), 20-30 жылдардағы қазақ әдебиеті жеке томдарды құрайды. Библиографиялық көрсеткіштер қатар беріледі.
Бұдан басқа – «Қазақ әдебиетінің тарихы»: кеңес дәуірі (1956-1990), тәуелсіздік кезеңі (1991-2001) сынды жеке томдардан да жаңа бағыт, соны көзқарас, танып-талдау мәнерлері байқалады. Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары, әдеби өмір шежіресі,библиографиялық көрсеткіштерге кең орын беріледі. Еліміздегі демократия бағыттары мен тәуелсіздік тағылымдарын басшылыққа алған зерттеу мен зерделеу сипаттарынан дерек көздеріне ден қою, жүйелі қарастыру мен саралаулар, танып-талдау мүмкіндіктері кеңінен көрініс береді. Ұлттық мұрат, тарихи парыз бен қарыз, жауапкершілік сынды сипаттар да айқын аңғарылады.
Ал, «Қазақ музыкасының антологиясына» ұлттық фольклор мен өнердің үздік үлгілері – ән мен күй мұрасы енген. «Антология» табиғатына ғылымилық, жүйелілік тән екенін ескерсек, халық мұрасының баға жетпес байлығы – әндері мен күйлері дербес, жеке жарық көрді.
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында - «Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі» антологиясының қалың көпшілікке жол тартуы ұлтымыздың ұлық өнерін, он ғасырлық музыкалық мұрасын құрметтеу мен қолдаудың жарқын да жасампаз үлгілерін жан-жақты танытады.
«Антология» табиғаты мен мазмұнынан бағзы замандардағы «әсем ән мен тәтті күйдің» халық қасиеті мен қадірін танытудағы орын-үлесі, күй атасы – Қорқыттан бастап Ықыласқа дейінгі желісі мен жүйесі бұзылмаған қобызға арналған күйлер, Сармалай бастаған сыбызғыдан өріліп, өрнекті өріс алған өрелі өнердің биік мұраты мен ұлағаты, ұлттық күй мұрасының ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа желісі үзілмей, арналы ағыс құрауына өлшеусіз үлес қосқан – Байжігіт, Дәулеткерей, Тәттімбет, Құрманғазы, Дина, Сүгір, Н.Тілендиев, Қ.Жантілеуов, Ж.Қаламбаев, Т.Момбеков, У.Бекенов, Қ.Ахмедияров, Ә.Есқалиев, А.Үсенбаева т.б. орындаушылық қырлары халық сүйіспеншілігіне бөленді. Өнердің өміршеңдік қасиетін, ұлағаттық сипаттарын жарқырата көрсетті.Өнер мен өнерпаз мұраты.
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының бағыт-бағдарлары мен оның аясында атқарылатын ауқымды да кәделі істер келешекте де кең өріс алады. Жаңа бағыт, өзгеше жобалар мен тың туындылар қалың жұртшылықтың жан-жүрегін тербеп, көңіл толқындары арқылы алыс-жақынға жететіні анық. Байыпты бағдарлама алдағы кезеңдерде де жан-жақты байытылып, жаңа уақыт талаптары тұрғысынан толығатын болады. Кемел келешек – мәдени мұралар арқылы да арналы ағыс құрап, кең өрістерге де шығады. Жаңа уақыт талабы да осы.
15 семинар сабақтың тақырыбы: Ұлттық әдеби құндылықтар
Сағат саны:1
Тапсырмалар: «Мәдени мұра» және қазақ әдебиеті. «Бабалар сөзі» 100 томдығына шолу жасау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет