Қазақ филологиясы кафедрасы



бет15/28
Дата14.10.2023
өлшемі0,54 Mb.
#185383
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28
Байланысты:
ТЖКА силлабус КТА

Әдебиет теориясы - әдеби шығармашылықтың табиғаты мен қоғамдық міндетін зерттейді және оны талдаудың әдіснамасы мен әдістемесін белгілейді.
Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер)
Қазақ әдебиеттану ғылымы. Әдебиет теориясы, тарихы мен сынын зерттеудегі орны.Әдебиеттану әлемі.
Әдебиеттанудың туынды табиғатын, құрылым мен құрамдас бөліктерін зерттеу әдістері.Әдебиеттану түрлері.Өзіндік белгілер. Ұлттық әдебиеттану мен сын. Оның өзіндік белгі, ерекшеліктері.
Әдебиеттану мен сындағы ұлт мұраты. Кезең-құбылысты, өмірді өрнектеудегі орын-үлесі. Көзқарас, зерттеулер.
Тәуелсіздік жылдары әдебиеттану мен сын саласында С.Қирабаев, З.Қабдолов, Т.Кәкішев, Р.Бердібаев, З.Ахметов, Н.Ғабдуллин, Ш.Елеукенов, Р.Нұрғалиев, З.Серікқалиев, Ж.Ысмағұлов, С.Жұмабек, С.Негимов, Ж.Дәдебаев, Б.Майтанов, Б.Кәрібаева, Б.Сарбалаев, Ә.Бөпежанова, Қ.Ергөбек, Т.Тебеген, Р.Тұрысбек, Ә.Меңдеке, Т.Шапай т.б. жанр жауапкершілігі, көркем туынды табиғаты, сын мұраты турасындағы көзқарастары.Ойлар мен толғаныстар.
Әдеби сын саласындағы ерен еңбектері үшін С.Қирабаевқа, Ш.Елеукеновке, Ж.Ысмағұловқа, Ә.Сығайға Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, сондай-ақ С.Жұмабекке, Ә.Т.Шапайға Қазақстан Жазушылар одағының Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының берілуі.
Әдебиеттану мен сындағы арғы-бергі тарихты, ұлт қайраткерлерінің тұлға-болмысын көрсетудегі талдау, зерделеу мұраттары.
Кейінгі кезеңде әдебиеттану мен сында Алаштың қайраткер-қаламгерлерінің (Ш.Құдайбердиев, А,Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытұлы т.б.) өмірі мен шығармашылығын зерттеу, бұл бағытта С.Қирабаевтың «Ж.Аймауытов», Ш.Елеукеновтің «Мағжан», Ш.Сәтпаеваның «Ш.Құдайбердиев», М.Әбсеметтің «Міржақып», Р.Тұрысбектің «Жүсіпбек», «Ақиқат айнасы», Д.Қамзабекұлының «С.Сәдуақасов» т.б. еңбектерінің жарық көруі. Бұл ізденіс, зерттеулерде жан-жақтылық, жауапкершілік жүгі, кемел көзқарас, тереңдік т.т. кең көлемде көрініс беруі. Бұл туралы баспасөз материалдары.
Әдебиеттану мен сын салмағын – ЮНЕСКО шеңберінде өткен Абай, Мұхтар, Қаныш, Сәбит, Ғабит мерейтойларына қатысты өткен ғылыми жиын материалдарының арттырып, байыта түсуі //«М.Әуезов және әлем әдебиеті», «С.Мұқанов және қазақ әдебиеті», «Ғ.Мүсіреповтің көркемдік әлемі» т.т.// көзқарас, зерттеулер.Жаңа уақыт талаптары.
Республика баспаларынан жарық көрген – «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы, «Қазақстан Республикасы: 10 жыл шежіресі», «Елтұтқа» (авторлар ұжымы) т.т. басылымдардың ұлт тарихын, ата-баба рухын, шежіре сипатын көрсетудегі орын-үлестері.
Әдебиеттану мен сынның мұрат-міндеттері. Ұлт руханиятын, әдебиет пен өнерді бағалау-таразылаудағы орны. Көзқарас мұраттары.
Ұлттық әдебиеттану ғылымының бел-белестері. Даму жолдары мен басты сипаттары. Көркем әдебиеттің болмыс бедерін, ағым-әдістерін, мән-мағынасы мен сыр-сипаттарын айқындаудағы орын-үлестері.
Зерттеу мен зерделеулер. Таным арналары. Көзқарас эволюциясы.
8 семинар сабақтың тақырыбы: Әдебиеттану мен сын: зерттеу мен зерделеу
Сағат саны:1
Тапсырмалар: Әдебиеттану мен сындағы арғы-бергі тарихты, ұлт қайраткерлерінің тұлға-болмысын көрсетудегі талдау, зерделеу мұраттарын айқындау


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет