Қазақ филологиясы кафедрасы


- апта №11-12 дәрістің тақырыбы: Қазақ прозасы: көркемдік пен шындық



бет11/28
Дата14.10.2023
өлшемі0,54 Mb.
#185383
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28
Байланысты:
ТЖКА силлабус КТА

6- апта
11-12 дәрістің тақырыбы: Қазақ прозасы: көркемдік пен шындық
Сағат саны: 2
Терминдер мен анықтамалар:
Проза – әдеби жанр, қара сөзбен жазылған көркем шығарма. Көркем прозалық туындылар шағын көлемді, орта көлемді, кең көлемді туындылар бөлінеді.
Жалпы поэтика – мәтіннің дыбыстық, сөздік және образдық құрылымын зерттеу бағытына сәйкес іштей үш салаға бөлінеді. Жалпы поэтиканың мақсаты – осы салалардың бәрін қамтитын көркемдік әдіс-тәсілдердің жүйелі құрамын белгілеу.
Жеке поэтика – да жоғарыда айтылған жалпы поэтикаға тән мәселелерді қарастырады. Басты айырмашылығы – екеуінің зерттеу нысанасына байланысты, яғни жалпы поэтика әдебиетті тұтастай алса, жеке поэтика әдеби туынды көлемінде шектеледі.
Тарихи поэтика – салыстырмалы-тарихи әдебиеттануға сүйене отырып, жекелеген поэтикалық тәсілдер мен олардың қалыптасқан жүйесінің даму жолын қарастырады.
Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер)
Қазақ прозасындағы ұлттық өрнектер. Қаламгер мұраты мен шығармашылығы. Ұлттық прозадағы көркемдік ізденістер. Тақырыптық-жанрлық ерекшеліктер. Жанр мен жауапкершілік. Көркемдік таным арналары.Ізденістер,зерттеулер жүйесі.
Қазақ көркем сөзі – ұлт тарихының терең қойнауларын кеңінен қамтуы. Тарих толқындарын, ел- жер тағдырын, адам мен оның еңбегін, өмір-тұрмыс сырларын кең көлемде суреттеуі.
Қазақ қаламгерлері, атап айтқанда, Х. Әдібаев «Отырардың күйреуі» арқылы ілкі кезең, көне қаланың тағдыр-талайын сөз етуі. Қ. Жұмаділов «Дарабоз» дилогиясы арқылы ұлт тарихындағы қилы кезең көріністерін, халық батыры – Қабанбай мен оның серіктерінің ерлік істерін көркем суреттеуі, кезең көріністері. Уақыт сыры. Ұ.Доспамбети «Қызыл жолбарыс» романындағы Жоңғар хандығы мен Қазақ ордасындағы аласапыран сәттерді, халықтың тағдырын көрсетуі. Тарих тағылымы. Ұлт мұраттары. Жаңа уақыт талаптары. М.Исламғалиұлының «Тұман ішіндегі көш» романында кеше мен бүгін байланысы, қоғам мен қызметтегі адамдар әрекеті, қилы мінез сырларының ашылуы. Мезгіл сыры. С.Жұбатырұлының «Абыржы» романында Арал тағдыры адам өмірі мен олардың тағдыр-талайымен байланыстырылуы. Ш. Мұртазаның «Ай мен Айша» туындысы – Айша ана арқылы ерен ерлік, ғажайып ізгілік, ар-ождан мәселесін терең қозғауы.
Ж. Сәметұлының «Сергелдең» романында ел арасынан шыққан Есімхан, Зияхан сынды жігіттердің қытай отаршылдарына қарсы күресін, әр алуан әрекеттерін нанымды, көркем баяндауы. Ж.Ахмадидің «Дүрбелең», «Шырғалаң» романында қытай отаршылдығы, оған қарсы топ – Абылахжан, Бурабай, Сақан сынды бейнелер, сондай-ақ Дәлелхан, Ахметжан, Таңжарық ақын ерекшеліктері терең көрініс беруі. А.Жүнісұлының «Пәниден бақиға дейін» туындысындағы өмір мұраты, адам орны, еңбек сипаты: К.Сегізбайдың «Беласқан» романында кісілік пен ізгілік адамдық істің ардақталауы. М.Қожахметованың «Жан тәсілім» романында солтүстік өңіріндегі ел өмірі, уақыт тынысының терең танылуы.
Қазақ қаламгерлерінің көп томдығының жарық көруі (мысалы, Ә.Кекілбаев, Ш.Мұртаза, М.Мағауин, Д.Досжан т.б.)
Қазақ прозасындағы даму бел-белестері. Көркемдік, ізденіс арналары.
Қазақ көркем сөзіндегі тақырып, мазмұн, тіл-стиль сипаттары.
Қазақ прозасындағы көркемдік өрнектер. Шеберлік иірімдері. Уақыт бедері. Адам әлемі. Өмірі мен еңбегі. Игілікті істері мен ізгілікті мұраттары. Өмірге құштарлығы мен сүйіспеншіліктері. Көркемдік құпиясы.
Ұлттық прозадағы көркемдік шындық пен шеберлік сабақтары. Қазақ қаламгерлері шығармашылығындағы тарих пен таным арналары. Тарихи тұлға мен еңбек адамдарының бейнеленуі. Жаңа уақыт сипаттары. Көркемдік мұрат пен шындық көріністері.Өмір шындығы.Уақыт бедері.
6 семинар сабақтың тақырыбы: Ұлттық проза және тарихилық сипат
Сағат саны: 1
Тапсырмалар: көркем прозаны әдеби талдау, тарихи тұлға сипатын ашу

  1. Қ. Жұмаділов «Дарабоз»;

  2. Қ. Исабаев « Шоң би»;

  3. С. Елубаев « Мінәжат»;

  4. «Жалған дүние»;

  5. К. Сегізбаев «Беласқан»;

  6. Ә. Сарай «Еділ-Жайық»;

  7. Т. Зәкенұлы «Көкбөрілердің көз жасы» романдарын талдау



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет