Қазақ филологиясы кафедрасы



бет19/28
Дата14.10.2023
өлшемі0,54 Mb.
#185383
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   28
Байланысты:
ТЖКА силлабус КТА

31-33 СОӨЖ тақырыбы: Аударма теориясы
Тапсырмалар: шетелдік зерттеулерге шолу
Есеп беру түрі: конспект жасау
СӨЖ тапсырмалары: аударма теориясын зерттеген орыс ғалымдарының зерттеулеріне шолу жасау
Есеп беру түрі: баяндама қорғау
Негізгі әдебиеттер:
1.Қазақ әдебиетінің тарихы. Он томдық. 10-том. - Алматы. ҚАЗақпарат, 2006.
2. Майтанов Б. Тәуелсіздік – күрес мұраты: зерттеулер мен мақалалар. Алматы. Құс жолы, 2012.
3. Майтанов Б. Қазақ романы және психологиялық талдау. -Алматы: Санат, 1996.
4. Қазақ көркем сөзінің шеберлері: анықтамалық. Қарағанды. Экожан, 2010.
5 . Дәдебаев Ж. Қазіргі қазақ әдебиеті.-А: Қазақ универиситеті. 2002
6. Қирабаев С. Ұлт тәуелсіздігі және қазақ әдебиеті. – Алматы, 2011
7. ХХІ ғасырдағы қазақ әдебиеті. – Алматы: «Арда», 2011. – 640 б.
8. Қазақ әдебиеті энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы. Аруна, 2005.
 9. Сәмитұлы Ж. Аударма теориясы және практикасы: Оқу құралы. – Алматы:Қазақ университеті, 2005.
Қосымша әдебиеттер:
1. Әшімбаев С. Шындыққа сүйіспеншілік. - Алматы: Жазушы, 1993
2. Серікқалиев З. Ақ жол. -Алматы: Жазушы, 1990
3. Атымов М. Қазақ романдарының поэтикасы. - Алматы: Ғылым, 1995.
4. Әбдезұлы Қ. Қазақ прозасы және ұлттық идея. -Алматы: Қазақ университеті, 2005.
http://adebiportal.kz/; https://massaget.kz/; http://adebiet.kz/; https://kitap.kz/; http://classic.nlrk.kz/; https://inside.wksu.kz/;


12-апта
23-24 дәрістің тақырыбы: Балалар әдебиеті: талап пен талғам
Сағат саны: 2
Терминдер мен анықтамалар:
Балалар әдебиеті – балаларға арналып жазылған әдеби шығармалар. Сондай-ақ, арнайы балаларға арналып жазылмағанымен, олардың ойлау, түсіну қабілетіне, талғамына, арман-қиялына әсер етіп, өзіне балаларды тартатын көркем шығармаларды да Балалар әдебиеті қатарына жатқызуға болады. Балалар әдебиеті – сөз өнерінің арналы бір саласы. Әдебиеттің бұл түріне жататын шығармалар оқиғасының қызықты да тартымдылығымен, композициясының ширақтығымен ерекшеленеді.
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)
Ұлттық сөз өнеріндегі - балалар әдебиетінің орны, табиғаты мен мазмұны, құрылым жүйесі.Кезең,уақыт сырлары.
Балалар әдебиетіндегі қоғам құбылыстары, өмір оқиғалары, кейіпкер әлемі. Өмір-уақыт шындықтарының жеңіл, жүйелі жеткізілуі. Көзқарас, таным деңгейінің көркемдік тұрғыдан берілуі.
Балалар әдебиетінің бағыт-бағдары. Өзіндік белгі-ерекшеліктері.
Бала-балдырғанның табиғаты. Өмірге, айнала-әлемге құштарлығы. Әсемдік әлеміне, ғалам ғажаптарына, қым-қуыт, шытырман оқиға-көріністерге қызығушылықтары. Әр түрлі көзқарастар.
Балалар әдебиетіндегі жасөспірімдердің іс-әрекеті, ой-өрістері, қызықты қылықтары, дос-дұшпан, жақсы-жаман жөніндегі көзқарастар.
Қазақ фольклоры және балалар әдебиеті. Табиғаты мен түрлері.
Қазақ балалар әдебиетінің атасы, педагог-жазушы Ы.Алтынсариннің еңбек-мұралары. Ізденіс мұраттары. Көзқарастар. Зерттеулер.
Балалар әдебиетінің ірі өкілдері – С.Бегалин, С.Омаров, М.Әлімбаев, Б.Соқпақбаев т.б. өнегелі өмірлері мен жас ұрпақ жайлы көзқарас, еңбектері. Ізденіс арналары. Зерттеу жүйесі,сапалық қырлары.
Балалар әдебиетіне тұрақты қалам тартып келе жатқан Қ.Баянбаев, С.Қалиев, Қ.Толыбаев, Қ.Омаров, Ә.Қалдыбаев, Е.Өтетілеуіов, Ө.Ақыпбеков, Ә.Файзуллаұлы т.б. ізденіс еңбектері. Олардың балаларға арналған шығармаларында айнала-әлем, адам мен табиғат арақаттынасы, есте қалар оқиғалар, ғалам ғажайыптары, адамдар қарым-қатынастары, аң-құстар әлемі, жер мен көктің аралығындағы әр алуан көрініс-құбылыстар сыры т.т. өзіндік белгі-қасиеттер.Көріністер мен суреттер.
Балалар әдебиетінің ұлт руханиятындағы алар орны. Бала танымы арқылы айнала-әлем, алыс-жақын, дос-туыс, жақсы-жаман арақатынасын ашу. Тәлім-тәрбие арналарын ұлғайту.Балалар әлемі,ерекшеліктері.
Балалар әдебиетіндегі ізденіс арналары. Көркемдік, стильдік, тілдік ерекшеліктер.Зерттеу жүйесі,көзқарастар мен ерекшеліктер.
Тәуелсіздік «Тарлан» сыйлығын алған Еңбек Ері Р.Нұртазина мен А.Сейсенованың «Мен оқимын, ойлаймын, ойнаймын» кітабындағы ана тілін үйретудің алуан жолы, әдіс-тәсілдері. Кітаптағы көркем шығармалардың ғибратты, танымдық қырлары.Өмір өрнектері.
Балалар өміріне арналған – «Әдептілік - әдемілік», «Менің алғашқы сөздігім», «Жануарлар әлемінің үлкен атласы», «Ауа райы», «Түстер», «Бес саусақ», «Сөйлеген суреттер», «Жыл он екі ай » т.т. кітаптардың мазмұны қызық, суретті, нанымды болуы.Құрылымдық жүйесі.
Балалар әдебиетінің маңызы.Тарихы мен тағылымы.
Балалар әдебиетіндегі басты ұстанымдар. Көркемдік таным арналары. Ғалам ғажайыптары мен өмір оқиғаларының жеңіл, әсерлі берілуі. Адам мен қоғам, табиғат тамашаларының бала танымына сәйкес өріс алуы.
Балалар әдебиетіндегі талап пен талғам. Тақырып алуандылығы мен ізденіс арналары. Көркемдік мұрат пен мазмұн байлығы. Ой-сөз жүйесі мен шеберлік сырлары. Зерттеу жүйесі.Ой мен сөз сипаттары.
12 семинар сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік кезеңіндегі балалар прозасы мен драматургиясы
Сағат саны: 1
Тапсырмалар: балалар әдебиетінің зерттелуін қарастыру


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   28




©engime.org 2025
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет