Қазақ филологиясы кафедрасы



бет17/28
Дата14.10.2023
өлшемі0,54 Mb.
#185383
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28
Байланысты:
ТЖКА силлабус КТА

25-27 СОӨЖ тақырыбы: Ұлттық сатира
Тапсырмалар: С. Адамбековтің «Атылған қыз туралы аңыз» туындысын талдау.
Есеп беру түрі: жазбаша талдау жұмысы
СӨЖ тапсырмалары: Е. Домбаевтың «Болмаған оқиға» туындысын талдау
Есеп беру түрі: ауызша талдау жұмысы
Негізгі әдебиеттер:
1.Қазақ әдебиетінің тарихы. Он томдық. 10-том. - Алматы. ҚАЗақпарат, 2006.
2. Майтанов Б. Тәуелсіздік – күрес мұраты: зерттеулер мен мақалалар. Алматы. Құс жолы, 2012.
3. Майтанов Б. Қазақ романы және психологиялық талдау. -Алматы: Санат, 1996.
4. Қазақ көркем сөзінің шеберлері: анықтамалық. Қарағанды. Экожан, 2010.
5 . Дәдебаев Ж. Қазіргі қазақ әдебиеті.-А: Қазақ универиситеті. 2002
6. Қирабаев С. Ұлт тәуелсіздігі және қазақ әдебиеті. – Алматы, 2011
7. ХХІ ғасырдағы қазақ әдебиеті. – Алматы: «Арда», 2011. – 640 б.
8. Қазақ әдебиеті энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы. Аруна, 2005.
Қосымша әдебиеттер:
1. Әшімбаев С. Шындыққа сүйіспеншілік. - Алматы: Жазушы, 1993
2. Серікқалиев З. Ақ жол. -Алматы: Жазушы, 1990
3. Атымов М. Қазақ романдарының поэтикасы. - Алматы: Ғылым, 1995.
4. Әбдезұлы Қ. Қазақ прозасы және ұлттық идея. -Алматы: Қазақ университеті, 2005.
http://adebiportal.kz/; https://massaget.kz/; http://adebiet.kz/; https://kitap.kz/; http://classic.nlrk.kz/; https://inside.wksu.kz/;


10-апта
19-20 дәрістің тақырыбы: Қазақ фантастикасы: қаламгерлер және қиял
дүниесі
Сағат саны: 2
Терминдер мен анықтамалар:
Фантастика (көне грекше: – көзге елестету өнері) – әдебиеттің өмір шындығын қиял тұрғысында әсірелеп бейнелейтін жанры. Мысалы, ғылыми-фантастикалық әдебиетте ғылым мен техниканың перспективалары, адамзаттың табиғат сырларына тереңірек үңілуі өмірдегідей тартымды суреттеліп, басты идеясы ғылымда негіз бар, бірақ әлі іске аспаған жаңалықтармен ұштасып жатады.
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)
Фантастика әлемі. Қиял дүниесі туралы түсінік. Адамзаттың әлем құпиясын, ғалам ғажаптарына, өмір-дүние сырына құштарлығы.
Адам және табиғат. Уақыт және кеңістік. Аспан әлемі. Жұлдыздар туралы таным-түсінік. Ай-күн хақындағы әр алуан аңыз, хикаяттар.
Қазақ қаламгерлері және қиял әлемі. М.Машани, Ш.Әлімбаев, Т.Дәуренбеков, А.Х.Мархабаев, Ж.Сахиев т.б. шығармашылығы. Көзқарас пен қолтаңбалары. Басты еңбектердегі негізгі тақырыптар. Тылсым дүние сырлары. Адамзат, әлем, жаратылыс құпиялары. Алғашқы ұғым, түсініктер. Алғашқы адамдар, олардың өмір-қаракеттері жайлы жазбалар. Атом, атмосфера, күн сәулесі, жер беті, тіршілік ізі төңірегінде көзқарас, болжамдар. Ауа райы туралы түсініктер. Ауа райындағы құбылыстар, метеорологиялық станциялар жүйесі. Құрлық пен теңіз. Желдің бағыттары. Ауа райының құбылыстары. Ауа райын болжайтын аспаптардың бірі – барометр мәні. Өзіндік ерекшеліктері мен сыр-сипаттары.
Ай, күн, жұлдыз жүйесі. Галактика құрамы. Жұлдыздар шоғыры. Жер қойнауы. Геологтар табиғаты. Барлау жасау, бұрғылау жұмыстары.
Планета атауы. Жер, Күн, Марс, Шолпан, Юпитер, Сатурн, Нептун, Плутон планеталары. Өзіндік белгілер, ерекшеліктері.
Робот атауы. Қимыл, әрекеттері. Роботтардың жұмысы. Тау жыныстары. Теңіз құпиялары.Тау мен дала сырлары.
Жанды, жансыздар сипаты. Ғаламдық құбылыстар.Жұлдыздар.
Қазақ фактастикалық әдебиеттері. Тақырып, ізденіс арналары. Жанр жүйесі мен көркемдік мұраттар. Адамзат, ғалам ғажайыптарының қыр – сырын ашудағы әдіс-тәсілдер. Бағыт-арналар, көркемдік-эстетикалық таным .
Қазақ фантастикасы. Жариялануы мен зертелуі.Көзқарастар.
10 семинар сабақтың тақырыбы: Қазақ фантастикасы: кеше мен бүгін
Сағат саны:1
Тапсырмалар: фантастикалық туындыларға шолу, жанрлық ерекшелігін саралау.

  1. Р. Бектібаев «Қайта оралған Қорқыт ата»;

  2. «Ионусферадағы алаң»;

  3. «Күтпеген қонақ»;

  4. «Космонит»;

  5. «Икс қоспасы»;

  6. «Ыстық көлдегі қар адамы»;

  7. «Онирофильм» шығармалары бойынша талдау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет