Қазақ филологиясы кафедрасы



бет22/28
Дата14.10.2023
өлшемі0,54 Mb.
#185383
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   28
Байланысты:
ТЖКА силлабус КТА

Әдеби үрдіс - әдебиеттің әлемдік, аймақтық, ұлттық көлемдегі белгілі бір кезеңін, сондай-ақ тұтастай тарихын қамтитын туу, қалыптасу және дамуынан тұратын тарихи қозғалыстағы ағымы.
Әдеби байланыс – ұлттық әдебиеттер арасындағы көркемдік дәстүрлер жалғастығы, ықпалдастығы. Әдеби байланыс нышандары жазушының қалыптасқан әдеби дәстүрлерге табан тіреуінің нәтижесінен, сондай-ақ тамырлас әдебиеттердің арасындағы типологиялық ұқсастықтардан туындайды.
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)
Қазақ әдебиетіндегі дәстүр мен сабақтастық. Кеше мен бүгін байланысының басым бағыттары. Әдеби-мәдени арналар, байланыстар мен құндылықтар. Әлемдік кеңістік һәм көркемдік-рухани жүйе. Аударма әлемі мен әдеби байланыс сырлары.
Тәуелсіздік тұсында еліміздің әлемдік байланыстарға шығуы. Әлемнің көптеген халықтарымен қарым-қатынасқа түсе бастауы. Халықаралық һәм әдеби-мәдени байланыстардың жаңа бағыт, соны өрістерге ұмтылуы.
Шығыс және Батыс елдерімен әр алуан арналар арқылы байланыстардың кең өріс алуы. ТМД халықтарымен байланыс, тарихи һәм әдеби-мәдени ықпалдастықтың жаңа сапаға көтерілуі. Қазақ-түрік әдеби байланыстарының жарқын беттерінің көріністері. Қ.А.Ясауидің, М.Әуезов пен М.Жұмабаевтың мерейтойлары түрік әдебиетшілері арасында кеңінен аталып өтуі. Түрік ақыны Ю.Эмренің туындыларын Ә.Нілібаев аударса, тарихшы А.Қардың «М.Шоқай: өмірі мен шығармашылығы» деген еңбегі қалың көпшіліктің қызығушылығын туғызып, тура жол тартты.
Қазақ-қытай әдеби байланысы – Хабайдың аударуында Абай шығармаларының толық жинағының жарық көруінен танылады. Қаламгер О.Егеубаев – Таңжарық поэзиясын бастырса, Ж.Сәмитұлының «Сергелдең» кітабы қалың көпшілікке кеңінен тарады.
Қазақ-моңғол байланыстары тарихи-мәдени арналардан көрініс береді. Шыңғыс хан бейнесі тарихи-көркем шығармалардан орын алды. Абай мұрасы басылды. І.Есенберлиннің «Көшпенділер» роман-трилогиясы – Ұлан-Баторда жарық көрді.
Сондай-ақ, қазақ-үнді, қазақ-иран, қазақ-пәкістан байланыстары өзіндік дәстүр, ерекшеліктерімен көрініс берді. Жекелеген жинақ, кітаптар басылды. Көрмелер ұйымдастырылды. Қолөнер туындылары қойылды. Конференциялар кең көлемде өткізілді.
Қазақ-неміс әдеби байланыстары бойынша ақын-жазушылар шығармашылықтарындағы жетістіктер мен алмасу кең өріс алды. Көркем аудармалар жасалды. Жазушы Ә.Нұрпейісовтың «Соңғы парыз» романының көркем аудармасы басылды. Абайдың 150 жылдық мерейтойы кең ауқымда аталып өтті. Әр алуан іс-шаралар ұйымдастырылды.
Қазақ-француз әдебиеті байланысынан – Абай, Әуезов, Мүсірепов, Махамбет мерейтойлары жоғары дәрежеде өткенін аңғаруға болады. Қазақстанға француз жазушылары Поль Констан және Бернар Шамбаздың жолы түсті. Жазушы Жак Жосс қазақ қаламгерлерімен кездесті.
Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары аударма өнері арқылы да жаңа сапаға көтерілді. Жазушы І.Есенберлиннің «Көшпенділер» романы ағылшын тіліне тәржімаланса, ақын М.Шахановтың «Өркениеттің адасуы» поэмасы ТМД халықтары, көптеген шетел тілдеріне аударылды. Абай, М.Әуезов, С.Мұқанов Ғ.Мүсірепов Махамбет т.б мерейтойлары - ЮНЕСКО шеңберінде кең көлемде аталды.Уақыт өрнектері.
Қазақ әдеби байланыс мәселелері М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында - «Ш.Айтматов және Қазақстан әдебиеті», «Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары», «Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары» т.т. ұжымдық еңбектер арқылы кең көлемде көрініс тапты. Жекелеген еңбектер басылды.
«Қазақ әдебиетінің тарихы» (10 томдық), «Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы» (2 томдық) т.т. ұжымдық еңбектерде, оқулық пен оқу құралдарында қазақ әдеби байланыстарына кең орын берілді. Еліміздің алыс-жақын елдермен барыс-келісі артып, қарым-қатынас арналары кең өріс алған тұстарда – әдеби-мәдени байланыстарға да жаңа жол ашылады. Халықаралық байланыстар артады. Дәстүр мен сабақтастық соны сапаға, биік белестерге көтеріледі. Қазіргі кезең шындығы, уақыт талабы осы.
14 семинар сабақтың тақырыбы: Ұлттық сөз өнері және әлем әдебиеті
Сағат саны: 1
Тапсырмалар: әлем тілдеріне аударылған туындыларға шолу жасау


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет