7-9-СОӨЖ тақырыбы: Көркемдік нәрі
Тапсырмалар: «Алаш және әдебиет» тақырыбында жазба жұмысын орындау
Есеп беру түрі: Реферат
СӨЖ тапсырмалары: алаштанушы ғалымдардың еңбектеріне шолу
Есеп беру түрі: конспект жасау
Негізгі әдебиеттер:
1.Қазақ әдебиетінің тарихы. Он томдық. 10-том. - Алматы. ҚАЗақпарат, 2006.
2. Майтанов Б. Тәуелсіздік – күрес мұраты: зерттеулер мен мақалалар. Алматы. Құс жолы, 2012.
3. Майтанов Б. Қазақ романы және психологиялық талдау. -Алматы: Санат, 1996.
4. Қазақ көркем сөзінің шеберлері: анықтамалық. Қарағанды. Экожан, 2010.
5 . Дәдебаев Ж. Қазіргі қазақ әдебиеті.-А: Қазақ универиситеті. 2002
6. Қирабаев С. Ұлт тәуелсіздігі және қазақ әдебиеті. – Алматы, 2011
7. ХХІ ғасырдағы қазақ әдебиеті. – Алматы: «Арда», 2011. – 640 б.
8. Қазақ әдебиеті энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы. Аруна, 2005.
Қосымша әдебиеттер:
1. Әшімбаев С. Шындыққа сүйіспеншілік. - Алматы: Жазушы, 1993
2. Серікқалиев З. Ақ жол. -Алматы: Жазушы, 1990
3. Атымов М. Қазақ романдарының поэтикасы. - Алматы: Ғылым, 1995.
4. Әбдезұлы Қ. Қазақ прозасы және ұлттық идея. -Алматы: Қазақ университеті, 2005.
http://adebiportal.kz/; https://massaget.kz/; http://adebiet.kz/; https://kitap.kz/; http://classic.nlrk.kz/; https://inside.wksu.kz/;
4-апта
№7-8 дәрістің тақырыбы: Қазіргі қазақ әдебиеті
Сағат саны: 2
Терминдер мен анықтамалар:
Әдеби үрдіс – әдебиеттің әлемдік, аймақтық, ұлттық көлемдегі белгілі бір кезеңін, сондай-ақ тұтастай тарихын қамтитын туу, қалыптасу және дамуынан тұратын тарихи қозғалыстағы ағымы.
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)
Қазіргі кезең. Руханият әлемі. Уақыт һәм әдеби үрдіс. Бүгінгі әдебиет. Ізденіс мұраттары. Тақырып арнасы. Жанрлық-көркемдік ерекшеліктер. Стильдік ізденістер.Көркемдік құпиясы.Көзқарас мұраттары.
Уақыт бедері. Тарих және әдебиет. Өткен тарихқа көзқарас. Танымал тұлғалардың өмірі мен қоғамдық қызметтері. Қорқыт, Абылай, Абай т.б. өмірі мен еңбектері, байыпты бағалау мен жаңаша саралау. «Абылай хан» драмасы мен «Абайдың жұмбағы» туындыларындағы тарих пен кезең көріністері. Қоғам құбылыстары мен тұлға табиғаты. Тарихы мен тағылымдары.
Қазіргі қазақ прозасының бағыт-бағдары. Қазақ қаламгерлері - Қ.Жұмаділовтің «Дарабоз», Ұ. Доспанбетидің «Қызыл жолбарыс», Б.Әбілдаұлының «Сыпатай батыр», Ә. Нүрпейсовтың «Соңғы парыз», З.Қабдоловтың «Менің Әузовім», Ш. Мұртазаның «Ай мен Айша», М.Мағауиннің «Мен», Р. Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы», Б. Мұқайдың «Өмірзая», Р. Ниязбектің «Тас құдай», Қ. Ысқақтың «Күреңсе», М.Байғұттың «Киік оты», М. Есламғалиұлының «Тұман ішіндегі көш», Қ.Жиенбайдың «Жер сілкінісінен бір күн бұрын», Қ.Түменбайдың «Сотталған домбыра», Д. Әшімханұлының «Самырсын сазы», Т.Зәкенұлының «Көк бөрілердің көз- жасы» т.б. прозалық туындыларындағы тарихи шындықтар мен уақыт іздері.Кезең келбеті мен өмір сырлары. Адамдар мен тағдырлар. Көркемдік мұраттар, шеберлік сабақтары.
Қазақ поэзиясының қазіргі кезеңіне М.Әлімбай, К. Салықов, Т.Молдағалиев, Қ. Мырза-Әли, Ф.Оңғарсынова, М.Айтхожина, А.Бақтыгереева, К. Ахметова, С. Иманасов, Т. Медетбек, С. Тұрғынбек, Ұ.Есдаулет, А. Әлім, Ғ. Жайлыбай, С. Адай т.б. ізденіс-көзқарастарымен, өзіндік өрнектерімен үлес қосуы. Тарих пен танымды, тұлға мен тағдырды, кеше мен бүгінді шынайы да шебер жырлауы.
Ұлттық драманың бағыт-бағдарлары – Ш. Мұртаза, Ә. Кекілбайұлы, С.Жүнісов, Қ. Ысқақұлы, С. Балғабаев, Иран-Ғайып, Т. Нұрмағанбетов, Д.Исабеков, Ә. Тарази, Р. Мұқанова, И. Сапарбай, т.б. тарих пен тағдырлар туралы туындыларынан кеңінен көрініс беруі. Қоғамдағы, өмір-тұрмыстағы, адам әлеміндегі алуан көрініс-құбылыстардың кеше-бүгін байланысы арқылы берілуі.Көркемдік мұраттар.Мезгіл әуені.
Әдебиеттану мен сын саласындағы ізденіс іздері, зерттеу мен зерделеу мұраттары – Р.Бердібай, С. Қирабаев, Т. Кәкішев, З. Ахметов, Ш. Елеукенов, Ж. Ысмағұлов, Р. Нұрғали, Ж. Дәдебаев, Б. Майтаноы, Қ. Ергөбек т.б.еңбектерінен көрініс беруі. Әдеби үдеріс пен туынды табиғаты, жанр мен жауапкершілік жүгі, көркемдік таным арналары барынша байыпты, нақтылы сипат алуы.Ой-сөз жүйесі.Тіл мен стиль.Уақыт талабы.
Руханият әлеміндегі іргелі тақырыптар, мерейтой тұстарындағы коференция материялдары, БАҚ жүйесіндегі арнаулы беттер т.т. әдебиет мәселелері. Ондағы уақыт бедері. Қазіргі әдеби үдеріс сипаттары.
Бүгінгі әдебиет. Ізденіс іздері. Көзқарастар мен зерттеу жүйесі. Қаламгер мұраты. Көркемдік шындықтар. Шеберлік сырлары мен шешендік өрнектер.
№4 семинар сабақтың тақырыбы: Қазіргі қазақ әдебиеті: өмір шындығы және көркемдік
Сағат саны: 1
Тапсырмалар: «Қазақ әдебиетінің тарихы» 10 томдығын саралау, 9-томына енген тәуелсіздік кезеңіне талдау жасау
Достарыңызбен бөлісу: |